«Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 шілдедегі № 756 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 29.08.03 ж. № 886 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнiсi ғылым саласында санаткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру және мемлекеттік монополияға жатқызылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру (өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында қызмет көрсету) болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитет белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорын Жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетiнiң таратылып отырған «Қазақстан патенттік сараптама институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкiн Кәсiпорынға берсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. «ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |