Авиажөндеу кешенiн жекешелендiрудiң және дамытудың жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 маусымдағы № 676 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және жоғары технологиялы қазақстандық авиажөндеу кешенiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi:

1) заңнамада белгiленген тәртiппен "№ 405 авиажөндеу зауыты" (бұдан әрi - "№ 405 авиажөндеу зауыты" ААҚ) мен "№ 406 АА авиажөндеу зауыты" (бұдан әрi - "№ 406 АА авиажөндеу зауыты" ААҚ) ашық акционерлік қоғамдары акцияларын көрсетiлген акционерлік қоғамдардың акциялары мемлекеттік пакеттерiнiң 60%-ы мөлшерiнде сауда-саттық өткізу жолымен бiртұтас лотпен сатуды жүзеге асырсын;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісім бойынша екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне "№ 405 авиажөндеу зауыты" ААҚ пен "№ 406 АА авиажөндеу зауыты" ААҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерiн сату шарттары жөнiнде ұсыныстар берсiн.

3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне" деген бөлiмдегi реттік нөмiрi 232-жол алынып тасталсын.

4. "№ 406 ГА Авиажөндеу зауыты" ААҚ акцияларының мемлекеттік пакетiн жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қыркүйектегi № 1194 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

И.Тасмағамбетов