"№ 406 ГА Авиажөндеу зауыты" ААҚ акцияларының мемлекеттік пакетін
жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2001 жылғы 13 қыркүйек № 1194
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 19 маусымдағы № 676 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасын іске асыру әрі авиажөндеу өнеркәсібіне қосымша инвестиция тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен негізгі тендерлік шарт инвестиция тарту деп көздей отырып, тендер өткізу жолымен "№ 406 ГА Авиажөндеу зауыты" ашық акционерлік қоғамының (Ақтөбе қаласы) акциялары мемлекеттік пакетінің 60%-ын жекешелендіруді жүзеге асырсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі