Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегi комитетiнiң «Мембағалау» жылжымайтын мүліктi бағалау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорнын тарату туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 19 қаңтардағы № 66 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істерi жөніндегі комитетiнiң «Мембағалау» жылжымайтын мүлiктi бағалау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) таратылсын.

2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 312-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң тiзбесіндегі реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ.Тоқаев