"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн
нығайту жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық
бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1766 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272; 2005.28.01 № 73
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту және одан әрi қалыптастыру, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiнiң 1999-2005 жылдарға арналған стратегиясынан" және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының әскери доктринасынан" туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) Бағдарламаны iске асыруға бағытталған iс-шаралар жоспарларының бiр ай мерзiмде әзiрленуi мен қабылдануын қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне Бағдарламада белгіленген iс-шаралардың iске асырылуы туралы ақпараттың жыл сайын 30 желтоқсанға ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. ҚР Үкіметінің 2005.28.01 № 73 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1766 қаулысымен
бекітілген
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. ПроблеманыҢ қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары
5.1. Бағдарламаны нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету
5.2. Бағдарламаның бедел жөніндегi негiзгi бағыттары мен нысаналы
аудиториялары (топтары)
5.3. Ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралар
5.4. Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар
5.5. Тәрбие, әлеуметтiк-құқықтық жұмыс және
жұртшылықпен байланыс құрылымдарының кадрлық және
ғылыми-әдiстемелiк әлеуетiн нығайту
6. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
7. Бағдарламаны іске асыру тетіктері
8. Күтілетін нәтиже
9. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және әскери кәсіптің оң
беделін нығайту жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешенді ақпараттық
бағдарлама
ҚР Үкіметінің 2005.28.01 № 73 қаулысымен 1-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)
Бағдарламаның атауы: Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерi мен әскери
кәсiптiң оң беделiн нығайту
жөніндегі 2001-2005 жылдарға
арналған кешендi ақпараттық
бағдарлама
Әзiрлеуге негiздеме: Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1999 жылғы 30
желтоқсандағы № 2028-124
қаулысы (2.1.1.8 т.)
Негiзгi әзiрлеушi: Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігі
Негiзгi орындаушылар Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі,
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
(келісім бойынша),
Республикалық ұлан (келісім
бойынша), Қазақстан
Республикасының Iшкi iстер
министрлігі, Қазақстан
Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің және
әскери кәсiптiң оң беделiн
қоғамдық санада нығайту
Бағдарламаның мiндеттерi - Ақпараттық-насихаттық
жұмысты нормативтiк құқықтық
қамтамасыз ету тетiктерiн
айқындау және әзiрлеу;
- Қарулы Күштер және құқық
қорғау органдарында
ақпараттық-насихаттық және
тәрбие жұмысының тиiмдi
жүйесін құру;
- ұйымдастырушылық және
практикалық iс-шаралар
кешенiн жүзеге асыру Қарулы
Күштердің, құқық қорғау
органдарының бұқаралық
ақпарат құралдарымен және
нысаналы аудиториялармен
өзара тиiмдi iс-қимылымен
ынтымақтастығы тетiктерiн
әзiрлеуi;
- ақпараттық-насихаттық
жұмысты ұйымдастыру және
жүргiзу үшiн қажет жағдайлар
жасау
Бағдарламаның негiзгi - нормативтiк құқықтық
қамтамасыз бағыттары ету;
- Бағдарламаның бедел
жөніндегі бағыттары мен
нысаналы аудиторияларын
(топтарын) анықтау
және олармен жұмыс iстеу;
- ұйымдастырушылық,
практикалық
ақпараттық-насихаттық
iс-шаралар кешенiн жүзеге
асыру;
- жеке құраммен жұмыс
жөніндегі қызметтердiң
кадрлық және
ғылыми-әдiстемелiк әлеуетiн
нығайту
Бағдарламаны iске Ақпараттық-насихаттық және
асырудың тетiгi тәрбиелiк жұмыстардың
бiрыңғай жүйесiн құру
Бағдарламаны Республикалық және жергiлiктi
қаржыландырудың көздерi бюджеттердiң қаражаттары
Күтілетiн нәтиже Республиканың қоғамдық
санасында Қарулы Күштердiң
және әскери кәсiптiң
беделiнiң сапалы өсуi
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған осы кешендi ақпараттық бағдарламаны (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiгiнiң 1999-2005 жылдарға арналған Стратегиясын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 2028-124 қаулысын (Жоспардың 2.1.1.8.т) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі әзiрледi.
Бағдарлама тиiстi министрлiктердiң ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы және елiмiздiң Қарулы Күштерiнiң әрi тұтас әскери кәсiптiң оң қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық құжаттар талаптары ескерiлiп, әзiрлендi.
Осы Бағдарлама Қарулы Күштерде ақпараттық, ұйымдық-кадрлық және тәрбие жұмыстарын жүргiзуге негiзгi көзқарастарды, бұл жұмысты ұйымдастырудың негiзгi бағыттарын, сондай-ақ әскери кәсiптiң беделiн нығайтуға бағытталған нақты практикалық iс-шараларды анықтайды.
3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасы өзiнiң мемлекеттік тәуелсiздiгi мен егемендiгiнiң он жылы iшiнде өтпелi кезеңнiң объективтi қиындықтарын еңсерiп шықты әрi тұрақты өсудi, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн қажет институттар мен тетiктердi қалыптастырды.
Елдегi экономикалық және саяси-қоғамдық тұрақтылық Қарулы Күштердiң де жағдайына оң әсерiн тигiздi. Осы жылдар iшiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң және мемлекеттің ұлттық мүдделерін iшкi және сыртқы қатерлерден қорғаудың нақты жүйесi құрылды. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы қабылданды. Қарулы Күштердi одан әрi реформалау мен жаңалау, оның материалдық-техникалық базасын нығайту техникалық жетiлдiру үшiн жағдай жасалды.
Армияны қаржыландыру елеулi түрде өстi. Мемлекет басшысы өзiнiң Қазақстан халқына "Еркiн де еңселi әрi қауiпсiз қоғамға қадам басайық" Жолдауында ел Үкіметіне үш мiндеттi шешудi тапсырды. Олар:
- жыл сайын iшкi жалпы өнiмнiң кемiнде 1 пайызын Қорғаныс министрлігінiң мұқтаждарына бөлу;
- қазiргi заманғы аумақтық қорғаныс жүйесiн қалыптастыру;
- жұмылдыру даярлығының толыққанды жүйесiн қалпына келтiру.
Бұл ұлттық қауiпсiздiктi нығайту қажеттiлiгiнен туындайтын мәселелер, керiсiнше болған жағдайда, Жолдауда айтылғанындай, "Егер бiз, бiздiң ұрпақ, құқықтық негiздерiнiң бiрi осындай күз күндерiнiң бiрiнде осыдан он жыл бұрын қабылданған Елiмiздiң мемлекеттік егемендiгi туралы декларациясынан арна тартатын стратегиялық мiндеттi - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алмасақ, онда бiздiң экономикалық және саяси жоспарларымыздың бәрi де тарих үшiн және бiздiң ұрпақтарымыз үшiн су бетіндегі үйiрiлген майда толқындай ғана болып қала бередi".
Қазақстан аумағында әскери округтер, бiрiншi кезекте Оңтүстiк және Шығыс әскери округтерiн қалыптастыру аяқталып келедi, Шымкент қаласында Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiнiң ерекше бригадасы жұмыс iстеуде. Қазiргi кезде оқшау соғыс жүргiзуге бейiмделген жаңа арнаулы бөлiмшелер даярлау жүргiзiлуде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын нығайту жөнiнде елеулi шаралар қабылдануда. Өткен жыл iшiнде ешқашан пәрмендi шекаралық бақылауда болмаған бағыттарда жаңа шекара жасақтары құрылды. Осындай жұмыс кедендiк желiлерде де жүргiзілдi. Көшi-қон бақылауын қатайту жөнiнде шаралар қабылданды. Қазақстан аумағында экстремистiк топтардың қызметiнiң алдын алу мен жолын кесу жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi.
Өз Жолдауында Мемлекет басшысы - Қарулы Күштердiң Жоғары Бас қолбасшы "Бiз бұдан 10 жыл бұрын болған қауiпсiздiк жүйесінің келмеске кеткенiн айқын түсiнуге тиiспiз. Өкiнiштiсi сол, қауiпсiздiк тұрғысынан алғанда аймақтағы жағдай осы он жылдың iшiнде күрт нашарлап кеттi. Бiз жаңа қауiптiң бетiн қайтаратын ұлттық қауiпсiздiктiң жаңа тетiктерiнiң жасалуы қажет екенiн барынша пайымдауымыз қажет" деп атап көрсеттi.
Осындай жағдайда елдiң басты мiндеттерiнiң бiрi оқиғалар барысына үлгерiп отыратын осы заманға сай әрi уақыт талаптарына жауап беруге қабiлеттi, күштi армия құру болып табылады. Жаңа армияның, Қарулы Күштердiң негiзi әскерилер, әскери кәсiп адамдары болуы тиiс.
Соңғы уақытқа дейiн Қарулы Күштердiң беделi жағымсыз сипатта болып, әскери мамандық қоғамдық санада сұраныс таппағанын атап өткен жөн. Объективтi себептерге байланысты әскери қызметтiң беделi, оны қамту жағдайлары ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі әскери қызметшiлердiң орындайтын мiндеттерiне сәйкес келмедi. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен бостандықтарының шектелуi, ерекше мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi қосымша жеңiлдiктер және құқықтармен толық өтелмедi.
Әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған тұлғалардың да әлеуметтiк мәселелерi, көптеген әскери қалашықтардың жайсыздығы, әскери қызметшiлер отбасылары мүшелерiнiң жұмыстарына, оқуларына, медициналық және әлеуметтiк қамтамасыз етiлуiне тиiстi жағдайлардың болмауы, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған тұлғалар да, Қарулы Күштердiң беделi мен абыройының өсуiне ықпал етпедi.
Қазақстан армиясы бұрынғы Кеңестiк армияның материалдық қиындықтары мен проблемаларымен қатар мұрагерлiкке Қарулы Күштерге және жалпы әскерилерге қатысты стереотиптер кешенiн де алған.
Қоғамдық пiкiрде көптеген жағдайда ескiрген, шындыққа сәйкес келмейтiн пiкiрлер, армияның және құқық қорғау органдарының қоғамдық қатынастар жүйесіндегі рөлiн жеткiлiктi түсiнбеу қалыптасқан. Әскери кәсiп адамдарының қоғамдық санада, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрi - БАҚ) қалыптастырып отырған бейнесi оң сипатта емес. Аракiдiк жекелеген әскери адамдардың қоғамға жат iстерi Қарулы Күштердiң және құқық қорғау органдарының беделiне терiс әсерiн тигiзедi.
Бұл ретте, Қазақстан армиясындағы мен құқық қорғау органдарындағы оң нәтижелер жұртшылық назарына әрдайым iлiне бермейдi. Бұл бiрқатар проблемаларға байланысты оның негiзгiлерi: қаржыландырудың жеткiлiксiздiгi, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары құрылымындағы жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтердiң кәсiби деңгейiнiң төмендiгi, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңыздылығын жете түсiнбеушiлiк және тағы да басқалар.
Сонымен бiрге, қазiргi уақытта қоғамдық санада армия мен Қарулы Күштердiң беделiн көтеруге бағытталған үрдiстер байқалуда, бұған армия мен құқық қорғау органдарының ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатерлердi болдырмауға, қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға бағытталған iс-әрекеттерi ықпал еттi.
БАҚ тарапынан да қызығушылық пен түсiнушiлiк өсуде. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық бағыттағы көптеген басылымдар бар, құқықтық басылымдардың таралымдары ұдайы өсе түсуде. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру тақырыбы республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргiзуге мемлекеттік тапсырысқа енгiзiлдi.
Армия мен әскери кәсiп тақырыбын "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" республикалық газеттерi, "Бағдар", "На страже", "Қалқан-Щит", "Казахстанская полиция", "Қылмыс пен жаза", "Заң газетi", "Юридическая газета", "Фемида", "Отан сақшысы" ведомстволық басылымдар тағы басқа мемлекеттік және тәуелсiз басылымдар белсендi жазып жүр.
Электронды бұқаралық ақпарат құралдары армия, құқық қорғау органдары, әскери кәсiп адамдарының проблемаларына баса назар аудара бастады. Әскери қызметшiлер мен көптеген көрермендер арасында "Қазақстан-1", "Хабар" және "Хабар-2" арналарындағы және Қазақ радиосындағы "Отандастар", "Рота, подъем", "Заң және заман", "Айбын", "Человек и закон", "Қазақстан-2030" бағдарламалары көпшілiкке танымал бола бастады. Елдегi мемлекеттік емес телерадиокомпаниялардың да осы тақырыпқа барынша қызығушылық танытуы байқалуда.
Сонымен қатар, жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың дәйектi әрi нәтижелiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң оң беделiн нығайту жүйесiнiң тиiмдi қалыптасуына бағытталған арнайы бағдарламаны мемлекеттік деңгейде әзiрлеу және қабылдау қажет.
Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң оң беделiн көтеру және нығайту жолдары:
- әскери реформаны белсендi ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;
- тәрбие, әлеуметтiк-құқықтық, жұртшылықпен байланыс жұмысы жөніндегі құрылымдардың кадрлық әлеуетiн нығайту және дайындық деңгейiн көтеру;
- мемлекеттік емес, оның iшiнде ардагерлер ұйымдарымен өзара тиiмдi iс-қимыл жасау болып табылады.
Бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен iске асырылатын болады.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң қоғамдық санадағы оң беделiн нығайту.
Бағдарламаның мiндеттерi:
Ақпараттық-насихаттық жұмысты нормативтiк құқықтық қамтамасыз етудiң тетiктерiн айқындау мен әзiрлеу және Қарулы Күштер мен әскери кәсiптiң беделiн нығайту;
Қарулы Күштерде және құқық қорғау органдарында ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстары жүйесiн құру;
Қызметi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған қажеттi институттар, құрылымдар құру;
Қарулы Күштердiң, құқық қорғау органдарының БАҚ-пен, нысаналы аудиториялармен (топтармен) өзара тиiмдi iс-қимыл және ынтымақтастық жасау шаралары мен тетiктерiн әзiрлеу;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған негiзгi беделдiк бағыттарды айқындау.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
5.1. Бағдарламаны нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету
Бағдарламаны практикалық iске асыру Қарулы Күштерде ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстары жүйесiн құруға, әскери реформаны ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тұтас кешенiн әзiрлеу мен қабылдауды талап етедi.
Осы бағыттағы басты мiндеттердiң бiрi-қоғамдық пiкiрдi, соның iшiнде әскери қызметшiлер арасында, тұрақты зерттеу; Қарулы Күштердi реформалау барысын ғылыми пайымдау, жұмыс iстеп жатқан ғылыми және оқу орындарын осы жұмысқа тарту. Мұның өзi олардың алдын алып, келеңсiз процестердiң ықтималдығын төмендетуге, тұтас алғанда реформалау процесiне тиiстi түзетулер енгізуге мүмкiндiк бередi. Осы жұмыста кеңiнен зерттеу және шетелдегi оң тәжiрибенi қорыту бұл тәжiрибенi Қазақстан жағдайына бейiмдеу мүмкiндiгi қамтылуы тиiс.
Жұмыстың екiншi бағыты - Қарулы Күштердегi ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмысының бiрыңғай жүйесiн құруға әскери реформаны ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған нормативтiк-құқықтық және ұйымдық-кадрлық алғышарттар қалыптастыру.
Бұл бағытта тәрбие жұмысының тармақталған жүйесiн құруға арналған нормативтiк құқықтық кесiмдер кешенiн әзiрлеу әрi қабылдауды (әскери қызметшiлермен жұмыс үшiн жауаптылар, оқу орындарының жүйесi, осы жұмыстың ғылыми және әдiстемелiк негiздерiн әзiрлеу), жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтердi құру және нығайту (баспасөз қызметтерi, баспасөз хатшылары, БАҚ-пен жұмыс үшiн жауаптылар және т.б.), өзiндiк ақпараттық-насихаттық құрылымдарын құру (газеттер, журналдар, теле- және радиостудиялар, ақпараттық-насихаттық топтар), ведомстволық мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру (ақпараттық жұмысты iске асыру үшiн арнайы қаражат жоспарлау) және т.б. шараларды көздеу қажет.
Осы жұмысты практикалық iске асыру Қарулы Күштердiң оң беделiн одан әрi нығайтуға, қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмысы мiндетi болатын жұртшылықпен байланыс қызметтерiн, әлеуметтiк-психологиялық қызметтер құруды талап етедi.
5.2. Бағдарламаның бедел жөніндегi негiзгi бағыттары мен нысаналы
аудиториялары (топтары)
Ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргiзу негiзгi беделдiк бағыттар мен нысаналы аудиторияларды (топтарды) анықтауды көздейдi. Ақпараттық-насихаттық жұмыстардың әсерi бағытталуға тиiс айрықша белгiлерiмен бөлiнген адамдар тобы (әлеуметтiк-кәсiптiк, демографиялық және өзге де) мақсатты аудиториялар болуы мүмкiн.
Негiзгi беделдiк бағыттар - нысаналы топтарға жеткiзiлуi қажеттi және оларды қоғамдық санада нығайтып, барынша қолдау көрсететiн қысқа ақпараттық хабарлар. Негiзгi беделдiк бағыттар БАҚ-тармен жұмыс iстеу және тiкелей байланыс (пiкiр алысу, жұрт алдына шығып сөйлеу) кезiнде пайдаланылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану оның әсерi бағытталуға тиiс мақсатты аудиториялардың нақты айқындалуын көздейдi.
Бағдарлама бойынша анықталған негiзгi нысаналы аудиториялар (топтар):
елдiң бүкiл халқы;
әскери қызметшiлер;
әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерi;
жастар және олардың әртүрлi топтары;
БАҚ;
ғылыми және шығармашылық жұртшылық өкiлдерi;
Қарулы Күштер ардагерлерi;
қоғамдық ұйымдар және үкiметтiк емес ұйымдар болып табылады.
Бұл ретте мынадай негiзгi беделдiк бағыттар баса көрсетiледi:
Бiрiншi. Қарулы Күштерде қызмет ету - елiмiздiң әрбiр азаматының тек конституциялық борышы ғана емес, ол жоғары, жауапты әрi патриоттық парыз. Қарулы Күштер - бұл мемлекет пен қоғамның маңызды институты.
Екiншi. Қарулы Күштер - ұлттық қауiпсiздiктiң тiрегi. Армияда нағыз кәсiби мамандар қызмет етедi, олар қиындықтарға қарамастан, мұны өздерiнiң қасиеттi борышы және мiндетi санайды.
Yшiншi. Қарулы Күштердегi қызметте нақты қауiп болса да, әскери адамдар өмiрi мен денсаулығына қатер төнсе де, елiмiз бен оның азаматтарының игiлiгi үшiн қызмет етедi.
Төртiншi. Қарулы Күштер батылдық пен батырлықтың, азаматтық пен ерлiктiң мектебi болған және солай бола бередi.
Бесiншi. Қарулы Күштердегi қызмет қосымша білім мен дағды алуға, қосымша кәсiптi игеруге мүмкiндiк бередi.
Алтыншы. Қарулы Күштер - жауынгерлiк бауырластықты, достық пен төзiмдiлiктi сынау мектебi.
Жетiншi. Қарулы Күштердегi қызмет - өте қадiрлi iс, кәсiп, құрметтi парыз.
Сегiзiншi. Әскери қызметшiлер және Армия - бұл бiздiң қоғамның бiр бөлiгi, әкелерiмiз, бауырларымыз, ұлдарымыз, барлық қазақстандықтар.
Тоғызыншы. Бүгiнгi әскери қызметшiлер - Қарулы Күштердiң даңқты дәстүрлерiн жалғастырушылар.
Ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарында пайдалануға қажеттi негiзгi беделдiк бағыттар осындай. Олар нақты мазмұнмен, оның iшiнде тұлғалық нақты фактiлермен және оқиғалармен толықтырылуы тиiс. Олар Қарулы Күштердiң белгiлi бiр түрлерiне, аймақтарына бейiмделуi мүмкiн, ал нақты шаралар тиiстi бөлiмдерде сипатталатын болады.
5.3. Ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралар
Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүргізудi көздейтiн ұйымдық және практикалық iс-шаралардың негiзгiлерi мыналар.
Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтер құру және нығайту. Қазiргi уақытта, iс жүзiнде әрбiр министрлiк пен ведомствода жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтер (баспасөз қызметтерi) жұмыс iстейдi. Осындай қызметтердi аймақтық және құрылымдық бөлiмшелерде құрып, бұл жүйенi тiгiнен дамыту қажет. Олардың мiндеттерi: ведомстволардың жұмыс жағдайы туралы БАҚ-ты хабардар ету, БАҚ-ғы жарияланымдарға тұрақты мониторинг жасау, баспасөз конференцияларын, басшылардың сөздерiн әзiрлеу, тұтастай ақпараттық жұмысты үйлестiру.
Ардагерлер ұйымдарымен және жекелеген ардагерлермен жұмыс. Қазiргi уақытта ардагерлер ұйымдары Қарулы Күштерде жүргiзiлiп жатқан ақпараттық-насихаттық және тәрбиелiк жұмыстарға белсендi қатысуда. Осы жұмысты одан әрi жалғастырып және жандандырып, оның мынадай аспектiлерiне назар аудару қажет:
- Әскери қызмет ардагерлерiн қолдау, соның iшiнде материалдық жағынан да. Осы шара ұрпақтар сабақтастығын көрсетедi, бұрынғы және қазiргi әскери қызметшiлердiң қоғамға қажеттiлiгiне сенiмдiлiгiн ұялатуға мүмкiндiк бередi.
- Өткiзiлетiн iс-шараларға шақыру. Осы шараның жас әскери қызметшiлер үшiн тәрбиелiк маңызы зор.
- Соғыс ардагерлерiн қамқорлыққа алу. Осы жұмысқа ардагерлер туралы деректер банкiн құруды, оның iшiнде олармен хат алысуды қамтуы тиiс.
Кәсiпорындар мен мекемелердi қамқорлыққа алу.
Осындай iс-шаралар оң беделдi қалыптастырып қана қоймай, БАҚ-ты тиiстi ақпаратпен қамтамасыз етiлген кезде оң көзбен қабылдаудың тұрақтылығын және жақсы атақ қалыптастырады.
Бұл жұмыстың басқа түрлерi болып алғашқы әскери немесе кәсiби дайындық сабақтары және басқа да нысандардағы өнегелi iс-шараларға шақыру түрiнде болатын орта оқу орындары мен балалар үйлерiн қамқорлыққа алу. Әскери қызметшiлермен тiкелей араласу олармен ынтымақтастық жастар арасындағы Қарулы Күштер туралы қалыптасқан келеңсiз көзқарастар стереотипiнiң жойылуына, әскери қызмет өткеруге қызығушылықтың өсуiне ықпал жасайтын болады.
Бөлiмдер, ұйымдардың мұражайларын құру. Қарулы Күштердiң беделiн нығайту жөніндегі жұмыстың маңызды бағыты мемориалдық жұмыс болуға тиiс. Ол ұйымшылдық, сабақтастық рухын құруға ықпал етедi және тәрбиелiк маңызы зор. Әскер түріндегі әрбiр бөлiмшеде, жергiлiктi ауқымда болса да, маңызды нәтижелерге қол жеткiзген, өмiрде мол табыстарға ие болған есiмдерi аңызға айналған адамдар бар. Сондықтан, мұражайлар, тарих және жауынгерлiк даңқ бөлмелерiн жасақтау мен жалпыға қол жетерлiк Естелiк кiтаптарын, стендтер дайындау және басқа да осындай iс-шараларды жүргiзудi жандандыру қажет.
Кәсiби мерекелерге байланысты салтанатты іс-шаралар өткізу. Iс жүзiнде, әскердiң кез келген түрiнде кәсiби мереке күндерi бар, оларды ақпараттық-насихаттық жұмыста белсендi пайдалану қажет. Мұндай iс-шаралар ұйымшылдық, сабақтастық рухын нығайтуға, оң бедел қалыптастыруды, сондай-ақ, жергiлiктi халықпен, БАҚ-пен тығыз байланыстар орнатуға ықпал етедi. Бұл түрлi әскерлер күнi, бөлiмдер күнi, ашық есiктер күнi және т.б. шаралар болуы мүмкiн. Әскери шерулер мен байқаулар да осы жұмыстың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады.
Атрибутика. Тиiстi атрибутика (бөлiм туы, айырым белгiлерi және т.б.) әскери мамандықтың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Осыған орай ерекше белгiлердi әзiрлеу кезiнде тарихи негiздер мен қазiргi заманның әрлендiру талаптарын және басқа факторларды ескеретiн бiрыңғай республикалық таңбатану қызметiн құру қажет. Айырым белгiлерi, сонымен қатар әскери мамандықтың беделiн, ұйымшылдығын нығайтуға, әскери қызмет мақтанышын нығайтуға ықпал етедi. Әрбiр әскери бөлiмде оған деген құрмет, мақтаныш болуы үшiн осындай атрибутиканы жасауға барынша ықпал ету қажет.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралар. Қарулы Күштердiң қашанда мықты спорттық дәстүрлерi болатын және оны жан-жақты қолдау әрi дамыту қажет. Көп адамдар, әсiресе жастар мен БАҚ өкiлдерi шақырылатын әртүрлi спорт жарыстарын өткізуге жәрдемдесу қажет. Спорт басқа iс-шараларға қарағанда кеңiнен танылуға және оң бедел қалыптастыруға жақсы ықпал етедi.
Қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс. Қазiргi демократияландыру жағдайында қызмет саласы Қарулы Күштердiң мүдделерiн қозғайтын көптеген қоғамдық ұйымдар жұмыс iстейдi. Кейбір жағдайларда олардың мүдделерi сәйкес келмеуi, тiптi қайшы келуi мүмкiн, мысалы экология және басқа салаларда. Әдетте, осындай тартыстарда өздерiнiң жабықтығы, қоғамдық пiкiрмен жұмыс iстей алмауы себептi Қарулы Күштер ұтылып қалады. Мұндай жағдайларда осы ұйымдармен белсендi ынтымақтастық орнатып, оларды ашық ақпаратпен қамтамасыз етiп, өзара тұрақты пiкiр алмаса отырып жұмыс iстеу керек.
Бұдан басқа, өзiнiң бағытына қарай Қарулы Күштермен белсендi жұмыс iстеп отырған ұйымдар да бар. Олар барынша қолдау көрсетудi қажет ететiн ардагерлер, спорттық, әскери-патриоттық және басқа да қоғамдық ұйымдар.
5.4. Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар
Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар кең аудиторияға және БАҚ-та жария етуге лайықталған, сондай-ақ ақпараттық кеңiстiктi құру жөніндегі шаралар кешенiн қамтиды.
Өз БАҚ-ын құру және қолдау. Кәсiби бұқаралық ақпарат құралдары ұйымның маңызды нышаны ғана емес, сондай-ақ, оқырмандарды кеңiнен ақпараттандыруға, ұйымшылдық рухын қалыптастыруға ықпал етедi.
Веб-сайттарды құру. Қазiргi жағдайда жұртшылықты ақпараттандырудың маңызды көзiнiң бiрi-веб-сайттар құру болып табылады. Веб-сайттарда графикалық және көрнекiлiк сапасы жоғары деңгейдегi күнделiктi, талдау және ақпараттық, танымдық материалдарды (мысалы, әскер түрiнiң тарихы, таңбатану және т.б.) орналастыруға болады.
БАҚ-пен жұмыс. Қазiргi уақытта Қазақстанда әскери қызмет тақырыптарымен белсендi жұмыс iстейтiн немесе оларға қызығушылық танытатын көптеген БАҚ-тар бар. Осыған орай баспасөз релиздерiн, ақпараттық, талдау және басқа да материалдарды дайындау және оларды БАҚ-та тарату жөніндегі баспасөз қызметтерiнiң жұмысын жандандыру талап етiледi.
Жұмыстың неғұрлым тиiмдi болуы үшiн БАҚ-тарға берiлетiн материалдардың өзектiлiгi мен уақытпен үндесiп жатуын қамтамасыз ететiн перспективалық күнтiзбелiк жоспарлар әзiрлеу қажет.
Аккредитация, брифинг және баспасөз конференцияларын, өткізу баспасөз релиздерiн, фото және бейне материалдар, жұмыс iстеп жатқан бөлiмдер мен бөлiмшелерге барып баспасөз турларын өткізу сияқты ынтымақтастықтың дәстүрлi нысандары БАҚ-пен жұмыс iстеудiң маңызды түрлерi болып табылады.
Әлеуметтiк бейне- және аудио роликтер. Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға, қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға бағытталған әлеуметтiк бейне- аудио роликтердi теледидар мен радио арқылы тарату ақпараттық-насихаттық жұмыстың маңызды бiр бөлiгi болып табылады.
Көрнекi бұқаралық насихат. Ақпараттық насихаттық жұмыста плакаттар, күнтiзбелер, билбордтар және тағы басқа осындай қазiргi заманғы және дәстүрлi көрнекi үгiт және насихат құралдарына баса назар аудару қажет.
Арнайы әдебиет шығару. Ақпараттық-насихаттық жұмыстың маңызды бөлiгi - жаппай пайдаланушыларға лайықталған арнайы әдебиет шығару болуы тиiс. Бұл Қарулы Күштердiң тарихы туралы, әскер түрлерi, әйгiлi тұлғалар, айырым белгiлерi және әскери таңбатану және тағы басқа көптеген әскери-патриоттық, ғылыми-көпшілік басылымдар болуы мүмкiн.
5.5. Тәрбие, әлеуметтiк-құқықтық жұмыс және
жұртшылықпен байланыс құрылымдарының кадрлық және
ғылыми-әдiстемелiк әлеуетiн нығайту
Жеке құраммен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтiң кадрлық және ғылыми әдiстемелiк әлеуетiн нығайту жөніндегі тұрақты жұмыс Бағдарламаны iске асырудың басым бағыты болып саналады.
Мамандарды тарту ғылыми және оқу орындарының әлеуеттерiн пайдалану арқылы ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарын жүргiзудiң ғылыми негiзделген әдiстемелерiн жасау қажет. Жеке құраммен және жұртшылықпен байланыс жұмысы қызметтерiн ұйымдастыру ақпараттық-насихаттық жұмысты жүргiзу жөнiнде әдiстемелiк басшылық және арнайы құралдар әзiрлеу талап етiледі.
Тәрбиелiк әрi әлеуметтiк-құқықтық жұмыс және жұртшылықпен байланыс құрылымдары қызметкерлерi үшiн ведомствоаралық семинарлар, кеңестер, біліктiлiктi арттыру курстарын тұрақты ұйымдастыру қажет. Әскери оқу орындарында және Қарулы Күштерде бөлiмшелер командирлерiнiң тәрбие әрi әлеуметтiк-құқықтық жұмыс, әлеуметтiк-психологиялық қызметтер жөніндегі орынбасарларын даярлау жөніндегі факультеттер ашу қажет.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен iске асырылатын болады.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIКТЕРI
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмысының бiрыңғай жүйесiн құруға, әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған.
Бағдарламаның iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң ?кіметтiк ақпараттық бөлiмiне және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жүктеледi.
Бағдарламаны iске асыру үшiн жұмыстың көзделген бағыттары бойынша iс-шаралардың нақты жоспарлары әзiрленетiн болады.
Мемлекеттік органдардың басшылары Бағдарламаны iске асыру жөніндегі жоспарлардың сапалы әрi уақытылы орындалуына жауап бередi.
Бағдарлама iске асырылған жағдайда:
қоғамдық санада Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң беделi жақсарады;
Қарулы Күштер мен әскери кәсiптiң беделiн нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстың тиiмдiлiгi артады;
Қарулы Күштер және құқық қорғау органдарында тиiстi институттар құрумен бiрге ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарының жүйесi қалыптастырылады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралардың кешенi жүзеге асырылады;
Қарулы Күштердiң, құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен, нысаналы аудиториялармен (топтармен) өзара тиiмдi iс-қимылы мен ынтымақтастығы жөніндегі шаралар әзiрленедi және iске асырылады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн арттыру мен нығайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
9. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
ҚР Үкіметінің 03.04.04 ж. № 272 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен жоспар өзгертілді
NN | Iс-шараның атауы | Iске асыру нысаны | Iске асыруға жауаптылар | Іске асыру мерзімі |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары | ||||
1 | Бағдарламаны iске асыру жөніндегі ведомстволық iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және бекіту | iс-шаралар жоспарлары | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | жыл сайын |
2 | Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтер құру- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери округтер, құрамалардың штаттық құрылымдарына жұртшылықпен байланыс жөніндегі офицер лауазымын енгізу | қоғамдық байланыс қызметтерiн қалыптасты- ру | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2002 жылдың І-тоқсаны |
3 | Республикалық Ұлан, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiк, Iшкi iстер министрлігі, Қарулы Күштерде әлеуметтiк-психологиялық қызметтер құру | тиiстi қызметтерді құру | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2002 жылдың аяғына дейін |
4 | Қарулы Күштерде тәрбие және ақпараттық-насихат жұмыстары жүйесiн жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау | тиісті іс-шаралар кешені | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2002 жылдың І-тоқсаны |
5 | Қазақстан Республикасы жеке құрамы тiршілiгiнiң барлық саласында әскери қызметтiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн әзiрлеу және енгізу | ведомство- лық бұйрықтар | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2002 жылдың 4-тоқсаны |
6 | Конституциялық-кеңесшi органдардың отырыстарында (алқалар) ақпараттық- насихат және тәрбие жұмыстарының қорытындысын шығару | кеңестiк- мәжілістiк органдардың ұсынымдары | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | жыл сайын |
7 | БАҚ-та тиiстi министрлiк- тер мен ведомство басшылары сөйлейтiн сөздерiнiң (брифингi. лерiнiң) кестесiн әзiрлеу және бекіту | мақалалар мен брифингтер кестесi | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | жарты жылда бір рет |
8 | Қоғамдық және үкiметтiк емес ұйымдармен жұмысты жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау | Үкiметке ақпарат беру | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2002 жылдың І шілде |
9 | Ардагерлер ұйымдарын тәрбие және ақпараттық- насихат жұмыстарына белсендi тартуға бағытталған iс-шаралар кешенiн әзірлеу және iске асыру | iс-шаралар | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | тұрақты |
10 | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босатылған әскери қызметшiлердi жұмысқа орналастыру және қайта даярлау, әлеуметтiк бейiмдеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу | Үкiмет қаулысы | ҚМ | 2002 жыл |
11 | Таңбатану жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы ұсыныс енгізу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери даңқы белгiлерi туралы ереже әзірлеу және бекіту | ?кімет қаулысы | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2002 жыл |
12 | Облыстар мен аудандардың мәдени мекемелерi, ұйымдары мен кәсiпорында- рын әскери бөлiмдердi қамқорлыққа алуын ұйымдастыру шараларын қабылдау | ведомство- лық бұйрықтар | ҚМ, ТЖМ, IIМ, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері | тұрақты |
13 | Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайту мақсатын- да әртүрлi мерекелiк iс-шараларды пайдалануды жандандыру. Қарулы Күштердiң мекемелерi мен әскери бөлiмдерiне құр- меттi атаулар беру жүйесiн жетiлдiру. | iс-шаралар, акциялар | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), Астана және Алматы қалалары әкімдері | тұрақты |
14 | Қарулы Күштерде спорттық іс-шараларды тұрақты өткізуді практикаға енгізу | iс-шаралар, акциялар | ҚМ, ТСА, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ТСА, облыс, Астана және Алматы қ.қ. әкімдері | тұрақты |
15 | Мәдениет мекемелерiнде, кiтапханаларда әскери даңқ залдарын, экспозици- ялар, көрмелер ашу. Ас- тана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұражайын құру | мұражайлар- дың, залдардың, экспозиция- лардың жұмыс iстеуi | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша),МАСМ, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері | тұрақты 2002 жылдың 4 тоқсаны |
Ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету | ||||
16 | Ақпараттық-насихат жұмыс жоспары жұмыстарының жоспарларын қалыптастыру | жұмыс жоспары | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | жыл сайын |
17 | Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту, әскери реформаларды жүргiзу мәселелерiн мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде белсендi насихаттау | Үкіметке ақпарат беру | MACM | жыл сайын желтоқсан |
18 | Республикалық және аймақ- тық бұқаралық ақпарат құралдарында Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң беделiн нығай- туға бағытталған тұрақты айдарлар, телерадио бағдарламалар ашу | Үкіметке ақпарат беру | МАҚКМ | 2002 ж. І маусым |
19 | Министрлiктер мен ведомстволардың баспасөз қызметтерi БАҚ-тарға әскери қызметкерлердiң ерлiктерi және жанқияр- лық iс-әрекеттерi туралы мәлiмет беру | БАҚ-тардағы материалдар | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), MACM | тұрақты |
20 | Жұртшылықты және БАҚ-ты әскери қызметкерлердiң гуманитарлық акцияларға қатысуы, халыққа көмек көрсетуi және басқа да акциялар туралы жүйелi ақпараттандыру | БАҚ-тарда сөйлеген сөздерi мен жарияланым | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | тұрақты |
21 | Әскери қызметшiлердi наградтау және көтермелеу барысында жариялылықты қамтамасыз ету | БАҚ-тарда сөйлеген сөздерi мен жарияланым | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | тұрақты |
22 | Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайту үшiн көрнекi үгiт және насихат мүмкiндiктерiн кеңiнен пайдалану | көрнекі насихат құралдары | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша),MACM, облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдерi | тұрақты |
23 | Дүниежүзілiк Интернет желісінiң қазақстандық сегментiнде арнайы сайттар ашу мүмкіндiгін қарастыру | веб-сайттар | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша) ҰҚК (келісім бойынша) | тұрақты |
24 | Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға бағытталған арнайы әдебиеттi шығаруды қамтамасыз ету | әдебиет шығару | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша) ҰҚК (келісім бойынша), облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдерi | тұрақты |
25 | Жыл сайын журналистер, әдебиет және өнер, қайраткерлерi арасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi туралы үздiк туындыларға (жарияланым- дарға, теле және радиобағдарламаларға, көркем немесе деректi фильмдерге, сурет және т.б.) байқау өткізу | байқау өткізу | ҚМ, IIМ,МАСМ | 2003-2005 |
Ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету | ||||
26 | Қарулы Күштердегi тәрбие және ақпараттық-насихат- тық жұмыстарының оң тәжiрибесiн қорыту әрi кеңiнен жария ету | Жарияланым- дар, теле және радио бағдарлама- лар, семинарлар, тәжiрибе алмасу жөніндегі кеңестер | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша) ҰҚК (келісім бойынша) | тұрақты |
27 | Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызмет қызметкерлерiнiң, бөлiм және бөлiмше командирлерiнiң тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасарларының кәсiби білiктiлiгiн көтеру семинарларын, курстарын өткізу | семинарлар, курстар | ҚМ, ТЖМ, IIМ, РҰ (келісім бойынша) ҰҚК (келісім бойынша),MACM, МҚА, ҒБМ | жыл сайын |
28 | Әскери оқу орындарында тәрбие және әлеуметтiк- құқықтық жұмыстар бойынша әскери психолог, социолог, саясаттанушы мамандарын дайындайтын факультеттер, арнайы курстар ашу | Курстар, факультет- тер құру | ҚМ, ІІМ | 2002 жыл |
29 | Қарулы Күштерде оң моральдық психологиялық ахуалды қалыптастыру жүйесi туралы қолданбалы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру және үйлестiру | ғылыми зерттеулер | ҚМ, IIМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2003 жыл |
30 | Ақпараттық-тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстарды жүргiзу жөніндегі арнайы әдiстемелiк құралдар дайындау | әдiстемелiк құралдар | МАҚКМ | 2002 жыл |