Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсан № 1758 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 20; 26.12.03 ж. № 1325 ; 2005.10.05 № 443
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Мүгедектердің жоғалтқан қарекетiнің орнын толтыру, тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметке қабiлетiн қалпына келтiру және мүгедектердің қоғамға мейлiнше толығырақ кiрiгуiне септесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар:
1) Бағдарламаны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2002 жылдан бастап жылына екi рет - әр жылдың 20 қаңтарына және 20 шілдесiне ақпарат берiп отырсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі жыл сайын 25 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектердi оңалтудың
2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы
Астана, 2001 жыл
1. Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасының паспорты
ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 20; 26.12.03 ж. № 1325 ; 2005.10.05 № 443 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-бөлім өзгертілді
Бағдарламаның Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға
атауы арналған бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
әзiрлеу үшiн 7 наурыздағы N 367 қаулысымен бекітілген
негiздеме Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000-2002
жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге
асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары
(4.1.3.3. тармақ)
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
бастамашысы әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бағдарламаның Бағдарламаның негiзгi мақсаты және мiндеттерi -
мақсаты мен мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамға
міндеттерi жан-жақты кiрiгуiне мүмкiндiктер беру, кіріптарсыз
тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау,
мүгедектiк деңгейiн азайту.
Негiзгi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
орындаушылар әлеуметтiк қорғау министрлігі, Білім және ғылым
министрлігі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі,
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
жөніндегі агенттiгi, облыстардың, Астана, Алматы
қалаларының әкiмдері
Бағдарламаның Бағдарлама мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк,
негiзгi кәсiби оңалту мекемелерінің желiлерiн дамыту мен
iс-шаралары олардың материалдық-техникалық базасын нығайту,
мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек көрсету және
оларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз
ету, мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылым
объектілерiн кедергiсiз пайдалану мүмкіндiгiн жасау,
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім
беру жүйелерiнде мүгедектердi оңалту мәселелерiмен
айналысатын қызметкерлердi даярлау мен біліктілігiн
арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық iс-шараларын
жүзеге асыруды көздейдi
Бағдарламаны Мүгедектердi оңалту бағдарламасы 2002-2005
iске асыру жылдарға арналып жасалған
мерзiмi
Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және
көздерi мен жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен, Қазақстан
көлемi Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да
қаржы көздерiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асырудың 2002 жылдан 2005 жылға
дейiнгi барлық кезеңiне қаржыландыру үшiн 6,1 млрд.
теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен 2,0 млрд.
теңге, жергiлiктi бюджеттен 4,1 млрд. теңге қажет
болады.
Бағдарламаны Бағдарламаны iске асыру оңалту iс-шараларының
iске асырудан көлемiн ұлғайтуға, мүгедектердi жеке мұқтаждарын
күтiлетiн ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз
нәтижелер етуге мүмкiндiк бередi, мүгедектердiң тұрмыстық,
қоғамдық, кәсiби қызметінде қабiлетiн қалпына
келтiруге, конституциялық құқықтарын толық көлемінде
iске асыруға және олардың қоғамға кiрiгуiн
жылдамдатуға көмектеседi.
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етiлуiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларында кепiлдiк берiлген.
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау шараларының бірi - ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетiн, өзiне өзi қызмет ету, кәсiби қызметтiң әр түрiне қабiлетiн қалпына келтiруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк-экономикалық iс-шаралар кешенiнен тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмiр сүруiне мүмкiндiк беретiн әрi олардың құқықтары мен қабiлет мүмкiндiктерiн iске асыруын қамтамасыз ететiн оңалту болып табылады.
Мүгедектердi оңалту бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi және елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы ескерiлiп жасалды.
3. Қазақстандағы мүгедектiлiктiң жай-күйiн талдау
Республикада барлығы түрлi санаттардағы 386,2 мың мүгедек, соның iшінде 211 мың мүгедек әйел, 49,8 мың 16 жасқа толмаған мүгедек бала, бала кезiнен 58,8 мың мүгедек және басқа да мүгедектер тұрады. Бұл цифрлар, мүгедектiктiң бұдан әрi осылайша көбеюi денi сау халықтың өсiмiнің азаю қаупiн туғызып, республиканың еңбек ресурстарының саны мен сапасының құлдырауына соқтыруы мүмкiн деген тұжырымға келтiредi.
Алғаш рет мүгедектiкке ұшыраудың 1998-2000 жылдар
iшіндегі көрсеткiшi
Көрсеткіштер 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл |
Ересек адамдар арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандар, 55145 49683 46133 оның iшiнде әйелдер 22504 20515 18892 Алғаш рет мүгедек деп танылған адамдардың iшiнде: қалалық жерде тұратындар, 32073 28499 26138 оның iшiнде еңбекке жарамды жастағылар 24473 22504 21416 Ауылда тұратындар, 23072 21184 19995 оның iшiнде еңбекке жарамды жастағылар 20212 19059 18215 Алғаш рет мүгедек деп танылғандардың iшiнде жұмыс iстейтiндер 14752 10930 8979 |
Төменде мүгедектiк топтары бойынша алғаш рет мүгедек деп танылғандар
саны туралы мәлiмет келтiрiлдi:
Мүгедектік тобы 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл |
І топ 5952 4909 4801 ІІ топ 33058 27452 25302 ІІІ топ 16135 17322 16030 |
Мүгедектіктің негізгі себептері: |
Мүгедектiк себебi 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл |
жалпы аурудан 46417 41560 38188 еңбек жарақатынан 656 516 479 кәсiби аурудан 163 111 111 бала кезiнен мүгедек 6424 6518 5524 |
Алғаш рет мүгедектiкке ұшырау құрылымында бірiншi орында қан айналымы органдары сырқатынан мүгедектiк - 18,6 пайыз, екiншi орында зиянды iсiктерден мүгедектiк - 14,1 пайыз, үшiншi орында психиканың бұзылуынан 12,1 пайыз және төртiншi орында - барлық орын алған жарақаттардан 11,9 пайыз.
Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектiктің көбеюiне әлеуметтiк және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғары болуы әсер етедi.
Соңғы екi жыл iшiнде балалар арасындағы мүгедектiк 16 пайызға өсiп кеттi. Республикада 16 жасқа дейiнгi 49,8 мың мүгедек бала және бала кезiнен 58,8 мың мүгедек тұрады. Балалардың мүгедектiкке ұшырауына итермелейтiн факторлардың iшiнде мыналарды бөлiп көрсетуге болады: биологиялық - ата-анасының созылмалы, туа бiткен және генетикалық ауруларының жоғары деңгейде болуы, перинаталдық кезеңнің патологиясы; медициналық-ұйымдастырушылық - ауруды кеш анықтау, ауруды анықтаудан бастап мүгедектiк белгiленiп, оңалтудың басталуына дейiнгi кезеңнің ұзақтығы; әлеуметтiк-орта - экологиялық жағдайдың нашарлауы, әлеуметтiк жағдайы нашар отбасылар.
Мүгедектiктiң өсе түсуi жағдайында мүгедек балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтік проблемалары өткiр сезіліп отыр. Ауру сәби дүниеге келген күннен бастап отбасы оның тауқыметiн тартуға мәжбүр болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету үшiн халықты әлеуметтiк қорғау денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жiгерiн бірiктiру қажет.
Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн арнайы жағдайлар қажет. Республикада көзi нашар көретiн балаларға арналған 8 мектеп бар, оларда көзi нашар көретiн 1240 бала оқиды және 2706 баланы қамтитын есту қабiлетi нашар балаларға арналған 19 мектеп бар. Бұл оқу орындары аудиторияларды сымсыз сыныптармен арнайы жабдықтауды қажет етедi. 2001 жылы алғаш рет Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі есту қабiлетi нашар балалар оқитын 9 мектепке 18 сымсыз сыныптар жиынтығын сатып алды, бұл арнаулы мектеп-интернаттарда оқитын есту қабiлетi нашар балалар үшiн тым мардымсыз.
Жалпы білім беретiн мектептерде оқуға мүмкiндiгi жоқ мүгедек балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша тәрбие мен білімдi үйлерiнде алуына болады. Қазiргi кезде 2270 мүгедек бала үйiнде оқытылуда. Оларды оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн оларға 3711 теңге мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген I және II топтағы мүгедектердiң, олардың денсаулық жағдайын ескергенде, өздерiнің отбасы тұратын жерде жұмысқа тұруға мүмкiндiгi бола бермейдi.
Мүгедектердiң еңбегiн дәстүрлi пайдаланатын көптеген кәсіпорындар жабылып қалды немесе өндiрiсiн тоқтатты. Мүгедектер үшiн жаңа жұмыс орындары құрыла бермейдi. Кәсiпорын әкiмшiлерi еңбек рыногында еңбекке жарамды адамдар тарапынан ұсыныстар көп түсетiндiктен, түрлi сылтауларды желеу етiп, жұмыс iстейтiн мүгедектердi қысқартады.
Бос орындар мүгедектерге тым сирек берiледi. Мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн болатын жұмыс орындарының есебi жүйелi жүргiзiлмейдi. Осыған байланысты, ұйымның қағидаттары, инвестициялау көздерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, мүгедектер үшiн жұмыс орындарын есепке алуды ұйымдастыру түрiнде (бар болуы, сақталуы, өзгеруi, жаңаларын құру) жұмыс орындары банкiн құру қажет.
Өздерінің өнiмдерiне мемлекеттік сатып алудың тоқтатылуынан, мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң арнаулы кәсіпорындарының жағдайы қиындап кеттi. Өткізу рыногында халық тұтынатын тауарлардың қаптап кетуiнен бұл кәсіпорындар бәсекелестiкке жарамай қалды.
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына, басқа да заңнамалық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерге әлеуметтiк көмек жәрдемақы түрiнде, протез-ортопедиялық бұйымдармен және аяқ киiммен, арнаулы қарпі бар баспа өнімдерiмен, дыбыс күшейту аппаратурасымен және сигнализаторлармен, компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз ету түрiнде берiледi.
Қазақстан Республикасының барлық мүгедектерi мүгедектiгi бойынша мемлекеттік жәрдемақы алады. Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан, бала жасынан мүгедектерге жәрдемақы мынадай мөлшерлерде төленедi:
I топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш, III топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға - 3 айлық есептiк көрсеткiш, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 4650 теңгенi, 3100 теңгенi және 2325 теңгенi құрады.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу, ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған мерзiмдi әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектерге, азаматтық немесе әскери нысандағы ядролық объектiлердегi апат салдарын жою кезінде немесе ядролық объектілердегi апатты жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдарға, экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткізу кезіндегі радиацияның әсер етуi себебiнен және/немесе осылардың салдарынан болған мүгедектерге себеп-салдары анықталған жағдайда:
I топтағы мүгедектерге - 8 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 6200 теңге, 4650 теңге, 3875 теңге болды.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу, ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер қатарындағы (мерзiмдi әскери қызметшiлерден басқа) мүгедектерге, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерi қатарындағы мүгедектерге:
I топтағы мүгедектерге - 15 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 10 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге 7 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 11625 теңге, 7750 теңге, 5425 теңге болды.
1999 жылғы 1 сәуiрден бастап жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан болған I және II топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан, коммуналдық қызметтерге, отын және тұрғын үйдi ұстау шығындарын төлеуге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп келедi.
I және II топтардағы мүгедектерге берiлетiн арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерi 1,4 айлық есептік көрсеткiштi немесе 1085 теңгенi, III топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептiк көрсеткiштi немесе 465 теңгенi және 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға 0,9 айлық есептiк көрсеткішті немесе 697 теңгенi құрайды.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға 5,7 айлық есептiк көрсеткiш немесе 4389 теңге мөлшерiнде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленедi.
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен өз құзыретi шегiнде:
тұтыну бағасы индексiнiң өсуiне қарай мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша ақы;
бөгде адамның көмегiне мұқтаж жалғызіліктi мүгедектердi күту үшiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша үстеме ақы;
санаторлық-курорттық емдеу жеңiлдiктерiн белгiлейдi.
Жергіліктi өкiлдi және атқарушы органдар жергіліктi бюджет қаражаты есебiнен мүгедектердің ерекше талаптарын қанағаттандыруға және олардың тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған басқа да шешiмдердi қабылдайды.
Республикада қарттар мен мүгедектерге арналған 15604 орынды 70 интернат үйi жұмыс iстейдi, олардың ішінде 7042 орынды 25 интернат үйi психикалық-неврологиялық ауруларға, 2721 орынды 17 интернат үйi мүгедек балаларға арналған. Жалғызiлiктi қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау үшiн үйлерге барып көмек көрсететiн 309 әлеуметтiк көмек бөлiмшесi жұмыс iстейдi, олар 31632 жалғызіліктi қарт азаматқа, оның iшiнде 8471 мүгедекке қызмет көрсетедi.
28 мыңнан астам азамат протез-ортопедиялық көмекке, 60 мыңнан астам құлағы нашар еститiн мүгедек - сурдотехникаға, 19 мыңнан астам көзi нашар көретiн мүгедек тифлоқұралдарға мұқтаж.
2000 жылы 12017 мүгедек аяқ-қол буындарын протездеумен, 5797 мүгедек протез-ортопедиялық аяқ киiмдермен, 3180 мүгедек есту аппараттарымен, 5100 мүгедек тифлоқұралдармен қамтамасыз етiлдi.
Мүгедектердi протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етудің практикасын талдау бұйымдар сапасының төмендiгiн ғана емес, бірқатар ұйымдастырушылық проблемаларын да көрсетiп отыр. Қазақстанда протездеу мен протез жасау проблемаларына зерттеу жүргiзетiн бір де бір ғылыми-зерттеу институты жоқ. Протездеу сапасын бағалау тек клиникалық деректер негiзiнде ғана жүргiзiледi және негiзiнен екi факторға: мүгедектiң барабар сезiнуiне және протез жасаушының сауатты әрекетiне тәуелдi.
Халықты емдеу, емдеу-алдын алу және осы заманғы талаптарға сай келетiн протез-ортопедия құралдарымен мейлiнше толығырақ қамтамасыз ету, республикалық мемлекеттік протез-ортопедия кәсiпорындарын басқарудың құрылымын оңтайландыру, протез салу мен протез жасауда зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу, қол және аяқ буындары протездерiне қажеттi түйiндер мен бөлшектер өндiрiсi бойынша импорт алмастырушы жаңа конструкциялар мен әзiрлемелердi енгізу мақсатында жұмыс iстеп тұрған протез-ортопедиялық кәсiпорындарын қайта құру көзделуде.
2000 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен Ұлы Отан соғысының 459 мүгедегi автокөлiкпен қамтамасыз етiліп, 910 мүгедек кресло-қораптар алды.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының мүгедектерге техникалық немесе өзге де құралдар беруге қатысты бөлiгi толық көлемiнде орындалмай келедi. Оңалтудың техникалық құралдары жоғалтқан қарекеттерiн түзеуге немесе орнын толтыруға, оның iшiнде өзiне өзi қызмет көрсетуге арналған бейiмдеу құралдарынан тұрады (тамақ ішу үшiн - асханалық аспаптарды кигiзiп бекітуге арналған белбеушелер, крандар, газ және электроплиткаларына арналған тұтқалар, арнайы асханалық аспаптар және зағип адамдар үшiн икемдеу құралдары); санитарлық-гигиеналық процедураларды орындау үшiн тұрмыстық бейiмдеу құралдарынан (тiс мәуесегiн, сабынды, жөкенi, тарақты, электр ұстарасын кигiзiп, бекiтетiн белбеушелер, тiс пастасын қысып шығаруға, су крандарын, душты ашуға, киiмдердi, шұлық-ұйықтарды, аяқкиiмдi киіп, шешуге бейiмдеу құралдары); жылдамырақ және ақырын жүруге арналған құралдардан (қолмен басқарылатын автомобиль, бөлме iшiнде жүретiн, серуендейтiн кресло-қораптар, екi аяғы жоқ мүгедектер үшiн шағын қораптар, балдақтар, таяқтар) мүгедектердің естуiн түзеу және коммуникациялық қолдау құралдарынан (Брайло бойынша хат жазуға арналған машинкалар, оқуға арналған дүрбiлер, "сөйлей бiлетiн кiтап" үшiн арнайы магнитофондар, домофондар; тербеткіш қоңыраулы сағаттар, арнайы диктофондар, жылжымалы жолдары бар немесе дыбысы күшейтiлген телефон аппараттары) тұрады.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының мүгедектердің тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне көтерiлуiн қамтамасыз етудi көздейтiн 8-бабы да жүзеге асырылмай отыр. Бұл бірiншi кезекте, ғимараттардың есiгi мен көшелердің жерасты өткелдерiне қойылатын пандустарға қатысты.
Тұтастай алғанда "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының баптарының көпшiлiгi орындалмай отыр, бірқатар баптар құрғақ сөз күйiнде қалуда, заң баптарының шарттарын орындамағаны үшiн берiлетiн жазалар анықталмаған.
Мүгедектердiң демалысы мен спортпен айналысуын ұйымдастыру бойынша оларды нақты кепілдіктермен қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешудi, аталған бағытта мүгедектермен жұмыс iстейтiн кадрларды даярлаудың тәртібі мен шарттарын анықтауды нормативтiк тәртіпте жүргiзген жөн.
Мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерiн өздерiнің жеке проблемаларын шешуге олардың өздерiн тiкелей тарту жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу және бекіту мүгедектердi әлеуметтік оңалту жоспарының маңызды бағыттарының бірiнен саналады, онда жоғалтқан қарекеттерiн қалпына келтiру және орнын толтыру үшiн базалық даярлық, өзiн өзi күту, өзiне өзi қызмет көрсету бойынша консультациялар беру көздеген дұрыс.
Бағдарламаның iс-шаралар жоспарының жобасында "Мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдау көзделген.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты - мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамға жан-жақты кiрігуiне мүмкіндiктер беру, кiрiптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау, мүгедектiк деңгейiн азайту.
Бағдарламаның міндеттерi мыналар болып табылады:
мүгедектiктiң азаюын қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;
мүгедектерге оңалту және басқа да техникалық құралдар мен медициналық, әлеуметтік және кәсiби оңалту бойынша қызметтердің кепiлдiкті тiзбесiн беруден тұратын мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
мүгедектердi кешендi оңалтуды дамыту, оңалту мекемелерінің жүйелерiн дамыту мен материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша практикалық iс-шараларды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтiк қорғау, физкультура және спорт жүйесiнде мүгедектерге арналған iс-шаралар мен қызметтердiң тiзбелерiн және ауқымын кеңейту;
білім беру, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, физкультура және спорт ұйымдарының мүгедектердi оңалту мәселелерi жөніндегі жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетілдіру;
мүгедектерге өзiнің шығармашылық қабiлетiн пайдалануға, хореография, музыка, әдебиет, театр, сурет, мүсiндеумен, өнердің басқа да түрлерiмен айналысуға мүмкiндiктер беру мақсатында кәсiби даярлықты қамтитын iс-шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтiк-экономикалық шараларды жүзеге асыру жолымен жұмыспен қамту саласында мүгедектердi қосымша кепілдiктермен қамтамасыз ету;
мүгедектердің кедергiсiз жүріп-тұруына және әлеуметтiк инфрақұрылым объектілеріне кіруiне жәрдемдесу жөнiнде iс-шаралар өткізудi қамтамасыз ету;
мүгедектердiң сұранысын ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарымен, сондай-ақ сурдоаударма бойынша қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету;
мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту мәселелерi бойынша мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
оңалту жүйесiн құқықтық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi жетілдiру.
5. Бағдарламаның негiзгі бағыттары және
оны iске асырудың тетiгi
Бағдарламаның негiзгi бағыттары:
1. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерiн реттейтiн заңнамалық база жасау, оларға қоғамға жан-жақты кiрiгуi үшiн мүмкiндiктер беру, кiріптарсыз тұрмыс салты үшiн жағдайлармен қамтамасыз ету.
2. Ағзаның жетiлуіндегі бұзылушылықтарды ерте анықтаудың тиiмдiлiгiн арттыру:
әйелдер босанатын және амбулаторлық-емханалық ұйымдардағы "қатерлi" топтағы балаларды ерте анықтау және оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу;
мүгедектiктің алдын алу мақсатында оның басталуы және көбеюi себептерiн тексеру бойынша зерттеулер ұйымдастыру.
3. Мүгедектердi кешендi оңалтудың жүйесiн құру:
мүгедектердi, оның iшiнде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік, кәсiби оңалтуды жетілдіру және оңалтудың барлық бағыттарын үйлестiру;
мүгедектердi санаторлық-курорттық емдеудi ұйымдастыру;
мүгедектердi оңалтудың техникалық құралдарымен, олардың өмiрiн жеңiлдететiн оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру;
оңалту мекемелерiнің желісін дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
мүмкiндiгi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдерге, мүгедек балаларға арналған арнаулы түзеу арқылы білім беру ұйымдарының жүйесiн сақтау және кеңейту;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар құру арқылы Астана қаласында, балалар саны кемiнде 60 мың болатын республикалық маңызы бар қалаларда диагностикалық-консультациялық қызметтер жүйесiн кеңейту;
мемлекеттік теледидар арнасында ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармаларын ұйымдастыру;
мүгедектерді кәсіптік даярлау, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, мүгедектердi қорғау жөніндегі әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтау;
мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылым объектілеріне кіруiн қамтамасыз ету.
4. Мүгедектердi белсендi өмiр салтына тарту:
мүгедектердің спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар үйiрмелерiне, сурет және басқа да шығармашылық конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету.
5. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру салаларында мүгедектердi оңалту мәселелерiмен айналысатын қызметкерлердiң біліктiлiгiн арттыру.
6. Мүгедектер проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 20; 26.12.03 ж. № 1325; 2005.10.05 № 443 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-бөлім өзгертілді
6. Бағдарламаны iске асыруды қаржылық қамтамасыз ету
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Бағдарламаны 2002 жылдан 2005 жылға дейiн қаржыландыру үшiн 6,1 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,0 млрд. теңге, жергiлiктi бюджеттен 4,1 млрд. теңге қажет болады.
Республикалық бюджетте протездеуге, мүгедектердi сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз етуге және мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі басқа да iс-шараларға қаржы көзделдi. Жыл сайынғы республикалық бюджет шығыстары орта есеппен 500,0 млн. теңгенi, оның iшiнде 2002 жылы - 355,0 млн. теңгенi, 2003 жылы - 512,2 млн. теңгенi, 2004 жылы - 984,4 млн. теңгенi және 2005 жылы 115,9 млн. теңгенi құрайтын болады.
Жергiлiктi бюджеттен жұмсалатын шығындар 2002 жылы 250,5 млн. теңгенi, 2003 жылы - 898,0 млн. теңгенi, 2004 жылы - 937,4 млн. теңгенi, 2005 жылы - 2087,1 млн. теңгенi құрайды.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен көзделген iс-шаралар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келісілген.
Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттарының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджеттi әзiрлеу және қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру оңалту iс-шараларының ауқымын ұлғайтуға, мүгедектердi жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметiнде қабiлетiн қалпына келтiруге, конституциялық құқықтарын толық көлемiнде іске асыруға және олардың қоғамға кiрiгуiн жылдамдатуға мүмкiндiк бередi.
8. Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 20 қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда
ҚР Yкіметінiң 26.12.03 ж. № 1325 қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2005.10.05 № 443 (бұр. ред. қара) қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда
P/ c № | Iс-шара | Аяқталу нысаны | Орында- луына (iске асыры- луына) жауапты- лар | Орында- лу (iске асыры- лу) мерзімі | Болжанып отырған шығыстар (мың теңге) | Қаржы- ландыру көзi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Әлеуметтiк оңалту | ||||||
1 | "Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу | Қазақстан Республи- касы Заңының жобасы | Еңбек- минi | 2003 ж. IV тоқсан | Шығындар- ды талап етпейдi | - |
2 | Жергілікті атқарушы орган- дардың жанынан Мүгедектер iстерi жөнiнде- гi кеңестер құру | Әкiмдiк- тің қаулысы | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2003 ж. IIІ тоқсан | Шығындар- ды талап етпейдi | - |
3 | Протездiк- ортопедиялық кәсіпорындардың басқару құрылымын медициналық стационарлармен қосу және протездік-орто- педиялық орталықтарды құpу жолымен оңтайландыруды жүзеге асыру | Еңбекми- нiнiң бұйрығы | Еңбекминi | 2002 ж. I тоқсан | Шығындар- ды талап етпейдi | - |
4 | Қазiргі заманғы технологиялар бойынша жасала- тын протездер- мен қамтамасыз етудi көздей отырып, Қазақстан Республикасының халқына протез- дік-ортопедия- лық көмек берудің қолда- нылып жүрген тәртібін жетiлдiру | Еңбекми- нiнiң бұйрығы | Еңбекминi | 2002 ж. IІ тоқсан | Шығындар- ды талап етпейдi | - |
5 | Облыстарда жұмыс iстейтiн протездiк шеберханаларды нығайту жөнiнде қосымша шаралар қабылдау | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Еңбекми- нi, (про- тездік- ортопе- диялық орталық- тар), облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | 2003 ж.- 1100,0 2004 ж.- 112,0 | Жергі- лікті бюджет |
6 | Протездеу мен ортездеуді, ортопедиялық аяқ киіммен, ортопедиялық аппараттармен, корсеттермен және басқа да протездік- ортопедиялық бұйымдармен (бұдан әрi - ПОБ) қамтамасыз етудi жүзеге асыру, ПОБ жөндеу, қазiргi заманғы технологиялар бойынша протездеумен және ортездеу- мен байланысты қызметтер көрсету | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Еңбекми- нi, (про- тездік- ортопе- диялық орталық- тар), облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2003- 2005 жж. | 2002 ж.- 143232,0
2003 ж.- 297491,0
2004 ж.- 436260,9
2005 ж.- 444989,0 | Респуб- ликалық бюджет Респуб- ликалық бюджет Респуб- ликалық бюджет Жергі- лікті бюджет |
7 | Мүгедектерді техникалық құралдармен, әртүрлі модификациядағы кресло-арбалар- мен қамтамасыз ету | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдері | 2003 ж. 2004 ж. 2005 ж. IV тоқсан | 2002 ж.- 60105,0 2003 ж.- 58794,0 2004 ж.- 68544,5 2005 ж.- 88880,8 | Жергi- ліктi бюджет |
8 | Құлағы кеміс еститiн мүгедектерді сурдотехникамен қамтамасыз ету | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Еңбекми- ні, (Респуб- ликалық есту қабiлетiн түзеу орталы- ғы), облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж. 2005 ж. IV тоқсан | 2002 ж.- 91941,0
2003 ж.- 92588,0
2004 ж.- 235672,0
2005 ж.- 221426,0 | Респуб- ликалық бюджет Респуб- ликалық бюджет Респуб- ликалық бюджет Жергі- лікті бюджет |
9 | Көзi көрмейтiн мүгедектердi тифлотехникамен және коммуника- циялық қолдау құралдарымен қамтамасыз ету | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Еңбекми- ні, облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж. 2005 ж. IV тоқсан | 2002 ж.- 65046,0
2003 ж.- 65046,0
2004 ж.- 36000,0
2005 ж.- 67620,0 | Респуб- ликалық бюджет Респуб- ликалық бюджет Респуб- ликалық бюджет Жергі- лікті бюджет |
10 | Мамандандырыл- ған білім беру ұйымдарында оқитын мүгедек балаларды сурдотехникамен қамтамасыз ету | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi, БҒМ | 2004 ж. | 2004 ж.- 73600,0 | Респуб- ликалық бюджет |
11 | Мамандандырыл- ған білім беру ұйымдарында оқитын мүгедек балаларды тифлотехникамен қамтамасыз ету | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi, БҒМ | 2004 ж. | 2004 ж.- 38565,0 | Респуб- ликалық бюджет |
12 | Республика кәсіпорындарын- да қазiргi заманғы талап- тарға жауап беретiн қол және аяқ протездерiне жинақтаушы түйіндер мен бөлшектерді шығаратын импорт алмастыратын технологияларды енгізудi ұйымдастыру | Еңбекми- нiне жыл сайын 2003 жылдан бастап 20 қаңтарға ақпарат беру | Еңбекминi (протез- дiк-орто- педиялық орталық- тар), ИСМ | 2002- 2005 жж. |
| Эским- банктің кредит ресурс- тары |
13 | Кiрме жолдар- дың, пандустар- дың құрылысын, құрылғыларды мүгедектер арбалары үшiн қамтамасыз етiп тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға, әлеуметтiк инфрақұрылым объектілеріне мүгедектердiң кіруiне жағдай жасау | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шілдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi, меншiк нысанына қарамас- тан кәсіп- орындар- дың, ұйымдар- дың басшылары | 2002- 2005 жж. | 2002 ж.- 900,0 2003 ж.- 69284,0 2004 ж.- 1701,0 2005 ж.- 17000,0 | Жергi- лiктi бюджет |
14 | Мүгедектерге қызмет көрсету- ге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ мүгедектер болуы мүмкiн адам неғұрлым көп жүретін жерлерде синхронды дыбыс дабылы бар арнайы бағдаршамдар, жол белгiлері мен көрсеткiш- тер дайындау және орнату | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | 2002 ж.- 1673,2 2003 ж.- 71555,0 2004 ж.- 11567,4 2005 ж.- 13921,0 | Жергi- лiктi бюджет |
15 | Әрбір облыс орталығында дыбысты құрылғыларымен жарақталған, жаяу жүргiншi- лер жолдарын салу | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкімдері | 2003- 2005 жж. | 2003 ж.- 6137,0 2004 ж.- 1073,0 2005 ж.- 2233,0 | Жергi- лiктi бюджет |
16 | Қолданылып жүрген құрылыс нормаларына және ережелерi- не (бұдан әрi - ҚНжЕ) өзгерістер енгізу, жаңа ҚНжЕ, техника- лық шарттарды (ТШ) және көлiк пен тиiстi көлік инфрақұрылымы- ның, ғимараттардың, құрылыстардың тұрмыстық құралдар мен техникалардың, кәсіпорындарда- ғы жұмыс орындарының мүгедектерге лайықты болуын көздейтін басқа да нормативтiк- техникалық құжаттарды әзiрлеу мен бекіту | Құрылыс істері жөніндегi комитет- тің бұйрығы | ИСМ (Құрылыс iстерi жөнiнде комитет) | 2002 ж. ІІI тоқсан | Шығындар- ды талап етпейді | - |
17 | Жобалар әзiр- леуге, сондай- ақ ғимараттар, құрылыстар, жолдар, көлiк, байланыс объектілерін салуға мемлекеттік тапсырыстарды орналастырған, көлiк және өзге де қызметтер көрсету түрлерiн ұсынған кезде мүгедектердiң әлеуметтік инфрақұрылымға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету қажеттігін конкурстық құжаттама талаптарының бірi етіп белгiлеу | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | Кәсiпкер- лiк қызмет субъектi- лерi қаражаты есебінен | - |
18 | Мемлекеттік теледидар арнасында ақпараттық бағ- дарламалардың сурдоаудармасын ұйымдастыру | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | МАСМ | 2003 ж. 2005 ж. | 2003 ж.- 1725,0 2005 ж.- 60855,0 | Респуб- ликалық бюджет |
19 | "Ардагер" республикалық пансионаты базасында мүгедектер мен ардагерлердi санаторлық- курорттық емдеудi және оңалтуды қамта- масыз ету. Щучинск-Бурабай курорт аймағын- да мүгедектер мен ардагерлер- дi санаторлық- курорттық емдеудi және оңалтуды қамтамасыз ету | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | 2002 ж.- 49790,0
2003 ж.- 51590,0
2004 ж.- 70862,0
2005 ж.- 125425,0 | Респуб- ликалық бюджет Респуб- ликалық бюджет Респуб- ликалық бюджет Жергi- лiктi бюджет |
20 | Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде мүгедектігі бар адамдардың орталықтанды- рылған деректер банкнот (МОДБ) әзiрлеу және енгізу | Үкiметке 2005 жылғы 25 ақпанға ақпарат беру | Еңбекминi | 2002 ж. IV тоқсан 2004 ж. | 2004 ж.- 75846,0 | Респуб- ликалық бюджет |
21 | Мүгедектердi оңалту, мүге- дектердi оңал- туға байланысты жобалар мен шараларға қолдау көрсету мәселелерi бойынша Бiрiк- кен Ұлттар Ұйымымен, Халықаралық еңбек ұйымымен, Дүниежүзілік денсаулық сақ- тау ұйымымен, ЮНЕСКО-мен, ЮНИСЕФ-пен, үкiметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | СIМ, Еңбек- минi, ДСМ, БҒМ | 2002- 2005 жж. | Шығындар- ды талап етпейдi | - |
22 | Мүгедектердi, оның iшiнде мүгедек бала- ларды белсенді өмір сүруге тарту мақсатын- да облыстық, республикалық көркем өнерпаз- дар, суреттер, ұсақ-түйек заттар және шығармашылықтың басқа да түрлерінің конкурстарын өткізу | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | Еңбекми- нi, БҒМ, Облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | 2002 ж.- 400,0 2003 ж.- 2344,3 2004 ж.- 1405,2 2005 ж.- 5888,0 | Жергі- лiктi бюджет |
23 | Мүгедектердiң шығармашылық жұмыстарының, мүгедектер ұйымдары шығаратын өнімдердің көрме-саудасын өткізу | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | Шығындар- ды талап етпейді |
|
24 | Республикалық және өңiрлiк телемарафондар өткізудi қамта- масыз ету, оларды өткізу- ден түскен қаражатты мүгедектерге атаулы көмек көрсетуге жұмсау | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi, МАСМ | 2003 ж. | 2003 ж.- 3568,4 | Жергі- лiктi бюджет |
25 | Интернат үйлеріндегі мүгедектер мен қарт адамдардың демалысын ұйым- дастыру үшiн көркемөнерпаз ұжымдарын тарту | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2003- 2005 жж. | 2003 ж.- 50,0 2004 ж.- 1342,0 2005 ж.- 1100,0 | Жергі- лікті бюджет |
26 | Интернат үйле- рiнде тұратын мүгедек бала- лар арасында спорт жарыста- рын өткізу | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | Шығындар- ды талап етпейді | - |
27 | Мүгедектер арасында жарыс- тар өткізу үшiн спорттық арбалар, қысқы спорт түрлерiне арналған спорт киiмдерi мен арнаулы жабдық- тар сатып алу | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | 2002 ж.- 500,0 2003 ж.- 1750,0 2004 ж.- 7850,0 2005 ж.- 11137,5 | Жергі- лікті бюджет |
28 | Барлық санатта- ғы мүгедектер арасында спорт бойынша аудан- дық, қалалық, облыстық жарыс- тар өткізу | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | 2002 ж.- 4250,0 2003 ж.- 2920,0 2004 ж.- 11852,4 2005 ж.- 18399,0 | Жергі- лікті бюджет |
29 | Мүгедектер арасында Республикалық спартакиада өткізу | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | МАСМ, Еңбекми- нi, облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2002 ж. IІІ тоқсан | 2002 ж.- 5000,0 | Респуб- ликалық бюджет |
30 | Қазақстан Республикасының Параолимпиада- лық ойындарын өткізу | Еңбекми- ніне 2005 жылғы 20 желтоқ- санға ақпарат беру | МАСМ, Еңбекми- нi, облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2005 ж. IІІ тоқсан | 2005 ж.- 5000,0
2005 ж.- 2934,0 | Респуб- ликалық бюджет Жергі- лікті бюджет |
31 | Мүгедек спортшылардың Параолимпиада- лық ойындарға, спорттық фести- вальдарға, мерекелерге және басқа да халықаралық және республи- калық спорт жарыстарына, Арнаулы Олимпиадалық ойындарға қатысуын қамтамасыз ету | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | МАСМ, облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | 2002 ж.- 6420,0 2003 ж.- 7094,0 2004 ж.- 20434,6 2005 ж.- 26711,0 | Жергi- лiктi бюджет |
32 | Мүгедектердi дене шынықтыру және спорт құралдарымен оңалтуға арнал- ған әдiснамалық ұсынымдар әзiрлеу | Еңбекми- нiне 2004 жылғы 20 қаңтарға ақпарат беру | МАСМ, облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкiмдерi | 2003 ж. | Шығындар- ды талап етпейдi | - |
Кәсiби оңалту | ||||||
33 | Мүгедектердi жеке оңалту бағдарламасына сәйкес кәсiби бағдарлауды қамтамасыз ету | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкiмдерi, БҒМ, Еңбекминi | 2002- 2005 жж. IV тоқсан | 2002 ж.- 24222,0 2003 ж.- 7269,1 2004 ж.- 13760,4 2005 ж.- 10998,8 | Жергі- лікті бюджет |
34 | Мүмкiндігі шектеулi бала- лар үшiн білім берудің арнаулы ұйымдары желi- сiн дамыту жөнiнде шаралар қабылдау: 60 мың балаға психологиялық- медициналық- педагогикалық консультация- лар;
республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда оңал- ту орталықтары;
аудан орталық- тарында психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерi;
үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлiмшелерi | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi, БҒМ, Еңбекминi | 2002- 2005 жж. |
2002 ж.- 52454,0 2003 ж.- 88674,0 2004 ж.- 98084,0 2005 ж.- 102988,0
2002 ж.- 27450,0 2003 ж.- 70556,0 2004 ж.- 72545,0 2005 ж - 76172,0
2003 ж.- 99042,0 2004 ж.- 105958,0 2005 ж.- 111258,0
2003 ж.- 242129,0 2004 ж.- 201086,0 2005 ж.- 221758,0 |
Жергi- лiктi бюджет
Жергi- лiктi бюджет
Жергi- лiктi бюджет
Жергi- лiктi бюджет |
35 | Жеке кәсiпкер- лікті, шағын және орта бизнесті дамы- ту, кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлау жыл сайын мүгедек- терді қорғау жөніндегі әлеуметтiк шараларды анықтау арқылы қосымша жұмыс орындарын құру жолымен мүге- дектердi жұмыс- пен қамтуға жәрдемдесу | Еңбекми- нiне 2003 жылдан бастап жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2002- 2005 жж. | 2002 ж.- 1257,0 2003 ж.- 1317,0 2004 ж.- 7754,2 2005 ж.- 17535,5 | Жергi- лiктi бюджет, жұмыс берушi- лердiң қара- жаты |
Медициналық оңалту | ||||||
36 | Босанатын әйел- дерге жәрдем беретiн және амбулаторлық- емханалық ұйымдарда "қатерлi" топ- тағы балаларды ертерек анықтауды ұйымдастыру және анықтал- ған "қатерлi" топтағы және мүмкiндiгi шектеулі балаларды психологиялық- медициналық- педагогикалық консультация- ларға жiберу | Еңбекми- нiне 2003 жылдан бастап жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шiлдеге ақпарат беру | ДСМ, БҒМ | 2002 ж., 2003 ж., 2004 ж., 2005 ж. ІV тоқсан | Шығындар- ды талап етпейдi | - |
37 | Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь база- сында сумен, балшықпен емдеу орындарын қайта жаңғырта отырып, жөндеу- қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру | Еңбекми- нiне 2005 жылғы 20 шiлдеге ақпарат беру | ДСМ | 2004 ж. | 2004 ж.- 17500,0 | Респуб- ликалық бюджет |
38 | Мүгедек бала- ларды оңалтудың медициналық құрылымдары мен ұйымдарының желісін дамыту: - Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Атырау облыстарының балалар ауруханаларында 30-40 орынға арналған неврологиялық бөлiмшелердi қалпына келтiру; - ОЖЖ органика- лық зақымдан- ған балаларға арнап Ақтөбе, Алматы, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан облыстарында, Алматы қаласын- да 10 оңалту орталығын ұйымдастыру; - "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталы- ғының 125 орынға арналған ұйықтайтын корпусын Алматы қаласында салу |
Еңбекми- ніне 2004 ж. 20 қаңтарға ақпарат беру
Еңбекми- нiне 2005 жылғы 20 қаңтарға ақпарат беру
Еңбекми- нiне 2005 жылғы 20 шiлдеге ақпарат беру |
Облыстар- дың әкiмдерi
Облыстар- дың әкiмдерi
ДСМ |
2003 ж., 2004 ж.
2004 ж 2005 ж.
2005 ж. |
2003 ж.- 6000,0 2004 ж.- 31000,0
2004 ж.- 144586,0 2005 ж.- 232939,0
2005 ж.- 50000,0 |
Жергі- ліктi бюджет
Жергі- ліктi бюджет
Респуб- ликалық бюджет |
39 | Мыналарды өткізу: жүйке жүйесі өрескел дерттенген психосоматика- лық жағдайдағы балалардың жүйке-психика- лық дамуын бағалау жөнiнде көшпелi оқу- әдiстемелiк циклдар; - алғашқы медициналық- санитарлық көмек ұйымдары- ның медбикеле- рiн балалардың психикалық- дене дамуының ерте жастағы скринингiне оқыту | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға ақпарат беру | ДСМ | 2003- 2004 жж. | 2003 ж.- 192,0 2004 ж.- 108,7 | Респуб- ликалық бюджет |
40 | Мүгедектердi санаторлық- курорттық емдеу бойынша жеңілдiктермен қамтамасыз ету | Маслихат- тардың шешiмдерi мен әкімдер- дiң қаулылары | Облыстар- дың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi, Еңбекми- нi, ДСМ | 2002- 2005 жж. | 2002 ж.- 70014,0 2003 ж.- 161062,5 2004 ж.- 126677,1 2005 ж.- 215679,1 | Жергі- лікті бюджет |
Кадрмен қамтамасыз ету | ||||||
41 | Халықты әлеу- меттік қорғау, денсаулық сақтау жүйесін- де мүгедектердi оңалту мәселе- лерiмен айналысатын қызметкерлердің білiктілігін арттыруды жүзеге асыру | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Еңбекми- нi, ДСМ | 2003- 2005 жж. | 001 "Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеумет- тiк қор- ғау және көшi-қон саласын- дағы уәкілетті органның қызметiн қамтама- сыз ету" деген бағдар- ламаның 007 "Мемле- кеттiк қызметшi- лердiң біліктiл- гін арттыру" деген кiшi бағдар- лама және 001 "Денсау- лық сақтау саласын- дағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтама- сыз ету" бойынша бөлiнетiн қаражат есебiнен | Респуб- ликалық бюджет |
42 | Протездiк- ортопедиялық кәсіпорындар қызметкерлерiн қайта даярлауды ұйымдастыру | Еңбекми- нiне жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Еңбекминi (Орталық экспери- менталдық протездеу зертха- насы) | 2003 ж., 2004 ж., 2005 ж. | Кәсiп- орындар қаражаты есебiнен |
|
43 | Үйлерге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлiмшелерiнiң әлеуметтік қызметкерлерiн қайта даярлауды ұйымдастыру | Еңбекми- нiне 2003 жылдан бастап жыл сайын 20 қаңтарға ақпарат беру | Еңбекми- нi, облыс- тардың, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | 2002 ж., 2003 ж., 2004 ж., 2005 ж. | 2002 ж.- 900,0 2003 ж.- 900,0 2004 ж.- 10110,0 2005 ж.- 50187,8 | Жергі- лікті бюджет |
44 | Мүгедектердi медициналық- әлеуметтiк сараптаудың және оңалтудың өзектi пробле- малары бойынша практикалық конференциялар өткізудi ұйымдастыру | Еңбекми- нiне 2004 жылғы 20 қаңтарға ақпарат беру | Еңбекми- нi, ДСМ | 2003 ж. IV тоқсан | Шығындар- ды талап етпейдi | - |
Шығындардың жиыны:
жергілікті бюджеттен - 4,1 млрд. теңге, соның ішiнде: 2002 ж.- 250,5 млн. теңге; 2003 ж.- 898,0 млн. теңге; 2004 ж.- 937,4 млн. теңге; 2005 ж.- 2087,1 млн. теңге.
Республикалық бюджеттен: - 2,0 млрд. теңге, соның iшiнде: 2002 ж.- 355,0 млн. теңге; 2003 ж.- 512,2 млн. теңге; 2004 ж.- 984,4 млн. теңге; 2005 ж.- 115,9 млн. теңге.
Шығындардың барлығы: 6,1 млрд. теңге, соның iшiнде: 2002 ж.- 605,5 млн.теңге; 2003 ж.- 1410,2 млн теңге.; 2004 ж.- 1921,8 млн.теңге; 2005 ж.- 2203,0 млн. теңге.