Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1602 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 1062 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Ақпарат» республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Ақпарат» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 1062 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғыcын бекіту кезiнде қызметiнiң негiзгi мәні бұқаралық ақпарат құралдары саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн; баспа, полиграфия, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру; жұмыс жағдайын материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетiнiң және прокуратура органдарының ғимараттарын, құрылыстарын, жабдықтарын, инженерлiк желiлерiн, көлiк құралдарын, әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлерiн және өзге мүлiктерiн пайдалану деп белгiлесiн;
2) Қоғамның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Yкіметінiң
2001 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1602 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне
енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 1062 қаулысымен алынып тасталды
3. ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 1062 қаулысымен алынып тасталды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2001 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1602 қаулысына
қосымша
р/с № | Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қайта құрылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының атаулары және олардың орналасқан жерлері |
|
1 | «Ақпарат-Көкшетау» Көкшетау қаласы | «Ақпарат-Көкшетау» ашық акционерлік қоғамы Көкшетау қаласы |
2 | «Ақпарат-Жетісу» Алматы қаласы | «Ақпарат-Жетісу» ашық акционерлік қоғамы Талдықорған қаласы |
3 | «Ақпарат-Алматы» Алматы қаласы | «Ақпарат-Информ» редакциялық- баспа орталығы» ашық акционерлік қоғамы Алматы қаласы |
4 | «Ақпарат-Атырау» Атырау қаласы | «Ақпарат-Атырау» ашық акционерлік қоғамы Атырау қаласы |
5 | «Ақпарат-Шығыс» Өскемен қаласы | «Ақпарат-Шығыс» ашық акционерлік қоғамы Өскемен қаласы |
6 | «Ақпарат-Тараз» Тараз қаласы | «Ақпарат-Тараз» ашық акционерлік қоғамы Тараз қаласы |
7 | «Ақпарат-Батыс» Орал қаласы | «Ақпарат-Батыс» ашық акционерлік қоғамы Орал қаласы |
8 | «Ақпарат-Ақтөбе» Ақтөбе қаласы | «Ақпарат-Ақтөбе» ашық акционерлік қоғамы Ақтөбе қаласы |
9 | «Ақпарат-Ақтөбе жолы» Ақтөбе қаласы | «Ақпарат-Ақтөбе жолы» ашық акционерлік қоғамы Ақтөбе қаласы |
10 | «Ақпарат-Астана жолы» Астана қаласы | «Ақпарат-Астана жолы» ашық акционерлік қоғамы Астана қаласы |
11 | «Ақпарат-Қарағанды» Қарағанды қаласы | «Ақпарат-Қарағанды» ашық акционерлік қоғамы Қарағанды қаласы |
12 | «Ақпарат-Қостанай» Қостанай қаласы | «Ақпарат-Қостанай» ашық акционерлік қоғамы Қостанай қаласы |
13 | «Ақпарат-Қызылорда» Қызылорда қаласы | «Ақпарат-Қызылорда» ашық акционерлік қоғамы Қызылорда қаласы |
14 | «Ақпарат-Маңғыстау» Маңғыстау қаласы | «Ақпарат-Маңғыстау» ашық акционерлік қоғамы Маңғыстау қаласы |
15 | «Ақпарат-Павлодар» Павлодар қаласы | «Ақпарат-Павлодар» ашық акционерлік қоғамы Павлодар қаласы |
16 | «Ақпарат-Солтүстік» Петропавл қаласы | «Ақпарат-Солтүстік» ашық акционерлік қоғамы Петропавл қаласы |
17 | «Ақпарат-Оңтүстік» Шымкент қаласы | «Ақпарат-Оңтүстік» ашық акционерлік қоғамы Шымкент қаласы |
18 | «Ақпарат-Орталық» Алматы қаласы | «Ақпарат-Орталық» ашық акционерлік қоғамы Алматы қаласы |