Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi
тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) бағаларын
мемлекеттік реттеудi енгізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1277 Қаулысымен күші жойылды
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттік реттеудi енгізу тәртібін белгiлеу мақсатында, "Қазақстан Республикасының ?кіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 9-бабының 7) тармақшасына және "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттік реттеудi енгізу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1212 қаулысымен
Бекітілген
Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок
субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң)
бағаларын мемлекеттік реттеудi енгізу
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттік реттеудi енгізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереженi әзiрлеудегi мақсат тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттік реттеудi енгізу жөнiнде шешiм қабылдау тәртібін айқындау болып табылады.
3. Ереже меншiк нысандарына қарамастан тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) белгiлi бiр түрi рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие және Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген рынок субъектiлерiне (бұдан әрi - Рынок субъектiлерi) қолданылады.
4. Монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетiн) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) бағаларын мемлекеттік реттеудi енгізу туралы шешiмдi монополиялық саясат саласындағы орталық атқарушы орган мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi - Монополияға қарсы орган) қабылдайды және бұйрықпен ресімдейді.
5. Бағаларды мемлекеттік реттеудi енгізу монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетін) тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) кесiмдi бағалар (тарифтер) белгiлеудi бiлдiредi.
2. Бағаларды мемлекеттік реттеудi
енгізу туралы шешім қабылдау тәртібі
7. Бағаның көтерiлу себептерiн растайтын құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша Монополияға қарсы орган бағаның алдағы уақытта көтерiлетiнiне келiседi не Рынок субъектiсiне бағаны көтеру үшiн негiздемелердiң жоқтығы туралы хабарлама жiбередi.
8. Бағаны көтеру үшiн негiздемелердiң жоқтығы туралы хабарлама алған Рынок субъектiсi монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетiн) тауар (жұмыс, қызмет көрсету) бағасын бұрынғы деңгейде сақтайды.
9. Рынок субъектiлерi осы Ереженiң 6 және/немесе 8-тармақтарында белгiленген талаптарды орындамаған жағдайларда, сондай-ақ Рынок субъектілерi күнтiзбелiк жыл iшiнде бәсекенi шектеуге бағытталған екi немесе одан көп монополияға қарсы заң бұзушылық жасаған ретте, оларды бөлу, бөлiп шығару мүмкін емес немесе мақсатқа сай келмейтiн кезде Монополияға қарсы органның шешiмi бойынша монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетiн) тауарға (жұмысқа, қызмет көрсетуге) кесiмдi бағалар (тарифтер) белгiлеу жүргізiледi.
10. Монополияға қарсы орган Рынок субъектiсiне тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуiне) алдағы уақытта кесiмдi бағалар (тарифтер) белгiленетiнi туралы хабарлама жiберуге мiндетті.
11. Алдағы уақытта кесiмдi бағалар (тарифтер) белгiленетінi туралы хабарлама алған Рынок субъектісi бiр апта iшiнде Монополияға қарсы органға мынадай құжаттарды ұсынуға мiндеттi:
3) қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп (№ 2 нысан);
4) еңбек және еңбекақы жөніндегі есеп (1-Е нысаны);
5) өндірістік-қаржылық қызмет туралы есеп (1-ОҚ нысаны);
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы (№ 11 нысан);
8) белгіленген тәртіппен бекітілген:
қызметкерлер санының нормативтерi;
шикізаттар мен материалдар шығысының нормалары;
9) негізгi құралдарды пайдалану мерзiмдерiн көрсете отырып, амортизациялық аударымдарды есептеу;
12. Ұсынылған есептеулер мен негiздеушi құжаттар мынадай талаптарға жауап беруге тиiс:
13. Рынок субъектілерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтер көрсетуiне) кесiмдi бағаларды (тарифтердi) қалыптастыру кезiнде осы Ережеде көзделген шектеулердi ескере отырып, Рынок субъектiсi қызметiнiң монополиялық түрiне жататын және Бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес келетiн шығындар ескеріледi.
14. Бағаларға (тарифтерге) енгiзiлетiн материалдық шығындар өнiмдердiң (қызметтер көрсетудiң) бiр бiрлiгiн шығаруға жұмсалатын шикiзаттар, материалдар, отын, энергия шығысының заңнамаға сәйкес бекітілген нормалары негiзге алына айқындалады.
15. Жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына, техникалық қайта жарақтандыру және негiзгi өндiрiстiк қорларды жұмысшы күйде ұстауға жұмсалатын шығындар бағаға (тарифке) осы iс-шараларды жүргiзу қажеттiгi туралы құжаттық растау болған кезде енгiзiледi.
16. Еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды айқындау кезiнде қызметкерлердiң (әкiмшiлiк-басқару және өндiрiстiк қызметшiлердiң) іс жүзіндегі, бiрақ заңнамаға сәйкес белгiленетiн нормативтен аспайтын саны есепке алынады.
17. Бағаларға (тарифтерге) енгізiлетiн қызметкерлерге еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар баға (тариф) белгілеу алдындағы кезең (жыл, жарты жылдық) iшiнде iс жүзiнде қалыптасқан еңбекке ақы төлеу шығыстары негiзге алына, тиiстi кезеңдегi инфляция индексi ескерiлiп, статистикалық деректер бойынша есептеледi. Бұл ретте еңбекке ақы төлеу шығыстары мыналарды қамтиды:
18. Бағаларға (тарифтерге) бухгалтерлiк есеп саласындағы заңнамаға сәйкес есептелген негiзгі құралдардың тозу сомасы енгiзiледi.
19. Бағаларға (тарифтерге) тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) тұрақты және үздiксiз өндiрудi (жеткізудi) қамтамасыз ету үшiн тартылған банкiлердiң несиелерi үшiн пайыздар қосылады.
20. Әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарға кесiмдi бағаларды (тарифтерді) белгілегенге дейін қабылданған және қолданылып жүрген деңгейде кесімді бағалар (тарифтер) алдыңғы төрт тоқсан ішіндегі инфляция индексі ескеріле отырып, енгізіледі.
21. Монополияға қарсы орган қызметтің сондай немесе соған ұқсас түрімен айналысатын Рынок субъектілерінің тиісті шығындарын салыстыра талдау нәтижесінде не тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру көлемі едәуір төмендеген ретте бағаға (тарифке) енгізілетін әкімшілік мақсаттағы шығыстар сомаларын өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы.
22. Рынок субъектiлерiнiң кесімді бағаларын (тарифтерін) қалыптастыру кезiнде мынадай шығыстар ескерілмейді:
2) ластағыш заттардың нормативтен жоғары шығарындылары (тастандылары) үшiн төленетiн төлемдер;
5) кiрiстi жасырғаны (азайтқаны) үшiн төленетiн айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
6) ұрлықтардан келген зияндар;
23. Монополиялық түрде өндiрiлетiн (жеткiзiлетiн) тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) кесiмдi бағалар (тарифтер) қалыптастыру кезiнде пайда (кiрiс) деңгейi алдыңғы есептi кезең iшiнде (статистикалық деректер бойынша) қалыптасқан орташа салалық мөлшерден аспайтын мөлшерде есептеледi.
24. Монополияға қарсы орган Рынок субъектісi ұсынған негiздеушi құжаттарды талдау жолымен бағалардың (тарифтердiң) жобаларына сараптама жүргiзедi, оны жүргiзу кезiнде Монополияға қарсы орган:
25. Рынок субъектiсiнiң Монополияға қарсы органға осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген немесе осы Ереженiң 24-тармағы 1) тармақшасына сәйкес сұрау салынған құжаттарды ұсынбауы кесiмдi баға (тариф) белгiлеу үшiн кедергі болмайды.
26. Кесiмдi бағаларды (тарифтердi) енгізу Монополияға қарсы орган бұйрығында көрсетiлген күннен бастап және сол кезеңге жүзеге асырылады.
28. Монополияға қарсы органның Рынок субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтер көрсетуiне) кесiмдi баға белгiлеу туралы шешiмдерiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.