ҚР Үкіметінің 20.01.03 ж. № 55 қаулысымен (бұр. ред. қара); 17.03.04 ж. № 322 қаулысымен (бұр. ред. қара) қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2007.19.12 № 1242 Қаулысымен  (2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) ереже жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2001 жылғы 19 маусымдағы

№ 836 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 45 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің

шарттары мен тәртібі

(2011.14.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі (бұдан әрі - Ереже) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеудің және бөлудің тәртібін, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібін белгілейді.

2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) шетелдік жұмыс күші (шетелдік қызметкерлер) - Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

2) жұмыс беруші - қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

3) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) - осы Ереженің 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган жұмыс берушіге орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасына шетелдік қызметкерді бір жұмыс жылынан аспайтын мерзімге тартуға беретін 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат;

4) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі - квота) - республиканың экономикалық белсенді халқының санына шаққандағы процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі;

5) бос жұмыс орны - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет);

6) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіретін мемлекеттік орган;

7) уәкілетті орган - жергілікті атқарушы орган;

8) маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары - табиғат және ауа райы жағдайларына байланысты белгілі бір кезеңнің (маусымның) ішінде орындалатын ауыл шаруашылық жұмыстары.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.19.02  № 189 (бұр. ред. қара); 2009.12.03  № 294 (бұр.ред.қара); 2009.30.09  № 1486 (бұр.ред.қара); 2010.30.01. № 50 (бұр.ред.қара); 2010.07.06. № 532 (бұр.ред.қара); 2010.27.09. № 982 (бұр.ред.қара); 2011.02.02. № 71 (бұр.ред.қара); 2011.05.04. № 356 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.09.06. № 647 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді

3. Осы Ереженің күші азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдіктерге:

1) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып істейтін;

2) мерзімі бір күнтізбелік жыл ішіндегі жиынтығы 60 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүрген;

3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне шартқа сәйкес 60 күнтізбелік күннен астам мерзімге іссапарға жіберілген.

2-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган растаған осы Ережеге тізім бойынша шетелдік қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне іссапарға жіберуге Қазақстан Республикасының осы заңды тұлғасының, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қазақстандық персоналы Қазақстан Республикасынан тыс жердегі заңды тұлғаға кәсіптік даярлау, қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру мақсатында іссапарға жіберілген жағдайда жол беріледі.

Қазақстандық персоналды іссапарға жіберу мерзімі жиынтығында шетелдік қызметкерлер іссапарға жіберілген мерзімнен кем болмауға тиіс. Қазақстандық азаматтар мен шетелдік қызметкерлерді іссапарға жіберу мерзімі уәкілетті орган тізімді растаған күннен басталады.

Іссапарға жіберілетін шетелдік қызметкерлердің тізіміне төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нотариалды расталған көшірмесі, іссапарға жіберілетін қазақстандық азаматтардың тізімі, өткен күнтізбелік жылда іссапарға жіберу шарттарының орындалғаны туралы ақпарат (бар болса) қоса беріледі.

Тізімді растау:

іссапарға жіберілгендердің тізімі тиісінше ресімделмеген;

өткен күнтізбелік жылда қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру бойынша іссапарға жіберудің шарттары орындалмаған жағдайларда жүзеге асырылмайды.

Әрбір қызметкерді іссапарға жіберудің жиынтық мерзімі күнтізбелік жыл ішінде 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламасы 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция сомасына келісім-шарттар жасасқан ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтің басым түрлерінде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын әрі инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісім-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;

5) дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын;

6) қайырымдылық, ізгілік көмек көрсету және грант ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде келген;

7) Қазақстан Республикасында акредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып табылатын;

8) теңіз және өзен кемелері, әуе, темір жол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын;

9) әртіс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, суретші, репетитор, спортшы мен жаттықтырушы болып жұмыс істейтін;

10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;

11) Қазақстан Республикасының аумағында босқын мәртебесін немесе саяси баспана алған;

12) Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын және сонымен қатар оқудан бос уақытында жұмыс істейтін;

13) білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында, педагогикалық қызметті жүзеге асырып жүрген бірақ ұйым штатының 25 пайызынан асырмай;

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы;

14) оралмандарға;

15) аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын ғарыштық зымыран кешенін жасау және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатын;

ҚР Үкіметінің 2008.29.08. № 792 Қаулысымен 16) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

16) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейінгі және жоғары білімді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ.

Осы тармақтың 1), 4), 8), 9), 12), 13), 13-1), 15), 16-1) және 16-2), 16-3), 16-4), 16-5) тармақшаларына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа тарту кезінде жұмыс беруші уәкілетті органға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы ақпаратты ұсынады.

Шетелдіктерді шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары ретінде жұмысқа тарту кезінде көрсетілген ақпаратқа филиалды, өкілдікті басқаруға шетелдік заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.

16-1) тармақшадағы «басқарушы холдингте» деген сөздерден кейін «, Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық үйымдарда» деген сөздермен толықтырылсын;

16-2) тармақшадағы «холдингте» деген сөз «холдингтің, Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

ҚР Үкіметінің 2009.12.03  № 294 Қаулысымен 16-3) тармақшамен толықтырылды

16-3) «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдарда медициналық және консультативтік қызметті жүзеге асыратындар;

ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 50 Қаулысымен 16-4) тармақшасымен толықтырылды

16-4) дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшы және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтіндер;

16-5) білім беру бағдарламаларын енгізу мен іске асыру және (немесе) білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімдер бойынша дербес білім беру ұйымына іссапарға жіберілгендер;

ҚР Үкіметінің 2008.29.08. № 792 Қаулысымен 17) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

17) Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтін, өз қызметін Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы жұмысының шарттары туралы келісімнің негізінде жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.

 

 

2. Квота белгілеудің және бөлудің тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Уәкілетті орган ішкі еңбек рыногын талдау және жұмыс берушілердің бірінші қыркүйекке дейін жолданатын өтінімдері негізінде жұмыс берушінің алдағы жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде ұсынады.

5. Мүдделі мемлекеттік органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеу жөніндегі ұсыныстарын орталық атқарушы органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде енгізе алады.

6. Орталық атқарушы орган уәкілетті органдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде алдағы жылға арналған квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін енгізеді.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі квота белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін оны он бес күнтізбелік күн ішінде еңбек рыногындағы ахуалды, өндірісті дамыту және инвестициялық жобаларды, оның ішінде шетелдік капиталды қатыстыра отырып іске асыру, сондай-ақ прогрессивті шетелдік технологияларды енгізу үшін тиісті облыс, Астана және Алматы қалалары экономикасының жұмыс күшіне деген қажеттілігін ескере отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында таратып бөледі.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша таратып бөлінген санаттар бөлісінде шетелдік жұмыс күшін тартуға белгіленген квотаның саны туралы ақпарат, оны бөлген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орталық атқарушы органның ресми сайтына орналастырылады.

8. Уәкілетті органдар жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде шетелдік жұмыс күшін тартуды қажет ететін жұмыс көлемі ұлғайған жағдайда орталық атқарушы органға ағымдағы жылға арналған квотаны көбейту туралы ұсынысты енгізе алады.

9. Орталық атқарушы орган мүдделі мемлекеттік немесе уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асыра алады.

 

 

3. Рұқсат берудің шарттары мен тәртіптері және оны беруден бас тарту, өтінімді тоқтату және ұзарту

 

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат қызметкерлердің мынадай санаттарына:

1) бірінші санат - жоғары білімі мен тиісті қызмет саласындағы ұқсас лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар бірінші басшыларды, олардың орынбасарларын, қаржы және техникалық директорларды, сондай-ақ бас: инженерлерді, конструкторларды, технологтарды, энергетиктерді, металлургтерді, сәулетшілерді, геологтарды, геофизиктерді тартуға;

2) екінші санат - басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін басшылар мен мамандарды тартуға;

3) үшінші санат - жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес тиісті кәсіптік білімі мен жұмыс стажы бар білікті жұмысшыларды тартуға;

4) төртінші санат - еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларды тартуға беріледі.

11. Уәкілетті орган рұқсатты, бос жұмыс орындары болған және жұмыс күшіне сұранысты ішкі еңбек рыногы есебінен қанағаттандыру мүмкіндігі болмаған кезде, орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде береді.

Ішкі еңбек рыногында лайықты үміткерлерді іздестіру жұмыс берушінің республикалық және жергілікті мерзімдік басылымдарда бос жұмыс орындары туралы хабарландыру жариялауы және уәкілетті органның республикалық және өңірлік деректер қорынан бос лауазымдар жөніндегі ұсыныстарды қарауы жолымен жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.02. № 71 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді

12. Ішкі еңбек рыногында іздестіру рұқсатты ұзартқан кезде, сондай-ақ:

1) жарғылық қорында шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысу үлесі кемінде 50 %-ды құрайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшыларын;

2) акцияларының кемінде 50 %-ы мемлекетке немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары директорлары кеңесінің мүшелерін;

3) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін;

3-1) Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасына енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдар тартатын шетелдік қызметкерлерді, оның ішінде технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау жөніндегі жұмыстарды атқаратын мердігерлерді;

4) ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 303 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 

5) ҚР Үкіметінің 2009.19.02  № 189 Қаулысымен  алып тасталды (бұр. ред. қара) 

6) еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларды тартқан кезде жүзеге асырылмайды.

13. Рұқсат беру мәселесінің шешімін уәкілетті орган тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларын бағалау өлшемдері негізінде қабылдайды.

14. Уәкілетті орган тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларын бағалауды жұмыс беруші ұсынған құжаттарды талдау негізінде жүргізеді.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

15. Тартылатын шетелдік қызметкердің өлшемдеріне сәйкес мынадай баллдар есептеледі:

1) білімі:

шетелдік қызметкердің өзі үміткер лауазымға жұмысқа тұруы үшін қажетті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі немесе жоғары білімі - 25 балл;

жоғары білім - 20 балл;

техникалық және кәсіптік білім - 15 балл;

2) ұйым қызметінің негізгі түріне сәйкес қызмет саласындағы мамандығы бойынша жұмыс стажы:

1-3 жыл - 15 балл;

4-6 жыл - 20 балл;

7 - 10 жыл- 25 балл.

10 жылдан артық - 30 балл;

3) жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде орталық атқарушы орган жыл сайын белгілейтін тізімге сәйкес ішкі еңбек рыногында неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне енетін мамандық (кәсіп) - 25 балл;

Осы Ереженің 15-тармағының 3) тармақшасы бірінші санат бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлерге қолданылмайды.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

16. Тартылатын шетелдік қызметкердің біліктілік сипаттамасын бағалау нәтижелерінің ең төменгі мәні:

бірінші санат бойынша - 40 баллды;

екінші санат бойынша - 40 баллды;

үшінші санат бойынша - 45 баллды құрайды.

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

17. Тартылатын шетелдік қызметкерге оның біліктілік сипаттамасын бағалау нәтижелері бойынша осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес жеке анықтама жасалады.

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

18. Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына жұмысшылар ретінде тартылатын шетелдік қызметкерлерге біліктілік сипаттамаларын бағалау жүзеге асырылмайды.

19. Рұқсат шетелдік жұмыс күшін:

жарғылық қорында шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысу үлесі кемінде 50 %-ды құрайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшылары;

акцияларының кемінде 50 %-ы мемлекетке не шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері ретінде тартқан кезде еңбек шартының қолданылу мерзіміне беріледі.

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.14.10. № 1168 Қаулысымен 19-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19-1. Жұмыс берушілер мынадай шарттарды сақтаған жағдайда уәкілетті орган оларға рұқсат беруді жүргізеді:

1) тартылған және тартылатын бірінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны:

2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 50 %-ынан;

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан аспауға тиіс;

2) тартылған және тартылатын екінші және үшінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны:

2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін екінші және үшінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан;

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші және үшінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 10 %-ынан аспауға тиіс.

Жұмыс беруші кадрлардағы казақстандық қамтудың есебі туралы ақпаратты уәкілетті органға осы Қағидаға 6-1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады.

Осы тармақ:

1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезге дейін;

2) Қарашығанақ, Солтүстік Каспий, Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарына (қосалқы мердігерлердің өздері тартатын ұйымдардан басқа) 2015 жылғы 1 қаңтарда дейін, олардың көрсетілген жобаларға қатысатынын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда қолданылмайды.

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

20. Жұмыс берушіге рұқсат берген кезде онымен алдын ала жасалған жазбаша келісім бойынша әрбір рұқсат бойынша осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес мынадай ерекше шарттардың біреуін орындау жүктеледі:

1) кейіннен шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыра отырып, шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды немесе қайта даярлауды;

2) өңірлік еңбек рыногында сұранысқа ие, уәкілетті органдармен келісілген мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды немесе қайта даярлауды;

3) кейіннен шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыра отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыруды;

4) шетелдік жұмыс күшін тиісті біліктілігі бар қазақстандық кадрлармен алмастыруды;

5) қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құруды жүктейді.

Ерекше шарттарды жүктеу тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санатына қарай жүзеге асырылады.

Мыналарға:

шетелдік қызметкерді 1-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - осы Ереженің 20-тармағының 2), 5) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуі;

шетелдік қызметкерді 2-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - осы Ереженің 20-тармағының 1, 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуі;

шетелдік қызметкерді 3-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - осы Ереженің 20-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуі жүктеледі;

шетелдік қызметкерді 4-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - ерекше шарттар жүктелмейді.

Осы Ереженің 20-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген рұқсаттардың ерекше шарттарының орындалуы рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізілген болуы тиіс.

Осы тармақтың шарттары шетелдік жұмыс күшін:

жарғылық қорындағы шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысу үлесі кемінде 50 %-ті құрайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшылары;

акцияларының кемінде 50 %-і мемлекетке не шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасы акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері ретінде тартатын жұмыс берушілерге қолданылмайды.

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен  20-1) тармақшамен толықтырылды  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

20-1. Егер Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарт бойынша өзінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасына жіберсе, оның рұқсат алуына байланысты құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасында соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін заңды тұлғаға (оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаға) жүктеледі.

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

21. Жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға бірінші және екінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жері бойынша уәкілетті органға осы Ережеге 8-қосымшада көрсетілген құжаттар қоса берілетін осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

22. Жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға үшінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жері бойынша уәкілетті органға осы Ережеге 9-қосымшада көрсетілген құжаттар қоса берілетін осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

23. Жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жері бойынша уәкілетті органға тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер: оның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен күні, азаматтығы, тұрақты тұратын елі, шығатын елі, білімі мен алған мамандығы, Қазақстан Республикасында қолданылатын Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсібінің (мамандығының) атауы көрсетілген осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.02. № 71 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 24-тармақ өзгертілді

24. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарап, Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) ұсынымдары бойынша рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

25. Комиссияның құрамына орталық атқарушы орган ведомствосының аумақтық органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері енгізіледі.

26. Комиссияның отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады. Уәкілетті орган жұмыс беруші ұсынған құжаттар қаралатын Комиссия отырысының күні мен уақыты туралы жұмыс берушіні жазбаша хабардар етуге тиіс.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

27. Уәкілетті орган жұмыс берушіні шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

Жұмыс беруші хабарлама алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік жұмыс күшінің тұрғылықты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс берушінің арасындағы шарттың көшірмесі мен жұмыс берушінің банктегі шотына кепілді жарнасының енгізілгенін растайтын құжат) ұсынады.

Рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің 35-тармағына сәйкес оның негіздемесін көрсетеді.

Уәкілетті орган рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік жұмыс күшінің тұрғылықты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган жұмыс берушіге рұқсат береді.

28. Еңбек рыногында ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос жұмыс орнына үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарайды. Кездесудің орны мен уақытын уәкілетті орган белгілейді, бұл туралы жұмыс беруші мен тиісті үміткер хабардар етіледі.

29. Жұмыс беруші арнайы білімдерінің, дағдыларының жеткіліксіз болуы себепті бос жұмыс орнына орналасуға үміткер тиісті кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесі бар қазақстандық азаматтардың кандидатураларынан бас тартқан жағдайда, шетелдік қызметкерді тартуға арналған рұқсат кандидатураларынан бас тартылған қазақстандық азаматтарды не жұмыс берушінің қызметкерлерінің ішінен кәсіптік даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру кезеңіне беріледі.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

30. Уәкілетті орган рұқсат беру (мерзімін ұзарту) туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде орталық атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының аумақтық органдарына тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні мен берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, мамандығының, біліктілігінің (кәсібінің, лауазымының) атауын көрсете отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер береді.

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 30-1-тармақпен толықтырылды

30-1. Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымға берілген рұқсатта тиісті жобаның атауы көрсетіледі.

31. ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 303 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.02. № 71 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 32-тармақ жаңа редакцияда

32. Осы Ереженің 32-1-тармағында көзделген жағдайларды, сондай-ақ рұқсат алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде 60 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуді қоспағанда, уәкілетті орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 32-1-тармақпен толықтырылды

32-1. Шетелдік қызметкерлер функционалдық міндеттемелерін күнтізбелік бір жыл ішінде 60 күнтізбелік күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша және орталық атқарушы органмен келісім бойынша шетелдік жұмыс күшін екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсат береді (рұқсатты ұзартады).

Мұндай рұқсаттарды беру (ұзарту) жұмыс беруші бұдан бұрын ұсынған құжаттардың негізінде бір әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын бастапқы рұқсатты алғаннан кейін жүргізіледі. Бүл жағдайда жаңа рұқсаттың қолданылу мерзімі жұмыс беруші уәкілетті органға кері қайтаратын бастапқы берілген рұқсаттың қолданылу мерзімімен шектеледі.

Бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсат беруге (ұзартуға) келісім алу үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің құжаттарын алдын ала қарау кезеңінде орталық атқарушы органға рұқсат берудің (ұзартудың) жазбаша негіздемесін жібереді.

Орталық атқарушы орган негіздемені алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісу немесе келісуден бас тарту туралы хат жібереді.

Уәкілетті органның бір және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсатты беруі (ұзартуы) келісім алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

33. ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34. Рұқсат берілген адам жұмыс орнына келмеген және (немесе) рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бірінші, екінші немесе үшінші санаттар бойынша тартылған шетелдік қызметкерлермен еңбек шарты бұзылған жағдайда, жұмыс беруші осы лауазым (кәсіп) үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде басқа шетелдік қызметкерді бастапқы берілген рұқсаттың қолданылу мерзімінің қалған кезеңіне осы Ережеде белгіленген тәртіппен тартуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға бара алады. Бүл ретте осы Ереженің 8, 9-қосымшалардың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Шетелдік қызметкермен еңбек шарты бұзылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде және (немесе) рұқсат берілген адам жұмыс орнына келмеген жағдайда, жұмыс беруші шетелдік қызметкер туралы мәліметтерді: тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, азаматтығын, рұқсаттың нөмірі мен берілген күнін, еңбек шарты бұзылған жағдайда - бұйрықтың нөмірі мен күнін көрсете отырып, уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.

Уәкілетті орган жұмыс берушінің хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарын рұқсат берілген адамның жұмыс орнына келмегені немесе шетелдік қызметкермен еңбек шартының бұзылғаны туралы хабардар етеді.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.02. № 71 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 35-тармақ өзгертілді

35. Рұқсат мынадай:

1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық ұсынылмаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген;

2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдарға берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттар (олар болған жағдайда) орындалмаған;

3) бөлінген квотадан асып кеткен;

4) тартылатын шетелдік қызметкер талап етілетін санат пен біліктілікке сай келмеген;

5) егер тартылатын шетелдік қызметкердің біліктілік сипаттамасын бағалау нәтижелері осы Ереженің 16-тармағында белгіленген төменгі мәннен төмен болған;

6) ішкі еңбек рыногында тиісті ұсыныстар болған;

7) жұмыс беруші шетелдік қызметкерлерді рұқсатсыз тартқан, шетелдік қызметкерлерді басқа заңды және (немесе) жеке тұлғаларға жалға берген, сондай-ақ осы Ереженің 19-1-тармағында көзделген шарттарды бұзған жағдайда. Мұндай жағдайларда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы рұқсат берілмейді;

8) жұмыс беруші рұқсат алу үшін өтініш берген кезде осы Ереженің 19-1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайларда берілмейді.

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

36. Жұмыс беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген кезде қабылданған шешімнің негізділігі мәні бойынша орталық атқарушы органға өтініш жасай алады.

Орталық атқарушы орган жұмыс берушінің өтінішін қарау нәтижесі бойынша өз қорытындысын тиісті уәкілетті органға жібереді, ол туралы жұмыс берушіге хабарлайды.

Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган орталық атқарушы органның қорытындысын оны алған күннен бастап он жұмыс күнінен асырмай орындауға тиіс.

Орталық атқарушы орган теріс қорытынды шығарған кезде жұмыс беруші оған сот тәртібімен шағымдана алады.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37 Рұқсаттың мерзімін ұзартуды уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша тиісті облыс, Астана және Алматы қалалары үшін бөлінген квота шегінде жүзеге асырады.

Бірінші және екінші санаттар үшін рұқсат мерзімін ұзарту екі реттен артық жүзеге асырылмайды. Үшінші және төртінші санаттар үшін рұқсаттың мерзімін ұзарту жүзеге асырылмайды.

Рұқсат мерзімін ұзарту немесе бұған дейін рұқсат берілген, ол бойынша ерекше шарттың орындалу мерзімі басталмаған лауазымға (кәсіпке) жаңа рұқсат алу жұмыс берушіге қосымша ерекше шарттар жүктелмей жүргізіледі. Қалған жағдайларда ерекше шарттарды жүктеу осы Ереженің 20-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтініш берген, сондай-ақ «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушы Қазақстанның бұрынғы азаматтарына бірінші, екінші немесе үшінші санат бойынша берілген рұқсаттардың мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасының азаматтығын алу сәтіне дейінгі қалған мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте жұмыс берушіге ерекше шарттар жүктелмейді.

38. Рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде жиырма жұмыс күні бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды жібереді:

1) өтініш;

2) рұқсаттың түпнұсқасы;

3) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;

4) рұқсаттың мерзімін ұзарту негіздемесі.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.02. № 71 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 39-тармақ өзгертілді

39. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде құжаттар берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсаттың мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бас тартқан жағдайда себебін көрсете отырып жұмыс берушіні қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.02. № 71 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 40-тармақ өзгертілді

40. Рұқсаттың мерзімін ұзарту:

1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық берілмеген және (немесе); тиісінше ресімделмеген;

2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттары (олар болған жағдайда) орындалмаған;

2-1) жұмыс беруші осы Ереженің 19-1-тармағында белгіленген рұқсат беру шарттарын сақтамаған жағдайларда жүзеге асырылмайды.

3) ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

41. Жұмыс берушінің ұсынудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсатты ұзарту үшін ұсынған құжаттарын уәкілетті орган қарауға қабылдамайды.

42. Уәкілетті орган жұмыс берушіні себебін көрсете отырып, жазбаша хабардар етіп, рұқсаттың қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға немесе рұқсатты қайтарып алуға құқылы.

43. Рұқсатты тоқтата тұру шетелдік жұмыс күшінің рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін тұрғылықты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс берушінің арасындағы шарттық көшірмесі мен жұмыс берушінің банктегі шотына кепілді жарнасын енгізуді растайтын құжат) уәкілетті органға осы Ереженің 27-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда жүргізіледі.

44. Тоқтатылған рұқсаттың қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі, бұл туралы жұмыс берушіге қалпына келтіру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарланады.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

45. Рұқсатты осы Ереженің 46-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген негіздеме бойынша қайтарып алған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы жұмыс берушіні тиісті негіздемені көрсете отырып, кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.02. № 71 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 46-тармақ өзгертілді

46. Уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуды:

1) жұмыс беруші осы Ережеде көзделген рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған;

2) жұмыс беруші осы Ережеде көзделген рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған;

3) шетелдік қызметкерді рұқсатта көрсетілген лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) тартқан жағдайда;

4) жұмыс берушінің бастамасы бойынша;

5) жұмыс беруші осы Ереженің 19-1-тармағында белгіленген рұқсат беру шарттарын сақтамаған жағдайда;

6) жұмыс беруші шетелдік қызметкерлерді басқа заңды және (немесе) жеке тұлғаларға жалға берген жағдайда жүргізеді.

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

47. Жұмыс беруші рұқсатты қайтарып алу туралы хабарлама алғаннан кейін уәкілетті органның шешіміне сәйкес оның қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсатты уәкілетті органға тапсырады.

 

 

4. Қорытынды ережелер

 

48. Уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тарту, жұмыс берушінің орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша рұқсаттың ерекше шарттарын орындауы жөніндегі есепті орталық атқарушы органға ай сайын ұсынады.

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Ережеге

1-қосымша

 

 

Жұмыс берушімен рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу

 

р/с №

 

Тартылатын шетелдік қызметкерлердің Т.А.Ә.

Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, мамандығы, біліктілігі (кәсібі, лауазымы)

Ерекше шарттың атауы

Ерекше шартты орындау кезінде қатыстырылған қазақстандық және (немесе) шетелдік азаматтардың саны

мамандықтардың, біліктіліктердің атауы (кәсіптер, лауазымдар)

Ерекше шарттарды орындау мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

 

 

______________________________

(уәкілетті органның атауы)

______________________________

(қолы, тегі, лауазымы)

 

201__ жылғы «___ »_____________ _____

 

м.о.

Келісілген:

______________________________

(жұмыс берушінің атауы)

______________________________

(қолы, тегі, лауазымы)

 

201__ жылғы «___ »_____________ _____

 

м.о.

 

Ережеге 2-қосымша

 

Іссапарға жіберілгендердің тізімі

 

Р/с

Т.А.Ә.

Туған

күні

Шыққан

елі және

азаматтығы

(казақстандық

азаматтар

үшін баратын

елі)

Жеке басын

куәландыратын

құжаттың нөмірі, берілген күні және

қолдану мерзімі

Білімі

Ұйымдағы лауазымы (орындап жүрген

жұмысы)

Келу және

кету күндерін

көрсетіп,

елде болу

мерзімі

(180

күнтізбелік

күнге дейін)

Іссапардың мақсаты

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН:

 

Жергілікті атқарушы орган_________________________________________

(лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні)

 

М.О

20__жылғы «___»______________

 

Жұмыс беруші___________________________________

(қолы, тегі, лауазымы)

 

М.О

 

 

 

Ережеге 3-қосымша

 

Жұмысқа тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер

 

Р/с

Т.А.Ә.

Жеке басын

куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні

және қолдану мерзімі

Білімі

Мамандығы

немесе кәсібі

бойынша жұмыс

стажы

Еңбек шартының немесе өкілдікті, филиалды басқаруға

шетелдік заңды тұлғаның берген

сенімхатының мерзімі

 

 

 

 

 

 

 

Басшы________________________________________________________

(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

 

М.О.

 

Ережеге 4-қосымша

 

Жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуының

Негіздемесі

 

Р/с

Ұйым (толық атауы,

заңды мекен-жайы)

Қызмет

түрі

Ағымдағы

жылы тартылатын шетелдік жұмыс

күшінің саны

(бірлік)

___ жылы шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі

Жобалар,

келісім-шарттар,

жоспарлар болған

кезде оларды көрсете отырып,

қажеттілік негіздемесі

Барлығы:

Санаттар, лауазымдар,

кәсібтер бөлінісінде

1

2

3

4

5

6

7

  

  

  

  

  

  

  

 

Басшы_______________________________________________

(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

М.О.

 

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 5-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Ережеге 5-қосымша

 

Шетелдік қызметкердің біліктілік сипаттамасын бағалау

нәтижесі бойынша

АНЫҚТАМА

1) білімі:__балл;

2) кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс стажы:__балл;

3) жергілікті атқарушы органдар ұсынысының негізінде жыл сайын орталық атқарушы орган белгілейтін тізімге сәйкес ішкі еңбек рыногында анағұрлым сұранысқа ие кәсіптердің тізбесіне енген мамандық (кәсіп):___балл.

 

Басшы__________________________________________________

(қолы, тегі, лауазымы)

 

200__жылғы «___»_____________»

 

ҚР Үкіметінің 2009.30.09  № 1486 қаулысымен 6-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Ережеге 6-қосымша

 

Рұқсат берудің ерекше шарттары бойынша жұмыс берушімен келісу

 

Р/с

Ерекше шарттар

Кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға немесе біліктілігін арттыруға тиісті қазақстандық азаматтардың саны. Жергілікті кадрлармен алмастырылуға тиісті шетелдік жұмыс күшінің саны. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру немесе алмастыру жүзеге асырылатын мамандықтардың, біліктіліктердің (кәсіптердің, лауазымдардың) атаулары. Қазақстандық азаматтар үшін құрылған жаңа жұмыс орындарының саны.

Ерекше шарттарды

орындау мерзімі

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келісілген:

 

________________________________

(уәкілетті органның атауы)

 

________________________________

(қолы, тегі, лауазымы)

 

200__жылғы «___»_____________

 

 

М.О

________________________

(жұмыс берушінің атауы)

 

________________________

(қолы, тегі, лауазымы)

 

200__жылғы «___»___________

 

 

М.О.

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 71 Қаулысымен 6-1-қосымшамен толықтырылды

Ережеге 6-1-қосымша

 

 

Кадрлардағы қазақстандық қамту есебі туралы ақпарат

 

Р/с №

 

Жұмыс берушінің нақты қызметкерлерінің саны, адам

Тарту жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам

3 баған + 5 баған

4 баған + 5 баған

Шетелдік жұмыс күшінің

қызметкерлерінің жалпы санына қатысты %, 7баған/6баған*100 %

барлығы

оның ішінде шетелдік жұмыс күші

1

2

3

. 4

5

6

7

8

1

1-санат

 

 

 

 

 

2

2 және 3-санат

 

 

 

 

 

 

БАРЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

Басшы:_____________________________________________________________

(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

М.О.

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен  7-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

Ережеге

7-қосымша

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

Басқармасына

 

_____________________________________________________________________________________________________

                                                                                    (облыс атауы, Астана, Алматы қалалары)

кімнен _______________________________________________________________________________________________

(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

 

ӨТІНІШ

 

___________________________________________________________облысында(Астана немесе Алматы қалаларында)

_____________________________________________________________________________________________________

                     (лауазымы мен мамандығын көрсете отырып, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаты, саны)

 

шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді/ұзартуды сұраймын

_____________________________________________________________________________________________________

                                                                                (керегі сызып көрсетілсін)

Негіздеме: ____________________________________________________________________________________________

                                      (шетелдік жұмыс күшін бірнеше облыста және (немесе) Астана мен

_____________________________________________________________________________________________________

                                                         (немесе) Алматы қалаларында пайдалану қажеттігі)

_____________________________________________________________________________________________________

 

Жұмыс беруші туралы мәліметтер

Меншік нысаны _______________________________________________________________________________________

Құрылған күні ________________________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелу туралы куәлік

______________________________________________________________________________________________________

                                                                             (№, кім және қашан берген)

СТН / БИН / ЖИН ______________________________________________________________________________________

                                                                               (керегі сызып көрсетілсін)

Жүзеге асырылатын қызмет түрі __________________________________________________________________________

Мекен-жай, телефон, факс _______________________________________________________________________________

Қоса берілетін құжаттар _________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

Егер шетелдік қызметкер Қазақстан Республикасындағы кызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік

заңды тұлғаның қызметкері болып табылған жағдайда, онда шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші туралы келесі деректер толтырылады:

______________________________________________________________________________________________________

                                                                  (шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің толық атауы)

______________________________________________________________________________________________________

Резиденттік еліндегі тіркеу туралы деректер

______________________________________________________________________________________________________

                                                                  (№, мемлекеттік тіркеу күні және тіркеу органының атауы)

______________________________________________________________________________________________________

Резиденттік елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі

______________________________________________________________________________________________________

Жүзеге асырылатын қызмет түрі __________________________________________________________________________

Резиденттік елдегі мекен-жай, телефон_____________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

«Қолданыстағы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және квота белгілеу ережесімен таныстым».

Басшы ________________________________________________________________________________________________

                                                                           (қолы, тегі, аты-жөні, дауазымы)

 

      М.О.

      20_жылғы «__» _________

      Өтініш қарауға қабылданды 20_жылғы «__»________________

      ____________________________________________________________

                (жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, қолы)

 

ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.09 № 1486 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.14.04. № 303 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.02.02. № 71 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.14.10. № 1168 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-қосымша өзгертілді

Ережеге

8-қосымша

 

Бірінші және екінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін:

1) орталық атқарушы орган бекіткен Басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес лауазымға қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш бергенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын және екі айдан аспайтын мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқасы;

2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;

3) ішкі еңбек рыногында ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс берушінің бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан бас тартуының негіздемесі;

4) осы Ереженің 34-тармағында көзделген жағдайда шетелдік қызметкерді тарту кезінде рұқсаттың түпнұсқасы;

5) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

6) тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар:

Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен  7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезінде шетелдік маманның кәсіптік деңгейінің сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының қорытындысы туралы құжаттар;

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен  8) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8) шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған, шетелдік қызметкердің табыс сомасы көрсетіле отырып, еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ережеге 20-1-тармағына сәйкес тартылса);

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9) жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса);

10) Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардағы қазақстандық қамтудың есебі;

11) Қарашығанақ, Солтүстік Каспий, Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушылары, сондай-ақ олардың операторлары, мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдары мынадай растаушы құжаттардың бірін:

салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, қызметтер көрсету шартының көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.

Мыналар:

1) жарғылық капиталындағы шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысуы кемінде 50%-ды құрайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшылары ретінде;

акцияларының кемінде 50%-ы мемлекетке немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері ретінде шетелдік қызметкерді тартқан кезде осы қосымшаның 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген;

2) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде;

Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасына енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын, сондай-ақ олардың мердігер ұйымдарында технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау жөніндегі жұмысты орындайтын ұйымдарға;

Шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде осы қосымшаның 1) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

 

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009 жылғы 19 ақпандағы № 189 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.09  № 1486 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.14.04. № 303 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.02.02. № 71 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.14.10. № 1168 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-қосымша өзгертілді

Ережеге

 9-қосымша

 

Үшінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар:

1) орталық атқарушы орган бекіткен Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасына сәйкес кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш бергенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын және екі айдан аспайтын мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқасы;

Қазақстандық азаматтардың мәліметтерді жіберуі үшін хабарландыруларда жұмыс беруші мен уәкілетті органның атауы, орналасқан жері мен байланыс телефондары қосымша көрсетіледі.

Үшінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) бос жұмыс орындарына үміткер қазақстандық азаматтар уәкілетті орган атына мәлімет жібереді;

2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;

3) ішкі еңбек рыногында ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс берушінің қазақстандық азаматтарды бос орынға алудан бас тарту негіздемесі;

4) осы Ереженің 34-тармағында көзделген жағдайда шетелдік қызметкерді тарту кезінде рұқсаттың түпнұсқасы;

5) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және орталық атқарушы орган бекітетін 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (кәсібінің) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

6) тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:

Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың (бар болса) нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растамамен коса, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;

7) шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған, шетелдік қызметкердің табыс сомасы көрсетіле отырып, еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса);

8) жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса).

9) Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес кадрлардағы қазақстандық қамту есебі.

Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасына енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдарға, сондай-ақ олардың мердігер ұйымдарында технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау жөніндегі жұмысты орындайтын ұйымдарға шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде осы қосымшаның 1) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

10) Қарашығанақ, Солтүстік Каспий, Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушылары мынадай растаушы құжаттардың бірін:

салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, қызметтер көрсету шартының көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.