"Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлігі жоғары машиналар мен
жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" 2001-2005
жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 16 наурыздағы № 353 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462; 08.04.04 ж. № 387 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1347 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мынадай шешiмдерiне өзгерістер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi № 1347 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 450-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасының 7-бөлiмiнiң 6-кiшi бөлiмi 1-тармағының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы әзiрленсiн;
"Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тізбесінде 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
?кіметінiң
2001 жылғы 16 наурыздағы
№ 353 қаулысымен
бекiтілген
2001-2005 жылдарға арналған "МАШИНА ЖАСАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ
ЖӘНЕ ТИIМДIЛIГI ЖОҒАРЫ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ
ЖАСАП ШЫҒАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ"
республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 қаулысымен бағдарламаның төлқұжаты толықтырылды (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 08.04.04 ж. № 387 қаулысымен төлқұжаты - өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Бағдарламаның атауы "Машина жасауды дамытудың және
тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен
жабдықтарды жасап шығарудың
ғылыми-техникалық проблемалары"
республикалық мақсатты
ғылыми-техникалық бағдарлама.
Бағдарламаның қысқаша Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi: мазмұны iшкi өндiрiстi кеңейту және бәсекеге
қабiлеттi машина жасау өнiмдерiн
шығарудың ғылыми-техникалық және
технологиялық алғышарттарын жасау;
машина жасау саласы үшiн ғылым
жетiстiктерi қолданылған, ресурстар мен
энергияны үнемдейтiн технологиялар
жасау және машина жасауда
ғылыми-ақпараттық орта құру;
ел экономикасының басымды
салалары үшiн қажеттi жоғары
тиiмдiлiктi машиналар мен жабдықтар
жасау;
машина жасау өнiмiн импорт
алмастыруды қамтамасыз ету және оның
экспорты мүмкiндіктерiн арттыру үшін
Қазақстанда жоғары технологиялы
өндiрiстердi дамытуды ғылыми қолдау;
ғылыми-технологиялық мониторинг
және машина жасауды стандарттау,
метрология, сертификаттау және
лицензиялау саласындағы мемлекеттік
саясаттың басымдықтары бойынша
ұсыныстар дайындау;
ғылым жетiстiктерi қолданылған
өндiрiстер ашу және инженерлiк-техникалық
қызметкерлердiң (бұдан әрi - ИТҚ)
арасындағы функционалдық жұмыссыздықты
азайту үшiн жағдай жасау;
республиканың машина жасау саласының
басым бағыттарының болжамдары және оларды
машина жасау өнiмiнiң қажеттi
номенклатурасын жасау мүмкiндiгiн
анықтаудың негiзiнде дамыту және оны
шығарудың экономикалық мақсаттылығын
белгiлеу;
өнеркәсiптiң басым салалары үшiн
машина жасау өнiмiн жасап шығару және
оларды өткізу жөніндегі технологиялық
тiзбектер кешенiн құрудың
ғылыми-әдiстемелiк негiзiн жасау;
iшкi және сыртқы рыноктарда жоғары
сапалы, ғылым жетiстiктерi қолданылған
бәсекелесе алатын өнiмнiң өмiрлiк циклын
компьютерлiк үлгiлеудiң бағдарламалық
және техникалық құралдарының кешенiн
әзiрлеу және машина жасау саласында
қолданып көру;
машина жасау саласын ғылыми-техникалық
қолдау;
машина жасау саласында ғылыми-ақпараттық
ортаны қалыптастыру;
машина жасау саласының жаңартпашылық
инфрақұрылымын қалыптастыруға ұсыныстар
дайындау;
машина жасау саласында стандарттаудың,
сертификаттаудың және метрологияның
ғылыми-технологиялық және нормативтiк
базасының мониторингi.
Қаржыландыру көлемi мен көздерi.
Бағдарламаны iске асыруға арналған
қаржылық шығындар республикалық
бюджет есебiнен көзделедi, жыл сайынғы
көлем тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджеттi қалыптастыру
кезiнде нақтыланады және 2001-2005
жылдарға 623 319 мың теңгенi құрайды,
оның iшiнде жылдар бойынша: 2001
жылға - 110 000 мың теңге, 2002 жылға -
119 287 мың теңге, 2003 жылға 127
040 мың теңге, 2004 жылға - 130 240 мың теңге;
2005 жылға - 136 752 мың теңге.
Іске асыру мерзімдері 2001-2005 жылдар
2001-2005 жылдарға арналған "Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрi - РМҒТБ), Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және "Машина жасауды болжау жөніндегi ғылыми-зерттеу орталығын" құру туралы" 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 және "Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2000 жылғы 5 қыркүйектегi № 1347 қаулыларын іске асыру мақсатында әзiрлендi және машина жасауды дағдарыстық жағдайдан шығаруды ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын, оның нарықтық экономикада жұмыс iстеу және даму шарттарын анықтайды.
Бағдарлама 1998-2000 жылдар кезеңiнде iске асырылған "Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен аспаптар жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жоспарланған жалғасы болып табылады және ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық зерттемелердiң нәтижелерiн шығарылатын машина жасау өнiмiнiң номенклатурасын кеңейту мен жаңарту сапасын арттыру және оларды жасаудың технологиясын жетiлдiрiп өндiрiске енгізу және iшкi және сыртқы рыноктарда тиiмдi сату үшiн одан әрi пайдалануға бағытталған және машина жасау салаларының өндiрiстерiн тұрақтандыру мен тиiмдiлiгiн арттырудың жолдары мен тәсiлдерi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi. "Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" РМҒТБ жобасы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Ғылыми-техникалық кеңесiнде (2000 жылғы 17 наурыздағы № 1 хаттама) және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының отырысында (2000 жылғы 27 маусымдағы № 11-60/И-374 хаттама) қаралды және мақұлданды.
3. Республикадағы машина жасаудың қазiргi жағдайын талдау
1998-2000 жылдарға арналған "Машина жасаудың және тиiмділігi жоғары машиналар мен аспаптар жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның шеңберінде "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы мен "Машина жасауды болжау ғылыми-зерттеу орталығы" жүргiзген маркетингтiк зерттеулер, оларды енгізу машина жасау өнiмдерiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға, импортты азайтуға және экспортты арттыруға мүмкiндiк беретінін шетелдiк аналогтардан кем түспейтiн ғылыми-техникалық және технологиялық әзiрлемелер санының көп екендiгiн көрсеттi. Бұдан басқа, мемлекет тарапынан көрсетiлген қолдаудың көмегiмен машина жасау саласындағы өндiрiстi өркендету мәселесiн ойдағыдай шешу және өнеркәсiптiң әртүрлi салалары үшiн бәсекелесуге қабілеттi машина жасау өнiмiнiң қажеттi номенклатурасын шығару үшiн республикамыздың ғылыми, инженерлiк-техникалық және өндiрiстiк қарымдары жеткіліктi.
Машина жасау кәсiпорындарының қазiргi жағдайдағы мүмкiндiктерiн талдау машина жасау зауыттарының арасындағы кооперациялық байланыстарды қалыптастырудың көмегiмен басымды салаларды бiрiншi кезектегi қажеттi машиналармен және құрал-саймандармен жабдықтау, машина жасау кәсiпорындарын технологиялық әбзелдермен, кескiш құралдармен, импорт алмастыратын игерiлген машиналардың қосалқы бөлшектерiмен қамтамасыз ету орташа алғанда 3-5 жылдың ішінде жүзеге асырылуы мүмкiн екендiгi көрсетілдi.
Бұл ретте, қазiргi кезде республикамыздың машина жасау саласы әртүрлi себептермен дағдарысты жағдайда тұр:
сала кәсiпорындарының шығаратын өнімдерiнiң сапа және баға жағынан бәсекелесе алмауы. Соңғы он жыл ішінде нақты инвестициялардың және жаңалықтардың осындай өнiм шығаратын әлемнiң жетекші өндiрушiлерiмен ара-қатынастың және қазiргi заманның конструкторлық құжаттарына қол жеткізудің болмауы сала кәсiпорындарын технологиялық қалыс қалуға және шығаратын өнiмдердiң шетелдiк аналогтармен салыстырғанда бәсекелесе алмайтындығына әкеп соқтырды;
машина жасау өнiмдерiнiң төлеуге қабiлетті отандық рыногының күрт тарылуы;
өнiмдердiң экспорттық қарымының төмендігі;
шетелдiк өндiрушiлер жағынан туындаған қатты, көбiнесе демпингтiк бәсекелестiк;
менеджмент және маркетингтiң төмен деңгейi, кәсiпорынға салынатын салықтық жүктеме;
өндiрiс қарымының отандық рыноктың көлемiнен едәуiр артықтығы;
зауытаралық бiрлесудiң жоқтығы және нарық сұранысының конъюнктурасы өзгерген кезде машина жасау кәсiпорындарының икемсiздiгi;
машина жасау өндірісінің инфрақұрылымынан (салалық жобалау, конструкторлық-технологиялық және ғылыми-зерттеу институттары, стандарттау, сертификаттау, бақылау нормалары, ақпарат беру объекттерi, тәжiрибелiк-экспериментальдық және сынақтан өткізу базалары, кадрларды даярлау және білiктілігiн арттыру орталықтары) деректi түрде айырылу;
кәсiпорындарда және бүтiндей республика бойынша саланы инвестициялаудың, ынталандырудың болмауының, сондай-ақ ғалымдардың, мамандар мен жоғары біліктi жұмысшылардың айтарлықтай бөлiгiнiң жұмыстан кетуінің салдарынан техникалық және технологиялық жаңғырту iс жүзінде тоқталды.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның машина жасауының қазiргi жағдайына баға берудiң нәтижелерi төмендегiдей:
қазiргi кезде, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк негiзгi қордың (бұдан әрi - ӨӨНҚ) 5%-ға жуығы, өндiрiске арналған негiзгi капиталға инвестициялар көлемiнiң небәрi 0,6%-ы, жыл сайын енгiзiлетiн ӨӨНҚ-ның құнының 0,86%-ға жуығы, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк салада қызмет iстеушiлердiң жалпы санының 11%-ға жуығы, шығарылатын өндiрiс өнiмдерінің жалпы көлемінің кемiнде 4%-ы машина жасау кешенiнiң үлесiне тиедi;
негiзгi қорлардың тозу дәрежесi 45-55%-ға, оның iшiнде активтi бөлігі - 80-90%-ға жеттi. Кәсiпорындардың көпшiлiгiнде негiзгi қорларды жаңарту коэффициентi 1-3%-ды құрайды, ал олардың істен шығу коэффициентi 9,6%-ға дейiн жеттi. Осының салдарынан ӨӨНҚ-ның құны соңғы бiрнеше жыл бойы жылына 7-8%-ға кемуде. Өнiм шығарудың көптеген түрлерi бойынша кәсiпорындардың басым көпшiлiгінің өндiрiстiк қуатының қолданылуы 10-15%-дан аспайды;
соңғы 8-9 жылда республикадағы машина жасау кәсiпорындарының саны 2 еседен астамға кемiдi. Машина жасау өнiмдерiнiң ақырғы түрлерiн шығаратын зауыттар машина жасау кәсiпорындарының жалпы санының 5,4%-ын ғана құрайды;
республикадағы машина жасау өнiмінің үлесi экспорттың жалпы көлемiнiң 3%-ына жуық, ал импорттың - 41%-дан астамы;
қазақстандық өндiрiс бұйымдарының машина жасау өнiмінің республикаiшiлiк рыногындағы үлесi 15%-ға жуығын құрайды, қалған 85%-ы импорттың есебiнен жабылады.
Қазақстандық өндiрiстiң машина жасау өнiмiнiң оған ұқсас шетелдiк бұйымдармен салыстырғанда бәсекеге түсе алмауының негiзгi себептерi - оның құнының жоғарылығы және сапасының нашарлығы. Республикамыздың кәсiпорындарының басым көпшiлігiнде өндiрiстiң ескiрген технологияларының қолданылуынан, импортталатын құрамдас бөлiктердiң шектен тыс жоғары үлесiн, бағалы энергия көздерiн пайдаланудан туындап отыр. Бұдан басқа, отандық зауыттар шығаратын бұйымдар номенклатурасының басым көпшiлiгi шетелдiк аналогтардан техникалық және пайдалану көрсеткiштерi бойынша бiраз төмен.
Сонымен, Қазақстанның машина жасау саласы өзiндiк жеке даму көздерiн, техникалық деңгейдi арттыруды және шығаратын өнiмiнің бәсекелестiк қабiлетiн іс жүзiнде өтеусiз жұмсауда толыққанды өндiрiстiк инфрақұрылымы мен қазiргi заманғы ғылыми-техникалық базасы жоқ. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының машина жасау кешенінің қазіргі уақыттағы шығаратын машиналары мен жабдықтарының номенклатурасы Қазақстан өнеркәсiбi салаларының қажеттіліктерiн толық қанағаттандыруға бейiмделмеген.
Мал шаруашылығы, мал азығы өндiрiсi мен дән өсiрудегi айтарлықтай еңбек сiңiрудi керек ететiн жұмыстар қазiргi кезеңнiң техникалық құралдарымен жабдықталуы тиiс болғандықтан, Қазақстанда ауыл шаруашылығы үшiн машина жасауды дамыту басымды түрде жүргiзiлуi керек.
Тау-кен және металлургия, мұнай-газ өндiру өндiрiстерiнiң, өңдеу өнеркәсiбiнiң дамуы, темір жолмен және автомобильмен тасымалдаудың республика экономикасындағы рөлiнiң артуы, өнеркәсiптiң негiзгi салаларын қазiргi тиiмдiлiгi жоғары машиналармен, жабдықтармен, тетiктермен қамтамасыз етуді және сервистiк қызмет көрсетудi талап етедi.
Республиканың машина жасауын дамытудың басым бағыттарына мыналар жатады:
ауыл шаруашылығы және тракторлық машина жасау;
тау-кен өндiрiсi мен өңдеу өнеркәсiбi үшiн машина жасау;
мұнай-газ өндiру және мұнай өңдеу өнеркәсiптерi үшiн машина жасау;
құрылыс және жол құрылысы салалары үшiн машина жасау;
жеңiл және тамақ өнеркәсiптерiне арналған машиналар мен жабдықтар жасап шығару;
өндiрiстi түпкiлiктi өзгертуге, техникалық және технологиялық жағынан жаңартуға және экологизациялауға, энергия мен ресурстарды үнемдеуге, табиғи қалдықтар мен қайталама шикiзаттарды өндiрiс сапасына тартуға бағытталған ғылыми-техникалық саясатты жасау және жүзеге асыру;
қазiргi кезеңнiң ақпараттық технологияларын қолдана отырып, машина жасау өнiмiнiң өмiрлiк циклына барлық қатысушылардың арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылдарды ұйымдастыру;
ғылыми-технологиялық мониторинг және машина жасауды стандарттау, метрология, сертификаттау және лицензиялау саласында мемлекеттік саясаттың басымдықтары бойынша ұсыныстар дайындау;
машина жасау саласын прогрессивтiк түрлендiрулердi жүзеге асыру үшiн нормативтiк-технологиялық базаны дамыту және жетiлдiру, әртүрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындардың орталық, жергiлiктi корпоративтiк және салалық жергіліктi басқару органдармен өзара iс-қимыл жасау тетiктерiн iске қосу.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
iшкi өндiрiсті кеңейту және бәсекелестiкке қабiлеттi машина жасау өнiмiн шығарудың ғылыми-техникалық және технологиялық алғышарттарын жасау;
машина жасау саласы үшін ғылым жетiстiктерi қолданылған, ресурстар мен энергия үнемдейтiн технологиялар жасау және машина жасаудың ғылыми-ақпараттық ортасын құру;
ел экономикасының басымды салалары үшiн қажеттi тиiмділігi жоғары машиналар мен жабдықтар жасау;
машина жасау өнiмiн импорт алмастыруды қамтамасыз ету және оның экспорт мүмкiндiктерiн арттыру үшiн Қазақстанда жоғары технологиялы өндiрiстердi дамытуды ғылыми қолдау;
ғылыми-технологиялық мониторинг және машина жасауды стандарттау, метрология, сертификаттау және лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары бойынша ұсыныстар дайындау;
ғылым жетiстiктерi қолданылған өндiрiстер ашу және ИТҚ арасындағы функционалдық жұмыссыздықты азайту үшiн жағдай жасау;
республиканың машина жасау саласының басым бағыттарының болжамдары және оларды машина жасау өнiмiнiң қажеттi номенклатурасын жасау мүмкiндiгiн анықтаудың негiзiнде дамыту және оны шығарудың экономикалық мақсаттылығын белгiлеу;
өнеркәсiптiң басым салалары үшiн машина жасау өнiмiн жасап шығару және оларды өткізу жөніндегі технологиялық тiзбектер кешенiн құрудың ғылыми-әдiстемелiк негiзiн жасау;
iшкі және сыртқы рыноктарда жоғары сапалы, ғылым жетiстiктерi қолданылған бәсекелесе алатын өнiмнiң өмiрлiк циклын компьютерлiк үлгiлеудiң бағдарламалық және техникалық құралдарының кешенiн әзiрлеу және машина жасау саласында қолдану;
Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларын және осы саладағы қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттарды түзету жөніндегі ұсыныстарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы машиналарына қойылатын базалық талаптарды дайындау;
машина жасау саласына ғылыми-техникалық қолдау көрсету;
машина жасау саласында ғылыми-ақпараттық ортаны қалыптастыру;
машина жасау саласының жаңартпашылық инфрақұрылымын қалыптастыруға ұсыныстар дайындау;
машина жасау саласында стандарттаудың, сертификаттаудың және метрологияның ғылыми-технологиялық және нормативтiк базасының мониторингi.
5. Жұмыстардың негiзгi бағыттары және бағдарламаны
жүзеге асыру механизмi
Бағдарлама төменде көрсетiлген машина жасауды дамыту жұмыстарының негiзгi бағыттарынан тұрады:
1. Машина жасаудың дамуын болжау және инновациялық процестердiң мониторингi.
І кезең - 2001-2002 жылдар. Жоғары сапалы, ғылыми сыйымды және бәсекелесуге қабiлеттi өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, жеткізу, пайдалану және сервистік қызмет көрсету процестерін компьютерлік үлгілеудің бағдарламалық және техникалық құралдары кешенiн жасау. Өндiрiлетiн машина жасау өнiмдерi, қолда бар машиналар мен жабдықтар және кәсіпорындар бойынша мәлiметтер қорын кеңейту және жаңалау. Республиканың машина жасау саласындағы жаңартпашылық процестердiң мониторингін жүзеге асыру. Машина жасау кешенiнде инновациялық жобаларды сараптаудан өткізудiң әдiстерi мен қағидаттарын жасау, ғылыми-техникалық және технологиялық инновациялық жобалар жасау.
II кезең - 2003-2005 жылдар. Машина жасау кешенiнде инновациялық жобаларды сараптаудан өткізудiң әдiстемесiн жасау. Бәсекелесуге қабiлеттi өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, өткізу, жеткізу, пайдалану және сервистiк қызмет көрсету процестерiн компьютерлiк үлгiлеудiң бағдарламалық және техникалық кешенiн машина жасау саласында тексерiп, iске асыру.
Жаңа технологиялар, ғылыми-техникалық әзiрлемелер және жаңартпашылық жобаларға машина жасау саласындағы қажеттіліктiң картасын жасау.
Қазақстан Республикасының Үкіметін, машина жасау, агроөндiрiстiк кешен және өнеркәсiптiң басқа салалары субъектiлерiн ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiнiң үлгiсiн жасау.
Машина жасау кешенiн дамытудың ұзақ мерзiмдiк кезеңге арналған тұжырымдамасын жасау.
2. Өнеркәсiпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, көлiкке және коммуникациялық жүйелерге арналған табиғатты қорғауды, ресурстар мен энергияны үнемдеудi қамтамасыз ететiн тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды игерудi ғылыми-техникалық және технологиялық қолдау.
І кезең - 2001-2002 жылдар. Бәсекелесуге қабiлеттi, импорттың орнын басатын және экспорттауға бағытталған жаңа машиналар, жабдықтар, тетiктер мен аспаптарды жасау жөнiнде ғылыми-зерттеулiк және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) жүргiзу. Икемдi өндiрiстiк жүйелер мен ақпараттық технологиялар жасау. Өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында табиғатты қорғайтын, ресурстар мен энергияны үнемдейтiн озық технологияларды пайдаланy жөнiнде оларды бейiмдеуге және жетiлдiруге арналған екiжақты және көпжақты халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберiнде бiрiккен ҒЗТКЖ жүргiзу. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөніндегі бағдарламалардың орындалуын техникалық және технологиялық қамтамасыз ету.
II кезең - 2003-2005 жылдар. Тәжiрибелiк, тәжiрибелiк-өндiрiстiк үлгiлердi (тәжiрибелiк топтамаларды) жасау және оларды сынақтан өткізу. Бұйымдарды жаппай шығару үшiн жұмыс құжаттамаларын жасау. Өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлiк және коммуникациялық жүйелер салаларына арналған шағын және орта бизнес объектiлерiне арналған бәсекелесуге қабiлеттi жаңа техниканы, технологияларды, жабдықтарды жасап, оларды өндiрiске енгізу. Жаңа машина жасау өнiмдерiн шығару мен өткізу жөніндегі технологиялық тiзбектер кешенiн қалыптастыру және енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу. Табиғат сақтайтын, ресурстар мен энергияны үнемдейтін шетелдiк және отандық озық технологияларды республика өнеркәсiбінің әртүрлi салаларына енгізуге қажеттi жабдықтарды шығаратын өндiрiстердi ашу.
3. Машиналар, жабдықтар, тетiктер мен құралдар сапасын, сенiмдiлiгiн және шыдау мерзiмiн арттыру әдiстерiн жасау, машина жасау өнiмдерiн стандарттау және сертификаттау негiздерiн құру.
І кезең - 2001-2002 жылдар. Конструкциялық материалдардың пайдалану қасиеттерiн, бұйымдарды жасаудың дәлдiгiн арттыру технологиясын жасау. Тозуға аса төзiмдi материалдарды қолдану және беттiк қанықтыру арқылы машина бөлшектерi құралдың шыдау мерзiмiн, тетiктер, машиналар, агрегаттар мен жүйелердiң жұмыс iстеу ресурстарын ұлғайту және сенiмдiлiгiн арттыру әдiстерiн жасау. Ғылым, техника және технологиялардың соңғы жетiстiктерi мен халықаралық стандарттарды негiзге алып, машина жасау саласындағы мемлекеттік стандарттарға талаптар дайындау.
II кезең - 2003-2005 жылдар. Белгiлi материалдардың пайдалану сипаттамаларын күшейтудiң жаңа әдiстерi мен технологияларын жасау және енгізу, функционалдық сипаттамалары жақсартылған жаңа материалдар жасау және оларды өндiрiсте игеру. Агрессивтi орталарда жұмыс істейтiн машиналар мен бөлшектерiнiң шыдау мерзiмiн арттыру технологияларын жасау. Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетiн мемлекеттік стандарттар дайындау. Машина жасау өнiмiнiң әр түрiн сертификаттауды өткізу жөніндегі нормаларды, ережелердi және ұсыныстарды әзiрлеу.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - ТЖА) мен республиканың басқа да ұйымдарына арнайы техникалар, жабдықтар, саймандар мен аспаптар жасау және игеру.
I кезең - 2001-2002 жылдар. Отандық арнайы техникалар мен жабдықтарды жасау және жетiлдiру жөнiнде ҒЗТКЖ жүргiзу, тәжiрибелiк-өндiрiстiк үлгiлер (тәжiрибелiк топтамалар) жасау және оларды сынақтан өткізу.
II кезең - 2003-2005 жылдар. Арнайы техникаларды, жабдықтарды, саймандарды және аспаптарды өндiрудi игеру.
Бағдарламаны iске асыру бағдарламалық-мақсаттық басқарудың және мемлекеттік тапсырыс тетiгінің қағидаттарына сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылатын болады.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 (бұрынғы ред. қара); 08.04.04 ж. № 387 қаулыларымен (бұрынғы ред. қара) 6-бөлім өзгертілді
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі үшiн технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге арнап көзделiнген республикалық бюджет қаражатының есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыруға 2001-2005 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi 623 319 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2001 жылға - 110 000 мың теңге, 2002 жылға - 119 287 мың теңге, 2003 жылға - 127 040 мың теңге, 2004 жылға - 130 240 мың теңге; 2005 жылға - 136 752 мың теңге. Қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға бюджет заңнамасын қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. Бұдан басқа, бюджет қаражатының басқа қаржыландыру көздерiнен (несие, грант, инвестиция және басқалар) ең аз дегенде 15-20% көлемiнде қаражат тарту жоспарланып отыр.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн негiзгi нәтижелер:
машина жасаудың дамуын болжау және оның индикативтiк құрылымы;
машина жасау саласында ғылыми-ақпараттық орта қалыптастырылады;
машина жасауды дамытудың басымдықтары және жоғары тиiмділiктi машиналар мен жабдықтар жасау жөнiнде ұсыныстар даярланды;
бәсекелесе алатын машина жасау өнiмдерiн жасап шығару үшiн машина жасауды технологиялық қайта жарақтандыруға ғылыми-техникалық қолдау көрсетiледi;
машина жасаудағы стандарттардың негiзгi талаптары айқындалып, қолданылып жүрген стандарттарға түзетулер енгізуге ұсыныстар даярланады және жаңа стандарттар жасалады;
машина жасау саласының жаңартпашылық инфрақұрылымын құру жөнiнде ұсыныстар даярланады;
жаңа өндiрiс орындары ашылады.
Осы Бағдарламаны табысты iске асыру Қазақстанда машина жасаудың дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясын жасаудың ғылыми, ғылыми-технологиялық және әдiстемелiк негiзi болады.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара) ҚР Үкіметінің 08.04.04 ж. № 387 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 8-бөлім өзгертілді
8. Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен
жабдықтарды жасап шығарудың 2001-2005 жылдарға арналған ғылыми-техникалық
проблемалары бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орын- далу мерзі- мі | Болжа- нып отырған шығыс- тар |
|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Ұйымдастыру іс-шаралары | ||||||
1. Бағдарламаның негiз- гi тапсырмалар бойы- нша жобаларды iрiктеу жөнінде конкурстық комиссия құру 2. 2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламаның кеңейтілген нұсқасын қалыптастыру үшiн жоба- ларды конкурстық iрiк- теудi ұйымдастыру және жүргiзу. Бағдарламаның тапсырмаларын орындауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру 3. Бағдарлама бойынша аралық есептерді бекіту. Бағдарламаның алдағы жылға арналған кеңейтіл- ген нұсқасын қалыптастыру және бекіту 4. Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми-зерт- теулерге республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебiнен және шегiнде бағдарламаны мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз ету 5. Бағдарламаның тап- сырмалары бойынша орындалған жұмыстар- ға талдау дайындау |
| ЭСМ ЭСМ, конкурстық комиссия ИСМ, бас ұйым ИСМ ИСМ, бас ұйым | 2001 жылғы 1-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан Жыл сайын 2001- 2005 жылдар 2005 жылғы 4-тоқсан | - - - 2001-2005 жылдарға арналған қаржылан- дыру көлемі 623 319 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2001 жылға - 110 000 мың теңге; 2002 жылға -119 287 мың теңге; 2003 жылға - 127 040 мың теңге; 2004 жылға 130 240 мың теңге; 2005 жылға - 136 752 мың теңге. - | - - - Рес- пуб- ли- ка- лық бюд- жет - | |
2. Негізгі ғылыми-техникалық тапсырмалар | ||||||
6. Машина жасаудың да- муын болжамдауды және инновациялық процестердiң мони- торингін жүргізу 6.1. Өнiмдi әзiрлеу, өндiру, жеткізу, пайдалану және оларға сервистiк қызмет көрсету процестерiн ком- пьютерлiк модель- деудiң бағдарлама- лық және техникалық құралдар кешенiн әзiрлеу 6.2. Кәсiпорындар бо- йынша, қолда бар машиналар мен жаб- дықтар, шығарылатын машина жасау өнiмi бойынша дерекқорды кеңейту және жаңалау 6.3. Республиканың ма- шина жасау саласын- дағы инновациялық процестердің мони- торингiн жүзеге асыру. Машина жасау кешенінде инновация- лық жобаларды сарап- таудан өткізудің әдiс- терi мен қағидаттарын әзiрлеу, ғылыми-тех- никалық және техноло- гиялық инновациялық жобалар әзiрлеу 6.4. Өнiм әзiрлеу, өндiру, жеткізу, пайдалану және оларға сервистік қызмет көрсету процес- терiн компьютерлiк мо- дельдеудің бағдарлама- лық және техникалық құралдар кешенiн машина жасау саласында тексеру және iске асыру. Машина жасау саласының жаңа технологияларға, ғылыми- техникалық және иннова- циялық жобаларға қажет- тілігiн картаға түсiрудi жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Yкіметін, машина жасау, агроөнер- кәсiптiк кешен және өнер- кәсiптiң басқа салалары субъектiлерiн ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінiң моделiн жасау 7. Өнеркәсiп, құрылыс, көлiк және коммуникациялық жүйе- лер үшiн тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды игерудi ғылыми-техникалық және технологиялық қолдау- ды жүзеге асыру 7.1. Бәсекеге қабілетті, импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған жаңа машиналар, жабдық- тар, тетiктер мен аспап- тар жасау жөнiнде ҒЗТКЖ жүргiзу. Икемдi өндіріс- тік жүйелер, ақпараттық технологиялар әзiрлеу. Табиғатты сақтайтын, ресурстар мен энергияны үнемдейтiн озық техноло- гияларды өнеркәсiптің әртүрлi салаларында бейiмдеу, жетiлдiру және пайдалану жөнiнде зерт- теулер жүргiзу. 7.2. Тәжiрибелiк және тәжi- рибелiк-өнеркәсіптік үлгiлердi (тәжiрибелiк топтамаларды) дайындау және оларды сынақтан өткізудi жүргiзу. Бұйым- дарды жаппай шығару үшiн жұмыс құжаттама- ларын әзiрлеу. Өнеркәсiп, құрылыс, көлiк және коммуникациялық жүйелер салалары үшiн шағын және орта бизнес объектiлерi бәсекеге қабiлеттi жаңа техниканы, технологияны, жабдықты әзiрлеу, өндi- рiске енгізу. Жаңа машина жасау өнiм- дерiн шығару мен өткізу жөніндегі технологиялық тiзбектер кешенiн қалып- тастыру және енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу 8. Машиналар мен жабдықтар, тетiктер, құралдар сапа- сын, сенiмділігiн және шыдау мерзiмiн арттыру әдiстepiн әзiрлеу, машина жасау өнiмдерiн стандарт- тау және сертификаттау негiздерiн құру 8.1. Белгiлi материалдардың пайдаланылу сипаттамаларын арттырудың жаңа әдiстерi мен технологияларын жасау, енгізу жақсартылған функциялардың сипаттамалары бар жаңа материалдар жасау және оларды өнеркәсiптік игеруді жүзеге асыру. Агрессивтi орталарда жұмыс iстейтiн машиналар мен бөлшектердiң шыдау мерзiмiн арттыру техно- логиясын жасау 8.2. Машина жасау саласында халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес ке- летiн мемлекеттік стан- дарттар, машина жасау саласында сертификаттау жүргiзу жөнiнде нормалар, ережелер және ұсынымдар әзiрлеу 9. ТЖА мен республиканың басқа да ұйымдары үшiн арнайы техника, жабдық, сайман мен аспаптар жасау және енгізу. 9.1. Отандық арнайы техника мен жабдықтарды жасау және жаңғырту жөнiнде ҒЗТКЖ жүргiзу, тәжірибе- лiк-өнеркәсiптiк үлгілер (тәжiрибелiк топтамалар) жасау және оларды сынақтан өткізуді жүргізу 9.2. Арнайы техниканы, жаб- дықты, саймандарды және аспаптарды өндiрудi игеру |
| ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым ИСМ, бас ұйым | 2001 жылғы 1-тоқсан 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан - 2002 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2002 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2002 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан 2005 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 1-тоқсан 2002 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан- 2005 жылғы 4-тоқсан | - - - - - - - - - - - - - - | - - - - - - - - - - - - - - |