Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсан № 1940 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының почта саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен «Қазпочта» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қазпочта) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамының басқаруына берудің және почта-жинақ жүйесін қалыптастыру стратегиясын әзірлеудің шарттарын белгілеу мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

3. Комиссия 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде:

1) шарттарының бірі ретінде басқару мерзімін «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ААҚ-ында акциялардың мемлекеттік пакетін 50 процент қосылған бір акция мөлшерінде сақтауға дейін көзделген, Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін басқаруға беру талаптарын белгілесін;

2) аудандық деңгейде және ауылдық жерлерде «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамының активтер құнын бағалауды жүргізсін;

3) почта-жинақ жүйесін дамыту стратегиясын әзірлесін және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:

1) Қазпочтаның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Комиссия белгілеген шарттар негізінде Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін басқаруға «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамымен шарт жасассын;

3) осы қаулыны жүзеге асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

ҚР Үкіметінің 04.05.2000 ж. № 659 қаулысымен құрам өзгертілді

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 1940 қаулысына қосымша

 

 

 

Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік

қоғамының басқаруына беру шарттарын белгілеу және почта-жинақ жүйесін қалыптастыру стратегиясын әзірлеу жөніндегі комиссияның

 құрамы

 

     Өтембаев               - Қазақстан Республикасы
     Ержан Әбілхайырұлы       Премьер-Министрінің
                              орынбасары, төраға
 
     Марченко               - Қазақстан Республикасы
     Григорий Александрович   Ұлттық Банкінің төрағасы
                              (келісім бойынша)
 
     Сәйденов               - Қазақстан Республикасының
     Әнуар Ғалимоллаұлы       Қаржы вице-министрі
 
     Жолдасбеков            - Қазақстан Республикасының
     Азамат Мырзаданұлы       Бағалы қағаздар жөніндегі
                              ұлттық комиссиясының төрағасы
                              (келісім бойынша)
 
     Қанешов                - Қазақстан Республикасының
     Біржан Бейсекенұлы       Көлік және коммуникациялар
                              вице-министрі
 
     Құзытбаева             - Қазақстан Республикасының
     Ажар Қилымбекқызы        Әділет вице-министрі
 
     Раханов                - Қазақстан Республикасы
     Мақсұтбек Смағұлұлы      Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
                              мүлік және жекешелендіру
                              комитетінің төрағасы
 
     Мәсімов                - «Қазақстан Халықтық Жинақ
     Кәрім Кәкімжанұлы        Банкі» ашық акционерлік
                              қоғамы басқармасының төрағасы
                              (келісім бойынша)
 
     Ержанов                - Республикалық мемлекеттік
     Оразәлі Сәнтайұлы        почта байланысы кәсіпорнының
                              бас директоры