Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың
стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту
стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген шаралардың жоспары
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1817 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен )
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 908 Қаулысымен күші жойылды
Экономиканың аграрлық секторындағы жағдайдың түбегейлi өзгеруiне байланысты ауыл шаруашылығын дамытудың көкейкестi мiндеттерiн шешуге бағытталған жалпы мемлекеттік стратегияның шеңберiнде аграрлық саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы және Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген шаралардың жоспары бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген шаралардың жоспарында айқындалған заң және нормативтiк актiлердi уақтылы және сапалы әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 2003.11.26. № 1184 қаулысымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мыналар:
ауыл шаруашылығын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламалары мен жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеу Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясына негiзделедi;
Қазақстан Республикасының жауапты атқарушылары болып табылатын министрлiктерi мен ведомстволары, қоса атқарушылармен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, ал Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметіне жылына екi рет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асырудың кеңейтiлген жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етедi;
қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізудi Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2003.11.26. № 1184 қаулысымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген жоспарын орындау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ал оған бақылау жасау - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1997 жылғы
22 желтоқсандағы
№ 1817 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын
2010 жылға дейiн дамыту стратегиясы
I. Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығының қазiргi заманғы жай-күйi
Жай-күйi:
Рентабельдiлiгi
Ауыл шаруашылығының өнiмiн сатудан рентабельдiлiк деңгейi
Барлығы % | Оның iшiнде | ||
өсiмдiк шаруашылығы | мал шаруашылығы | ||
1990 ж. | 46,0 | 105,4 | 18,9 |
1991 ж. | 40,2 | 87,8 | 24,9 |
1992 ж. | 75,8 | 151,7 | -4,9 |
1993 ж. | -2,2 | 28,2 | -27,7 |
1994 ж. | -6,7 | 9,8 | -24,5 |
1995 ж. | -17,9 | -2,9 | -30,7 |
1996 ж. | -20,8 | -1,9 | -43,7 |
Алынған көзi: ҚР Ауылшарминi, Экономминi
Қазақстанның ЖIӨ-дегi ауыл шаруашылығының үлесi (%)
1990 ж. 75% - 25%
1996 ж. 86% - 14%
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасындағы
шаруашылықтарының барлық шаруашылықтардың барлық
санаттарындағы ауыл санаттарындағы жануарлардың
шаруашылығы өнiмiнiң негiзгi негiзгi түрлерiнiң саны
түрлерiнiң өндiрiсi (мың тонна)
Диаграмма
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
* ауыл шаруашылығының ауыл шаруашылығы машиналарының негiзгi
түрлерiмен қамтамасыз етiлуi 65-70% құрайды;
* пайдалану мерзiмi 5 және одан артық жылдағы машиналар мен
жабдықтардың үлесi 93% жеттi.
Топырақтың құнарлылығы
* егiстiктiң жартысы (16 млн. га) фосфор мен гумус құрамы төмен
жерлердi құрайды;
* соңғы 7 жыл iшiнде тыңайтқыштарды себудiң көлемi:
органикалығы 10-11 есе, минералдығы - 16-17 есе қысқарды.
* гумустың топырақты жыл сайынғы шығындалуы (1 га-ға тоннада)
астық себуге 0,5-1, егiстiк себілімiнде 1-3 құрайды;
* топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру үшiн кемiнде 5 жыл
қажет.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсi технологияларының
жаппай бұзылуы
* ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерден, аурулар мен арам
шөптерден өнiмдiлiгiнiң жоғалуы оның биологиялық мүмкiншiлiктерiнiң 30%
жетедi;
* ауыл шаруашылығы жануарларының жем-шөппен және мал дәрiгерлiк
профилактикасымен қамтамасыз етiлмеуiнен қатардан шығуы өсе түседi.
Капиталды салудың ең тәуекелдi аймағы
Өнiмдi өткізуге байланысты жағдайдың нашарлауы
Ауылдағы әлеуметтiк жағдайдың нашарлауы:
- кедейшiлiк;
- жұмыссыздық;
- қылмыс;
- білім;
- денсаулық сақтау;
- экология;
- инфрақұрылым.
* ауыл тұрғынының санасындағы нарықтық жаңғыртулардың болмай
қоймайтындығы жөніндегі психологиялық өзгерiс. Масылдық және
патериналистiк көңiл-күйлердiң әлсiреуi;
* жеке меншiкке деген оң қатынас беки түсуде;
* жеке меншiк және нарықтық қатынастар нығайып, дами түсуде;
* ауыл ендi инфляция көзi болып табылмайды;
* салада мемлекет иелiгiнен алу мен монополиясыздандыру жүзеге
асырылды;
* жаңғыртулар мен дамудың заңдық негiздерi қалыптасты;
* экспорт өстi;
* айқын жасалған мемлекеттік саясаттың болмауы. Мемлекеттік
құрылымдар мен басқару жүйелерiнiң өзгерiп жатқан селодағы жағдайға
бара-бар көңiл бөлмеуi;
* реформалардың зигзаг түрiнде жүзеге асырылуы;
- 1992-1994 жылдары экономикалық реформалардың
консервациялануы;
- 1994-1995 жылдары нарықтық жаңғыртулардың естен тандырыла
жүргiзiлуi;
- 1996-1997 жылдары экономикалық жаңғыртулардың баяулауы;
* қаржы капиталының болмауы;
* экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда меншiк
қатынастары алға жылжытылмады;
- АӨК-де нарықтық және тауар-ақша қатынастарының терең
бюрократтық және криминалдық бұрмалануы (№ 1 сурет);
* ауыл тұрғындарының дәстүрлi консерватизмi мен ментальдiлiгi.
Ауылда әлеуметтiк саясаттың бара-бар әлсiремеуi;
* ауыл тұрғындарының реформаларға әлсiз бейiмделуi;
* сенiмдi өткізу рыноктарының болмауы;
* чиновниктердiң сыбайлас жемқорлығы мен парақорлығы;
СХЕМА
II. Мүмкiншiлiктер мен қауiп-қатерлер.
Күштi және әлсiз тұстары
Даму мүмкiншiлiгi
* Iрi өткізу рыноктары
* Жер шары халқының өсуi жылына 85-90 млн. адамды құрайды.
* 2005 жылға қарай әлемдiк тұтыну:
- 37 млн. тонна бидайға;
- 37 млн. тонна жем-шөптiк астыққа;
- 48 млн. тонна ақталған күрiшке өседi.
* Астықпен әлемдiк сауда жасаудың 80% дамушы елдердiң үлесiне
тиедi және астықты тұтынудың жыл сайынғы өсу қарқыны 2% құрайды;
* Бидайдың жалпы импортының 1/3-i халқының өсу деңгейi жоғары,
оны өндiрмейтiн немесе айтарлықтай емес мөлшерде өндiретiн елдерге
тиесiлi;
* Азияның дамыған елдерi азық-түлiктiң әлемдiк рыноктарын
дамытудың қозғаушы факторлары болып табылады;
* Азия тарапынан импортқа деген қажеттiлiк астықтың әлемдiк
бағасын ұстап тұратын болады;
* Азия азық-түлiктiң елеулi диверсификацияланған рыногын
ұсынады (астық, ет және оларды ұқсату өнiмдерi);
* ТМД елдерiнiң экономикалық өсуi мен халқының өсуiнiң
күтiлуi;
* Табиғи шикiзаттан жасалған бұйымдар мен тауарларға деген
қажеттiлiктiң өсуiнiң әлемдiк тенденциялары;
* Ашық нарықтық саудаға және нарықтың қатынастарды реттеудегi
мемлекеттiң рөлiн шектеуге көшу (рыноктардың ашықтығы, субсидиялардың
және дотациялардың күшiн жою, кеден реттеуiн оңайлату).
Астық рыногы
Азық-түлiк рыноктарын дамытудағы жалпы тенденциялар Қазақстан
үшiн астықпен сауда жасауда қолайлы жағдайлар тудырады, бұл:
* Қытай, Пәкiстан, Ауғанстан, Иран секiлдi жақын аумақтардың
қажеттiлiгiнiң ұлғаюы;
* географиялық жағдайларға байланысты дәстүрлi өткізу
рыноктарында (ТМД-ның Азиялық және Кавказ республикаларында), iшiнара
Ресейде, Солтүстiк Африка, Қиыр Шығыс және Оңтүстiк Азия елдерi
импортының өсуiнiң есебiнен орнығып қалуының мүмкiншiлiгi;
* астық ағынының әлемдiк саудада Қиыр Шығыс және
Оңтүстiк-Шығыс Азия жағына қарай өзгеруi мен жаңа көлiк жолдарының ашылуы
экспорттың бiр бөлiгiн үлесiне астықтың әлемдiк импортының 25% жуығы
тиесiлi Таяу Шығыс Азияға бағдарлануға мүмкiншiлiк бередi;
* тамақтанудың диверсификациясы, экономикалық өсу және
халықтың өсуi қатты және күштi бидай сорттарының, сондай-ақ олардың
негiзiнде астықты өңдеу өнiмдерiнiң астық рыноктарына қол жеткізуге жол
ашады;
* Қазақстанның экспорттық астық рыногының мүмкiн сыйымдылығы -
жылына 20-25 млн. тонна астық дақылдарына деген әлемдiк баға оларды
Қазақстанда жоғары рентабельдi өндiру үшiн мейлiнше жоғары;
* саланың өндiрiстiк емес шығындарды төмендету жөнiнде
жеткiлiктi резервтерi бар.
Ет рыногы
* Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының елдерiне ет пен ет өнiмдерiн
дәстүрлi берушi;
* ТМД Орта Азия республикалары халықтарының өсуi;
* еттi Ислам дүниесi елдерiне, әсiресе Пәкiстан, Иран, Түркия
және араб елдерiне берудiң перспективалары;
* Қытай - еттi тұтынудың перспективтi, әлеуеттi шексiз рыногы.
Жүн рыногы
* Европа рыногы - республиканың сапалы жүнi үшiн;
* Ресейде, Қырғызстанда және Украинада өндiрiстiң жандануы;
* Қытайдың халқының өсуiмен тұтынуының ұлғаюы;
* Таяу Шығыс және Орта Азия елдерiнiң (Пәкiстан, Иран)
елдерiнде рыноктардың қалыптасуы.
Терi шикiзатының рыногы
* Қазақстанның терi шикiзатындағы экспорт бойынша қажеттiлiгi
50-60% қанағаттандырылады;
* Түркия, Қытай және Ресей тараптарынан тұтыну рыноктарының
ұлғаюы;
* Үлкен көлемдердегi жоғары сапалы терi шикiзаты - Батыс
Европаның қажеттiлiгiне.
Мақта рыногы
* Мақтаның әлемдiк запасы жақын маңайдағы 2-3 жылға жеткiлiктi;
* Әлемдiк тұтынудың ұлғаюы табиғи жоғары сапалы шикiзаттан
жасалатын тауарларға деген қажеттiлiкке байланысты;
* Өткізу рыногы кейiн оны 2010 жылға қарай 275-280 мың тоннаға
дейiн өсiре отырып 240-250 мың тонна мақта шикiзатын өндiрудi қамтамасыз
етедi.
* IРI ЗАЙМДАР МЕН ТIКЕЛЕЙ ШЕТЕЛДIК ИНВЕСТИЦИЯЛАР
* ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛIК ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МҮДДЕЛIЛIГI
Даму қауiп-қатерi
* Әлеуметтiк азық-түлiк рыноктарына көлiк жолдарының болмауы;
* Бiрқатар рыноктардың Қазақстан тауары үшiн жабықтығы;
* Сауда қатынастарының реттелмеушiлiгi;
* Әлемдiк рыноктардағы бәсекелестiк пен тамыр-таныстық;
* Дәстүрлi рыноктардың төмен сатып алу қабiлетi.
КҮШТI ТҰСТАРЫ
АСА БАЙ ЖЕР РЕСУРСТАРЫ
Барлық ауыл шаруашылығы жерлерi (млн.га)
220,4 78
Қазақстан (01.01.97 ж.) Канада
Cонын ішінде
Қазақстан Канада
29,1 ( c.і. 2,3 187, 1 45,9 ( c.і. 0,8 32
суармалы егіндік) азықтық жер-су суармалы егіндік) азықтық жер-су
Халықтың 100 адамына келетін (га)
176 1121 177 123
егіндік азықтық жер-су егіндік азықтық жер-су
Топырақтың үлгiсi Қазақстан Канада
Қара топырақты жерлер - 35% - 35%
Қызғылт топырақты жерлер - 55% - 60%
Климаттық жағдайлар бойынша
Қазақстанның ауыл шаруашылығы шамамен Канадаға тең мәндi:
* егiн шаруашылығы тәуекелдi
* вегетациялық кезеңде жылумен
қамтамасыз етiлуi 2500-4500 градус
* жылдық жауын-шашынның мөлшерi:
астық себушi аймақтарда 150-320 мм
тау етегіндегі және таулы аймақта 460-880 мм
Орташа жылдық өндiру. млн.тонна (1991-1996 жылдар)
Қазақстан Канада
Бидай 10,1 25-26
Жемдiк астық 5,5 24-25
* Әлемдiк деңгейдегi ғылыми-техникалық прогреске жету үшiн ауыл
шаруашылығы барлық iшкi салаларының жоғары сыйымдылығы;
* Арзан және біліктi жұмыс күшi;
* Өнiмнiң сапасы;
* Iрi сақтау орындары мен ұқсатушы кәсiпорындардың жеткiлiктi
қуаттарының болуы;
* Дамыған ғылым;
* Туып келе жатқан жеке капитал.
ӘЛСIЗ ТҰСТАРЫ
* Нарықтық жаңғыртулардың аяқталмағандығы;
* Тиiмдi мемлекеттік саясаттың болмауы;
* Саланың дамымаған материалдық-техникалық базасы;
* Чиновниктiк (сыбайлас жемқорлық және қызмет бабын терiс
пайдалану);
* Маркетингтiк қамтамасыз ету;
* Жұмыс орындарымен қамтамасыз етiлмегендiгi;
* Өсiмдiктер мен топырақты қорғау, ауыл шаруашылығы жануарларын
сауықтыру, экологиялық жағдай;
* Сумен нашар қамтамасыз етiлушiлiк және суландырудың
жеткiлiктi емес дамыған жүйесi;
* Табиғи-климаттық жағдайлар.
III. МАҚСАТТАРЫ
1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiн 2010 жылға қарай 3-3,2 есе,
оның iшiнде:
* iшкi қажеттiлiк үшiн 30-35%;
* экспортқа 65-70% өсiру;
Бұл ретте мынадай көрсеткiштерге қол жеткiзiлуi тиiс:
* астық өндiру көлемi - 25-27 млн.тонна;
* мүмкiн тұқым себу алаңы - 16-17 млн.га;
* мүйiздi iрi қара малының жоғары өнiмдi саны - 6,5-7,0
млн.бас;
* қой мен ешкiнiң саны - 22-25 млн.бас.
2. Ауыл тұрғындарының кедейлiк деңгейiн төмендету және
әлеуметтiк қорғалуын арттыру, салауатты өмiр салтына жәрдемдесу.
Оның iшiнде:
* ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыру;
* мүлiктi пайдаланудан кiрiс алатын оның меншiк иелерiнiң жiгiн
құру;
* кедейлiкке қарсы күреспен:
- ХҚҰ әлеуметтiк займының есебiнен микрокредиттеу;
- iрi инженерлiк факторлар өндiрiсiн дамыту саласында жұмыс
орындарын құру;
- басы артық жұмыс күшiн аймақтық және құрылымдық қайта бөлу;
- шағын индустрия саласында жұмыс орындарын құру;
- ауылда коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету салаларын
қалпына келтiру және дамыту;
- ауыл мен қала инфрақұрылымына бюджеттік қаржыларды бөлу
кезiнде сәйкессiздiктi жою жолымен босаған қызметкерлердi жұмыспен
қамтуды қамтамасыз ету.
IV. БАСЫМДЫҚТАР
1. Аграрлық секторда нақты меншiк иесiн құру;
2. Нарықтық инфрақұрылым құру және нарықтық қатынастарды
дамыту;
3. Салада орнықты қаржы-кредит жүйесiн құру;
4. Ауыл шаруашылығындағы шектеулi қызмет аясында жаңа
мемлекеттік саясат пен жаңа мықты басқару құрылымдары;
5. Өндiрiстiң iрi инженерлiк факторларын дамыту;
6. Салаға тiкелей шетелдiк және отандық инвестицияларды тарту;
7. Iрi сыртқы рыноктар мен жаңа халықаралық көлiктiк
коммуникацияларды ашу;
8. Ауыл шаруашылығының өнiмiн терең ұқсату.
V. СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ОНЫ IСКЕ
АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРI
Мемлекеттiң стратегиясы мынада:
* реформаларды тездетiп аяқтау, саланы қаржылық сауықтыру және
оны құрылымдық қайта құру, жедел экономикалық өсу үшiн iрi
инвестицияларды тарту және ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экспорттық
әлеуетiн арттыру;
* кедейлiкке қарсы күрес және ауыл тұрғындарының жұмыспен
қамтылуын арттыру жөнiнде шұғыл шаралар қолдану.
Стратегия үш кезеңде жүзеге асырылады
* Бiрiншi кезең - 1998 - 2000 жылдардағы дайындық (реформаларды
жедел аяқтау және кедейлiкке қарсы күрес).
* Екiншi кезең - 2001 - 2003 жылдардағы тұрақтанушылық (саланы
қаржылық сауықтыру, оны құрылымдық қайта құру және босаған жұмыс күшi
үшiн басқа салаларда жұмыс орындарын құру).
* Үшiншi кезең - 2004 -2010 жылдары ауыл шаруашылығын орнықты
дамыту (өндiрiстiң жедел өсуi және экспорттық әлеуеттiң артуы).
1-КЕЗЕҢ
Мақсаты: реформаларды жедел аяқтау және кедейлiкке қарсы күрес
Басымдықтар:
* ауыл шаруашылығы секторында жекешелендiру процесiн аяқтау және
нақты меншiк иесiн құру;
* агроөнеркәсiп кешенiнде бәсекелестiк ортаны құру;
* ауыл шаруашылығы рыногында нарықтық қатынастардың бүкiл жүйесiнiң
инфрақұрылымдарын құруға жәрдемдесу (басқару мен технологиялардың,
өндiрiсшiлердiң кәсiптiк бiрлестiктерiнiң, ұқсатушылар мен өткізушiлердiң
жаңа құрылымдары);
* ақпараттық қызмет көрсетулер мен маркетинг жүйелерiн құру;
* агроөнеркәсiптiк кешеннiң қаржылық жүйесiнiң базасын құруды
бастау;
* ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік инвестицияларды кеңейту;
* ауыл тұрғындарын микрокредиттеу.
2-КЕЗЕҢ
МАҚСАТЫ: саланы қаржылық сауықтыру, оның құрылымдық қайта
құрылуы және босататын жұмыс күштерi үшiн басқа салаларда жұмыс
орындарын құру
БАСЫМДЫҚТАР:
* ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының қаржылық тұрақтануы;
* агроөнеркәсiп кешенiн қаржылық қамтамасыз ету жүйесiнiң түпкiлiктi
қалыптасуы;
* жұмыс орындарын құру мақсатында тiкелей шетелдiк инвестицияларды
кең түрде тарту үшiн құқықтық ұйымдастырушылық және экономикалық
жағдайлардың түпкiлiктi қалыптасуы;
* ауыл шаруашылығының өндiрiсiнде жеке меншiк сектор рөлiнiң күшеюi;
* ауыл шаруашылығының бүкiл инфрақұрылымы үшiн ақпараттық және
маркетингтiк қызметтердi қалыптастырудың аяқталуы;
* Үкiметтiң займдарын тиiмдi игеру;
* аграрлық сектордың сыртқы рыноктарға кең ауқымды шығуы үшiн талап
етiлетiн iс-қимыл.
3-КЕЗЕҢ
Мақсаты: өндiрiстiң жедел өсуi және
экспорттық әлеуеттi арттыру
Басымдықтары
* азық-түлiктiң экспорты үшiн әлеуеттi iрi рыноктарды ашу;
* ауыл шаруашылығы өнiмiнiң экспортын ынталандыру және ұлғайту
жөнiнде шаралар әзiрлеу;
* жүктердi тасымалдаудың көлiктiк проблемаларын шешу;
* мемлекет қолдайтын өндiрiстiң инфрақұрылым салаларын
жекешелендiру.
VI. МЕМЛЕКЕТТIҢ РОЛI
Мемлекет:
* рыноктың тең құқықты субъектiсi болуы;
* өндiрiстiң iрi инженерлiк факторларын дамытуды (суландыру,
ирригация, көлiк және энергетика желiлерi және т.б.);
* ауылда әлеуметтiк саланы дамытуы және ұстауы;
* бәсекелестiктi қолдауы, ақпараттық қызмет көрсетулер және
маркетинг жүйелерiн дамытуы;
* ауыл шаруашылығы жерлерiнiң, экологияның мониторингiн
жүргiзуi;
* табиғи зiл-залалардың, эпидемиологиялық және жануарлардың
эпизоотикалық аурулары мен өсiмдiктердiң ауруларының алдын алуы және
зардаптарын жоюы;
* тауарларды сыртқы рыноктарға шығаруы;
* саланы бағалық реттеуге жәрдемдесуi тиiс.
Мемлекет:
* шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шаруашылық қызметi мен
нарықтық қатынастарына араласпауы;
* тiкелей дотацияларды, субсидияларды жүзеге асырмауы;
* нарықтық күштердiң iс-әрекетiн бұрмаламауы;
* жеке меншiк сектор тиiмдi жұмыс iстейтiн жерде жаңа
мемлекеттік кәсiпорындар құрмауы (керiсiнше, жекешелендiру мен концессия
арқылы оған мемлекеттік меншiктi беруi) тиiс.
Мемлекет өзiнiң рөлiн атқаруы үшiн ауылға бюджеттік қаржының
жалпы сомасының кемiнде 12-15% бағыттайды.
1998 жылы - 1997 жылдың деңгейiн сақтау керек.
Оның iшiнде: ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау қоры арқылы
конкурстық негiзде 2,5 млрд. теңге қоса кредиттеу.
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Мақсаты - ауыл шаруашылығын орнықты дамыту саясатын қалыптастыру мен
жүргiзудi және республиканың агроөнеркәсiп кешенiнiң барлық саласының
тиiмдi жұмысы үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз ету
ФУНКЦИЯЛАРЫ:
* ауыл шаруашылығы саясатын жасау;
- стратегиялық жоспарларды әзiрлеу;
- басым мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
- заң актілерінiң жобаларын әзiрлеу;
- өндiрiлетiн өнiмнiң сапасына, табиғат ресурстарының ұтымды
пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жасау.
* инвестициялық саясат пен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыру;
* әлеуметтiк-экономикалық реформаларды тереңдету және тиiмдi
шаруашылық құрылымдарын қалыптастыруға жәрдемдесу;
* нарықтық инфрақұрылымдарды құруға жәрдемдесу;
* АӨК ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫЫ МИНИСТРЛIГI
(стратегияның бiрiншi кезеңiн iске
асыру уақытына)
Бақылау, ұйымдастыру, атқарушылық қамтамасыз ету және кадр жұмысы басқармасы (21) |
* Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және атқаруды бақылау бөлiмi * Кадр бөлiмi * Аппаратты қаржылан. дыру бөлiмi * Қабылдау бөлмесi * Қосалқы қызметтер * Баспасөз орталығы |
Стратегиялық жоспарлау және әлеуметтiк-эконо. микалық мониторинг департаментi (18) |
* Стратегиялық жоспар. лау бөлiмi (4) * Әлеуметтiк-экономика. лық мониторинг бөлiмi (5) * Заң жобалары актiле. рiн әзiрлеу бөлiмi (4) * Еңбек және кiрiс дәлелдемесi бөлiмi (4) |
Ауыл шаруашылығы өндi. рiсiнiң технологиялық саясаты департаментi (37) |
* Егiншiлiктегi техно. логиялық саясат басқармасы (9) * Мал шаруашылығындағы технологиялар басқармасы (9) * Балық шаруашылығы басқармасы (9) * Техникалық саясат және сервис басқармасы (9) |
Маркетинг, инвестициялар және сыртқы байланыстар департаментi (20) |
* Сыртқы байланыстар бөлiмi (3) * Инвестициялық жобалар бөлiмi (4) * Маркетинг бөлiмi (4) * Ақпараттық қызмет көрсету бөлiмi (4) * ылыми қамтамасыз ету және кадрлық даярлау бөлiмi (4) |
Комитеттер (109)(заңды тұлғалар) 1. ______________________ * Мал дәрiгерлiгi комитетi (16) * Орман және аң шаруа. шылығы комитетi (22) * Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (43) * Су ресурстары жөніндегі комитет (28) |
* Қаржы-кредит саясаты бөлiмi Салық саясаты және есеп мето. дологиясы бөлiмi |
Ескерту: Орталық аппарат саны: бұрынғысы - 120
қазiргiсi - 112 (қысқартылғаны 6%)
VII. СТРАТЕГИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
НҰСҚАСЫН НЕГIЗДЕУ
Ауыл шаруашылығын реформалаудың әлемдiк практикасында
дамушы елдерде мынадай екi нұсқа бар:
Бiрте-бiрте "Естен тандыру"
* әлеуметтiк зардаптарға * әлеуметтiк зардаптарды онша
қарайлайтын есепке алмай экономикалық
тиiмдiлiк жағында саяси
таңдауды жүзеге асырған
* жаңғыртуларды ұзақ мемлекеттік * үлкен қаржы ресурстары
қолдау мүмкiншiлiктi мен үлкен мен уақыт тапшылығы бар
экономикалық мүмкiншiлiктердегi елдер үшiн
елдер үшiн
Қазақстанның ауыл шаруашылығын "естен тандыру" нұсқасымен
жеделдету бойынша жеделдете реформалау:
* ауыл шаруашылығын мемлекеттік қаржылық қолдау мүмкiншiлiгiнiң
жоқтығына:
- ауыл шаруашылығының шығындарын өтеу мен қолдау үшiн ғана жыл
сайын кемiнде 3-4 жыл бойы 1,0-1,2 млрд. АҚШ доллары талап етiледi;
* республиканың ауыл шаруашылығын "естен тандыру" нұсқасымен
жеделдету бойынша реформалауға;
* ауыл тұрғындары санасында жеделдетiлген жаңғыртулардың
қажеттiлiгi және өзiнiң күшiне сену өзгерiсiне қол жеткізуге;
* ауыл шаруашылығында жеке капиталға негiзделген нарықтық
қатынастардың негiзiн қалауына;
* салада көпшiлiк жағдайда жеке капиталға негiзделген өндiрiс
пен жаңғыртуларға:
- 1996 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 3,2 млрд. теңге
көлемiнде мемлекеттік бюджеттік қаржы көзiнде 312,8 млрд. теңге болды;
* саланы мемлекеттік қаржылық қолдау және олардың қоғамда
макроэкономикалық тұрақтылыққа тез керi ықпал етуiнен жеке капиталдың
кету мүмкiндiгiмен талап етiледi.
Стратегияны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде
қаржыландырудың ұсынылатын көлемi
1. Ауыл шаруашылығында өндiрiстi қаржыландырудың қажеттi жалпы
көлемi жыл сайын 2,2 - 2,5 млрд. АҚШ долларын құрауы тиiс.
Олардың iшiнен:
* мемлекеттік бюджеттен - 150 - 170 млн.АҚШ доллары, оның iшiнде ХҚҰ
займының;
* мемлекеттік емес көздерден - 2,0 - 2,2 млрд. АҚШ доллары есебiнен.
2. Бұдан басқа бюджеттiң басқа көздерiнен мемлекеттік қаражаттың
есебiнен:
- ауыл жолдарының құрылысын салу;
- денсаулық сақтау және білім саласы;
- босаған жұмыс күшiн жыл сайын бюджеттен және жұмыспен қамту
қорының қаражатынан және ХҚҰ займының есебiнен көлемi 20-25 млн. АҚШ
долларымен микрокредиттеу;
- ауыл шаруашылығы ғылымы қаржыландырылуы тиiс.
3. "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн
дамыту стратегиясын" iске асыру шараларын қаржыландыруды "Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын
iске асыру жөніндегі шаралардың кеңейтiлген жоспарында" көзделген
қаржыландыру көздерiне сәйкес жүзеге асыру қажет. Әрбiр шараны
қаржыландырудың нақты көлемiн айқындау үшiн тиiстi ведомстволарды тарта
отырып қосымша есептер жүргiзу керек.
ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369; 26.11.03 ж. № 1184 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы
22 желтоқсандағы
№ 1817 қаулысына
2 қосымша
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын
2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру
жөніндегі шаралардың кеңейтiлген жоспары
1 КЕЗЕҢ - Дайындық (1998-2000ж.ж.)
Мақсаты: реформаларды жеделдете аяқтау және кедейлiкке қарсы күрес
Басымдықтар | Орындау жөніндегі шаралар | Iс-қимыл | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
| Жергiлiктi жерлерде iске асыру Жергiлiктi жерлерде iске асыру Жергiлiктi жерлерде iске асыру Банкроттықтың көзделген рәсiмдерiне сәйкес Ұсақ банкрот- тарды тiкелей сату жөнiнде аукциондар Банкроттардың мүлкiн кейiн сатып ала отырып беруге ашық тендер- лер ұйымдас- тыруы Шаруашылық- тарға түген- деу жүргiзу және ұсыныс- тар әзiрлеу, ауыл шаруа- шылығы өндi- рушiлерiн және олардың бiрлестiкте- рiн, инвес- торларды кең түрде тарту Тиiстi ұсыныстарды әзiрлеу және жүзеге асыру | |
2 | Агроөнеркәсiптiк кешенде бәсекелестiк аясын құру |
| "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға өзгерістер мен толықты- рулар енгізу туралы" Заң жобасы Үкiметтiң қаулысы Үкiметтiң АДБ және ДҚДБ-ның болашақтағы займдардың игеру туралы қаулысы |
3 | Ауыл шаруашылығы рыногында нарықтық қаты- настардың инфрақұрылымының бүкiл жүйесiн құруға жәрдемдесу (басқару мен технологиялардың кәсiптiк бiрлестiктердiң, өндiрушi- лердiң, сатушылар мен өткізушiлердiң жаңа құрылымдары) | Тауар биржаларын нығайтуға жәрдемдесу, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң көтерме сауда рыноктарын құру Ұсақ мал шаруашылығы және астық шаруашылық- тарын кооперативтер мен ассоциацияларға бiрiк- тiру мақсатында борыштарды жою тетiгiн қолдану немесе оларды осындай құрылымдарға бiрiгуi кезiнде дисконттау Агроқаржы консорциум- дары, өндiрушiлер мен саудагерлердiң ассоциа- циялары, агроөнеркәсiп кешендерi үлгiсiнде жұмыс iстейтiн шаруа- шылық субъектiлердi құруға жәрдемдесу Тауар биржаларында өнiмнiң негiзгi түрлерi бойынша фьючерстiк және форвардтық мәмiлелердi енгізу | Оларды күшей- ту мақсатында тауар биржа- ларында қойылатын талаптарды қайта қарау- Тауар биржа- ларын түген- деу және мамандандыру жүргiзу- Тауар рынок- тарының маркетингiн жүргiзу Фермерлерге, шаруашылық- тарға тексеру жүргiзу- Фермерлердi аумақтық және өндiрiстiк тиiстiлiгi бойынша бiрiктiру жө- нiнде про- текционистiк әдiстердi әзiрлеу Осындай құрылымдарды мемлекеттік қолдауға бағытталған нормативтiк актiлер шыға- ру, оларда мыналарды көздеу: - олар арқылы мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру; - мемлекеттік бағдарлама- ларды қаржы- ландыру; - олар арқылы халықаралық мiндеттеме- лердi атқару; - оларды бiрiктiру кезiнде ал- ғашқы кезеңде борыштық мiн- деттемелердi есептен шыға- ру немесе дисконттау; - кәсiптiк бiрлестiктер- дiң мемлекет- тiк саясатты әзiрлеуге қатысуы; - заң орган- дары мен Үкiметте (өкiлдiктер- де)мүдделер дi бiлдiру құқығы; -мемлекеттiң құқықтарын халықаралық ұйымдарға қатысуға беру Техникалық көмек көздеу |
4 | Маркетинг және ақпа- раттық қызмет көрсетулер- дiң жүйесiн құру | Ауылшарминi жүйесi мен тауар биржаларының базасында оған аграрлық сектор мен банктердiң барлық мүшелерiнiң жергiлiктi ақпараттық жүйелерiн қосу мүмкiншiлiгiмен бiрыңғай ақпараттық қызмет көрсету желісін әзiрлеу Ауылшарминi мен оның бөлiмшелерiнiң жүйесiн- де маркетингтiк қызметтер құру Аграрлық сектордың бар- лық қатысушылары үшiн бiрыңғай маркетинг қызметiн құруға жәрдемдесу | Техникалық займды Ауыл- шарминi үшiн желi құруға қайта бағдар- лау оны одан әрi техника- лық жетiлдiру және дамыту үшiн қаражат көздеу. Жүйе- лердi құруға ашық тендер жариялау Ауылшарминi- нiң марке- тингтiк қызметi туралы ереже әзiрлеу Тиiстi ұсыныстар әзiрлеу |
5 | Агроөнеркәсiп кешенiн қаржылық қамтамасыз ету жүйесiнiң базасын құруды бастау Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн ипотекалық кредиттеу базасын құру Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қаржыландыру мен кредиттеу мақсатында қаржы-кредит мекемелерiнiң синдициялан- ған мамандандырылған желісін құру. Агроөнеркәсiпбанкi желісі мен кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру немесе жаңа тармақталған қаржы-кредит желісін құру Кредит серiктестiктерi үлгiсіндегі шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң желісін құру Ауыл шаруашылығы өндiрiсi кәсiпорындарын сақтандыру жүйесiн құру Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жеңiлдiктi кредиттеу жүйесiн құру Перспективалы өндiрiс- тi қаржыландыру мен қолдауды жүзеге асыратын инвесторларды құруға жәрдемдесу Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қаржыландыру үшiн сақтандыру қорларының қаражатын пайдалану Бағалы қағаздар мен әсiресе ұзақ мерзiмдi айналыстағы басқа да қаржы құралдарын пайдалану |
| |
6 | Ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік инвестицияларды кеңейту | Ауыл шаруашылығының жалпы даму стратегиясы- ның шеңберіндегі шаралар | Түзету және орындауды қамтамасыз ету |
7 | Ауыл тұрғындарын микрокредиттеу | Микрокредиттеудiң бағдарламасын дайындау және iске асыру жөнiн- дегi шаралар | Керектi нормативтiк актiлердi әзiрлеу |
Қатысушылар | Қаржыландыру көзi | Атқарылу мерзiмi | Ескертпе |
5 | 6 | 7 | 8 |
| Бюджеттік қаражат, мемлекеттiң займ- дарынан пилоттық жоба Бюджеттік қаражат, шаруашылық жүргi- зушi субъектiлердiң қаражаттары Бюджеттік қаражат, мемлекеттiң займ- дарынан пилоттық жоба Бюджет қаражаты Мемлекеттік займ- дардан пилоттық жобалар | 1998 жыл iшiнде 1998 ж. 1998 ж. Дереу заң актiсi қабылданған соң Дереу соттың шешiмiнен соң 1998 жылдан бастап 1998 жылдан бастап | Ауыл шаруа- шылығына қолдау қоры- на берiлген ауыл шаруа- шылығы кәсiпорын- дарының бо- рыштарының, бюджеттiң алдындағы ағымдағы мiндеттеме- лерiнiң есебiнен Iс-қимыл бағыты - ұдайы Iс-қимыл бағыты - ұдайы |
АДБ, ДКДБ займда- рының қаражаты | 1998 ж. 1998 ж. |
| |
| 1998 ж. 1998 ж. бiрiншi жарты жылдық 1998 ж. 1-шi тоқсан 1998 ж. | ||
1998-1999 жж. 1998 ж. 1998-2000 жж. | Бiрыңғай жүйе тәуел- сiз өзiн-өзi ақтайтын желi ретiнде жұмыс iстеуi тиiс. Жобада инвестиция. лар қайта. рымды негiз- де бөлiнуi тиiс | ||
Шетелдiк компания- лар мен қорлардың займдары, iшкi инвестицияларды жұмылдыру Шетелдiк және отандық инвестор- лардың займдары Мемлекеттік және жеке iскерлiк инвестициялар Дүниежүзiлiк және Азия Даму Банктерi- нiң кредиттерi (оның iшiнде гранттары) Тәуелсiз шетелдiк және отандық инвесторлар | 1998 ж. 1998-1999 жж. 1998-1999 жж. 1998-2000 жж. 1998-2005 жж. 1998-2005 жж. 2000-2005 жж. 1998-2010 жж. | "Ипотека туралы" "Жер туралы" "Жылжымайтын мүлiктi тiр- кеу туралы" заң күшi бар Жарлықтарды iске асыру жөніндегі тетiктi әзiрлеу Шетелдiк компаниялар- дың займдары iшiнара Үкi- меттiң және коммерциялық банктердiң кепiлдiкте- рiмен немесе оларсыз негiзгi қаражатты сатып алу мен кредит желiлерi, тауар кре- диттерi және т.б. түрiнде берiлуi мүмкiн Займдар кредит-қаржы ұйымдарының желiлерiн құрумен қатар жүзеге асырылады Сақтандыру компаниялары дербес және ауыл шаруа- шылығы өндi- рушiлерiнiң тәуекелiн сақтандыруда деверенфи- кацияланған болуы тиiс Берiлетiн мақсатты ауыл шаруа- шылығы кредиттерiне проценттiк ставкаларды азайту жолы- мен жеңiл- дiктi кредиттеу Мейлiнше рентабельдi және перс- пективалы жобаларды iрiктеу мен қаржыланды- руды жүзеге асырушы инвесторлар | |
Бюджеттік және займдар қаражаты | Ұдайы | ||
Бюджеттік қаражат. тар, жұмыспен қамту | 1998 жылдан бастап | Iс-қимыл бағыты - ұдайы |
4. Ауылшарминi, Көлiк және комму- никациялар министрлігі, екiншi деңгейдегi банктер, тауар биржалары, мамандандырылған ақпараттық ұйымдар Ауылшарминi Ауылшарминi, аграршылардың бiрлестiгi |
II кезең - тұрақтану (2001-2003 жж.)
Мақсаты: саланы қаржылық сауықтыру, оның құрылымдық қайта
құру және бос қалған жұмыс күшiн басқа салаларда
орындарын құру
Басымдықтар | Орындау жөніндегі шаралар | Iс-қимыл | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Ауыл шаруашылығы кәсiп- орындарының қаржылық тұрақтануы | Рынокта рентабельдi кәсiпорындарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi | Бақылау |
2 | Агроөнеркәсiн кешенiн қаржылай қамтамасыз ету жүйесiн түпкiлiктi қалыптастыру |
| АӨК қаржылан- дыру жүйесi- нiң негiзде- рiн талдау, iрiктеу және заңмен бекіту |
3 | Шетел инвестицияларын кең түрде тарту үшiн құқықтық, ұйымдастырушылық, экономи- калық жағдайларды жұмыс орындарын әзiрлеу үшiн түпкiлiктi қалыптастыру | Талдау және тиiстi норма- тивтiк актiлер қабылдау Жоспарларды әзiрлеу мен жүзеге асыру процесiнде | |
4 | Ауыл шаруашылығы өндiрi- сiнде жеке меншiк сектор- дың рөлiн күшейту | Жеке меншiк секторды iшкi және сыртқы рынок- тарда аграрлық саясатты әзiрлеуге, экономика- дағы проблемаларды шешуге тарту | Кәсiптiк бiр- лестiктердiң экономиканы дамыту жоспарларын әзiрлеуге және заң жұмыстарына қатысуы |
5 | Агроөнеркәсiп кешенiнiң барлық инфрақұрылымы үшiн ақпараттық және маркетинг- тiк қызметтердi қалыптас- тыруды аяқтау |
| |
6 | Үкiметтiң мақсатты займ- дарын тиiмдi игеру | Займдарды жедел игерудi ынталандыру | Талдау, келi- сiмшарттар, жеңiлдiктер жүйесi |
7 | Аграрлық сектордың сыртқы рынокқа кең ауқымда шығуы үшiн жасалатын керектi iс-қимыл |
| Кәсiптiк бiрлестiктер- дiң, iрi ұлттық фирма- лардың халықаралық ұйымдардың жұмысына кең түрде қаты- суын қамтама- сыз ету Iзгiлiк көмегiн көрсетудiң принциптерiн қарау. Жүк тиеу терминалын iске қосуды жеделдету 1997-2001 жж. ТМД шеңберiн- де мұндай төмендетудiң мүмкiншiлiгiн қарау ФАО, МСЗ, ВТО шеңберiнде мәселе көтеру |
Қатысушылар | Қаржыландыру көзi | Атқарылу мерзiмi | Ескертпе |
5 | 6 | 7 | 8 |
| Ұдайы | ||
2001-2004 жж. | |||
Бюджет ресурстары, мемлекеттiң займдары | Ұдайы | ||
4. Ауылшарминi, Экономика және бюджеттік жоспар- лау министрлігі, жергiлiктi әкiмдер | Ұдайы | ||
5. Ауылшарминi, тапсырысшылар, желi иелерi |
| 2001 ж. 2000-2001 жж. | |
| Мемлекеттiң займдары | Ұдайы, келісім. шарттармен жобаларға | |
7. Сыртқыiсминi, Ауылшарминi Сыртқыiсминi Көлiккомминi Сыртқыiсминi, Ауылшарминi, Экономика және бюджеттік жоспар лау министрлігі, Сыртқыiсминi, Көлiккомминi Сыртқыiсминi, Энергетика, индустрия және саудаминi, Ауылшарминi | Мемлекеттік займ | Ұдайы Ұдайы Ұдайы Ұдайы Ұдайы |
III кезең - ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы 2004-2010 жж.)
Мақсаты: өндiрiстiң жедел өсуi және экспорттық әлеуеттi арттыру
Басымдықтар | Орындау жөніндегі шаралар | Iс-қимыл | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Азық-түлiктi экспорттаудың әлеуметтi iрi рыноктарын ашу |
| Бiр және көп тарапты келi- сiмдердiң, халықаралық ұйымдар шешiмдерiнiң негiзiнде тиiстi келi- сiмдер жасасу |
2 | Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң экспортын ынталандыру және ұлғайту жөніндегі шаралар- ды әзiрлеу | Тауарлардың экспортын қолдау жүйелерiн құру | Тиiст норма- тивтiк актiлер, шешiмдер шығару |
3 | Жүктердi тасымалдаудың көлiктiк проблемаларын шешу | Тасымалдаудың жаңа ұтымды көлiк жолдарын ашу | Көлiк жолда- рының құры- лысы және өзара пайдалы жағдайларда мүдделi елдермен байланыс орнату |
4 | Мемлекет қолдайтын өндi- рiстiк инфрақұрылымдарды жекешелендiру | Концессияға берiлген инфрақұрылым объектiле- рiн сату Iшкi шаруашылық жолда- рын жеке меншiкке беру Iшкi электр желiлерiн жеке меншiктiк иелiк етуге беру | Iшкi капитал- дың тендерлiк негiзде жиналу шамасына қарай |
ӘДЕТТЕН ТЫС ШАРАЛАР Кәсiпорындардың бюджет пен банктердiң алдындағы мемлекеттік борыштарын, берешектердi сату Жоғары тиiмдi коммерциялық мәмiлелермен Үкiметтiк кепiлдiктер |
| Борыштарды түгендеудi, оларды қайта құрылымдауды жүзеге асыру, дисконттауды, сатуды ашық саудаластық- тарда жүзеге асыру Мынадай мәмi- лелерге конкурс жариялау, мұнда: - келісім- шарттарды iрiктеу ашық тендерлерде жүргiзiлуi тиiс; - iрiктеуге агрорыноктың барлық құрылымдары қатысуы тиiс (тауар бир- жалары, кон- салтингтiк ұйымдар, сақтандыру, көлiк және басқа ұйым- дар); - мәмiлелер бағалардың ең жоғарғы өрлеуi кезiн- де жүзеге асырылуы тиiс |
Қатысушылар | Қаржыландыру көзi | Атқарылу мерзiмi | Ескертпе |
5 | 6 | 7 | 8 |
1. Сыртқыiсминi, Ауылшарминi, Көлiккомминi | Ұдайы | ||
| Ұдайы | ||
3. Сыртқыiсминi, Көлiккомминi | Бюджеттік қаражат, займдар, үлестiк қатысу |
| |
| Пилоттық жобалар | Ұдайы | |
Бюджет |
|