Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
жөніндегі агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 15 желтоқсандағы № 1287 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында және "Мемлекеттік басқару органдарын одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3986 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің "Қазпатент" және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау жөніндегі комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құрудың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 48, 449-құжат) күші жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылғы

15 желтоқсандағы

№ 1287 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар

жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың

Тізбесі

Әкімшілік-шаруашылық басқармасы (заңды тұлға құқығында)