«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
өзгертулер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 маусымдағы № 836 қаулысы

(2005.03.11. берілген өзгерістерімен)

 

"Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын басқару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 27 қарашадағы № 1598 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,1995ж, № 36, 465-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлген қоса берiлiп отырған өзгертулер бекітілсiн.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

1996 жылғы 28 маусымдағы

 № 836 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне

енгiзiлетiн өзгертулер

1. "Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 қарашадағы № 1184 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, № 46, 553-бап) 5-тармағындағы "Қазақстан жолдары" мемлекеттік холдинг компаниясымен" деген сөздер алынып тасталсын.

2. ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3.ҚР Үкіметінiң 22.11.97 ж. № 1641 қаулысымен алып тасталды

4. ҚР Үкіметінiң 2005.03.11. № 1097 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)