Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Оқу-спорт орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қазандағы № 1290 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оқу-спорт орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі