Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының № 1 дәрiханасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 312 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының № 1 дәрiханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының оны Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) етiп белгiлеу туралы ұсынысына келісім берiлсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi саласы дәрi-дәрмектердi, дәрiлiк заттар мен емдеу құралдарын, медициналық жабдықтар мен аспаптарды дайындау және сату болып белгiленсiн.
4. Уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын әзiрлеп, бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі