Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы № 1603 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы:
реттік нөмірі 32-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтанға қарсы жұмыстар».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі