Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1895 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу» қызметінің түрлерін лицензиялау процесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы «тарату» деген сөзден кейін»(жиынтық орнатылған жылу қуаты 100 Гкал/сағаттан астам жылу энергиясы көздерінен)»деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 27-жолдағы 2-баған мынадай сөздермен толықтырылсын:
«Астана және Алматы қалаларының»;
реттік нөмірі 27-жолдағы 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жылу энергияларын өндіру, беру және тарату (жиынтық орнатылған жылу қуаты 100 Гкал/сағаттан астам жылу энергиясы көздерінен)».
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі