Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шараларын
іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі
№ 1015 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 4157 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

                                         Қазақстан Республикасы

                                         Үкіметінің 1999 жылғы

                                         20 шілдедегі

                                         № 1015 қаулысымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық

шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы

 

 __________________________________________________________________________
| № |               Іс-шаралар               |        Аяқтау нысаны
|___|________________________________________|_____________________________
| 1 |Жеке бизнестегі қолма-қол ақша айналысы |Үкіметінің қаулысы
|   |саласын дәйекті түрде тарылту және төлем|
|   |карточкаларын пайдалана отырып,         |
|   |төлемдерді жүзеге асыру кезінде         |
|   |қолданылатын жабдықтардың құнын         |
|   |төмендету мақсатында Қазақстан          |
|   |Республикасы Үкіметінің 14.04.97 ж.     |
|   |№ 558  қаулысына тізбеге шеткері|
|   |құрылғылармен төлем карточкаларын енгізу|
|   |бөлігіне толықтыру енгізу               |
|___|________________________________________|_____________________________
| 2 |Қазақстан Республикасы Президентінің    |Заң жобасы
|   |"Салық және бюджетке төленетін басқа да |
|   |төлемдер туралы" 24.04.95 ж. № 2235 заң |
|   |күші бар Жарлығына есептіліктің қазіргі |
|   |заманғы нысандарын енгізу процесін      |
|   |қолдау мақсатында электрондық көздерде  |
|   |кірістер мен мүліктер туралы            |
|   |декларациялар мен мәліметтер берудің    |
|   |мүмкіндігін көздейтін өзгерістер мен    |
|   |толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізу|
|___|________________________________________|_____________________________
| 3 |Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып,      |Заң жобасы
|   |төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі мен  |
|   |шарттарын реттеу, сондай-ақ мұндай      |
|   |төлемдердің сомалары бойынша шектеулер  |
|   |белгілеу мақсатында Қазақстан           |
|   |Республикасы Президентінің "Қазақстан   |
|   |Республикасының Ұлттық Банкі туралы"    |
|   |30.03.95 ж. № 2155  заң күші бар|
|   |Жарлығына және Қазақстан Республикасының|
|   |"Төлемдер мен ақша аудару туралы"       |
|   |29.06.98 ж. № 237-1  Заңына өз- |
|   |геріс енгізу.                           |
|___|________________________________________|_____________________________
| 4 |Меншік иелері мен акционерлердің        |Үкіметке есеп
|   |құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, |
|   |ұйым қызметінің айқындылығын белгілеу   |
|___|________________________________________|_____________________________

таблицаның жалғасы

 __________________________________________________________________________
|          Атқару мерзімі           |        Атқарылуына жауаптылар
|___________________________________|______________________________________
|1999 жылдың III тоқсаны            |Қаржы министрлігі, Энергетика,
|                                   |индустрия және сауда министрлігі
|___________________________________|______________________________________
|1999 жылдың IV тоқсаны             |Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кіріс
|                                   |министрлігі
|___________________________________|______________________________________
|1999 жылдың III тоқсаны            |Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
|                                   |(келісім бойынша)
|___________________________________|______________________________________
|Есепті жылдан кейінгі жылдың 10    |Қаржы министрлігі, салалық
|сәуіріне дейін жылына бір рет      |министрліктер
|___________________________________|______________________________________