«Атом энергиясын, ядролық қызметті пайдалану, радиоактивті
қалдықтар мен қолданылған ядролық материалдарды
ұстау, Қазақстан Республикасы халқының радиациялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы уақытша ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 11 сәуiрдегі № 364 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Атом энергиясын, ядролық қызметтi пайдалану, радиоактивтi қалдықтар мен қолданылған ядролық отынды ұстау, сондай-ақ халықтың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру мен жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Атом энергиясын, ядролық қызметтi пайдалану, радиоактивтi қалдықтар мен қолданылған ядролық материалдарды ұстау, Қазақстан Республикасы халқының радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы уақытша ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары ведомстволық нормативтiк актiлердi екi ай мерзiмде осы қаулыға сәйкестендiретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 11 сәуірдегі
№ 364 қаулысымен
Бекiтiлген
Атом энергиясы мен ядролық қызметтi пайдалану,
радиоактивтi қалдықтар мен қолданылған ядролық материалдарды
ұстау, Қазақстан Республикасы халқының радиациялық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы
УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
1. Кiрiспе
Осы Уақытша ереже (бұдан әрi - Ереже) радиоактивтi қалдықтар мен қолданылған ядролық отынды ұстауды қосқанда, атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік өкiмет, мемлекеттік және жергiлiктi басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшiн, халықтың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн арналған.
1.1. Осы нормативтiк актiнiң мақсаты бейбiт уақыттағы ядролық қызмет қауiпсiздiгiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету, ядролық қарудың таратылуын және ядролық қалдықтарды қолданылған ядролық отын түрiнде рұқсатсыз пайдалануды болғызбау болып табылады.
Осы нормативтiк актiнiң мақсаты сондай-ақ радиацияның қауiптi әсерiнен адам мен қоршаған табиғи ортаны қорғау болып табылады.
1.2. Құзыреттi мемлекеттік орган лицензия бермеген қандай да бiр ядролық қызметке жол берiлмейдi.
1.3. Ядролық материалдарды немесе радиацияны қолдана отырып қондырғыны пайдаланушы адам пайдалану кезіндегі iс-қимылының, кем дегенде, осы Ереженiң талаптарына сай келуiн қамтамасыз ету үшiн жауап бередi. Осы мақсат үшiн оларға ядролық қаруды тарату мен ядролық қалдықтардың рұқсатсыз пайдаланылуын болғызбайтын шаралардың жүйесi белгiленедi. Мұндай жүйе жабдықтардың iстен шығуын, қателiктердi, қасақана iс-қимылдарды және ядролық уақиға немесе радиациядан зиян келтiруге әкелiп соғатын басқа да әрекеттердi болғызбауды қамтамасыз етуге тиiс.
1.4. Ядролық материалдар немесе радиация пайдаланылатын қондырғыда 1,3-тармақта аталған жүйенiң болуын және оның қызметкерлерi біліктiлiгiнiң жеткiлiктi дәрежесi бар екенi, операциялар қауiпсiздiк мәдениетiнiң жоғары деңгейiнде жүргiзiлетiнi, қызметкерлер арасында операциялардың қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк дәлме-дәл бөлiнген, операторлардың тиiсiнше iшкi бақылауы сақталып, өрiс алуы құзыреттi мемлекеттік орган тарапынан бақыланып отырылуға тиiс.
1.5. Үкiмет уәкiлдiк берген құзыреттi мемлекеттік органның мұндай ерекшелiктер заңдарға және осы Ереженiң мақсатына қайшы келтiрмейтiндей жағдайда бұл Ереженiң нормаларынан ерекшелiктер белгiлеуге құқы бар.
2. Жалпы қағидалар
2.1. Осы Ереженiң ықпал ету саласы атом энергиясын пайдалану мен ядролық қызметтiң барлық түрлерi мен тарамдарына қолданылады, пайдалану процесiнiң барлық қатысушыларын (Ереженi қолдану субъектiлерiн), атом энергиясын пайдаланатын барлық объектiлердi (Ереже қолданылатын объектiлердi), атом энергиясын пайдалану кезіндегі қызметтiң барлық түрлерi мен қоғамдық қатынастарды қамтиды.
Енгiзiлген бiрқатар терминдердi пайымдау халықаралық конвенцияларға және МАГАТЭ-нiң терминологиясына сәйкес келедi.
2.2. Осы Ережеде iс-қимыл субъектiлерi деп:
- атқарушы өкiмет органдары;
- атом энергиясын пайдалану мен ядролық қызмет саласындағы қауiпсiздiктi мемлекеттік реттеу және қадағалау органдары;
пайдаланушы ұйымдар;
ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың өмiрлiк циклының қандай кезеңiнде болсын қызмет атқаратын кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар (объектiнiң өмiрлiк циклының кезеңдерi деп саланы дамытудың тұжырымдамасын әзiрлеуге, iздестiру жұмыстарына, құрылыс үшiн алаңдар таңдап алуға, атом энергетикасы мен өнеркәсiбi объектiлерiн жобалауға, салуға, пайдалануға беруге, пайдалануға және пайдаланудан алуға байланысты қызметтiң барлық түрлерi, сондай-ақ пайдалануды тоқтатуға және алаңқайлар мен аумақтарды қалпына келтiруге байланысты қызмет түрлерi ұғынылады);
- атом энергиясын пайдалану мен ядролық қызметке байланысты қарым-қатынас жасайтын өзге де заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде:
а) ядролық материалдармен, ядролық қондырғылармен, радиоактивтi заттармен және иондандырылған сәулелендiру көздерiмен қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асыратын қызметкерлер;
б) ядролық қондырғыларды бақылау және радиоактивтi қалдықтарды сақтау пункттерi аймақтарында тұрушылар;
в) санитарлық-қорғау аймақтарында және ядролық қондырғыларды бақылау аймақтарында еңбек қызметiн жүзеге асырушылар;
г) ядролық уақиғаның салдарынан радиоактивтiк әсер етуден зардап шеккендер;
д) өрт сөндiру үшiн және ядролық уақиғаның зардабын жою жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн тартылғандар;
е) техногендiк-өзгермелi радиациялық фонның ұлғаюы әсерiне шалдыққандар;
ж) осы Ережеде аталған iс-қимыл объектiлерiн күзету мен қорғауды жүзеге асыратын әскери бөлiмдер ұғынылады.
2.3. Осы Ережедегi iс-қимыл объектiлерi деп:
- ядролық материалдар;
- ядролық қондырғылар;
- басқа да радиоактивтi материалдар, соның iшiнде иондандырылған сәуле көздерi, бастапқы (шикiзаттық) радиоактивтi материалдар мен радиоактивтi қалдықтар;
- ядролық емес арнайы материалдар;
- техногендiк-өзгермелi радиациялық фоны бар объектiлер;
- қоса қабат мақсаттағы материалдар мен бұйымдар ұғынылады.
ЯДРОЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР деп уран, плутоний және торий ұғынылады.
БАСТАПҚЫ (ШИКIЗАТТЫҚ) РАДИОАКТИВТI МАТЕРИАЛДАР деп ядролық отын, радиоактивтi изотоптар алу үшiн пайдаланылатын бөлiнгiш немесе өзге де радиоактивтi заттары бар табиғи материалдар ұғынылады.
БАСҚА ДА РАДИОАКТИВТI МАТЕРИАЛДАР деп сондай-ақ табиғи (табиғи радиоактивтi изотоптары бар материалдар) және жасанды (ядролық қондырғылардың жұмысы кезiнде ядролық реакцияның нәтижесiнде немесе иондандырылған сәуле көздерiнiң ықпалымен радиоактивтiкке айналған кез келген материал) тұрғыдағы радиоактивтi заттар ұғынылады.
ЯДРОЛЫҚ ЕМЕС АРНАЙЫ МАТЕРИАЛДАР деп: ауыр су, цирконий, ядролық тазалық графитi, ядролық экспортты реттейтiн халықаралық-құқықтық режимге байланысты осылайша айқындалған басқа да материалдар ұғынылады.
РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАР деп: ядролық қондырғылар мен иондандырылған сәуле көздерiн пайдалануға байланысты қызметтiң және олардың үлестi таралымы реттелу деңгейiнен асып түсетiн қызметтiң басқа түрлерi нәтижесiнде пайда болған сұйық, қатты, газ тектес заттар немесе материалдар ұғынылады.
ЯДРОЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР деп: табиғи шикiзатта (рудалық өңдеу, аффинажды зауыттар, уранның гексафторидiң өндiру) олардың шоғырландыруын арттыра түсетiн ядролық тазалықтағы бастапқы (шикiзаттық) ядролық материалдарды өндiру жөніндегі қызмет үшiн пайдаланылатын технологиялық кешендер:
өнеркәсiп, энергетика және зерттеу реакторларын қосқанда, ядролық реакторлар, сондай-ақ көлiк құралдарының, ғарыштық және ұшу аппараттарының ядролық реакторлары, соның iшiнде қиын және соған ұқсас жағдайдағы құрастырулар;
ядролық отын өндiруге арналған ядролық материалды пайдаланатын зауыттар, сәулелендiрiлген ядролық отынды ұқсату жөніндегі зауытты қосқанда, ядролық материалды ұқсату жөніндегі зауыттар;
ядролық материалдарды сақтауға (жинап қоюға) арналған ғимараттар;
ажыратылмайтын ядролық материалдары бар радиоактивтi қалдықтарды сақтауға (жинап қоюға) немесе көмуге арналған ғимараттар;
ядролық материалдарды тасымалдау үшiн лайықталған көлiктiк буып-қаттау құралдары;
ядролық және термоядролық жарылғыш құрылғыларды сынуға арналған полигондық ғимараттар мен құрылғылар;
өзiне сол қарудың зарядтың, оқ-дәрiсiн, ұшырғышы мен жиынтығын қамтитын ядролық және термоядролық қару, ядролық және термоядролық қаруды және олардың құрамды бөлшектерiн тасымалдау мен жасауға, сақтауға, техникалық жағынан қамтуға және жоюға арналған ғимараттар мен жабдықтар ұғынылады.
ИОНДАУШЫ СӘУЛЕ КӨЗДЕРI деп: иондаушы сәуле көздерiн тасымалдау мақсатындағы арнайы көлiктiк буып-қаттау құралдарын қосқанда, ядролық қондырғыларға жатпайтын, өздерiнде радиоактивтi заттар немесе радиоактивтi қалдықтар яки иондаушы сәуле жайылған аппараттар, жабдықтар, бұйымдар мен материалдар ұғынылады.
ТЕХНОГЕНДIК-ӨЗГЕРМЕЛI РАДИАЦИЯЛЫҚ ФОНЫ БАР ОБЪЕКТIЛЕР деп:
өздерi салынған топырақтан келетiн радон қосындысы бар және (немесе) құрылыс материалдарының құрамында шамадан тыс табиғи радионуклидтердiң қоспасы бар тұрғын-жайлар мен жұмыс үйлерi;
аспан мен су айдынында сондай-ақ үйiндiлер мен қоқыстарда табиғи түрде пайда болатын радиоактивтi материалдардың шоғырлану процесiн пайдаланып, тас көмiр, мұнай, газ бен полиметалл рудалары шығарылатын және ұқсатылатын жерлер;
қалдықтарда табиғи радиоактивтi заттардың шоғырлануы белең алатын ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын өндiру iсi ұғынылады.
ҚОСА-ҚАБАТ МАҚСАТТАҒЫ МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАР деп: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысымен бекітілген ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, қондырғылар, ядролық емес арнаулы материалдар, қоса қабат мақсатта пайдаланылатын жабдықтар, материалдар мен технологиялар, радиоактивті сәуле көздері мен изотопты өнімдер экспорты мен импорты туралы ережеге № 2 қосымшада және оны толықтыру мен дамыту жөнiнде шығарылған өзге де нормативтiк актiлерде көрсетiлген бұйымдар мен материалдар ұғынылады.
2.4. Атом энергиясын пайдалану, ядролық қызмет саласындағы қызмет деп:
ядролық қарудың ұсталуын қосқанда, атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару, реттеу және қауiпсiздiгiн қадағалау;
ядролық қондырғыларды салу мен пайдалануға және қызметтiң белгiлi бiр түрлерiне рұқсаттар немесе лицензиялар беру;
ядролық материалдарды және солардың негiзiнде жасалған бұйымдарды алу, сақтау, тасымалдау мен пайдалану;
радиоактивтi қалдықтарды ұстау және оларды көму;
ядролық қондырғыларды және иондаушы сәуле көздерiн орналастыру, жобалау, дайындау, салу, iске қосу, пайдалану және пайдаланудан шығару, алаңдарды тазарту, қалпына келтiру, аумақтарды оңалту;
ядролық қондырғыларды, ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерiн пайдалана отырып, зерттеулер жүргiзу;
Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
ядролық материалдардың мемлекеттік есебi мен бақылануын жүзеге асыру;
ядролық қарудың таратылмауы үшiн бақылау жөніндегі халықаралық-құқықтық режимдi жүзеге асыру;
атом энергиясын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, ядролық материалдардың, ядролық қондырғылардың, иондаушы сәуле көздерiнiң экспорты мен импорты, ядролық материалдардың, ядролық қондырғылардың, иондаушы сәуле көздерiнiң, сондай-ақ ядролық технологиялар мен жабдықтардың, жұмыстар мен қызмет көрсетудiң экспорты мен импортын халықаралық-құқықтық реттеу;
халықаралық келісімдер мен шарттарға сәйкес ядролық қаруды жоюға байланысты қызмет;
атом энергиясын пайдалану саласындағы жұмыс үшiн оқу қызметi кадрлар даярлаудың барлық түрлерi;
ядролық материалдарды, ядролық қондырғыларды нақты қорғауды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
өрттен қорғанудың жайын қадағалауды қамтамасыз ету мен атом энергиясы объектiлерiнде өрт сөндiру;
аварияға қарсы шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыру, соның iшiнде ядролық қондырғылар мен иондаушы сәуле көздеріндегі, сондай-ақ радиациялық әсерге ұшыраған аумақтардағы ядролық уақиғалардың зардаптарын жою ұғынылады.
Осы Ережемен атом энергиясын пайдалану саласында туындайтын қатынастардың мынадай түрлерi;
мемлекетаралық қатынастар;
ұйымдық-басқару және саяси қатынастар;
меншiкке қатынастар мен мүлiктiк қатынастар;
экономикалық қатынастар;
еңбек қатынастары;
ақпараттық қатынастар реттеледi.
2.5. Өкiмет пен басқару органдарының, ядролық қаруды ұстаумен байланысты ұйымдар мен кәсiпорындардың өзара iс-қимылы мен жауапкершiлiгiнiң тәртібі ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң жұмыс ерекшелiктерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының тиiстi заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулылармен, сондай-ақ халықаралық келісімдермен реттеледi.
3. Мемлекеттік реттеу мен қадағалау
жүйесiнiң функциялары
Атом энергиясын пайдалану қауiпсiздiгiн реттеу мен қадағалаудың мемлекеттік жүйесi өз жұмысын олардың қызметi туралы ережелерге сәйкес органдар жүйесi арқылы жүзеге асырады.
3.1. Қазақстан Республикасының атом энергиясы жөніндегі агенттігі қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, айналадағы ортаны және Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мүддесiн қорғау мақсатымен атом энергиясын пайдалану кезiнде қауiпсiздiктi, ядролық қызметтi мемлекеттік реттеу мен қадағалауды ұйымдастырып, жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының аумағында ядролық қызмет объектiлерi мен түрлерiн лицензиялауды ұйымдастырып, жүзеге асырады; ядролық материалдардың және ядролық технологиялардың экспорты мен импортына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесiн жүргiзедi; ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды нақты қорғау функцияларын қамтамасыз етуге мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады.
3.2. Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлігі атом энергиясы жөніндегі агенттікпен бiрге радиоактивтi қалдықтардың жиналуын, ұқсатылуын, тасымалданылуы мен көмiлуiн ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі ведомстволық бақылау жасауды, республикадағы радиациялық жағдайды зерделеу мен бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асырады; радиация қауiпсiздiгi талаптарының сақталуына бақылау жасайды, радиоактивтi қалдықтарды көмуге рұқсат бередi, жобаларды мемлекеттік экологиялық сараптаудан өткiзедi.
3.3. Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі адамның өмiр сүруiне қауiпсiз жағдай жасалуын бақылау мақсатымен өз құзыретi шеңберiнде ядролық материалдардың, иондаушы сәуленiң басқа да көздерiнiң жасалуын, қолданылуын, сақталуын, тасымалдануын және радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады; халық шаруашылығында пайдаланылатын иондаушы сәуленiң барлық көздерiн есепке алып, оларға бақылау жүргiзедi; медициналық-санитарлық жағынан қамтамасыз етудi және жұмыс жағдайының ерекшелiктерiне тән қолайсыз кәсiптiк факторлардың әсерiне байланысты азаматтардың денсаулығын қорғауды жүзеге асырады.
3.4. Қазақстан Республикасының атом энергиясы жөніндегі агенттігі, экология және биоресурстар министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті, министрлер кабинеті жанындағы гидрометеорология жөніндегі бас басқарма Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайдың мониторингiн реттеудi және қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
3.5. Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге
орналастыру жөніндегi мемлекеттік комитетi жердi пайдалану мен
күзетуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, жердi пайдалануға
қатысты жобаларға сараптама жасайды.
3.6. Қазақстан Республикасының өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жқргізуді қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитеті өз құзыретiнде кен кәсiпорындарында, геологиялық барлау ұйымдарында, химия-металлургия цехтары мен өндiрiстерiнде мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады, атом-энергетика өнеркәсiбiнiң әскерилендiрiлген кен-құтқару бөлiмдерiнiң әскери даярлығын, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстардың, қазандық қондырғыларының, көтеру құралдарының (крандардың, лифттердiң), өндiрiстiк мақсатта қолданылатын газ жабдықтарының, оның қарауына жататын басқа да механизмдер мен құрылғылардың қауiпсiз пайдаланылуын бақылап отырады.
3.7. Қазақстан Республикасының Iшкі Iстер министрлігі объектiлердiң өмiрлiк циклының барлық кезеңдерiнде өрт қауiпсiздiгi жөніндегі қолданылатын стандарттардың, нормалар мен ережелердiң өртке қарсы қоятын талаптарының орындалуын қадағалауды, сондай-ақ ядролық материалдарды, радиоактивтi қалдықтар мен иондаушы сәуле көздерiн тасу ережелерiнiң, автомобиль көлiгiмен тасу кезiнде оларды тасымалдау құралдарын тiркеу ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
3.8. Қазақстан Республикасының геология және жер қойнауын Қорғау министрлігі өз құзыретiне сәйкес бастапқы (шикiзаттық) ядролық материалдарды шығару мен радиоактивтi қалдықтарды көму саласында, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыратын орындарды анықтаған кезде реттеу мен қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
3.9. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі атом энергиясын пайдаланумен байланысты қорғаныс кешенiнiң объектiлерiнде қызметтiң мемлекеттік реттелуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады әрi олардың ядролық және радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
3.10. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті осы Ережеде регламенттелген қызметтi жүзеге асыру барысында ұлттық мүдделердi қорғаудың мемлекеттік реттелуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады.
3.11. Қазақстан Республикасының көлік министрлігі ядролық материалдардың, ионданушы сәуле көздерiнiң, ядролық қондырғылар жабдықтары мен радиоактивтi қалдықтардың тасымалдануын мемлекеттік реттеудi ұйымдастырады.
3.12. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс штабы төтенше жағдайлардан сақтандыру және олардың зардаптарын жою жөніндегі шаралардың белгiленуi мен орындалуына мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады.
3.13. Қазақстан Республикасының министрлер кабинеті жанындағы стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі бас басқарма өнiмдер номенклатурасы мен сапасы, қызмет көрсету, халық шаруашылық объектiлерiнiң процестерi мен қауiпсiздiгi мәселелерiнде тұтынушылар мен мемлекет мүдделерiн қорғау мақсатымен стандарттау мен бiр iзге салу саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; стандарттар талабының сақталуына және өлшем құралдарының жайына бақылауды қамтамасыз етедi.
3.14. Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі құрылыстың сапасына мемлекеттік сәулеттiк-құрылыстық қадағалау жасайды, жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау кезiнде басшылық етедi, Қазақстан Республикасының тұрғын Үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін өркендету және пайдалану жөніндегi мемлекеттік республикалық "Қазтұрғынкомшар" концернімен бiрге құрылыс кешенi мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдары мен кәсiпорындарының қызметiн мемлекеттік реттеудi жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік басқару функциялары
Ядролық қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын мыналар орындайды:
4.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ОТЫН РЕСУРСТАРЫ МИНИСТРЛIГI ядролық кешен кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметiн мемлекеттік басқаруды ұйымдастырады, олардың ядролық және радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi, пайдалы қазбаларды шығару үшiн лицензия негiзiнде жер қойнауын (жергiлiктi басқару органдарымен келiскен соң) кен бөлiнiсiне беру мәселелерiн шешедi; энергетика мен атом өнеркәсiбiне қарасты барлық кәсiпорындардың қызметiн үйлестiредi, жергiлiктi басқару органдарымен бiрге энергетика және атом өнеркәсiбi кәсiпорындары мен объектiлерiнiң аймақтық орналасу мәселелерiн шешедi; отын-энергетика кешенi мен атом өнеркәсiбi кәсiпорындарын салу және қайта жаңарту жобаларына сараптама мен конкурс өткізу үшiн, бұл салалардың объектiлерi мен өндiрiстiк қуаттарын пайдалануға қабылдау үшiн комиссиялар құрады.
4.2. Қазақстан Республикасының атом энергиясы жөніндегі агенттігі мемлекеттік басқару органы ретiнде Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы тарауларындағы атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты, жобаларды мемлекеттік сараптауды, ядролық қызмет саласындағы бағдарламаларды және оларды iске асыру жөніндегі шараларды үйлестiрудi, ядролық және радиациялық қауiпсiздiк стандарттарын әзiрлеу мен негiздеу жөніндегі қызметтi басқаруды; экология және биоресурстар министрлігімен бiрге радиоактивтi қалдықтарды жинаудың, ұқсатудың, тасымалдаудың республикалық жүйесiн құруды ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады.
4.3. Қазақстан Республикасының атом энергиясы жөніндегі агенттігі - атом-өнеркәсiбi кешенiнiң объектiлерiнде әрi экология және биоресурстар министрлігі - айналадағы табиғи ортада денсаулық сақтау министрлігінің, жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеттің, гидрометеорология жөніндегі бас басқармасының, азаматтық қорғаныс штабының қатысуымен радиациялық жағдайға бақылау жасайды.
4.4. Қазақстан Республикасының ішкі Iстер министрлігі атом энергетика мен өнеркәсiбi объектiлерiнде олардың өмiрлiк циклының барлық кезеңiнде арнайы және әскери күзеттi, өрт сөндiрудi жүзеге асырады.
4.5. Қазақстан Республикасының Iшкі әскерлері қолбасшысының бас басқармасы осы ережеде көрсетiлген iс-қимыл объектiлерiн арнайы және әскери күзетудi (қорғауды) жүзеге асырады.
4.6. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс штабы халықты және ұлттық игiлiктi қорғау мақсатымен атом энергиясын пайдалану кезiнде болуы мүмкiн төтенше жағдайлардың зардаптарын жою iсiн ұйымдастырады.
4.7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттIк комиссиясы ядролық қызметпен байланысты төтенше жағдайлардың қаупi төнген немесе болған кезде мемлекеттік және жергiлiктi басқару органдарының жұмыстарын үйлестiрудi жүзеге асырады.
5. Атом энергиясын пайдалану саласындағы
қауiпсiздiк жөніндегі Ережелер мен нормалардың жүйесi
5.1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қауiпсiздiк жөніндегі ережелер мен нормалардың жүйесi ядролық қондырғыларды және иондаушы, сәуле көздерiн жобалауға, салуға, пайдалануға және пайдаланудан шығаруға қойылатын талаптар тұжырымдалған ережелер мен нормалардан, сондай-ақ реттеу мен қадағалау органдарының қызметiн айқындайтын құжаттардан тұрады.
5.2. Атом энергиясын пайдалану қауiпсiздiгiн айқындайтын ережелер мен нормалар жүйесiне:
- ядролық материалдарды пайдалану қызметiн реттеуге арналған Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi қабылдаған құжаттар;
- радиоэкологиялық және медициналық-биологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі Экология және биоресурстар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған құжаттар;
- Қазақстан Республикасының нормативтiк актілері мен осы Ережеге қайшы келмейтiн "Атом энергиясын пайдалану саласындағы ережелер мен нормалардың Жиынтық тiзбесiнiң" (АЭЕНЖТ-87) осыған қатысты құжаттары;
- Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалауы қабылдаған техника қауiпсiздiгi жөніндегі құжаттар;
- мемлекеттік реттеу, басқару мен қадағалау органдары өздерiнiң құзыры мен функцияларына сәйкес әзiрлеген басқа да нормативтiк құжаттары кiредi.
5.3. Мемлекеттік стандарттардың және құрылыс нормалары мен ережелерiнiң жүйесi атом энергиясын пайдалану қызметiнiң барлық түрлерiнде, бұл саланың қауiпсiздiгi жөніндегі ережелерi мен нормаларына қайшы келмейтiн бөлiгiнде iске асырылады. Қайшылық болған жағдайда атом энергиясын пайдалану саласындағы қауiпсiздiктiң ережелерi мен нормалары қолданылады.
5.4. Ведомстволық нормативтiк-техникалық құжаттама жүйесi ведомство шеңберіндегі қызметтiң белгiлi бiр түрiн реттейдi. Бұл жүйенiң құжаттары атом энергиясын пайдалану саласындағы қауiпсiздiктiң ережелерi мен нормалары жүйесiне және мемлекеттік стандарттау және құрылыс нормалары мен ережелерi жүйесiнiң құжаттарына қайшы келмеуге тиiс.
5.5. Атом энергиясы пайдалану, ядролық қызмет саласындағы қауiпсiздiк жөніндегі ережелер мен нормалар жүйесiн дамыту мен жетiлдiру үшiн Атом энергиясы жөніндегі агенттiк реттеу мен қадағалаудың басқа да органдарымен бiрлесе отырып, оларды әзiрлеу мен қайта қараудың бағдарламасы мен жоспарын жасап, келiседi, басқа да реттеу мен қадағалау органдарының, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың ұсыныстары бойынша жоспарға жыл сайын түзетулер енгiзiлiп отырылады.
5.6. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Атом энергиясы жөніндегі агенттiктiң өтiнiмiне сәйкес, реттеу мен қадағалаудың басқа да органдарының қажеттiлiгiн ескере отырып, атом энергиясын пайдалану және ядролық қызмет саласындағы қауiпсiздiк жөніндегі ережелер мен нормалар жүйесiн әзiрлеу мен қайта қарауды қаржыландырудың мөлшерiн айқындайды, оларға белгiленген тәртiппен қажеттi көлемде қаржы бөледi.
5.7. Министрлiктер мен ведомстволар реттеу мен қадағалау органдарына жаңа ережелер мен нормалар әзiрлеу жөнiнде өздерiнiң ұсыныстарын, сондай-ақ қолданылып жүрген ережелер мен нормаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар түсiредi. Ережелер мен нормаларды әзiрлеу, келiсу, бекіту, басып шығару, күшiне енгізу мен қайта қарау тәртібін реттеу мен қадағалау органдарының қызметiн, құзырлы саласын және өкiлеттiлiгiн белгiлейтiн құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.
5.8. Реттеу мен қадағалау органдары ережелер мен нормаларды басып шығаруды және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар арасында олардың таратылуын қамтамасыз етедi, сондай-ақ қолданылып жүрген ережелер мен нормаларға енгiзiлетiн барлық өзгерістер мен қосымшалар туралы хабарлап отырады.
5.9. Атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдары өз құзыры шегiнде қарауындағы аумақта экологиялық қауiпсiздiктiң ережелерi мен нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
5.10. Атом энергиясын пайдалану мен ядролық қызмет саласындағы қауiпсiздiкке қатысы бар ережелер мен нормалардың бәрi Қазақстан Республикасының Атом энергетика жөніндегі агенттiгiмен мiндеттi түрде келісілуге тиiс.
6. Рұқсат ету жүйесi мен лицензиялау
6.1. "Атом электр станцияларының (АЭС-тiң қауiпсiздiгi мәселелерiн реттеудi үкiметтiк ұйымдастыру) қауiпсiздiгi жөніндегі ережелердiң Жинағында" (№ 50-С-Q / Rev. 1) тұжырымдалған МАГАТЭ-нiң талаптарына сәйкес және ССРО Жоғарғы Кеңесiнiң "Кәсіпорындардың арнайы рұқсаттар (лицензиялар) негізінде ғана шұғылдануіа құқы болатын қызметтің түрлері туралы" 1991 жылғы 28 мамырдағы № 2195-1 қаулысы негiзiнде қауiпсiздiктi реттеу жүйесi ұйымдар мен кәсiпорындарға жобалау, салу, пайдалану және ядролық қондырғылардың басқа да өмiрлiк циклды кезеңдерi бойынша белгiлi бiр қызмет түрлерi мен атом энергиясын, ядролық қызметтiң басқа да түрлерiн пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыру құқығына рұқсаттар (лицензиялар) беруге негiзделедi. Ядролық қондырғылар үшiн бұл рұқсатты берудiң тәртібін Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi айқындайды, ол лицензиялау жүйесiн енгiзгенге дейiн күшiн сақтайды (қосымшаға сәйкес).
6.2. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беру кезiнде қадағалау органдарының арасындағы өзара iс-қимыл қадағалаудың нақты органдары туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ, жекелеген жағдайларда, олардың арасындағы өкiлдiктiң аражiгiн бөлу туралы хаттамалармен айқындалады.
6.3. Мемлекеттік қадағалау органдарының, министрлiктердiң, ведомстволардың ядролық қондырғылардың әрбiр тұрпатының өмiрлiк циклы кезеңіндегі өзара iс-қимылы қолданылып жүрген заңдармен, заң актілерімен және қауiпсiздiк саласындағы ережелер әрi нормалар жүйесiмен айқындалады және мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
6.3.1. Тұжырымдаманы әзiрлеу сатысы
6.3.1.1. Атом энергиясын пайдалануға байланысты объектiлердi салудың қажеттiлiгi осы Ереженiң 3 және 4-тарауларында көрсетiлген тиiстi министрлiктермен, ведомстволармен және қадағалау органдарымен келісілуге және оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекітуге тиiс.
6.3.1.2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың және қадағалау органдарының өздерiнiң құзыретi шегіндегі сараптау қорытындыларын ескере отырып, мемлекеттік инвестициялардың тиiмдiлiгi туралы шешiм қабылдайды.
6.3.1.3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi объектiлерге Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерiнiң әскери (арнайы) күзетiн ұйымдастыру туралы шешiм қабылдайды.
6.3.2. Техникалық-экономикалық негiздеу сатысы
6.3.2.1. Облыстардың жергiлiктi өкiлдi өкiмет органдары объектiлердi орналастыру мен дамыту схемаларының негiзiнде ядролық қондырғыны орналастыру ауданын алдын-ала келiсудiң материалдарын қарап бекiтедi; бұған Экология және биоресурстар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы, Азаматтық қорғаныс Штабы, Iшкi iстер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі, Жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитет, Мемкенқадағалаукомы тартылады, олар жергiлiктi өкiлдi өкiмет органдарына сараптау қорытындыларын бередi. Жергiлiктi әкiм жер учаскесiн алып қоймастан орналастыру мекенiне алдын-ала келісім актiсiн бередi, ол ТЭН сатысында жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн негiз болып табылады.
6.3.2.2. Пайдаланушы ұйым Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiн, Экология және биоресурстар министрлігінiң, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң, Денсаулық сақтау министрлігінiң, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының, Жер қатынастары және Жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң, Қорғаныс министрлігінiң, Азаматтық қорғаныс Штабының, Iшкi iстер министрлігінiң, Мемкенқадағалаукомының, Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлерi Бас басқармасының қолданылып жүрген нормативтiк талаптарына сәйкес әзiрленген ТЭН материалдарын, сондай-ақ олардың сараптау қорытындыларын Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігіне табыс етедi, ол жергiлiктi өкiмет және басқару органдарымен бiрлесiп, энергетика және атом өнеркәсiбi кәсiпорындары мен объектiлерiн аймаққа орналастыру туралы шешiм қабылдайды, отын-энергетика кешенi мен атом өнеркәсiбi кәсiпорындарын салу мен қайта жаңартудың жобаларына сараптау мен конкурс жүргiзу үшiн осы салалардың объектiлерi мен өндiрiстiк қуаттарын пайдалануға қабылдау үшiн комиссиялар құрады.
Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі ТЭН материалдарын мемлекеттік экологиялық сараптаудың нәтижелерi бойынша табиғатты кешендi пайдалануға рұқсат (лицензия) бередi.
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі ТЭН материалдарын мемлекеттік экологиялық сараптаудың нәтижелерi бойынша iздестiру жұмыстарына рұқсат (лицензия) бередi.
Қазақстан Республикасының Үкiмет сараптау комиссиясының оңтайлы қорытындысының негiзiнде мемлекеттік бюджеттен ядролық қондырғы жасау үшiн мемлекеттік инвестициялар жөніндегі шешiм қабылдайды.
Жергiлiктi әкiм пайдаланушы ұйымның өтiнiшi бойынша жергiлiктi өкiлдi өкiмет органдарының келісімiмен жерлердi кесiп алу және оларды ядролық қондырғымен орналастыру аумағын қорғау жөніндегі дайындық жұмыстарын жүргiзу үшiн беру туралы алдын ала рұқсат ете алады. Жергiлiктi әкiм жердi алып қою мен жер учаскесiн беру туралы, әдетте, жоба бекiп, құрылыс жоспарына енгiзiлгеннен кейiн шешiм қабылдайды.
6.3.3. Жобалау сатысы
6.3.3.1. Пайдаланушы ұйым дербес немесе бөгде кәсiпорынды пайдалана отырып, қолданылып жүрген нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес ядролық қондырғы құрылысының жобасын әзiрлейдi, жобаны олардың құзыретiне сәйкес министрлiктермен, ведомстволармен, қадағалау органдарымен қарайды және келiседi.
6.3.3.2. Ядролық қондырғыларды, жабдықтарды, приборлар мен соларға керектi жүйелердi жобалаушы (құрастырушы) барлық кәсiпорындар Атом энергиясы жөніндегі агенттiктен рұқсат (лицензия) алуға тиiс.
Мұндай рұқсатты алу мен жобаларды қараудың тәртібі Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi тарапынан реттеледi.
6.3.3.3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Мемкенқадағалаукомы, Денсаулық сақтау министрлігі, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі, Азаматтық қорғаныс штабы өздерiнiң құзыретіндегі мәселелер бойынша жобаларға белгiленген тәртiппен сараптау жүргiзедi және материалдарды Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгіне бередi.
Атом энергиясы жөніндегі агенттiк аталған министрлiктер мен ведомстволардың қорытындыларын ескере отырып, ядролық қондырғылар орнатудың мүмкiндiгi туралы тұжырым дайындап, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жiбередi.
6.3.3.4. Атом энергиясы жөніндегі агенттiктiң тұжырымы мен тиiстi жергiлiктi өкiлдi өкiмет органының шешiмi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiленген тәртiппен жобалық материалдарды тәуелсiз сараптау комиссиясы қарауы мүмкiн.
6.3.3.5. Жергiлiктi әкiм ядролық қондырғылар салуға арналған жобалар бекiгеннен кейiн құрылысқа жер беру туралы ақырғы шешiм қабылдайды.
6.3.3.6. Ядролық қондырғының жобасы бекітілген соң Атом энергиясы жөніндегі агенттiк ядролық қондырғының құрылысын бастауға рұқсат (лицензия) бередi.
6.3.4. Ядролық қондырғылар үшiн жабдықтар, приборлар мен жүйелердi дайындау
Ядролық қондырғылар үшiн жабдықтар, приборлар және жүйелер дайындау кезiнде қауiпсiздiк пен сапаны қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен ережелердiң, нормалардың сақталуын реттеу мен бақылау Қазақстан Республикасының "Стандарттау және сертификаттау туралы" Заңына және атом энергиясын пайдалану саласындағы қауiпсiздiк жөніндегі нормативтiк актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
6.3.5. Құрылыс жүргiзу мен монтаждау сатысы
6.3.5.1. Ядролық қондырғыларда құрылыс-монтаж, iске қосу-реттеу және жөндеу жұмыстарын атқаратын ұйымдардың, бiрлестiктердiң, концерндер мен кәсiпорындардың Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiктен сол жұмыстарды жүргiзуге құқық беретiн рұқсаты (лицензиясы) болуға тиiс.
6.3.5.2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ядролық қондырғыларда құрылыс-монтаж жұмыстарының барысында қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiн медициналық-санитарлық қамтамасыз ету саласында санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады және ядролық қондырғының жобасында көзделген облыс халқына санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайлар туғызу жөніндегі бағдарламалардың орындалуын бақылайды.
6.3.5.3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі ядролық қондырғыны салу мен монтаждау кезiнде өртке қарсы қауiпсiздiк жөніндегі барлық талаптардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады.
6.3.5.4. Мемкенқадағалаукомы өзiнiң құзыретi шегiнде геологиялық барлау ұйымдарындағы, кен кәсiпорындарындағы, химиялық-металлургиялық цехтар мен өндiрiстердегi құрылыс-монтаж қызметi барысындағы жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
6.3.5.5. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi Iшкi әскерлер Бас басқармасы Қолбасшысының қатысуымен объектiлердi күзетудiң инженерлiк-техникалық құралдарымен, нақты қорғау жүйесiмен, жеке құрамға арналған қорғаныс ғимараттарымен жабдықтаудың мерзiмi мен сапасына бақылауды жүзеге асырады.
6.3.6. Пайдалануға қосу, пайдалану, пайдаланудан шығару
6.3.6.1. Жаңадан iске қосылған ядролық қондырғының аумағына және iске қосу-реттеу жұмыстары кезеңдерiне алғаш ядролық отын әкелерде ядролық қондырғының әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiктен рұқсат алуға мiндеттi.
Рұқсаттар: объектiнiң дайындық жайын тексерудiң қорытындысы бойынша ядролық отынның алғаш әкелiнуiне және қолданылған ядролық отын мен радиоактивтiк қалдықтарды сақтау қоймасын пайдалануға қосқанда;
- iске қосу-реттеу жұмыстарының жекелеген кезеңдерiне берiледi.
6.3.6.2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi, Денсаулық сақтау министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Азаматтық қорғаныс Штабы. Мемкенқадағалаукомы ядролық қондырғының пайдалануға беруге әзiрлiгiн бағалау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады, ол актiмен тұжырымдалады. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiне актiнi және қауiпсiздiк жөніндегі ережелер мен нормаларда табыс ету үшiн белгiленген басқа да қажеттi құжаттарды түсiргеннен кейiн пайдаланушы ұйым Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнен ядролық қондырғыны тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк пайдалануға рұқсат (лицензия) алады.
6.3.6.3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ядролық қондырғыны пайдалану барысында облыста санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды, сондай-ақ облыс халқын медициналық-санитарлық жағынан қамту мен қорғауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ядролық қондырғыны пайдалану барысында оған мамандандырылған санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады.
6.3.6.4. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi пайдалану барысында қадағалауды жүзеге асырады және қадағалауға алынған объектiлердегi ядролық және радиацияның қауiпсiздiк жайындағы өзгерістер туралы Үкiмет пен жергiлiктi өкiмет органдарына, сондай-ақ қадағалау жүзеге асырылатын аумақтағы қалалар мен облыстардың жұртшылығына хабарлап отырады.
6.3.6.5. Ядролық қондырғыны пайдалану кезіндегі өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi қадағалауды Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға және осы қадағалау туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Осы мақсатпен:
- өрт қадағалау органдары жүргiзген ядролық қондырғының технологиялық бөлiгіндегі өрт және өрт қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылғандығы жөніндегі зерттеулердiң нәтижелерi мен қорытындыларын Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi объектiнiң тұтас алғандағы қауiпсiздiгiн бағалау үшiн пайдаланады;
- Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң күшi мен атом энергиясының объектiлерiнде бақылау-инспекциялық және алдын-алу рәсiмдерiн бiрлесе жүргiзу ұйымдастырылады;
- қадағалау органдарының инспекторлық құрамын, лауазымдық мiндеттердi, ережелер мен нормаларды бiлу деңгейiн ескере отырып, өзара аттестаттау келісім бойынша жүргiзiледi.
6.3.6.6. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы ядролық қондырғыны пайдалану кезiнде өзiнiң құзыретiне сәйкес жалпы техникалық қауіпсiздiктi мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
Осы мақсатпен атом-энергетика өнеркәсiбi объектiлерiнiң жалпы техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiне инспекциялық және алдын-алу рәсiмдерiн бiрлесiп жүргiзу ұйымдастырылады алады.
6.3.6.7. Пайдаланушы ұйым ядролық қондырғының жобалық мерзiмдiк қызметi аяқталғанға дейiнгi 5 жылдан кешiктiрмей ядролық қондырғыны пайдаланудан алудың жобасын әзiрлеудi және оны мемлекеттік реттеу мен қадағалау органдарымен келiсудi қамтамасыз етуге тиiс. Жаңадан құрылатын ядролық қондырғы үшiн оны пайдаланудан алудың жобасы құрылыстың жобасына енгiзiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі "АЭС энергоблогын пайдаланудан шығару кезіндегі радиациялық қауiпсiздiктiң талаптары (СССРО Мематомэнергияқадағалаукомы бекiткен АЭС-89 радиация қауiпсiздiгiнiң Ережелер)" деген бөлiмiне және басқа нормативтiк құжаттарға сәйкес, сондай-ақ ядролық қондырғы жобасының "Пайдаланудан шығару" бөлiмiн ескере отырып, мамандандырылған санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.
6.4. Атом энергиясын пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялар.
Ядролық қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензияның болуы талап етiледi. Лицензия Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оны алу құқына ие адамның атом энергиясын пайдалану жөніндегі қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруына рұқсат беретiн ресми құжат болып табылады.
Лицензияда лицензияланатын қызметтiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды айқындайтын шарттар болуға тиiс. Лицензия шарттарын ол жүзеге асырылатын қызмет пен объектiнiң нақты түрiнiң ерекшелiгiн ескере отырып лицензияны берушi ведомство белгiлейдi.
Лицензия алған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
- лицензия мен рұқсатта айқындалған шарттарды орындамағаны үшiн;
- радиациялық және басқа да техногендiк әсер етуден халыққа және табиғи ортаға келтiрген зиян үшiн жауап бередi.
Ядролық қызмет жүргiзуге лицензия мынадай жағдайда, егер:
- талап етiлген шарттар тиiсiнше орындалмағанда;
- қауiпсiздiк тұрғысынан айғақты себептер болғанда қайтарылып алынуы мүмкiн.
Қадағалаушы органның сұратуы бойынша лицензияның иесi:
- қадағалау мен инспекциялау жүргiзу үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды органға беруге;
- инспекциялау жүргiзу кезiнде қызмет атқарылатын жерге орган өкiлдерiнiң жiберiлуiн қамтамасыз етуге тиiс.
6.5. Рұқсат ету жүйесiнен лицензиялау жүйесiне көшу тиiстi заң шығарушылық және заңдық актiлердiң күшiне енгiзiлуiне қарай жүзеге асырылады.
7. Халықтың радиациялық қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету
7.1. Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi осы Ережеде аталған жұмыс iстейтiн объектiлердi пайдалануды жүзеге асыратын пайдаланушы ұйымдар, өзге же заңды тұлғалар тарапынан қамтамасыз етiледi.
7.2. Халықтың радиациялық қауiпсiздiк реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң, Экология және биоресурстар министрлігінiң және Денсаулық сақтау министрлігінiң құзыретiне енедi. Аталған органдардың әрқайсысының реттеу мен қадағалаудағы нақты функциялары осы органдар туралы ережелерде айқындалған.
7.3. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар "Радиоактивтiк заттармен және басқа иондалған сәуле көздерiмен жұмыстың негiзгi санитарлық ережелерiмен" реттеледi. Сәуле алудың дозалық шегiнiң жүйесi мен деңгейi және оларды қолданудың ұстанымдары қадағалау органдары талап қойған сәтте қолданылып жүрген "Радиациялық қауiпсiздiк нормаларымен" белгiленедi.
7.4. Жергiлiктi атқару органдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінiң органдары (облыстардағы СЭС) арқылы өздерiне ведомстволық бағыныстағы аумақтардағы жерлер мен объектiлерде радиоактивтiк заттар мен иондалған сәуле көздерiнiң тиiстi ережелерде белгiленген көлемде өндірiлуiне, тасымалдануына, ұқсатылуына, пайдаланылуына, жиналуына, сақталуына және көмiлуiне есеп жүргiзедi.
8. Ядролық материалдарды есепке алу мен бақылау
кезіндегі өзара iс-қимылдың тәртібі
8.1. Ядролық материалдар олар орналасқан жердегi ядролық материалдардың нақты санын анықтау, ысырапты, рұқсатсыз пайдалану мен ұрлауды болдырмау мақсатында мемлекеттік есеп пен бақылауға жатады. Есепке алынған материалдар мен бақылаудың нәтижелерi ядролық материалдардың саны, орналасқан жерi, пайдалану сипаты, орын алмастырылуы туралы, оларды тиiстi мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының экспорт пен импортқа шығаруы, ядролық материалдарды өндiру мен пайдаланудың қауiпсiздiгiне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеуi мен қадағалауы туралы жүйелi әрi жедел ақпарат беруге пайдаланылады.
8.2. Ядролық материалдарды есепке алу мен бақылау деп ядролық материалдардың санын анықтау және өндiрiлген жерде осы мөлшердi тексеру, пайдалану және сақтау, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт iшiнде бұл мөлшердiң өзгертуiн айқындау мақсатында жүргiзiлетiн қызмет түсiнiледi. Ядролық материалдарды есепке алу мен бақылау элементтерiне ядролық материалдардың баланс аймағын айқындау, құжаттамалар жүргiзу, есеп берiлетiн құжаттарды әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiне жiберу материалдардың мәлiмденген түгел санын анықтау үшiн деректердi есеп бойынша тексеру мен талдау жатады.
8.3. Ядролық материалдарды ядролық қондырғыларда есепке алу мен бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзудi ядролық материалдарын пайдалану мен сақтау жөніндегі қызметтi атқаруға рұқсаты (лицензиясы) бар басқару органдары мен кәсiпорындар жүзеге асырады.
8.4. Ядролық материалдарды есепке алу мақсатында қол жеткізудiң нормативтiк талаптары мен өлшемдерiн әзiрлеу, деректердiң орталықтандырылған базасын жолға қою, ядролық материалдарды есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесiн жүзеге асырудың нәтижелерi туралы есеп-қисап түсiру, ядролық қондырғылардағы материалдардың есебiн жүргiзу мен бақылаудың қамтамасыз етiлуiн қадағалау, олардың неге жататынына және қайда бағынатынына қарамастан, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi тарапынан жүзеге асырылады.
8.5. Заңды тұлғалар және олардың құрамына енетiн ядролық материалдарды өндiруге және (немесе) пайдалануға байланысты қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқына рұқсаты (лицензиясы) бар пайдаланушы ұйымдар белгiленген мерзiмде Атом энергиясы жөніндегі агенттiктiң алдында қондырғылардағы ядролық-материалдардың нақты саны туралы және мөлшеріндегі барлық өзгерістер туралы есеп берiп отыруға, атап айтқанда:
- ядролық материалдарды есепке алу жөніндегі есеп-қисапты талап етiлген көлемде Атом энергиясы жөніндегі агенттiкке жiберуге;
- Атом энергиясы жөніндегі агенттiк пен жергiлiктi органдар өкiлдерiнiң ядролық материалдар орналасқан немесе пайдаланылатын жерлерге жiберiлуiн қамтамасыз етуге;
- ядролық заттардың нақты мөлшерiне тексеру жүргiзу үшiн жағдай туғызуға;
- ядролық материалдарға есептiк құжаттаманы талап етiлген көлемде түсiруге;
- инспекциялау мақсатында пайдаланылатын приборлар мен жабдықтарды қолдану үшiн жағдай туғызуға;
- Атом энергиясы жөніндегі агенттiктiң инспекторлары есепке алынбаған ядролық материалдар орналасқан немесе пайдаланылатын жерлерге жiберiлуiн қамтамасыз етуге;
- ядролық заттардың нақты мөлшерiне тексеру жүргiзу үшiн жағдай туғызуға;
- ядролық материалдарға есептiк құжаттаманы талап етiлген көлемде түсiруге;
- инспекциялау мақсатына пайдаланылатын приборлар мен жабдықтарды қолдануға жағдай туғызуға;
- Атом энергиясы жөніндегі агенттiктiң инспекторлары есепке алынбаған ядролық материалдарды немесе ядролық материалдардың ысырап болу фактілерін немесе ядролық материалдардың нақты мөлшерiн тексерудiң нәтижелерi мен есепке алынған деректердiң арасындағы алшақтықты айқындаған жағдайда солардың талап етуi бойынша қосымша ақпарат түсiруге;
- ядролық материалдарды түгендеу санының өзгеруiне байланысты ядролық материалдармен жоспарланған операциялар туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттiктiң атына хабарлама жiберуге мiндеттi.
8.6. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi:
- ядролық материалдардың мөлшерi туралы есеп-қисаптың көлемiне, нысанына және мерзiмдiлiгiне қойылатын талапты қосқанда, ядролық материалдарды есепке алу мен бақылаудың тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлеудi;
- инспекциялау жүргiзу жоспарлары туралы, соның iшiнде тексерулердiң саны мен мерзiмi туралы заңды тұлғалар мен пайдаланушы ұйымдарды хабардар етудi;
- ядролық материалдардың есептелмеген бөлiгiн анықтау мақсатында ядролық материалдардың нақты мөлшерiн тексерудi;
- инспекциялық тексерудi жүзеге асырудың қорытындылары туралы заңды тұлғаларды, олардың құрамындағы пайдаланушы ұйымдар мен тиiстi атқарушы органдарды хабардар етудi;
- ядролық материалдарды есепке алу мен бақылау жөніндегі
талаптарды бұзушылық, баланстық алшақтықтар айқындалған жағдайда
жоспардан тыс инспекциялау жүргiзудi жүзеге асырады.
8.7. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң атына жiберiлген хабарламаға жоспарлы жөнелтiлiмдер, алынымдар ядролық материалдарды қондырғылар арасында тасымалдаулар туралы ақпарат енуге тиiс. Рәсiмнiң тәртібін, талабы мен шартын, түсiру мерзiмiн, хабарламаның мазмұнын Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi белгiлейдi.
8.8. Пайдаланушы ұйымдар мен заңды тұлғалардың қадағалаушы органның алдындағы есеп беру жүйесiне:
- ядролық материалдардың түгенделу санының өзгерістерi (алу, жөнелту, ядролық өндiрiс, ядролық шығын, жөнелтушiнiң) алушының деректеріндегі алшақтықтар, есептен шығарып тастау, ядролық материалдарды түгендеу санындағы өзге де шығындар мен өзгерістер) туралы есеп берулер;
- пайдаланушы ұйымдар жүргiзетiн мерзiмдiк тиянақты түгендеу барысындағы ядролық материалдардың қолдағы нақты мөлшерiн тексерудiң нәтижесi туралы есеп берулер;
- тиянақты түгендеулер арасындағы кезең iшiнде ядролық материалдардың балансы туралы материалдық-баланстық есеп берулер;
- ядролық материалдардың шығыны айқындалған жағдайда, осындай оқиғаны тексерудiң нәтижесiн қоса, арнайы есеп берулер;
- қондырғылардың конструкциясы мен ядролық материалдарды пайдалану тәсiлiне жоспарлы өзгерістер енгізу туралы хабарлама енедi.
8.9. Заңды тұлғалар мен олардың құрамындағы пайдаланушы ұйымдары жергiлiктi өкiмет органдарының сұратуы бойынша оларды ядролық материалдардың қолда бары, пайдалану сипаты, сақталуы туралы хабардар етiп отыруға мiндеттi. Берiлетiн ақпараттың көлемi жөнiнде шектеу мемлекеттік құпияны сақтау мүддесiне және ядролық материалдар мен қондырғыларды нақты қорғау талаптарына орай болады.
8.10. Атом энергиясы жөніндегі агенттiк Қазақстан Республикасының аумағындағы ядролық материалдарды есепке алу мен бақылаудың жайы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жыл сайын есеп берiп отырады.
Халықтың және айналадағы ортаның ядролық және радиациялық қауiпсiздiгiне әсер ететiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүддесiне нұқсан келтiретiн ауытқушылықтар орын алған жағдайда Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдарына дереу ақпарат жiбередi.
9. Ядролық материалдар мен ядролық
қондырғыларды нақты қорғау
9.1. Барлық ядролық материалдар мен ядролық қондырғылар нақты қорғауға жатады. Нақты қорғау дегенiмiз - ядролық материалдарды ұрлауға, ядролық қондырғыларға ықпал етуге және ұлттық қауiпсiздiктiң мүддесiне, ядролық және радиациялық қауiпсiздiкке зиянын тигiзетiн өзге де зардаптарға әкеп соғуы мүмкiн ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарға рұқсат етiлмеген жолатуларды болдырмауға бағытталған жоспарлаудың, үйлестiрудiң, бақылаудың, ұйымдастырушылық және тактикалық шаралар кешенiн жүзеге асырудың бiртұтас жүйесi.
9.2. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды нақты қорғауды атом энергиясын пайдалану жөніндегі мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік реттеу және қадағалау органдары (Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi) және ядролық қаруды жоюға байланысты мемлекеттік басқару органдары (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қорғаныс министрлігі, Iшкi әскерлер Қолбасшысының Бас басқармасы, ядролық материалдарды тасымалдаған кезде - Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі) ұйымдастырады және бақылайды.
9.3. Ядролық материалдар мен ядролық қаруды пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға байланысты кәсiпорындарды (объектiлердi) нақты қорғауды жүзеге асыру мен қамтамасыз етуге пайдаланушы ұйым тiкелей жауап бередi. Ядролық қондырғыны нақты қорғауды қамтамасыз ету үшiн пайдаланушы ұйым Қазақстан Республикасы iшкi әскерлерiнiң және (немесе) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери бөлiмдерiн тартады.
9.4. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың объектiлердегi және тасымалдау кезіндегі нақты қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың орындалуына мемлекеттік қадағалауды, нақты қорғау мақсаттарына қол жеткізудiң нормативтiк талаптары мен өлшемдерiн белгiлеудi Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi жүзеге асырады.
9.5. Ядролық материалдарды өндiру және (немесе) пайдалану жөніндегі қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүргiзуге арналған рұқсаты бар пайдаланушы ұйымдар өздерiнiң кәсiпорындарын (объектiлерiн) нақты қорғаудың жайы туралы басқару, мемлекеттік реттеушi және қадағалаушы органдарының алдында есеп берiп отыруға мiндеттi.
9.6. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi Iшкi iстер министрлігімен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен және Iшкi әскерлерi Қолбасшысының Бас басқармасымен бiрлесе отырып, кәсiпорындарды (объектiлердi) нақты қорғауды қамтамасыз етудiң инженерлiк жүйелерi мен құралдарын әзiрлеудiң және жаңартудың өлшемдерi мен техникалық талаптарын айқындайды.
9.7. Ядролық материалдарды пайдалану, сақтау, тасымалдау жөніндегі қызметтi жүргiзуге рұқсаты (лицензиясы) бар заңды тұлғалар мен пайдаланушы ұйымдар:
- Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң, басқа да мемлекеттік органдардың (олардың өз құзiретi шегiнде) нақты қорғаудың жайына бақылау (инспекциялау) жасауына жағдай туғызуға;
- Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң инспекторына объектiлердi нақты қорғауды қамтамасыз ету жүйесiнiң техникалық жайы жөніндегі есеп беру құжаттамасын талап етiлген көлемде түсiруге;
- нақты қорғауды қамтамасыз етудiң талаптарына сәйкессiздiк анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi инспекторларының талап етуi бойынша қосымша ақпарат түсiруге, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң ұсынысы бойынша ашылған кемшiлiктердi жоюға мiндеттi.
9.8. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi:
- ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды нақты қорғау жүйесiнiң жайы туралы есеп берудiң тәртібін, нысаны мен көлемiн айқындайды;
- ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды нақты қорғаудың жайын қадағалау мақсатымен кәсiпорындарда (объектiлерде) инспекциялау жүргiзедi.
9.9. Нақты қорғау мақсаттарына жетудiң талаптары мен өлшемдерiне сәйкес нақты қорғау өткізу режимi және арнайы жүктердi тасымалдау тәртібі шеңберiнде күзет шараларын қолдануды қамтамасыз ететiн әскери бөлiмдер бағынатын ведомство бөлiмдер мен бөлiмшелердiң, құқық тәртібін қорғау органдарының төтенше жағдайлар туындаған кездегi өзара iс-қимылының тәртібін белгiлейдi.
10. МАГАТЭ-мен өзара iс-қимыл
10.1. Қазақстан Республикасы МАГАТЭ-нiң мүшесi бола отырып, оның органдарының атом энергиясының бейбiт мақсатта қауiпсiз пайдаланылуына жәрдемдесуге, ядролық қаруды таратпау режимiн, соның iшiнде халықаралық кепiлдiктi қамтамасыз етiп нығайтуға, радиоактивтi заттар мен иондаушы сәулелердi өнеркәсiпте, денсаулық сақтау мен ауыл шаруашылығында қолдануға байланысты қызметiне қатысады.
10.2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі МАГАТЭ-мен iс-қимыл кезiнде саяси-құқықтық мәселелердiң шешiлуiне жауап бередi.
10.3. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi МАГАТЭ-нiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысына байланысты министрлiктер мен ведомстволардың (Ядролық энергия мен қауiпсiздiк департаментiнiң, Кепiлдiктер департаментiнiң, Ғылыми зерттеулер мен изотоптар департаментiнiң, Зайберсдорфтегi МАГАТЭ лабораториясының, Халықаралық теориялық физика орталығының, Халықаралық теңiз радиоактивтiлiгi лабораториясының, Техникалық ынтымақтастық департаментiнiң) қызметiн үйлестiру үшiн жауап бередi.
10.4. Министрлiктер мен ведомстволардың МАГАТЭ-мен ағымдағы өзара iс-қимылы Австрияның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлдiгi арқылы жүзеге асырылады.
10.5. Делегацияларды қалыптастыруды, МАГАТЭ-нiң органдарының жұмысына (МАГАТЭ-нiң Бас конференциясы, МАГАТЭ-нiң басқарушылар Кеңесi, сарапшылардың, мамандардың, консультанттардың, кеңесшiлердiң консультативтiк кездесулерi және т.б.) қатысу үшiн айқындамалар әзiрлеудi шаралардың күн тәртібіне енгiзiлетiн мәселелерге орай Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен және басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсуi бойынша Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi жүзеге асырады.
10.6. Техникалық комитеттердi, консультанттар мен мамандардың кеңестерiн, кеңесшiлердiң тұрақты топтарын, жұмыс топтарын және т.б. қосқанда, Қазақстан Республикасы өкiлдерiнiң МАГАТЭ-нiң ағымдағы ғылыми-техникалық шараларына қатысуына жауапкершiлiктi, МАГАТЭ-нiң тиiстi бөлiмшелеріндегі жұмысқа байланысты қызметтi үйлестiру жағын Сыртқы iстер министрлігі мойнына алады.
10.7. МАГАТЭ Секретариатындағы квоталанған бос орындарға өтiнiштер жасалуын қолдауды Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.
10.8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі МАГАТЭ-нiң жетекшiлiгiмен әзiрленген халықаралық конвенцияларды, келісімдердi, өзге де халықаралық құқықтық құжаттарды Қазақстан Республикасының қайта қарауына және әзiрлеуi мен тұжырымдауына байланысты қызметтi жалпы үйлестiрудi жүзеге асырады.
10.9. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi МАГАТЭ-мен келісімдер бойынша мiндеттемелердiң орындалуына байланысты қызметтi үйлестiру үшiн жауап бередi.
Атом энергиясы мен ядролық қызметтi
пайдалану, радиоактивтiк қалдықтар
мен қолданылған ядролық материалдарды
ұстау, Қазақстан Республикасы халқының
радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету туралы уақытша ережеге
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі
агенттiгiнiң ядролық қондырғыларды жобалау, салу, пайдалану
және өмiрлiк циклының басқа да кезеңдерi жөніндегі қызметтi
жүзеге асыру құқығына уақытша рұқсат беру тәртібі
1. Жалпы ережелер
1.1. Атом энергиясы жөніндегі агенттiктiң қызмет түрлерiне уақытша рұқсаты кәсiпорынның рұқсатта көрсетiлген қызметпен айналысуына құқық беретiн құжат болып табылады және ол орындалған кезде аталған рұқсат күшiнде қалатын шарттарды белгiлейдi.
1.2. Уақытша рұқсат әрбiр кәсiпорынға жеке-жеке бiр немесе бiрнеше қызмет түрiне берiледi.
1.3. Уақытша рұқсат берiлген сәттен бастап көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн немесе Атом энергиясы жөніндегі агенттiк өзгерiс енгiзген сәтке дейiн не Атом энергиясы жөніндегі агенттiк оның күшiн тоқтатқанға яки жойғанға дейiн, немесе кәсiпорынды жойған не қайта құрған сәтке дейiн күшiн сақтайды.
2. Уақытша рұқсат алуға өтiнiм түсiру
2.1. Уақытша рұқсат алуға түсiрiлетiн өтiнiмге мынадай құжаттардың жиынтығы:
- осы қызмет жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы көзделiп отырған қызмет түрлерi мен ядролық қондырғылар көрсетiлген өтiнiш;
- кәсiпорынның мемлекеттік тiркеуден өткенiн куәландыратын және шаруашылық жүргiзудiң құқын айқындайтын құжаттар;
- өтiнiмдi негiздейтiн құжаттар енедi.
2.2. Өтiнiмдi негiздейтiн құжаттарға мыналар:
- қызметтiң мәлiмделген түрлерiн жүзеге асыру шарттарының ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі қазiргi қойылатын талаптарға сәйкестiгiне техникалық талдау;
- қолданылып жүрген нормативтiк құжаттар мен ережелердiң талаптарынан болып отырған ауытқуларды тиiстi негiздеумен техникалық талдау;
- қолданылып жүрген технологиялық регламенттер мен нұсқаулықтардың тiзбесi;
- мәлiмделiнген қызмет бабынан пайда болуы мүмкiн кәсiпорындағы аварияны жою жөніндегі нұсқаулықтар;
- жобаланылған авариялар тiзбесi, оларды жою және қызметкерлердi қорғау жөніндегі шаралардың жоспары;
- жобадан тыс аварияның тiзбесi, жобадан тыс аварияны ырыққа көндiру және қызметкерлер мен халықты қорғау жөніндегі шаралардың жоспары;
- ядролық материалдарды есепке алу мен бақылау жүйесiн, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды нақты қорғау жүйесiн ұйымдастыру мен iс-қимылын негiздейтiн құжаттар жиынтығы;
- қызметтiң мәлiмделiнген түрлерi бойынша жұмыс iстеуге құқық беретiн санитарлық паспорттардың көшiрмелерi;
- оқытудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі қызметкерлердiң білімiн тексерудiң нәтижелерiн растайтын құжаттар;
- мемлекеттік экологиялық сараптаудың (қажет болған жағдайда) қорытындысы енедi.
2.3. Уақытша рұқсатқа өтiнiмдi қабылдамай тастауға және оны қайтадан ресiмдеуге қайтаруға:
- өтiнiм құжаттарының талап етiлген құрам мен мазмұнға сәйкес келмеуi;
Атом энергиясы жөніндегі агенттiктiң мәлiмделiнген қызметтi қауiпсiздiктiң қажеттi шарттарымен қамтамасыз ету жөніндегі жағымсыз қорытындысы негiз болып табылады.
2.4. Уақытша рұқсат беруден бас тарту қызметтiң мәлiмделiнген түрiне бұрын берiлген құжаттардың күшiн тоқтатуға әкеп соғады. Уақытша рұқсат беруден бас тарту туралы хабар кәсiпорынды тiркеудi жүзеге асырған басқару органына, атқару өкіметі органына, өзге де қадағалау органдарына жiберiледi.
3. Мәлiмдеушi кәсiпорын мен Атом энергиясы
жөніндегі агенттiктiң арасындағы
қарым-қатынасты реттеу
3.1. Кәсiпорын уақытша рұқсаттың шарттарын сақтамаған жағдайда
Атом энергиясы жөніндегі агенттiк уақытша рұқсаттың күшiн
орын алған ауытқуларды түзеткенге дейiн тоқтата тұруы мүмкiн.
3.2. Ядролық немесе радиациялық қауіпсiздiктiң жайы-күйi туралы дүдәмал немесе бұрмаланған ақпарат берiлген, рұқсаттың күшiн сақтау шарты оқиғалар мен авариялар орын алғаны туралы хабарланбаған жағдайда, рұқсатта көрсетiлген қызмет құқын өзге заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға қандай да бiр нысанда заңсыз берген жағдайда уақытша рұқсаттың күшi тоқтатылуы мүмкiн.
3.3. Қызметке рұқсат сұраған өтiнiмдi қараудың мерзiмi, өтiнiмнiң түрiне қарай, 30 күннен 6 айға дейiн болады.
3.4. Атом энергиясы жөніндегі агенттiктiң уақытша рұқсатты беруден бас тарту немесе күшiн жою туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының сот органдарында шағым жасалына алады.