Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1133 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының 1-қосымшасында:

реттік нөмірі 7-жолда:

2-бағандағы «Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-бағандағы «бағалы металдар мен бағалы тастарды қайта өңдеу, сақтау, зергерлік бұйымдар жасау» деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірі 22-жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі