ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен бекітілген
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - уәкілетті органдар) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7, 7-1, 7-2, 8, 9-баптары, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 14) тармақшасы, 27-бабы 2) тармақшасы, 42, 43, 44, 45, 46, 47-баптары және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат:
1) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық әділет органдарының интернет-ресурстарында;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.minjust.kz интернет-ресурсында;
3) уәкілетті органда стенділерде;
4) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат сондай-ақ порталдың call-орталығының телефоны (1414) бойынша беріледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
уәкілетті органда - Комиссияның аттестаттау не аттестаттамау туралы шешімді беруі;
порталда: уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы электрондық цифрлық қолтаңба қойған электрондық құжат нысанында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және лицензиар-органның мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
Аттестаттаудан өтуге жеке тәжірибемен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар жіберіледі.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру мына санаттағы:
1) Комиссияда аттестаттаудан өткен адамдарға;
2) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға;
3) тұрақты судьяларға;
4) өз міндеттерін орындау кезінде атына нұқсан келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін сот лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға;
5) мемлекеттік нотариустарға жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті органға жүгінген сәтінен бастап:
уәкілетті органда аттестаттаудан өту тоқсанына бір рет жүзеге асырылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру:
уәкілетті органға немесе порталға жүгінген кезде он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады;
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
1) аттестаттаудан өткізу тегін көрсетіледі;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта есімдеу, лицензияның телнұсқасын беру ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алым белгіленген. Лицензиялық алымның сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін алымды төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
1) уәкілетті органда - мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін күн сайын көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
2) порталда тәулік бойы көрсетіледі.
1) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органдардың ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіру есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсатнама бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті органдардың үй-жайларында күтуге арналған креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған. Мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген;
2) порталда жеке кабинетте көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Аттестаттаудан өту үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға:
1) өтінішті;
2) жоғары заң білімі туралы дипломының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмегенжағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
3) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды;
4) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы;
5) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды) ұсынады.
Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар уәкілетті органға мыналарды:
1) өтінішті;
2) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған)көшірмесін;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту туралы Комиссияның шешімін (шешім электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды);
4) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды);
5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, нотариаттық қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды;
7) республика бойынша мәліметтер көрсетіле отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады.
Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар уәкілетті органға мыналарды:
1) өтінішті;
2) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған)көшірмесін;
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, нотариаттық қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын анықтаманың (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
5) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды);
6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды;
7) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады.
Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар -тұрақты судьялар уәкілетті органға мыналарды:
1) өтінішті;
2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, нотариаттық қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
4) лицензиарға ұсынылғанға дейінгі бір айдан асырылмай берілген өтініш берушінің судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтаманы;
5) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды) ұсынады.
Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - өз міндеттерін орындау кезінде атына нұқсан келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін сот лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар уәкілетті органға мыналарды:
1) өтінішті;
2) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, нотариаттық қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) судья лауазымына тағайындау және судья лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының көшірмесін;
5) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды);
6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды;
7) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады.
Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар -мемлекеттік нотариустар уәкілетті органға мыналарды:
1) өтінішті;
2) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған)көшірмесін;
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, нотариаттық қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік нотариус ретінде жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
5) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды;
6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады.
Лицензияны қайта ресімдеу жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген кезде (болған кезде) жүзеге асырылады.
Қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензиат төменде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға:
1) лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті;
2) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, нотариаттық қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) лицензияның түпнұсқасын (лицензиат қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін бұрын берілген лицензияны лицензиарға қайтарады);
5) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды;
6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады.
Лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиаттың лицензияның телнұсқасын алуға құқығы бар.
Егер лицензия қағаз тасығышта берілген болса, лицензиат телнұсқасын алмай-ақ, өтініш бойынша оны электрондық форматқа көшіруге құқылы.
Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтініш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде және жоғарғы оң жақ бұрышында жаңа нөмір бере отырып, лицензияның телнұсқасын береді.
Лицензияның телнұсқасын беру үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға мыналарды:
1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтінішті;
2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, нотариаттық қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
4) лицензияның түпнұсқасын (лицензия бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқасын алғанға дейін лицензиарға бұрын берілген лицензияны қайтарады);
5) лицензияның жоғалғанын растайтын құжатты;
6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды;
7) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады.
Порталда:
мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады.
құжаттардың деректері:
лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар уәкілетті органға мыналарды:
1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты;
3) соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді;
4) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
5) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткені туралы Комиссияның шешімі (шешім электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды не электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
6) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды не электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі) ұсынады./
Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар -Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар уәкілетті органға мыналарды:
1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты;
3) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды не электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
4) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
5) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын анықтама (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
6) соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады;
Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - тұрақты судьялар уәкілетті органға мыналарды:
1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты;
3) тағылымдамадан өткені туралы қорытынды (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды не электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
4) лицензиарға ұсынылғанға дейінгі бір айдан асырылмай берілген өтініш берушінің судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтаманы (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі) ұсынады.
Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - өз міндеттерін орындау кезінде атына нұқсан келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін сот лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар уәкілетті органға мыналарды:
1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты;
3) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды не электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
4) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
5) лицензиарға ұсынылғанға дейінгі бір айдан асырылмай берілген өтініш берушінің судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтаманы (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
6) судья лауазымына тағайындау және судья лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының көшірмесін (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
7) соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады.
Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - мемлекеттік нотариустар уәкілетті органға мыналарды:
1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты;
3) соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді;
4) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
5) мемлекеттік нотариус ретінде жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасын (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі) ұсынады.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға мыналарды:
1) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты;
2) лицензияның түпнұсқасын (лицензиат қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін бұрын берілген лицензияны лицензиарға қайтарады);
3) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
4) соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтері ұсыналады.
Лицензияның телнұсқасын беру үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға мыналарды:
1) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты;
2) лицензияның түпнұсқасын (лицензия бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқасын алғанға дейін бұрын берілген лицензияны лицензиарға қайтарады);
3) лицензияның жоғалғанын растайтын құжатты (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
4) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
5) соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтері ұсыналады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында өз бетінше алады.
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін:
уәкілетті органдарда:
1) аттестаттаудан өту үшін еркін нысандағы өтініш береді, оның үлгісі Министрліктің www.minjust.kz интернет-ресурсында орналастырылған;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беруге мемлекеттік қызмет алушы «Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 қаулысымен бекітілген белгіленген үлгідегі өтінішті толтырады, оның үлгісі Министрліктің www.minjust.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет.
13. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділеттің аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүргізетін аттестаттауға құжаттарды қабылдауды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдарының кеңсесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына құжаттарды қабылдау және лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің кеңсесі жүзеге асырады.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесін көрсетілген орган құжаттардың қабылданған күнін көрсете отырып, өтініш берушіге жібереді (береді).
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, онда мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіледі.
15. Аттестаттаудан өткені не аттестаттаудан өтпегені туралы шешім осы стандарттың 2, 3-қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткізілгеннен кейін келесі күні беріледі.
Порталдағы жеке кабинетте сұрау салуды өз бетінше жіберген кезде беріледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған;
2) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысқан;
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
6) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың өтініш берушіге лицензия алуына тыйым салған жағдайларда бас тартылады.
2. Порталда:
ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленуші, егер:
1) сұрау салынатын электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеулер болғанда және сұрау салуды жіберген адамның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткізу құқығы болмаса;
2) сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және оның кімнің иелігінде екені оған белгісіз болса;
3) сұрау салудың мәнін нақтылау кезінде сұрау салушы адамның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтінім жасағанын анықтау мүмкін болмаса;
4) егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе, электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы адам орындау шығыстарын төлемесе;
5) сұрау салу «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе сұрау салуды орындаудан бас тартады.
6) Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Құжаттардың толық ұсынылмаған фактісі анықталған жағдайда лицензиар өтінішті әрі қарай қарастырудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 1-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік органда немесе электрондық құжат түрінде порталдағы «жеке кабинетінен» алады.
Ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленуші сұрау салуды жіберген адамға бес жұмыс күні ішінде осы стандарттың 2-тармағы 1-тармақшасында көзделген негіздер бойынша сұрау салуды орындаудан бас тарту туралы хабарлайды.
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуқағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңсесі уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021 және (немесе) № 925 бөлмелер мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-07-68, 74-07-97 телефондары арқылы түсіндіреді және шағым даярлауға жәрдем көрсетеді.
Портал жұмысының әрекеттеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталық телефоны (1414) бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым:
1) уәкілетті органдарға «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда,жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүгіну арқылы мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша жіберіледі. Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
2) Порталда call-орталық телефонының нөмірі (1414) бойынша жіберіледі.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тиісінше қызмет көрсетілмеуіне шағымды мемлекеттік қызмет алушы:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүгіну арқылы жіберіледі.Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
2) порталда call-орталық телефонының нөмірі (1414) бойынша жіберіледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы:
1) уәкілетті органдарға «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүгінеді. Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
2) порталда call-орталық телефонының нөмірі (1414) бойынша жүгінеді.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
24. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағым уәкілетті орган басшысының атына беріледі, басшылардың мекенжайы мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Қажет болғанда мемлекеттік қызмет алушы шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсетуін немесе оның қызметкерінің тиісінше қызмет көрсетпеуін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болғанда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағымды берген кезде әрекетіне шағым жасалып жатқан лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптар көрсетіледі.
25. Уәкілетті органда қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) тіркелуі болып табылады, уәкілетті органның кеңсесінде мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады.
Субъектіге тікелей жазбаша жүгінген мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымның қаралу нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Порталда:
портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінен қолжетімді болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен телефондары
№ | Уәкілетті органның атауы | Орналасқан мекенжайы және электрондық мекенжайы | Телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Астана қаласының Әділет департаменті | 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15 www.astanajust.kz | (87172) 39-12-13 | (87172) 32-55-22 |
2 | Алматы қаласының Әділет департаменті | 050000, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 47 www.justalmaty.kz | (87272) 91-88-16 | (87272) 91-88-44 |
3 | Ақмола облысының Әділет департаменті | 020000,Көкшетау қаласы, М.Горький көшесі, 37 Akmola_just@mail.ru. | (87162) 25-29-16 | (87162) 40-23-21 |
4 | Алматы облысының Әділет департаменті | 040000,Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 69 «а» propaganda_ust@mail.ru | (87282) 24-32-54 | (87282) 21-08-15 |
5 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | 0300000, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, «а» otd_pravo@mail.ru | (87132) 56-22-26 | (87132) 56-30-80 |
6 | Атырау облысының Әділет департаменті | 060000, Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 140-үй aqilet_qep37@ mail.ru | (87122) 35-75-37 | (87122) 35-75-38 |
7 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | 070000, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6 justvko@ustk.kz | (87232) 22-19-83 | (87232) 75-46-33 |
8 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | 080000, Тараз қаласы, Достық алаңы Әділет үйі depjust-taraz.kz | (87262) 51-35-45 | (87262) 43-05-05 |
9 | Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті | 090000, Орал қаласы, Достық көшесі, 208 Uralsk_DU@mail.ru | (87112) 42-05-33 | (87112) 51-50-55 |
10 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | 1000000, Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 72/2-үй | (87212) 42-05-33 | (87212) 42-02-13 |
11 | Қостанай облысының Әділет департаменті | 110000, Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38 kost_yust@minjust.kz | (87142) 53-11-38 | (87142) 54-82-23 |
12 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | 120000, Қызылорда қаласы, Әйтеке Би көшесі, 29 www.adiletkyzylorda.kz | (87242) 27-04-72 | (87242) 27-04-72 |
13 | Маңғыстау облысының Әділет департаменті | 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 11. | (87292) 42-05-70 | (87292) 42-11-17 |
14 | Павлодар облысының Әділет департаменті | 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18 propaganda_08@mail.ru | (87182) 32-73-10 | (87182) 32-09-55 |
15 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | 150000, Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72 | (87152) 33-26-35 | (87152) 33-26-35 |
16 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | 160000, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 ukodu@mail.ru | (87252) 33-79-29 | (87252) 23-23-76 |
17 | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті | Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, № 8 | (87172) 74-07-87 | (87172) 74-02-76 |
«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Комиссияның нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткерді аттестаттау туралы шешімі
_______________ қаласы 20_____ жылғы « ___» ___________
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
тестілеу бойынша _____________________ балл
емтихан билеті бойынша _______________ балл жинады.
Мына құрамдағы Комиссия:
Төраға
Мүшелері
___________________________________________ аттестатталсын деп шешті.
(Т.А.Ә.)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Комиссияның нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткерді аттестаттамау туралы шешімі
_____________ қаласы 20_____ жылғы « ___» _________
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
тестілеу бойынша ___________________________ балл
емтихан билеті бойынша ______________ балл жинады.
Мына құрамдағы Комиссия:
Төраға
Мүшелері
шешім шығарды:
_________________________________ аттестаттаудан өтпеді деп саналсын.
(Т.А.Ә.)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы | |||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) |
|
|
|
2. Сапасы | |||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
3. Қол жетімділік | |||
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электронды форматқа қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі | |||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
5. Сыпайылық | |||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|