Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 Қаулысы
(2023.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 227 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 227 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 203-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 227 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 15 маусымдағы
№ 906 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 227 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 227 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес әзірленді және үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау тәртібін белгілейді.
2. Үкіметтік борыш пен жергілікті атқарушы орган борышы лимиттерінің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерінің мөлшері мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.
2. Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы органдар
борышының лимитін айқындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2016.25.04. № 245 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 227 Қаулысымен (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Тиісті қаржы жылына арналған үкіметтік борыш лимиті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы үкіметтік борыш лимитіне, валюталарды айырбастаудың есептік бағамын ескере отырып, жоспарланатын қаржы жылында ішкі нарықтағы үкіметтік қарыз алу және сыртқы нарықтағы үкіметтік қарыз алу есебінен республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың жалпы көлеміне сүйене отырып қалыптастырылады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.05.10. № 1027 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.25.04. № 245 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.10.08. № 545 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ жаңа редакцияда
3-1. Үкіметтік борыш лимитін нақтылау жоспарланатын қаржы жылына белгіленген республикалық бюджет тапшылығының көлемі немесе валюталарды айырбастаудың есептік бағамы өзгерген жағдайларда республикалық бюджетті тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.
Бұл ретте тиісті жыл ішінде бюджет параметрлері нақтыланған жағдайда есептеулерде тиісті қаржы жылының басындағы үкіметтік борыштың нақты көлемі қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2016.25.04. № 245 Қаулысымен 3-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2020.20.10. № 682 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.20.12. № 868 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-2-тармақ жаңа редакцияда
3-2. Үкіметтік борыш лимиті жоспарланып отырған қаржы жылына арналған республикалық бюджетті әзірлеу барысында көзделген теңгенің АҚШ долларына есептік бағамына қатысты валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы өзгерген, мемлекеттік бағалы қағаздарды дисконтпен шығарған жағдайларда, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотына түскен үкіметтік сыртқы қарыздардың сомасына асырылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 227 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жергілікті атқарушы орган борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің меншікті кірістері мен жалпы сипаттағы трансферттер сомасының он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2018.19.10. № 665 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының тиісті қаржы жылына арналған лимитін айқындау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдар борышының жоспарланатын кезеңнің басындағы жай-күйі туралы деректері пайдаланылады.
6. ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 227 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2016.25.04. № 245 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.13.07. № 426 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2018.14.06. № 349 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.19.10. № 665 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.07.08. № 503 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.02. № 69 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 227 Қаулысымен (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа түсетін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағдарламаларды, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамаларын, ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа түсетін мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрінде, «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы, сондай-ақ орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан ұлттық валютада қарыз алуы түрінде қарыз алуды жүзеге асырған кезде борыш лимиті:
1) жергілікті бюджеттің меншікті кірістерінің және жалпы сипаттағы трансферттердің сомасын;
2) жоспарланған қаржы жылында өз қарыздарына дербес қызмет көрсету және оларды өтеу мүмкіндігін ескере отырып қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.05.10. № 1027 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.21.02. № 249 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.25.04. № 245 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.13.07. № 426 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.19.10. № 665 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 227 Қаулысымен (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын қаржы жылына арналған лимитін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2010.05.10. № 1027 қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.25.04. № 245 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.02. № 69 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 227 Қаулысымен (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-1-тармақ жаңа редакцияда
8-1. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау бюджет параметрлері өзгерген жағдайда республикалық бюджетті тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.
3. Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.05.10. № 1027 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.20.10. № 682 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін берудің тиісті жылға арналған лимиті жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығындардың, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемдері негізге алынып қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.05.10. № 1027 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.21.02. № 249 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 227 Қаулысымен (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда
10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін берудің тиісті қаржы жылына арналған лимиттерін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша айқындайды және мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін берудің тиісті қаржы жылына арналған лимиті бойынша тиісті ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.05.10. № 1027 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2020.20.10. № 682 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.10.08. № 545 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 227 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Үкіметтік борыштың және
жергілікті атқарушы орган
борышының лимитін,
мемлекеттік кепілдіктер мен
мемлекет кепілгерліктерін беру
лимиттерін айқындау
қағидаларына 1-қосымша
Үкіметтік борыш лимитін айқындау формулалары
Lgov = Lgov1 + Вdеf + (Dgov * Е), мұндағы
Lgov - жоспарланатын қаржы жылына арналған, теңгемен есептелетін үкіметтік борыш лимиті;
Lgov1 - жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы үкіметтік борыш лимиті.
Бұл ретте тиісті қаржы жылы ішінде бюджет параметрлері нақтыланған жағдайда Lgov1 деп жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы үкіметтік борыштың нақты көлемі қолданылады;
Вdеf - жоспарланатын қаржы жылында республикалық бюджет тапшылығын ішкі нарықта ұлттық валютамен үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландырудың жалпы көлемі;
Dgov - жоспарланатын қаржы жылында республикалық бюджет тапшылығын сыртқы нарықта үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландырудың АҚШ долларындағы кросс-бағамды ескере отырып келтірілген жалпы көлемі;
Е - жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджетті әзірлеу барысында көзделген теңгенің АҚШ долларына есептік бағамы.
Жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік борыш лимитін айқындау кезінде мынадай талаптар орындалуға тиіс:
В1(ExGB * 0,15) - В2, мұндағы
B1 - жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемі;
ExGB - жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының көлемі;
B2 - жоспарланатын қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекеттің кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемі.
ҚР Үкіметінің 2018.19.10. № 665 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.07.08. № 503 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.02. № 69 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 227 Қаулысымен (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-қосымша жаңа редакцияда
Үкіметтік борыштың және
жергілікті атқарушы орган
борышының лимитін, мемлекеттік
кепілдіктер мен мемлекет
кепілгерліктерін беру лимиттерін
айқындау қағидаларына
2-қосымша
Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындау
формулалары
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын кезеңге арналған лимиті мынадай формулаға сәйкес айқындалады:
Lslg = Dlg + RtogchLg * k – Plg, мұнда
Lslg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының жоспарланатын қаржы жылындағы лимиті;
Dlg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылының басындағы борышы.
Бұл ретте тиісті қаржы жылы ішінде бюджет параметрлері нақтыланған жағдайда Dlg-ге жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы жергілікті атқарушы орган борышының нақты көлемі қолданылады;
RtogchLg – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның жоспарланатын қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің меншікті кірістері мен жалпы сипаттағы трансферттердің сомасы бойынша болжамды деректері.
Бұл ретте тиісті қаржы жылы ішінде бюджет параметрлері нақтыланған жағдайда жалпы сипаттағы трансферттердің бекітілген деректері ескеріледі;
k – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы үшін түзету коэффициенті 0,1;
Plg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында борышты өтеуге жұмсалатын қаражатының көлемі.
2. Айқындалатын борыш лимиті мына талапқа сәйкес келуге тиіс:
В2 ≤ RtogchLg * к, мұнда
B2 – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жоспарланған қаржы жылындағы тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындардың жоспарланатын көлемі бойынша болжамды деректері.
ҚР Үкіметінің 2010.05.10. № 1027 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.20.10. № 682 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 227 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Үкіметтік борыштың және
жергілікті атқарушы орган
борышының лимитін,
мемлекеттік кепілдіктер мен
мемлекет кепілгерліктерін беру
лимиттерін айқындау
3-қосымша
Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау
формулалары
Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау кезінде мынадай талаптар орындалуға тиіс:
B2 (ExGB * 0,15) - В1, мұндағы
В2 - жоспарланатын қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемі;
ExGB - жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының көлемі;
B1 - жоспарланатын қаржы жылына үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемі.