ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 363 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ХҚТ ТП) қолдана отырып, ішкі істер органдарының көші-қон полициясының аумақтық бөліністері (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz  веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы ұсынылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 10-тармағының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (электронды мекенжайы: www.mvd.kz) интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдардағы стенділерде орналастырылады.

5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету құжатты алуға өтініш ресімделген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей беріледі. Мемлекеттік қызметті жеделдетілген режимде көрсету ресімделген күннен бастап 7, 10 және 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттар қабылданған және берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.

2-1) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берілген күнінен бастап - 30 жұмыс күні;

3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік баж заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттар берілген жердегі бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 540-бабымен белгіленген мөлшерде банк мекемелері арқылы төленеді.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергені үшін мемлекеттік баж көлемі 400 пайызды, ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Мемлекеттік баж тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленуі тиіс.

Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін беру кезінде: Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері; Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар; «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры кезеңінде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйінде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы ХҚТ ТП арқылы ұсынылады, қабылдау жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын түскі үзіліссіз жүзеге асырылады.

Орталықтың жұмыс кестесі:

Жұмыс күндері - дүйсенбіден бастап сенбіге дейін, демалыс күні - жексенбі.

Жұмыс уақыты:

Орталыққа жүгінген кезде:

1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады;

веб-портал арқылы жүгінгенде:

өтініштерді қабылдау - тәулік бойы.

2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні - сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Өтініш қағаз тасымалдағышқа толтырылып Орталыққа берілген кезде қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндерді қоспағанда, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, түскі үзіліссіз жүзеге асырылады. Орталықтың жұмыс кестесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

Орталықтың өкілдіктерінде құжаттар түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады.

Орталықтарда алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар (пандус) көзделген Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, электрондык кезек терминалы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін:

1) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (ХТҚ ТП арқылы қызмет алу кезінде мекенжай анықтамасы талап етілмейді);

2) құжат үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті (мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын) ұсынады;

3) ХҚТ ТП арқылы азаматтар ұсынған немесе фотосалоннан алынған фотосуреттерді және мына құжаттардың біреуін ұсынады:

туу туралы куәлік (16 жасқа толған соң жеке куәлік алу кезінде, 16 жасқа дейін паспорт алу кезінде);

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорт ауыстырған кезде);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (жеке куәлікті ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бірінші рет паспорт алған кезде);

ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері берген қайтып оралу куәлігі (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде).

Жеке куәлікке және (немесе) паспортқа ресімделген жағдайда өтініш беруші құжат ресімдеген кезіндегі жасына сәйкес келетін, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, адамның бейтарап және аузын жауып түскен, беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын мөлшері 3,5х4,5 см екі фотосурет ұсынады.

Фотосуреттер фотобаспа әдісімен бір негативтен қалың фотоқағазға басылуы қажет. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді.

Тұтынушы веб-портал арқылы жеке басын куәландыратын құжатты, құжат дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес олардың түрлерінің өзгеруіне байланысты ауыстыру үшін өтініш білдірген жағдайда электрондық сұрау салу сұрау салуды жіберген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады, графикалық файл түрінде көлемі 3,4х4,5см цифрлық фотосуреті және сканерлеген нұсқада 7х2см форматында жеке қолы бекітіледі.

Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салынған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес электрондық сұрау салудың нысаны толтырылады.

Электрондық сұрау салуды қабылдау www.egov.kz  веб-порталында «Электрондық қызметтер» бөлімінде жүзеге асырылады.

Электрондық сұрау салудың үлгісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.kz  интернет-ресурсында орналастырылады.

12. ХҚТ ТП арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер толтыру талап етілмейді.

Қағаз тасымалдағыштар арқылы мемлекеттік қызмет алу кезінде Орталықтың инспекторлары жеке басты куәландыратын құжаттар алу үшін өтініш бланкілерін толтырады. Бланкілер Орталықтың инспекторларында болады.

13. Құжаттарды қабылдау мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтардың операциялық залдарында орналасқан ХҚТ ТП-ның жұмыс орындарында уәкілетті органның қызметкерлері жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

14. Тұтынушыға құжаттарды қабылдау түралы осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес өтінімді тіркеу талоны беріледі.

Тұтынушының электрондық поштасына немесе веб-порталдағы Жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

15. Дайын құжаттарды беруді Орталық қызметкерлері тұтынушы жеке өзі келген кезде өтінімді тіркеу талонының негізінде жүзеге асырады.

Веб-портал арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруді тұтынушы жеке өтініш білдірген жағдайда хабарлама негізінде көші-қон полициясының қызметкерлері жүзеге асырады.

16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелерi

 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Көші-қон полициясы комитетінің және уәкілетті органдардың, мекемелердің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметінің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.

 

 

5. Шағымдану тәртібi

 

20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 1-қосымшасында телефондары көрсетілген Орталық басшылығына жүгінеді.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атына демалыс және мереке күндерін, жұмыс күндері түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзілісті қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің телефоны мен мекенжайы осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.

22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.

23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетінің электронды мекенжайына: migration.kz@mail.ru) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Қажет болған жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді.

25. Пошта және қолма-қол қабылданған шағымдарды растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (мөр, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).

Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.

Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсізідік көшесі, № 1 үй, телефоны: 71-46-46, интернет-ресурсы: www.mvd.kz.

27. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 14-кіреберіс, e-mail интернет-ресурсы: kagu-con@mci.gov.kz  және «электрондық үкімет» 1414 Call-орталық нөмірі.

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының азаматтарына

паспорттар, жеке куәліктер беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсететін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚО)

тізбесі

 

Р/с №

Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а»-үй

40-10-76

40-10-76 қабылдау бөлмесі

Жұмыс уақыты:

Орталыққа жүгінген кезде:

1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады;

веб-портал арқылы жүгінгенде:

өтініштерді қабылдау - тәулік бойы.

2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні - сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

56-40-34

56-57-87 қабылдау бөлмесі

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б»-үй

21-24-35

24-41-33 қабылдау бөлмесі

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская, көшесі 2-23 «б»-үй

21-29-42

21-37-17 қабылдау бөлмесі

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинская көшесі, 37 «а»-үй

78-42-90

78-42-36 қабылдау бөлмесі

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-54-00

33-55-93 қабылдау бөлмесі

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232-үй

56-90-07

56-90-01 қабылдау бөлмесі

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесі,81-үй

28-29-14

28-29-14 қабылдау бөлмесі

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй

44-64-61

41-12-85 қабылдау бөлмесі

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 14-үй

53-46-15

54-10-20 қабылдау бөлмесі

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/з

23-08-05

23-07-16 қабылдау бөлмесі

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау, 15-шағын ауданы, 67 «б»-үй

42-21-25

42-23-11 қабылдау бөлмесі

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы,

Павлов көшесі, 48-үй

33-47-54

33-47-35 қабылдау бөлмесі

14

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй

33-31-03

33-12-57 қабылдау бөлмесі

15

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/з

21-48-96

30-06-79 қабылдау бөлмесі

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй

378-09-09

378-09-09 қабылдау бөлмесі

17

Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51-үй

247-16-37

247-16-33 қабылдау бөлмесі

18

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9 «а»-үй

396-20-02

396-21-88 қабылдау бөлмесі

19

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төлеби көшесі, 155-үй

390-18-10

390-18-08 қабылдау бөлмесі

20

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй

239-65-54

239-65-55 қабылдау бөлмесі

21

Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй

234-09-35

234-09-74 қабылдау бөлмесі

22

Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 24-үй

395-36-14

395-36-10 қабылдау бөлмесі

23

Астана қаласы Алматы ауданының ХҚО

Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25-үй

53-74-68

57-07-72 қабылдау бөлмесі

24

Астана қаласы Есіл ауданының ХҚО

Астана қаласы, Сауран көшесі, 7-үй

50-13-72

50-13-71 қабылдау бөлмесі

25

Астана қаласы Сарыарқа ауданының ХҚО

Астана қаласы, Пушкин көшесі, 97-үй

32-66-58

32-46-97 қабылдау бөлмесі

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына

паспорттар, жеке куәліктер беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері басшыларының байланыс телефондары мен заңды мекенжайлары

 

Р/с

Ішкі істер департаменттері

Заңды мекенжайы

Интернет-ресурсы

Ішкі істер департаменттері хатшылығының телефондары

Көші-қон полициясы бөліністерінің телефондары

1.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19

www.ast.dvd.mvd.kz

71-61-98, 71-61-99

71-61-70, 71-60-18, 71-63-66

1)

«Алматы» ауданының ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Жансүгіров көшесі, 2

 

71-68-63

71-67-37

2)

«Сарыарқа» ауданының ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 1

 

71-66-32

71-66-46

3)

«Есіл» ауданының ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 21

 

79-88-02, 79-88-10

79-88-02

2.

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 35

www.akmdvd. online.kz

29-11-24, 29-11-25

25-00-35

1)

Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 121

 

25-78-05, 29-96-79

23-03-49

2)

Степногор қаласының ішкі істер бөлімі

Степногор қаласы, 5-шағын аудан, 49

 

5-82-02

5-82-02

3)

Ақкөл ауданының ішкі істер бөлімі

Ақкөл қаласы, Октябрь көшесі, 2

 

2-10-02

2-10-02

4)

Аршалы ауданының ішкі істер бөлімi

Аршалы кенті, Ташенов көшесі, 47

 

2-17-44

2-17-44

5)

Астрахань ауданы ішкі істер бөлімi

Астрахань ауылы, Байтұрсынов көшесі, 16

 

2-13-02

2-13-02

6)

Атбасар ауданының ішкі істер бөлімi

Атбасар қаласы, Урицкий көшесі, 38

 

4-37-40

4-37-40

7)

Бұланды ауданының ішкі істер бөлімi

Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 135

 

2-10-02

2-10-02

8)

Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімi

Егіндікөл ауылы, Бейбітшілік көшесі, 8

 

2-14-85

2-14-85

9)

Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімi

Степняк қаласы, Ленин көшесі, 79

 

2-30-40

2-30-40

10)

Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімi

Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесі, 79

 

3-32-68

3-32-68

11)

Есіл ауданының ішкі істер бөлімi

Есіл қаласы, Әуезов көшесі, 63

 

2-12-02

2-12-02

12)

Жақсы ауданының ішкі істер бөлімi

Жақсы ауылы, Тұрлыбаев көшесі, 34

 

2-12-89

2-12-89

13)

Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімi

Державинск қаласы, Захаров көшесі, 33

 

9-63-33

9-63-33

14)

Зеренді ауданының ішкі істер бөлімi

Зеренді ауылы, Ілиясов көшесі, 42

 

3-44-02

3-44-02

15)

Қорғалжын ауданының ішкі істер бөлімi

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 8

 

2-14-35

2-14-35

16)

Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімi

Балкашино ауылы, Абай көшесі, 101

 

5-00-02

5-00-02

17)

Целиноград ауданының ішкі істер бөлімi

Ақмол ауылы

 

92-4-18

92-4-18

18)

Шортанды ауданының ішкі істер бөлімi

Шортанды ауылы, Совет көшесі, 21

 

2-75-02

2-75-02

19)

Бурабай ауданының ішкі істер бөлімi

Щучинск қаласы, Коммунистік көшесі, 33

 

4-27-27 4-43-65

4-43-65

3.

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 57а

www.almaty. police.kz

254-41-55,254-42-24

254-47-81, 254-42-17, 254-42-15, 254-47-97, 254-40-83

1)

Алатау ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 78

 

298-54-85

298-54-88

2)

Алмалы ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 109

 

254-46-29

254-46-22

3)

Әуезов ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 76

 

298-53-53

221-09-86

4)

Бостандық ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 205

 

254-47-34

395-05-43

5)

Жетісу ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Райымбек көшесі, 158 а

 

279-96-88

233-69-18

6)

Медеу ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Зенков көшесі, 37

 

254-48-18

254-48-15

7)

Түркісіб ауданының ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 14

 

298-54-09

298-54-45

4.

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 271

www.aktobe police.kz

51-27-55, 93-03-03

52-02-09, 93-01-07

1)

Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 21

 

21-23-38, 40-41-08

97-08-77, 97-08-70

2)

Әйтеке би ауданының ішкі істер бөлімi

Комсомол ауылы, Ардагер көшесі,7

 

2-14-29

2-17-75

3)

Алға ауданының ішкі істер бөлімi

Алға қаласы, Мұхамбетов көшесі, 28

 

3-11-02

3-37-02

4)

Байғанин ауданының ішкі істер бөлімi

Байғанин кенті, Советтер көшесі, 15

 

22-1-74

22-6-82

5)

Ырғыз ауданының ішкі істер бөлімi

Ырғыз ауылы, Ленин көшесі,14

 

2-12-27

2-12-03

6)

Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімi

Бадамша ауылы, Пацаев көшесі,9

 

23-6-31

22-8-57

7)

Мәртөк ауданының ішкі істер бөлімi

Мәртөк ауылы, Ленин көшесі,45

 

2-14-04

2-14-90

8)

Мұғалжар ауданының ішкі істер бөлімi

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесі, 74а

 

3-66-08

3-61-38

9)

Темір ауданының ішкі істер бөлімi

Шұбарқұдық ауылы, Желтоқсан көшесі, 1

 

2-23-60

2-32-02

10)

Ойыл ауданының ішкі істер бөлімi

Ойыл ауылы, Қойшығұлов көшесі, 42

 

2-18-98

2-17-17

11)

Қобда ауданының ішкі істер бөлімi

Қобда ауылы, Астана көшесі, 97

 

2-16-92

2-16-95

12)

Хромтау ауданының ішкі істер бөлімi

Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 10

 

2-12-37

2-16-24

13)

Шалқар ауданының ішкі істер бөлімi

Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, 88

 

2-14-61

2-14-63

5.

Алматы облысының Ішкі істер департаменті

Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 91/95

www.jetisupolice.kz

60-02-11, 60-01-54

60-01-15, 60-01-08

1).

Талдықорған қаласының ішкі істер басқармасы

Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 249

 

60-86-04

24-42-00

2)

Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы

Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 105

 

4-48-89

4-48-89

3)

Іле ауданының ішкі істер басқармасы

Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі

 

51-72-14

51-72-14

4)

Қарасай ауданының ішкі істер басқармасы

Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 90

 

98-34-22

2-28-06

5)

Талғар ауданының ішкі істер басқармасы

Талғар қаласы, Абылайхан көшесі, 120

 

295-61-05

295-61-05

6)

Қапшағай қаласының ішкі істер бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 4

 

4-17-98

4-10-98

7)

Текелі қаласының ішкі істер бөлімі

Текелі қаласы, Қонаев к-сі, 104

 

4-51-18

4-51-18

8)

Ақсу ауданының ішкі істер бөлімі

Жансүгіров кенті, Жекебаев көшесі, 104

 

2-15-95

2-15-95

9)

Алакөл ауданының ішкі істер бөлімi

Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 9

 

2-12-84

2-22-14

10)

Балқаш ауданының ішкі істер бөлімi

Бақанас ауылы, Сейфуллин көшесі, 1

 

91-4-01

91-4-01

11)

Ескелді ауданының ішкі істер бөлімi

Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 10

 

3-01-02

3-01-02

12)

Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі

Ұзынағаш ауылы, Рысқұлов көшесі, 78

 

2-12-45

2-15-45

13)

Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі

Үштөбе қаласы, Төлеби көшесі, 63

 

2-10-02

2-11-57

14)

Кербұлақ ауданының ішкі істер бөлімi

Сарыөзек кенті, Момышұлы көшесі, 32

 

31-8-55

31-8-55

15)

Көксу ауданының ішкі істер бөлімi

Балпық би ауылы, Исабаев көшесі, 122

 

2-02-18

2-06-46

16)

Панфилов ауданының ішкі істер бөлімi

Жаркент қаласы, Жансүгіров көшесі, 102

 

5-12-02

5-12-02

17)

Райымбек ауданының ішкі істер бөлімi

Беген ауылы, Жамбыл көшесі, 9

 

2-13-98

2-15-59

18)

Сарқанд ауданының ішкі істер бөлімi

Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесі, 42

 

2-10-02

2-11-54

19)

Ұйғыр ауданының ішкі істер бөлімi

Шоңжы ауылы, Исламов көшесі, 51

 

2-15-97

2-15-97

6.

Атырау облысының Ішкі істер департаменті

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 85

www.dvd-atyrau.kz

98-21-17, 98-20-57

98-20-33

1)

Атырау қаласының ішкі істер басқармасы

Атырау қаласы, Молдағұлова көшесі, 247

 

98-15-72

98-15-14

2)

Жылыой ауданының ішкі істер бөлімi

Құлсары қаласы, Дүйсенбеков көшесі, 54

 

5-17-22

5-17-22

3)

Индер ауданының ішкі істер бөлімi

Индер кенті, Нысанбаев көшесі, 9

 

2-13-65

2-13-65

4)

Исатай ауданының ішкі істер бөлімi

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан, көшесі, 11

 

2-02-02

2-06-97

5)

Қызылқоға ауданының ішкі істер бөлімi

Миялы ауылы, Абай көшесі, 8

 

2-12-06

2-12-01

6)

Құрманғазы ауданының ішкі істер бөлімi

Ганюшкино ауылы, Абай көшесі, 37

 

2-11-89

2-11-20

7)

Мақат ауданының ішкі істер бөлімi

Мақат ауылы, Газовик көшесі, 13

 

3-09-60

3-09-60

8)

Махамбет ауданының ішкі істер бөлімi

Махамбет ауылы, Абай көшесі, 13

 

2-23-67

2-23-67

7.

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

http://02vko.kz

23-43-17, 23-42-11, 23-43-21

23-42-72, 23-43-75

1)

Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы

Өскемен қаласы, Пролетарская көшесі, 152

 

23-27-11, 23-27-12, 23-26-22

23-27-25, 23-27-86, 23-27-16

2)

Семей қаласының ішкі істер басқармасы

Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 17

 

56-97-56

56-93-90

3)

Аягөз қаласының және Аягөз ауданының ішкі істер бөлімi

Аягөз қаласы, Тәніберген көшесі, 68

 

3-33-43, 3-14-88

3-33-43, 3-14-88

4)

Зырян қаласының және Зырян ауданының ішкі істер бөлімi

Зырян қаласы, Горький көшесі, 34

 

4-19-31, 3-10-08

4-19-31, 3-10-08

5)

Риддер қаласының ішкі істер бөлімi

Риддер қаласы, Тоқтаров көшесі, 8

 

4-47-41, 4-22-50

4-52-13

6)

Абай ауданының ішкі істер бөлімi

Қарауыл ауылы, Молдағалиев, 13

 

9-13-26

9-13-26

7)

Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімi

Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 45

 

9-14-63, 9-18-61

9-14-63, 9-18-61

8)

Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімi

Бородулиха ауылы, Бейбітшілік даңғылы, 16

 

2-10-27

2-15-63

9)

Глубокое ауданының ішкі істер бөлімi

Глубокое ауылы, Попович көшесі, 44

 

2-18-80, 2-26-77

2-29-75

10)

Жарма ауданының ішкі істер бөлімi

Қалбатау ауылы, Бабатайұлы көшесі, 36

 

6-57-54

2-66-40

11)

Зайсан ауданының ішкі істер бөлімi

Зайсан қаласы, Сәтпаев көшесі, 14

 

2-12-02, 2-13-06

2-12-02, 2-13-06

12)

Катон-Қарағай ауданының ішкі істер бөлімi

Үлкен Нарын ауылы, Абай көшесі, 1

 

2-13-02

2-13-02

13)

Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімi

Көкпекті ауылы, Астана көшесі, 33

 

2-17-94, 2-19-49

2-17-94, 2-19-49

14)

Күршім ауданының ішкі істер бөлімi

Күршім ауылы, Новая көшесі, 10

 

3-17-76, 3-21-58

3-17-76, 3-21-58

15)

Тарбағатай ауданының ішкі істер бөлімi

Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесі, 1

 

2-18-03

2-18-03

16)

Ұлан ауданының ішкі істер бөлімi

Молодежное кенті, 5-үй

 

2-74-33

2-74-33

17)

Үржар ауданының ішкі істер бөлімi

Үржар ауылы, Абылайхан көшесі, 171

 

2-10-02

2-10-02

18)

Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімi

Шемонаиха қаласы, Интернациональная көшесі, 2

 

2-15-66

2-15-71

19)

Курчатов қаласының полиция бөлімi

Курчатов қаласы, Абай көшесі, 10

 

2-55-01

2-37-82

8.

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 80

www.tarazpolice.kz

43-39-44

43-33-72

1)

Тараз қаласының ішкі істер басқармасы

Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 5а

 

34-36-23

34-36-23

2)

Байзақ ауданының ішкі істер бөлімi

Сарыкемер ауылы, Орынқұлов, 9а

 

2-10-81

2-16-80

3)

Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімi

Аса ауылы, Төле би көшесі, 178

 

2-15-63

2-15-63

4)

Жуалы ауданының ішкі істер бөлімi

Б. Момышұлы ауылы, Рысбек батыр, 84

 

2-16-20

2-16-20

5)

Қордай ауданының ішкі істер бөлімi

Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 326

 

2-20-02

2-20-02

6)

Мерке ауданының ішкі істер бөлімi

Мерке ауылы, Ысмайылов көшесі, 230

 

2-25-40

2-49-30

7)

Мойынқұм ауданының ішкі істер бөлімi

Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 69

 

2-44-45

2-44-45

8)

Сарысу ауданының ішкі істер бөлімi

Жаңатас қаласы, Әулие ата көшесі, 3

 

6-29-13

6-32-70

9)

Талас ауданының ішкі істер бөлімi

Қаратау қаласы, Қонаев көшесі, 20

 

6-27-14

6-27-14

10)

Тұрар Рысқұлов ауданының ішкі істер бөлімi

Күлпан ауылы, Жібек жолы көшесі, 57

 

2-14-50

2-14-50

11)

Шу ауданының ішкі істер бөлімi

Шу қаласы, Сәтпаев көшесі, 130

 

2-48-02

2-48-02

9.

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45

www.dvdzko.kz

98-40-30

98-40-14

1)

Орал қаласының ішкі істер басқармасы

Орал қаласы, Космическая көшесі, 10

 

92-18-33

92-18-14

2)

Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімi

Чапаев кенті, Қазақстан көшесі, 71

 

91-2-02

91-0-66

3)

Бөкейорда ауданының ішкі істер бөлімi

Сайқын кенті, Әбілқайыр хан көшесі, 21

 

21-5-68

21-5-61

4)

Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімi

Ақсай қаласы, 2-шағын аудан, 28

 

9-39-17

9-39-46

5)

Жаңақала ауданының ішкі істер бөлімi

Жаңақала кенті, Халық Достығы көшесі, 53

 

2-19-20

2-19-21

6)

Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімi

Жәнібек ауылы, Қазақстан көшесі, 45

 

21-5-03

21-1-05

7)

Зеленов ауданының ішкі істер бөлімi

Переметное кенті, Достық көшесі, 64

 

22-0-02

22-2-61

8)

Казталов ауданының ішкі істер бөлімi

Казталовка кенті, С.Датов көшесі, 21

 

31-0-08

31-1-02

9)

Қаратөбе ауданының ішкі істер бөлімi

Қаратөбе кенті, С.Датов көшесі, 16

 

31-3-25

31-7-02

10)

Сырым ауданының ішкі істер бөлімi

Сырым кенті, Қазақстан көшесі, 7

 

31-1-37

21-5-45

11)

Тасқала ауданының ішкі істер бөлімi

Тасқала кенті, Мирная көшесі, 9

 

21-1-86

21-8-45

12)

Теректі ауданының ішкі істер бөлімi

Федоровка ауылы, Юбилейный көшесі н/з

 

23-2-66

21-1-86

13)

Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімi

Шыңғырлау кенті, Қазақстан көшесі, 7

 

33-6-39

33-2-39

10.

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37

www.krgdvd.kz

42-90-19, 42-91-69

40-70-18, 44-20-54,40-71-22

1)

Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасы

Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 118

 

40-71-97

56-42-51, 74-22-56, 44-51-69, 46-30-31, 24-45-33, 53-03-05

2)

Жезқазған қаласының ішкі істер басқармасы

Жезқазған қаласы, Сейфулин көшесі, 35

 

76-13-68

76-43-98

3)

Теміртау қаласының ішкі істер басқармасы

Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8

 

98-43-15

5-43-15

4)

Абай ауданының ішкі істер басқармасы

Абай қаласы, К. Маркс көшесі, 42а

 

4-46-66

4-46-66

5)

Бұхар жырау ауданының ішкі істер басқармасы

Ботақара кенті, Бұхар жырау көшесі, 4

 

2-11-78

2-16-55

6)

Балқаш қаласының ішкі істер бөлімi

Балқаш қаласы, Бөкейхан көшесі, 22

 

4-03-72

4-46-72

7)

Қаражал қаласының ішкі істер бөлімi

Қаражал қаласы, Тойымбеков көшесі, 8

 

4-16-30

4-16-30

8)

Саран қаласының ішкі істер бөлімi

Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 60

 

2-52-02

2-67-12

9)

Сәтпаев қаласының ішкі істер бөлімi

Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6а

 

3-44-83

2-31-63

10)

Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімi

Шахтинск қаласы, К. Маркс көшесі, 42а

 

4-04-07

4-23-70

11)

Ақтоғай ауданының ішкі істер бөлімi

Ақтоғай кенті, Абай көшесі, 3

 

2-16-90

2-16-90

12)

Жаңаарқа ауданының ішкі істер бөлімi

Атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі, 10

 

2-64-70

2-64-70

13)

Қарқаралы ауданының ішкі істер бөлімi

Қарқаралы қаласы, М. Әуезов көшесі, 31

 

3-12-02

3-10-86

14)

Нұра ауданының ішкі істер бөлімi

Киевка кенті, Талжанов көшесі, 5

 

2-12-88

2-29-01

15)

Осакаров ауданының ішкі істер бөлімi

Осакаровка кенті, Литвинов көшесі, 9

 

4-16-55

4-13-82

16)

Ұлытау ауданының iшкі істер бөлімi

Ұлытау ауылы, Бұлқышев көшесі, 18

 

2-11-02

2-11-02

17)

Шет ауданының ішкі істер бөлімi

Ақсу-Аюлы кенті, Шортанбай көшесі, 16

 

2-12-02

2-12-02

11.

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі, 18

www.dvdkzo.kz

27-44-10

29-56-97

1)

Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы

Қызылорда қаласы, Төле би көшесі,136

 

27-45-47

29-71-10

2)

Арал ауданының ішкі істер бөлімi

Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, 27

 

2-10-01

2-21-02

3)

Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі

Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, 1

 

3-16-92

3-10-82

4)

Жаңақорған ауданы ішкі істер бөлімі

Жаңақорған кенті, Қожанов көшесі, 1

 

24-1-25

24-1-03

5)

Қазалы ауданының ішкі істер бөлімi

Әйтеке би кенті, Біржан сал көшесі, 86

 

2-16-40

2-14-93

6)

Қармақшы ауданының ішкі істер бөлімi

Жосалы кенті, Көшербаев көшесі, 39

 

2-10-03

2-11-81

7)

Сырдария ауданының ішкі істер бөлімi

Тереңөзек кенті, Амангелді көшесі, 47

 

21-2-82

3-10-87

8)

Шиелі ауданының ішкі істер бөлімi

Шиелі кенті, М.Шоқай көшесі, 7

 

4-21-60

4-20-56

12.

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті

Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 197

www.kostanaypolice.kz

52-60-19, 52-63-13

52-61-47

1)

Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы

Арқалық қаласы, Байтұрсынов көшесі, 16

 

7-10-17

7-27-45

2)

Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімi

Жітіқара қаласы, 5 в-шағын ауданы, 18

 

2-09-09

2-09-22

3)

Қостанай қаласының ішкі істер басқармасы

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 36

 

52-68-00

52-68-37

4)

Лисаковск қаласының ішкі істер бөлімi

Лисаковск қаласы, 1-а шағын ауданы

 

3-38-51

3-48-07

5)

Рудный қаласының ішкі істер бөлімі

Рудный қаласы, Горняк көшесі, 7

 

4-55-10

2-84-39

6)

Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімi

Силантьевка кенті, Ленин көшесі, 51

 

2-12-55

2-15-13

7)

Амангелді ауданының ішкі істер бөлімi

Амангелді кенті, Дүйсенбин көшесі, 16

 

2-11-33

2-11-33

8)

Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімi

Әуликөл ауылы, Ленин көшесі, 34

 

2-10-35

2-10-38

9)

Денисов ауданының ішкі істер бөлімi

Денисовка кенті, Ленин көшесі, 16

 

9-11-72

9-17-51

10)

Жангелдин ауданы ішкі істер бөлімi

Торғай кенті, Алтынсарин көшесі, 7

 

2-14-00

2-14-00

11)

Қамысты ауданының ішкі істер бөлімi

Қамысты кенті, Ержанов көшесі, 87

 

2-14-01

2-20-55

12)

Қарабалық ауданының ішкі істер бөлімi

Қарабалық кенті, Нечепуренко көшесі, 3

 

3-30-33

3-38-53

13)

Қарасу ауданының ішкі істер бөлімi

Қарасу ауылы, Исаков көшесі, 80

 

2-12-68

2-18-42

14)

Қостанай ауданының iшкі істер бөлімi

Затобольск кенті, Калинин көшесі, 78

 

2-31-61

2-31-62

15)

Меңдіқара ауданының iшкі істер бөлімi

Боровское кенті, Ленин көшесі, 7

 

2-13-97

2-15-39

16)

Наурызым ауданының ішкі істер бөлімi

Қарамеңді кенті, Абылайхан көшесі, 24

 

2-14-45

2-14-45

17)

Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімi

Сарыкөл кенті, Пушкин көшесі, 102

 

2-13-68

2-18-22

18)

Таран ауданының ішкі істер бөлімi

Таран ауылы, Советская көшесі, 10

 

3-61-01

3-61-01

19)

Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімi

Ұзынкөл ауылы, Абылайхан көшесі, 34

 

2-15-53

2-12-03

20)

Федоров ауданының ішкі істер бөлімi

Федоров ауылы, Ленин көшесі, 10

 

2-24-67

2-11-87

13.

Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

Ақтау қаласы, 12-шағын аудан

www.mdvd.kz

43-08-76

53-23-64, 53-23-55

1)

Ақтау қаласының ішкі істер басқармасы

Ақтау қаласы, 3-шағын ауданы, 123

 

47-48-79

47-48-89

2)

Жаңаөзен қаласының ішкі істер бөлімi

Жаңаөзен қаласы, Спорт көшесі, 6

 

31-5-85

31-3-59

3)

Бейнеу ауданының ішкі істер бөлімi

Бейнеу кенті, Досан батыр көшесі, 2

 

2-25-89

2-25-89

4)

Қарақия ауданының ішкі істер бөлімi

Құрық кенті, 1-шағын ауданы, 1

 

21-2-99

21-2-77

5)

Маңғыстау ауданының ішкі істер бөлімi

Шетпе кенті, Б. Момышұлы көшесі, 15

 

21-2-48

21-4-00

6)

Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімі

Мұнайлы кенті, Рысқұлов көшесі, 11

 

46-63-73

46-63-87

7)

Түпқараған ауданының ішкі істер бөлімi

Форт-Шевченко қаласы, Оңалбаев көшесі, 4

 

22-7-54

22-4-64

14.

Павлодар облысының Ішкі істер департаменті

Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 70/1

www.dvdpavlodar.kz

32-04-52,

39-11-15

39-11-75

1)

Павлодар қаласының ішкі істер басқармасы

Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 51/1

 

32-76-81, 32-81-92

37-76-35, 32-69-54

2)

Ақсу қаласының ішкі істер бөлімi

Ақсу қаласы, Дөнентаев көшесі, 5

 

39-19-02, 39-19-01

39-19-02

3)

Екібастұз қаласының ішкі істер бөлімi

Екібастұз қаласы, Ленин көшесі, 95

 

34-09-27

34-91-42

4)

Ақтоғай ауданының ішкі істер бөлімi

Ақтоғай ауылы, Қайырбаев көшесі, 48

 

2-12-87, 39-19-06

21-4-54

5)

Баянауыл ауданының ішкі істер бөлімi

Баянауыл ауылы,Сәтпаев көшесі, 28

 

9-12-53

9-12-53

6)

Железин ауданының ішкі істер бөлімi

Железин ауылы, Пушкин көшесі, 9

 

39-19-10

39-19-10

7)

Ертіс ауданының ішкі істер бөлімi

Ертіс ауылы, Ысқақов көшесі, 95

 

2-13-41

39-19-12

8)

Қашыр ауданының ішкі істер бөлімi

Тереңкөл ауылы, Сейфулин көшесі, 58

 

21-2-05

21-2-02

9)

Лебяжі ауданының ішкі істер бөлімi

Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 69

 

39-19-15

2-15-79

10)

Май ауданының ішкі істер бөлімi

Көктөбе ауылы, Абылайхан, 43

 

39-19-17

39-19-18

11)

Павлодар ауданының ішкі істер бөлімi

Павлодар қаласы, Суворов көшесі, 20

 

39-19-20

39-19-19

12)

Успенск ауданының ішкі істер бөлімi

Успенск ауылы, Терешкова көшесі, 30

 

39-19-22, 91-7-02, 92-7-02

91-9-67

13)

Шарбақты ауданыныңішкі істер бөлімi

Шарбақты ауылы, Совет көшесі, 59

 

39-19-24

39-19-23

15.

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

Петропавл қаласы,Қазақстан Конституциясы көшесі, 51

www.police.sko.kz

39-40-20, 39-41-63

39-42-89

1)

Петропавл қаласының ішкі істер басқармасы

Петропавл қаласы, М.Жұмабаев көшесі, 118

 

39-48-39, 39-48-28

39-48-66

2)

Айыртау ауданының ішкі істер бөлімi

Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 24

 

39-21-03

39-21-03

3)

Ақжар ауданының ішкі істер бөлімi

Талшық ауылы, Абылай хан көшесі, 9

 

39-20-97, 2-15-72

2-15-72

4)

Аққайың ауданының ішкі істер бөлімi

Смирнов кенті, Труд көшесі, 6

 

39-20-98

39-20-98

5)

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімi

Новоишимский ауылы, Әуелбеков көшесі, 54

 

39-21-09

39-21-09

6)

Есіл ауданының ішкі істер бөлімi

Явленка ауылы,Ибраев көшесі, 3

 

39-21-01, 2-13-90

2-13-90

7)

Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімi

Пресновка ауылы, Достық көшесі, 17

 

39-21-02, 2-14-35

2-14-35

8)

Қызылжар ауданының ішкі істер бөлімi

Бескөл кенті, Гагарин көшесі, 8

 

39-13-14, 2-10-32

2-10-32

9)

М. Жұмабаев ауданының ішкі істер бөлімi

Булаево кенті, Юбилейная көшесі, 54

 

39-20-99, 2-11-63

2-11-63

10)

Мамлют ауданының ішкі істер бөлімi

Мамлютка кенті, Ленин көшесі, 3/45

 

39-21-04

39-21-04

11)

Тайынша ауданының ішкі істер бөлімi

Тайынша кенті, Центральный тұйық көшесі, 20

 

39-21-06

39-21-06

12)

Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімi

Тимирязево кенті, Плетнева көшесі, 15

 

39-21-07

39-21-07

13)

Уәлиханов ауданының ішкі істер бөлімi

Кішкенекөл кенті, Ш.Уәлиханов көшесі, 88

 

39-21-08

39-21-08

14)

Шал ақын ауданының ішкі істер бөлімi

Сергеевка кенті, Шал ақын көшесі, 14

 

39-21-05, 2-09-10

2-09-10

16.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 13

www.dvd-uko.kz

97-66-26, 97-65-85, 97-65-90

97-67-41, 97-65-49

1)

Түркістан қаласының ішкі істер басқармасы

Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, н/з

 

4-15-02

4-12-73

2)

Шымкент қаласының ішкі істер басқармасы, Енбекші ауданының ПБ, Абай ауданының ПБ, Әл-Фараби ауданының ПБ

Шымкент қаласы, Қалдаяқов көшесі, 5, Желтоқсан көшесі, 3, Елшібек батыр көшесі, 110А

 

56-02-61, 97-64-13, 57-27-50, 98-06-21

98-07-42, 97-64-38, 98-06-31

3)

Мақтаарал ауданының ішкі істер басқармасы

Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, н/з

 

6-70-20

6-70-20

4)

Сайрам ауданының ішкі істер басқармасы

Ақсукент қаласы, Жібек жолы көшесі, н/з.

 

2-12-90

2-12-90

5)

Сарыағаш ауданының ішкі істер басқармасы

Сарыағаш қаласы, Тасбалтаев көшесі, 39

 

2-15-73

2-15-73

6)

Кентау қаласының ішкі істер бөлімi

Кентау қаласы, Жамбыл көшесі, 29

 

3-34-61

3-34-61

7)

Арыс ауданының ішкі істер бөлімi

Арыс қаласы, Аймауытов көшесі, 35

 

2-14-02

2-14-02

8)

Бәйдібек ауданының ішкі істер бөлімi

Шаян ауылы, Бәйдібек көшесі, н/з

 

2-10-76

2-10-76

9)

Қазығұрт ауданының ішкі істер бөлімi

Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі, н/з.

 

2-12-46

2-12-46

10)

Ордабасы ауданының ішкі істер бөлімi

Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 3

 

2-14-13

2-14-13

11)

Отырар ауданының ішкі істер бөлімi

Шәуілдір ауылы, Сәрсенбаев көшесі, 5

 

2-12-59

2-12-59

12)

Созақ ауданының ішкі істер бөлімi

Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, 75

 

4-14-02

4-14-02

13)

Төле би ауданының ішкі істер бөлімi

Леңгір қаласы, Жамбыл көшесі, н/з

 

6-16-02

6-16-02

14)

Түлкібас ауданының ішкі істер бөлімi

Т.Рысқұлов ауылы, Рысқұлов көшесі, 198

 

5-18-14

5-18-14

15)

Шардара ауданының ішкі істер бөлімi

Шардара кенті, Б. Момышұлы көшесі, 16

 

2-23-82

2-23-82

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына

паспорттар, жеке куәліктер беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

 

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің

 мәні

 

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдағы жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100

 

 

2. Сапасы

2. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

 

 

3. Қолжетімділігі

3. Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

 

 

4. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

100

 

 

4. Шағымдану үдерісі

5. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

 

 

5. Сыпайылық

6. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

 

 

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына

паспорттар, жеке куәліктер беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша

 

 

Өтінімді тіркеу талоны

 

1. ______________________________________________________________________________________________________________

(пункттің коды және ХҚТ ТП-ның орналасқан жері)

2. ______________________________________________________________________________________________________________

(анықтама телефон нөмірі)

3. ______________________________________________________________________________________________________________

(өтінімді тіркеу талоны)

4. ______________________________________________________________________________________________________________

(көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі және тіркелген күні)

5. ______________________________________________________________________________________________________________

(тұтынушының Т.А.Ә. және туған күні )

6. ______________________________________________________________________________________________________________

(негіздеме-құжат беру үшін: түрі, нөмірі, берілген күні, берген орган)

7. ______________________________________________________________________________________________________________

(тұтынушы тапсырыс берген мемлекеттік қызмет)

8. ______________________________________________________________________________________________________________

(тапсыруға жататын тұтынушының құжаттары)

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды

«Қазақстан Республикасының

азаматтарына паспорттар,

жеке куәліктер беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша

 

Электрондық нысан

____________________________________

(ішкі істер органының атауы)

бастығы

____________________________________

_____________________________ тұратын

(тұрақты тіркелген мекенжайы)

азамат ______________________________

(Т.А.Ә.)

 

 

ӨТІНІШ

 

Мен,__________________________________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә., туған күні)

______________________________________________________________________________________________________________

(ресімдеу себебі көрсетілсін)

______________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________

байланысты Сізден паспорт, жеке куәлік ресімдеуге рұқсат етуіңізді сұраймын.

Өтінішке:

1) ____________________________________________________________________________________________________________

2) ____________________________________________________________________________________________________________

3) ____________________________________________________________________________________________________________

4) ____________________________________________________________________________________________________________

5) _____________________________________________________________________________________________________________

6) ______________________________ қоса беріледі.

20 __ж. «_____»  ___________ __________________ ______________________

(азаматтың қолы)     (азаматтың Т.А.Ә.)