Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы № 785 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2079 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Президенті», «Жоғары үкіметтік» және «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы № 785 қаулысына мынандай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті», «Жоғары үкіметтік» және «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесінде:
«3. «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттар» деген бөлімде:
мына:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің атқарушы директоры»
«Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы» деген жолдар алынып тасталсын;
мына:
«Барлау» қызметінің директоры» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |