«Қазақстан Республикасының Президенті», «Жоғары үкіметтік» және «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар
тұлғалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы № 785 Қаулысы

(2017.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Президенті», «Жоғары үкіметтік» және «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жеделхаттар басым тәртіппен беріледі деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі өзінің ведомстволық нормативтік құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі