Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 1695 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №4, 53-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесі:

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Аса маңызды ұшуларды жүзеге асыратын (коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз) және сертификаттық талаптарға сәйкес келетін қазақстандық авиакомпанияларға коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз Пайдаланушының сертификаты (1-1-қосымша) берілуі мүмкін.»;

осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 28 қазандағы

№ 1695 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы

30 қаңтардағы № 106 қаулысымен

 бекітілген Азаматтық әуе

кемелерін пайдаланушыларды және олар

көрсететін қызметтерді сертификаттау

ережесіне 1-1-қосымша

 

- Елтаңба -

___________________________________________________________________

Уәкілетті орган

 

Пайдаланушының сертификаты

 

коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз

№ _____

Осымен пайдаланушы - ________________________

(пайдаланушының атауы)

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің _____________ №____ қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесінің талаптарын қанағаттандыратындығын және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметін pегламенттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қанағаттандыратындығын куәландырады.

Пайдаланушы - _______________________________

Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.)  қосымшаларына,  сондай-ақ  қоса беріліп отырған Пайдалану жөніндегі арнайы ережелерде қамтылған пайдалану талаптары мен шектеулерге сәйкес ______________________________

 (авиациялық қызметтердің

____________________________________________________________________________________

түрлері, халықаралық ұшулар және т.б.)

жүзеге асыруға қабілетті.

Осы Сертификат табыстауға жатпайды және ол кері қайтарып  алынғанға немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін күшінде болады.

Инспекциялық бақылауды _______________________ жүзеге асырады.

(уәкілетті органның атауы)

 

МО                     Уәкілетті органның басшысы

__________     __________

(қолы)         (Т.А.Ә.)

 

Күшіне енген күні: ___ж.  «_____»_______

Қолданылу мерзімі: ___ж. «_____»_______ дейін