Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 1436 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 445-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 1436 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 3 қыркүйектегі

№ 929 қаулысымен

бекітілген

 

Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып

табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария,

анықтама және басқа да қызметтердің тізбесі

 

Р/с

Қызметтер тізбесі

Нөмірлеу

1

2

3

1.

Ішкі істер органдары

102

2.

Жедел медициналық жәрдем қызметі

103

3.

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі

101

112

4.

Авариялық, коммуналдық, қалалық қызметтер

104

109х

5.

Жергілікті байланыс операторларының анықтамалық қызметі

118хх

 

Ескертпе:

х - 0-ден 9-ға дейінгі қосымша сандық мәндер;

хх - 00-ден 99-ға дейінгі қосымша сандық мәндер.