Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне
хаттама
Мадридте 1989 жылғы 27 маусымда қабылданған және 2006 жылғы 3 тамызда толықтырылған
ҚР 2010 жылғы 27 мамырдағы № 281-ІV Заңымен ратификацияланды
2010 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді
Мадрид одағына тиістілік
Осы Хаттамаға қатысушы-мемлекеттер (бұдан әрі «Уағдаласушы мемлекеттер» деп аталады) 1967 жылы Стокгольмде қайта қарастырылған және 1979 жылы өзгертілген (бұдан әрі «Мадрид (Стокгольм) келісімі» деп аталады) таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің қатысушылары болмаса да және 14.1 «в» бабында айтылып кеткен, осы Хаттаманың қатысушылары (бұдан әрі «Уағдаласушы ұйымдар» деп аталады) болып келетін ұйымдар, Мадрид (Стокгольм) келісіміне қатысушы-мемлекеттер сияқты сол Одақтын мүшелері болып табылады. Осы Хаттамада «Уағдаласушы Тараптар» деген сілтемелер Уағдаласушы мемлекеттер және Уағдаласушы ұйымдар деген сілтемелерді білдіреді.
Халықаралық тіркеу арқылы қорғауға ие болу
1) Егер таңбаны тіркеуге өтінім Уағдаласушы Тараптың ведомствосына берілсе немесе осындай ведомствоның тізілімінде тіркелген болса, аталған өтінімді берген өтінім иесі болып табылатын тұлға (бұдан әрі «Негізгі тіркеу» деп аталады) осы Хаттаманың ережелерін ескере отырып Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Халықаралық бюросының Тізілімінде тіркеу арқылы Уағдаласушы Тараптардың аумағында өз таңбасын қорғауды қамтамасыз ете алады (бұдан әрі сәйкесінше «Халықаралық тіркеу», «Халықаралық тізілім», «Халықаралық бюро» және «Ұйым» деп аталады), алайда мұндай таңбаның тіркелуі мынадай шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады:
i) егер негізгі өтінім Уағдаласушы мемлекет ведомствосына берілсе немесе негізгі тіркеу осындай ведомствомен жүзеге асырылған болса, осы өтінімді беруші тұлға немесе бұл тіркеудің иесі Уағдаласушы мемлекеттің азаматы болып табылса немесе онда тұрақты мекен етсе, не болмаса аталған Уағдаласушы мемлекетте істеп тұрған немесе жалған емес өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорны бар болған жағдайда;
ii) егер негізгі өтінім Уағдаласушы ұйымның ведомствосына берілсе немесе негізгі тіркеу осындай ведомствомен жүзеге асырылған болса, осы өтінімді беруші тұлға немесе бұл тіркеудің иесі осы Уағдаласушы ұйымға мүше-мемлекеттің азаматы болып табылса не онда тұрақты мекен етсе, не болмаса аталған Уағдаласушы ұйымда істеп тұрған немесе жалған емес өндірістік ия болмаса сауда мекемесі бар болған жағдайда;
2) Халықаралық тіркеуге өтінім (бұдан әрі «халықаралық өтінім» деп аталады) жағдайға байланысты Халықаралық бюроға негізгі өтінім берілген немесе негізгі тіркеу жүзеге асырылған ведомство (бұдан әрі «шығу ведомствосы») арқылы берілуі тиіс.
3) Осы Хаттамадағы «ведомство» немесе «Уағдаласушы Тараптардың ведомствосы» деген сілтемелер Уағдаласушы Тараптар таңбаларды тіркеуді тапсырған ведомствоны білдіреді, ал «таңбалар» деген сілтемелер тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбаларына сілтемелерді білдіреді.
4) Осы Хаттама мақсаты үшін «Уағдаласушы Тараптардың аумағы» термині мынадай мағынаны білдіреді: егер Уағдаласушы Тарап мемлекет болса, сол мемлекеттің аймағы; егер Уағдаласушы Тарап үкіметаралық ұйым болатын жағдайда, үкіметаралық ұйымды құру туралы келісім қолданылатын аймақ.
Халықаралық өтінім
Осы Хаттамаға сәйкес берілген әр халықаралық өтінім Нұсқаулықта көрсетілген бланкіде жасалуы тиіс. Шығу ведомство халықаралық өтінімдегі деректер, әр жағдайға байланысты растау кезінде негізгі өтінімде немесе негізгі тіркеуде болатын деректерге сәйкес екендігін растайды. Бұдан өзге, аталған ведомство:
i) негізгі өтінім жағдайында - осы өтінімнің күнін және нөмірін белгілейді;
ii) негізгі өтінім жағдайында - осы өтінімді тіркеудің күнін және нөмірін, сонымен бірге негізгі тіркеу негізінде жасалған өтінімнің күнін және нөмірін белгілейді. Сонымен қатар шығу ведомствосы халықаралық өтінім күнін белгілейді.
2) Өтінім беруші таңбаны қорғау сұратылып отырған тауарлар мен қызметтерді, сонымен бірге, егер мүмкін болса, Таңбаларды тіркеу үшін халықаралық тауарлар мен қызметтердің сыныптамасы туралы Ницца келісімімен бекітілген сыныптамаға сәйкес сынып немесе сыныптарды көрсетуі тиіс. Егер өтінім беруші сыныптарды көрсетпесе, аталып кеткен сыныптамаға сәйкес сыныптар бойынша тауарлар мен қызмет көрсетулерді Халықаралық бюро өзі сыныптайды. Өтінім беруші жасаған тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыныптамасын Халықаралық бюро шығу ведомствосымен келісе отырып тексереді. Егер аталған ведомство мен Халықаралық бюроның арасында келіспеушіліктер туындаса, онда соңғысының пікірі шешуші болып табылады.
3) Егер өтінім беруші өз таңбасының айрықша элементі ретінде түрлі түске қорғауды сұраса, онда ол:
i) бұл туралы хабарлап, өзінің халықаралық өтінімін сұралған түрлі түсті немесе олардың комбинациясын көрсете отырып өтінім беруге ;
ii) Халықаралық бюроға хабарландырумен бірге берілген таңбаның түрлі түсті бейнесін халықаралық өтінімге қоса жіберуге міндетті. Мұндай бейнелердің саны Нұсқаулықта белгіленеді.
4) Халықаралық бюро өтінімдері 2-бапқа сәйкес берілген таңбаларды тез арада тіркейді. Халықаралық тіркеу күні болып, сол күннен санағанда екі ай аралығында халықаралық бюроны оны алған жағдайда, халықаралық өтінімді шығу ведомствосы қабылдаған күн болып есептеледі. Егер халықаралық өтінім осы мерзімде алынбаған болса, халықаралық тіркеу күні болып халықаралық бюро өтінімді қабылдаған күн болып саналады. Халықаралық бюро мүдделі ведомстволарға халықаралық тіркеу жөнінде тез арада хабарлайды. Халықаралық тізілімде тіркелген таңбалар Халықаралық бюроның халықаралық өтінімде бар мәліметтер негізінде шығаратын мерзімді бюллетеньде жарияланады.
5) Халықаралық тізілімде тіркелген таңбалармен танысу үшін әр ведомство Халықаралық бюродан жоғарыда көрсетілген бюллетеннің ақысыз берілетін белгілі бір санын және 10-бапта айтылған Ассамблея (бұдан әрі «Ассамблея» деп аталады) белгілеген төмендетілген бағамен берілетін даналардың белгілі санын алады. Мұндай таныстыру барлық Уағдаласушы Тараптар үшін жеткілікті болып саналады және халықаралық тіркеу иесінен басқа еш нәрсе сұралмауы тиіс.
Аумақтық әрекет етуі
Халықаралық тіркеу нәтижесінде пайда болған қорғау Уағдаласушы Тарапқа тек халықаралық өтінім беруші тұлғаның немесе халықаралық тіркеу иесінің берген өтініші арқылы таралады. Бірақ, мұндай өтініш шығу ведомствосы болып табылатын Уағдаласушы Тарапқа қатысты берілмейді.
«Аумақтық кеңейту» туралы өтініш жасау
1) Уағдаласушы Тарапқа халықаралық тіркеу нәтижесінде пайда болған қорғауды тарату жөніндегі әр өтініш халықаралық өтінімде арнайы жасалуы тиіс.
2) Аумақтық кеңейту жөніндегі өтініш халықаралық тіркеуден кейін жасалуы мүмкін. Мұндай өтініш Нұсқаулықта көрсетілген бланкіде жасалуы тиіс. Халықаралық бюро халықаралық тізілімге тез арада өтініш жөнінде мәлімет енгізеді және ол жайында мүдделі ведомстволарға хабарлайды. Бұл өтініш Халықаралық бюроның мерзімді бюллетенінде жарияланады. Аумақтық кеңейту Халықаралық тізілімге ол жайында мәлімет енгізілген күннен бастап күшіне енеді және өзіне қатысты халықаралық тіркеудің мерзімі аяқталғанынан кейін өз әрекетін тоқтатады.
Халықаралық тіркеудің әрекеті
1) a) Тіркеу күнінен немесе 3 және 3 ter - баптарының ережелеріне сәйкес мәлімет енгізілген күннен таңбаның қорғалуы аталған Уағдаласушы Тараптың ведомствосында тіркелгендей әр мүдделі Уағдаласушы Тарапта да сондай болады. Егер 5 (1) және (2) - баптарына сәйкес Халықаралық бюроға белгілі бір бас тарту жөнінде хабарланбаған болса немесе, егер, осы бапқа сәйкес хабарлама жасалғаннан кейін ол қайтып алынған болса, осы күннен таңбаның қорғалуы аталған Уағдаласушы Тараптың ведомствосында тіркелгендей
әр мүдделі Уағдаласушы Тарапта да сондай болады.
b) 3-бапта қарастырылған тауарлар мен қызмет түрлерінің сыныптарын көрсету, таңбаның қорғалу мөлшерін анықтауға қатысты Уағдаласушы Тараптарды байланыстырмайды.
2) Әр халықаралық тіркеу осы баптың «D» бөлімінде қарастырылған міндетті формалды талаптарды орындамай-ақ Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясының 4-бабында белгіленген басымдылық құқығына ие болады.
Ұлттық немесе аумақтық тіркеуді халықаралық тіркеуге ауыстыру
1) Егер Уағдаласушы Тараптың ведомствосында ұлттық немесе аумақтық тіркеуден өткен дәл сондай таңба халықаралық тіркеуге ұсынылған болса және, егер, осындай тіркеудің екеуі де бір тұлғаға тиесілі болса, халықаралық тіркеу осы құқықтарға тимей ұлттық немесе аумақтық тіркеуді алмастырушы ретінде мынадай шарттармен қарастырылады:
і) Халықаралық тіркеу нәтижесінде пайда болған қорғау 3 ter (1) немесе (2) бабына сәйкес көрсетілген Уағдаласушы Тарапқа таралады.
іі) Ұлттық немесе аумақтық тіркеуде көрсетілген барлық тауарлар мен қызмет түрлері белгіленген Уағдаласушы Тараптарға қатысты халықаралық тіркеуде де көрсетіледі.
ііі) Жоғарыда аталған қорғауды кеңейту ұлттық немесе аумақтық тіркеуден өткен күннен кейін күшіне енеді.
2) 1-тармақта белгіленген ведомство өтініш бойынша өзінің тізілімінде халықаралық тіркеу туралы мәлімет енгізуге міндетті.
Кейбір Уағдаласушы Тараптарға қатысты қорғау беруден бас тарту және халықаралық тіркеуді жарамсыз деп тану
1) Осы Уағдаласушы Тарапқа таңба әрекетінің кеңейтілуі туралы Халықаралық бюродан хабарлама алған Уағдаласушы Тараптың ведомствосы өздерінің қолданыстағы заңнамасы мүмкіндік берсе 3 ter-бабының (1) немесе (2) - тармақтарына сәйкес халықаралық тіркеудің нәтижесінде туындайтын қорғауға осы Уағдаласушы Тарапта осындай кеңейтілудің мәні болып табылатын таңбаға бас тарту жөнінде хабарлауға құқылы. Мұндай бас тарту тек Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвециясына сәйкес, егер өтінім бас тарту туралы хабарлама берген ведомствоға тікелей берілсе, таңбаға қатысты ережелерге негізделуі тиіс. Бірақ, қолданыстағы ұлттық заңнама сыныптардың тек шектеулі саны үшін немесе тауар мен қызмет көрсетулердің шектеулі саны үшін таңбаларды тіркеуді жасау негізінде, тіпті жартылай болса да қорғаудан еш бас тартуға болмайды.
2) а) Бұл құқықты пайдаланғысы келген әр ведомство өзі қолданатын заңмен қарастырылған мерзімде өзінің бас тартуы туралы барлық себептерді көрсете және «b» және «с» - тармақшаларын ескере отырып, осы баптың 1-тармағында қарастырылған қорғауды кеңейту күнінен есептегенде бір жылдан кешіктірмей Халықаралық бюроға хабарлауы тиіс.
b) Әр Уағдаласушы Тарап осы Хаттамаға сәйкес халықаралық тіркеулер үшін «а» - тармақшасында қарастырылған бір жылдық мерзімді 18 айлық мерзімге ауыстыратындығы жөнінде хабарлауы мүмкін.
c) Мұндай өтініште егер қорғаудан қарсылық нәтижесінде бас тартылса Уағдаласу Тараптың ведомствосы мұндай бас тарту жөнінде Халықаралық бюроға 18 ай өткекеннен соң хабарлай алады. Бұл ведомство нақты халықаралық тіркеуге қатысты қорғаудан бас тарту туралы 18 ай өткеннен соң мынадай жағдайларда хабарлай алады:
і) Ол 18 ай өткенге дейін Халықаралық бюроға 18 ай өткеннен соң қарсылықтың болуы мүмкіндігі жөнінде хабарласа;
іі) Қарсылыққа негізделген бас тарту жөніндегі хабарлама қарсылық үшін берілген мерзімнің басталу күнінен санағанда 7 айды құрайтын барынша жоғары мерзім ішінде жүзеге асқан болса; егер қарсылық үшін берілген мерзім 7 айға жетпей бітсе, хабарламаны беру қарсылық үшін берілген мерзімнің өткен күнінен бастап бір ай ішінде жүзеге асуы тиіс.
d) «в» және «с» - тармақшаларына сәйкес әр хабарлама 14(2)-бабында қарастырылған актілерде жасалуы мүмкін және хабарламаның берілген күні болып хабарлама берілген өтініш беруші мемлекетке немесе өкімтаралық ұйымдарға қатысты Хаттаманың күшіне енген күні саналады. Мұндай хабарлама кейін берілуі мүмкін; бұл жағдайда 3 айдан соң Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры (бұдан әрі - «Бас директор» деп аталады) хабарламаны алғаннан кейін немесе өтініште көрсетілген халықаралық тіркеуге қатысты күні өтініш күшіне енген күніне келетін немесе бұдан кеш күнде күшін енеді.
e) Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін 10 жыл өткен соң Ассамблея «а» және «d»-тармақшаларына белгіленген жүйенің қызмет етуін тексеруді жүзеге асырады. Әрі қарай белгіленген ережелер тармақшалары Ассамблеяның бір ауыздан қабылданған шешімімен өзгертілуі мүмкін.
3) Халықаралық бюро халықаралық тіркеу иесіне бас тарту туралы хабарламаның бір данасын тез арада жібереді. Халықаралық тіркеудің иесі бас тарту туралы хабарлаған ведомствоға таңбаны тікелей тапсырған жағдайдағы сияқты қарсылық беру мүмкіндіктері бар. Егер халықаралық бюро 2 «с», «i» -тармақшаларына сәйкес ақпарат алатын болса, ол оны тез арада халықаралық тіркеу иесіне жолдайды.
4) Таңбаға қорғау беруден бас тартудың себептерін Халықаралық бюро тиісті сұраныс жасаған мүдделі тұлғаларды хабарлар етуі тиіс.
5) Әр ведомство 1 және 2 - тармақтарға сәйкес нақты халықаралық тіркеуге қатысты алдын ала немесе соңғы рет бас тартуы туралы Халықаралық бюроға хабарламаған болса, 1-тармақта қарастырылған халықаралық тіркеуге қатысты құқығын жоғалтады.
6) Уағдаласқан Тараптың аумағында халықаралық тіркеуді жарамсыз деп тану туралы шешім осы Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарымен халықаралық тіркеу иесіне уақтылы өз құқытарын қорғау мүмкіндігін бермей шығарылуы мүмкін емес. Халықаралық тіркеуді жарамсыз деп тану жөніндегі шешім Халықаралық бюроға хабарланады.
Таңбалардың жекелеген элементтерін пайдаланудың
заңды екенін растайтын құжаттар
Таңбалардың жекелеген элементтерін, мысалы, герб, герб щиттері, портреттер, ажырату белгілері, дәрежелер, фирмалық атаулар немесе өтініш беруші басқа тұлғалардың аты-жөндері және Уағдаласушы Тараптың ведомствосы талап етуі мүмкін осыған ұқсас жазбалар, пайдаланудың заңды екенін растайтын құжаттар қандай да болсын заңдастырудан, сонымен қатар, шығу ведомствосының куәландырунан бөлек куәландырудан босатылады.
5 ter бабы
Халықаралық тізілімдегі мәліметтердің көшірмесі.
Жаңалыққа іздеу. Халықаралық тізілімнен үзінді көшірме
1) Халықаралық бюро кез келген тұлғаларға, олардың сұранысы бойынша және Нұсқаулықта белгіленген төлемді төлеген жағдайда Халықаралық тізілімге белгілі таңбаға қатысты енгізілген мәліметтердің көшірмесін береді.
2) Сондай-ақ, Халықаралық бюро төлем ақы болған жағдайда халықаралық тіркеудің заты болып табылатын таңбалар қоры бойынша жаңалығына іздеу жүргізуі мүмкін.
3) Уағдаласушы Тараптың біріне буре мақсатымен сұралған Халықаралық тізілімнің үзінді көшірмесі заңдастырудан босатылады.
Халықаралық тіркеудің әрекет ету мерзімі.
Халықаралық тіркеудің тәуелдігі және тәуелсіздігі
1) Таңба Халықаралық бюрода 10 жылға тіркеледі және 7-бапта көрсетілген жағдайларда мерзімін созуға болады.
2) Халықаралық тіркеу күнінен 5 жыл мерзімі өткеннен соң бұл тіркеу негізгі өтінімнен немеес оның негізінде жасалған тіркеуден немесе жағдайға байланысты келесі талаптарды ескере отырып, негізгі тіркеуден тәуелсіз болып табылады.
3) Халықаралық тіркеу негізінде пайда болған қорғау, оның құқықтарын беру затының болуы немесе болмауына қарамастан, халықаралық тіркеу күнінен 5 жыл өткенге дейін оның негізінде негізгі өтінім немесе тіркеу, не болмаса жағдайға байланысты негізгі тіркеу қайтарылған болса, оның әрекет ету мерзімі аяқталған болса, немесе одан бас тартқан болса, немесе ол бас тарту, алып тасталу, тізілімнен шығарылу туралы шешім заты болған, немесе тізілімде белгіленген тауар мен қызмет көрсетулердің барлығына немесе бір бөлшегіне қатысты әрекетсіз деп танылуы сұрала алмайды. Бұл:
i) Егер негізгі өтінімді әрекетсіз деп танудан бас тарту жөніндегі шешімге шағымдалса,
ii) Сотқа шағымдану немесе негізгі өтінімнің қайтарылуымен ,алып тасталуымен, тізілімнен шығарылуымен,негізгі тапсырыс немесе негізгі тіркеу негізінде жасалған тіркеудің әрекетсіз деп танылуымен байланысты соттың қарастыруы,
iii) 5 жыл өткеннен кейін негізгі өтінімге қарсылық алып тасталуына, тізілімнен шығарылуына, әрекетсіз деп танылуына немесе соның негізінде жасалған негізгі өтінім немесе тіркеудің қайтарылуын, жағдайға байланысты, негізгі тіркеуді, тек мұндай соттың қарастыруы немесе бас тартуы белгілі мерзімге дейін басталу шартымен шағым қылуды талап ететін шешімге әкеліп соқтырады. Сонымен бірге,бұл негізгі өтінім қайтарылса немесе бас тарту немесе қайтарылу кезінде белгілі өтінім немесе белгілі тіркеудің I, II, III-тармақшаларымен қарастырылған белгілі ірі процедура заты болып келуі немесе бұл процедура мерзімінің аяқталғанына дейін басталу шартымен 5 жыл өткеннен кейін бас тартса.
4) Нұсқаулықта белгіленгендей шығу ведомствосы Халықаралық бюроға 3 тармаққа сәйкес жағдайлар мен шешімдер жөнінде хабарлайды, ал Халықаралық бюро мүдделі тараптарға хабарлап, жариялым жасайды. Шығу ведомствосы қажет болған жағдайда Халықаралық бюрода белгіленген тәртіппен халықаралық тіркеуді тізілімнен алып тастауды сұрайды, Халықаралық бюро бұл тапсырысты орындайды.
Халықаралық тіркеудің мерзімін созу
1) Алдыңғы мерзімнің өткен күнінен бастап, әр халықаралық тіркеу мерзімін 8(7)-бабын ескере отырып, негізгі бажды 8(2)-бабында қарастырылған қосымша және үстеме баждарды төлеу арқылы 10 жылға созылуы мүмкін.
2) Мерзімді созуда алдыңғы халықаралық тіркеу, оның соңғы нұсқасына қатысты еш өзгірістер жіберілмейді.
3) Қорғау мерзімінің аяқталуына дейін 6 ай бұрын Халықаралық бюро ресми емес хабарлама жолдау арқылы халықаралық тіркеу иесіне, қажет болса, оның өкіліне айтылып кеткен мерзімінің аяқталу күнін есіне салады.
4) Нұсқаулықта белгіленген қосымша алымды төлеу шартымен халықаралық тіркеу мерзімін созу үшін 6 айлық жеңілдікті мерзім беріледі.
Халықаралық өтінім және халықаралық тіркеу алымдары
1) Шығу ведомствосының өзіне ыңғайлы етіп халықаралық тіркеу иесінен халықаралық өтінім беру үшін немесе халықаралық тіркеу мерзімін созу үшін ұлттық алымдарды бекіту және өз пайдасына алу құқығы бар.
2) Халықаралық бюрода таңбаны тіркеу 7«а»-тармағын ескере отырып, халықаралық баждың алдын ала төлену шартымен жүзеге асырылады.,
i) негізгі баж;
ii) таңба қолданатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жатқызылған үшеуінен басқа Халықаралық сыныптаманың әр сыныбы үшін қосымша баж;
iii) 3ter бабына сәйкес, қорғауды кеңейту туралы әр мәлімдеме үшін қосымша баж.
3) Бірақ 2 «ii»-тармағында белгіленген қосымша баж халықаралық тіркеу күніне әсер етпей, Нұсқаулықта көрсетілген мерзімде төленуі мүмкін, егер тауарлар мен қызмет көрсетулер сыныптарының саны анықталған болса, немесе Халықаралық бюромен дауланған болса. Егер берілген мерзім ішінде қосымша баж төленбеген болса, немесе егер тауарлар мен қызмет көрсетулер тізімі өтінім берушімен қажетті мөлшерде қысқартылған болса, халықаралық өтінім бойынша кейінгі өндіріс тоқтатылған деп есептеледі.
4) 2 «іі» және «ііі»-тармақтарында қарастырылған баж түсілімдерінен басқа, халықаралық тіркеу үшін түрлі түсілімдерден пайда болған жылдық пайданы Халықаралық бюро, осы Хаттаманы жүзеге асырумен байланысты шығындарды алып тастағаннан кейін Уағдаласушы Тараптар арасында тең бөледі.
5) 2 «іі»-тармағында белгіленген қосымша баждардан пайда болған сомалар әр жыл өткен сайын мүдделі Уағдаласушы Тараптар арасында өткен жыл бойы қорғауды қажет еткен таңбалар санына тең бөлінеді, ал алдын ала сараптама жасайтын Уағдаласушы Тараптарға қатысты бұл сан Нұсқаулықта берілген коэффицент есебімен саналады.
6) 2 «ііі»-тармағымен белгіленген қосымша баждардан пайда болған сомалар 5-тармақта қарастырылған ережелере сәйкес бөлінеді.
7) а) Әрбір Уағдаласушы Тарап 3 ter-бабына сәйкес өзі белгіленген халықаралық тіркеудің әрқайсысына қатысты, сонымен қатар мұндай тіркеудің мерзімін созуына қатысты қосымша және үстеме баж төлемдерінің бір бөлігінің орнына, ол мөлшері өтініште өзгертіле алатын, бірақ, үнемдеуді алып тастағанда,халықаралық процедура нәтижесі болып келетін сомадан асыра алмайтын бажды (бұдан әрі «жеке баж» деп аталады) алғысы келсе, белгілі Уағдаласушы Тарап ведомствосының өтініш иесінен таңбаны тіркеу үшін
8) 10 жылға немесе тіркеу иесінен бұл өкілдік тізілімнен таңба тіркеуінің мерзімін 10 жылға созу үшін бажды алу құқығы бар.
Жеке баж төленсе:
і) Егер 3 ter-бабына сәйкес хабарлама жасаған әрбір Уағдаласушы Тарапқа қатысты 2 «іі»-тармағында қарастырылған еш қосымша баж талап етілмейді;
іі) Осы тармақшаға сәйкес хабарлама жасаған әрбір Келіскен Жаққа қатысты 2 «ііі» тармағында қарастырылған еш қосымша баж талап етілмейді.
b) «а»-тармақшасына сәйкес әрбір хабарлама 14 (2) бабында қарастырылған актілерінде жасалуы мүмкін,бұл хабарламаның күшіне ену күні болып хабарлама жасаған мемлекет немесе өкімет аралық ұйымға қатысты осы Хаттаманың күшін алу күні саналады. Сонымен бірге мұндай хабарлама кейінірек жасалуы мүмкін; мұндай жағдайда Бас директор қабылдағаннан кейін үш айдан соң немесе хабарламаның күшіне енген және халықаралық тіркеулер күндері бір болған, сол халықаралық тіркеулерге қатысты хабарламада белгіленген басқа күні күшін алады.
Халықаралық тіркеу иесінің өзгеруі жөніндегі мәліметті енгізу
Халықаралық тіркеу жөніндегі мәлімет енгізілген тұлғаның өтініші бойынша немесе ex efficio жасаған мүдделі ведомствоның не болмаса мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша Халықаралық бюро халықаралық тізілімге территориясында белгілі тіркеу күшін сақтайтын Уағдаласушы Тараптардың барлығына немесе оның ішіндегі кейбіреулеріне қатысты және 2 (1)-бабына сәйкес жаңа иенің халықаралық тапсырыс беру құқығы бар тұлға болып келуі шартымен тіркеуде көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулердің барлығына немесе бір бөлігіне қатысты бұл тіркеу иесінің өзгеруі жөніндегі жазба енгізеді.
9 - bis-бабы
Халықаралық тіркеуге қатысты кейбір мәліметтерді енгізу
Халықаралық бюро Халықаралық тізілімге келесі мәліметтерді енгізеді:
і) халықаралық тіркеу иесінің аты немесе мекен-жайына қатысты өзгеріс туралы;
іі) халықаралық тіркеу иесінің өкілін тағайындауы және мұндай өкілге қатысты басқа да сәйкес мағлұматтар туралы;
ііі) барлық немесе кейбір Уағдаласушы Тараптарға қатысты халықаралық тіркеуде көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулердің тізімін шектеу туралы;
iv) Уағдаласушы Тараптардың барлығына немесе оның ішіндегі кейбіреулеріне қатысты бас тарту, тізілімнен шығару немесе халықаралық тіркеудің күшін жойғанын мойындау туралы;
v) халықаралық тіркеу заты болып келетін таңба құқықтарына қатысты Нұсқаулықта айтылып кеткен басқа да сәйкес мағлұматтар туралы.
Кейбір мәліметтерді енгізу үшін жиындар сборы
9-бапқа немесе 9-bis-бабына сәйкес мәліметтерді енгізу үшін алымдар алынады.
9 -quarter-бабы
Бірнеше Уағдаласушы мемлекеттердің бірыңғай ведомствосы
1) Егер бірнеше Уағдаласушы мемлекеттер таңбалар саласында өздерінің ұлттық таңбаларының унификациясын жүзеге асыру жөнінде келіскен болса, олар Бас директорға келесіні хабарлай алады:
i) Біріңғай ведомство бұл мемлекеттердің әрбіреуінің ұлттық ведомствосының алмастыра алады және
ii) Өздеріне жататын аумақтардың жиынтығы осы баптың алдындағы ережелердің толық немесе бір бөлігін қолдану мақсаттары үшін, сонымен бірге 9 quinquies және 9 sexies баптарының ережелерін қолдану мақсаттары үшін бір мемлекет ретінде қарастырылуы тиіс.
2) Бұл хабарландырудың күші Бас директордың осыған орай басқа Келіскен Жақтарға хабарлаған күнінен бастап,үш ай өткеннен кейін ғана пайда болады.
Халықаралық тіркеудің ұлттық немесе аумақтық өтінімдерге
Түрленуі
Егер халықаралық тіркеу шыққан ведомствоның өтініші бойынша белгілі тіркеуде көрсетілген халықаралық тіркеу тауар мен қызмет көрсетулердің барлығына немесе бір бөлігіне қатысты 6(4)-бабына сәйкес тізілімнен шығарылатын болса және халықаралық тіркеуге ие болған тұлға, сол аумақта халықаралық тіркеу күшін сақтаған Уағдаласушы Тараптардың біреуінің ведомствосына сол таңбаны тіркеуге өтінім беретін болса, бұл өтінім
3(4)-бабына сәйкес халықаралық тіркеу күнінде берілген немесе
3 ter (2)-бабына сәйкес аумақтық кеңейту күнінде мәліметті енгізу күнінде берілген деп қарастырылады және егер халықаралық тіркеу артықшылығын пайдаланса, осы өтінім сол артықшылықты мына шарттарға сай пайдалана алады:
i) Аталған өтінім халықаралық тіркеу тізілімнен шығарылған күннен санағанда үш ай мерзімінде берілген болса,
ii) өтінімде көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулер шынында да Уағдаласушы Тараптардың мүдделілігіне қатысты халықаралық тіркеуде бар тауарлар мен қызмет көрсетулер тізімімен жабылатын болса,
iii) Аталған өтінім қолданыстағы заңдардың барлық талаптарына, сонымен бірге алымдарға қатысты талаптарға сай болса.
Мадрид (Стокгольм) Келісімін сақтау
1) Егер нақты халықаралық өтінім немесе нақты халықаралық тіркеуге қатысты оның шығу ведомствосы, сонымен қатар белгілі Хаттама және Мадрид (Стокгольм) Келісіміне қатысушы мемлекет ведомствосы болып табылатын болса, осы Хаттаманың ережелері бұдан басқа осы Хаттама және Мадрид (Стокгольм) Келісіміне қатысушы мемлекеттер аймағында күшін сақтамайды.
2) Ассамблея 3/4 бөлігі көпшілігімен Хаттаманың күшіне енген күннен бастап, он жыл өткеннен кейін, бірақ, Мадрид (Стокгольм) Келісіміне қатысушы мемлекеттер, осы Хаттаманың Тараптары болған күнінен санағанда бес жылдан асырмай 1-тармақты алып тастай алады, немесе оның күші әсер ететін саланы шектей алады. Тек қана бір мезгілде берілген Келісім және осы Хаттама Тараптары болып келетін мемлекеттер Ассамблея сайлауына қатыса алады.
Ассамблея
1) a) Уағдаласушы Мадрид (Стокгольм) келісіміне қатысушы елдер сияқты сол Ассамблеяның мүшелері болып табылады.
b) Бұл Ассамблеяның келісімдегі әр жақты орынбасары, кеңесші және сарапшысы бар бір өкілден тұрады.
c) Тек Одаққа артылған әр Уағдаласушы Тараптың бір өкілінің жолы мен тұруы төлем шығындарынан басқа әр делегация шығындарын тағайындаған Уағдаласушы Тарап өзіне алады.
2) Ассамблея Мадрид (Стокгольм) Келісіміне сәйкес артылған тапсырмалардан басқа:
i) нақты Хаттаманың қолданылуына қатысты барлық мәселелерді қарастырады;
ii) Халықаралық бюроға осы Хаттаманың Тараптары болып табылмайтын Одақ мемлекеттерінің ескертулерін тиісті түрде ескере отырып, бұл Хаттаманы қайта қарастыру бойынша конференция дайындығына қатысты нұсқауларды береді;
iii) осы Хаттама қолданысына қатысты Нұсқаулық ережелеріне өзгерістерді қабылдайды және енгізеді;
iv) осы Хаттамаға сәйкес өзіне артылған қызметтерді атқарады.
3) a) Әр Уағдаласушы Тарап Ассамблеяда бір дауысқа ие болады. Тек Мадрид (Стокгольм) Келісіміне қатысушы елдерге қатысты мәселелер бойынша бұл Келісімге қатыспайтын Уағдаласушы Тараптардың дауыс беру құқығы болмайды және Уағдалсушы Тараптарға қатысты мәселелер бойынша тек олар дауыс беру құқығына ие болады.
b) Нақты мәселе бойынша дауыс беру құқығы бар Ассамблея мүшелерінің жартысы бұл мәселе бойынша сайлау өткізу үшін кворум құрады.
с) «b»-тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер нақты мәселе бойынша дауыс беру құқығы бар Ассамблея мүшелерінің саны жартыдан аз болса, бірақ бұл мәселе бойынша дауыс беру құқығы бар Ассамблея мүшелерінің 1/3 бөлігінен асатын немесе тең болса, Ассамблея шешім қабылдай алады; бірақ Ассамблея өзінің процедурасына қатысты шешімдерінен басқа Ассамблея шешімдері келесі шарттарды сақтау жағдайында ғана міндетті болады. Халықаралық бюро мұндай шешімдерді тек белгілі мәселе бойынша дауыс беру құқығы бар және онда ұсынылмаған Ассамблея мүшелеріне жолдайды, оларға шешім жолданған күннен бастап, үш айлық мерзімде, олардың бұл шешімдерге дауыс берулерін немесе дауыс бермеулерін, не болмаса сайлаудан қалыс қалғанын жазбаша түрде хабарлауды ұсынады. Егер бұл мерзімнің өтіп кетуінен кейін дауыс берген немесе сайлаудан қалыс қалған мүшелер саны сессияда кворум құруға жетіспеген мүшелер санына тең болса, мұндай шешімдер қажетті көпшіліктің бар болуы шартымен күшін алады.
d) 5(2) «е», 9 sexies (2), 12 и 13 (2) баптары ережелерін ескере отырып, Ассамблея шешімдері берілген дауыстардың 3/2 бөлігі көпшілігімен қабылданады.
e) Қалыс қалғандардың дауысы есепке алынбайды.
f) Өкіл Ассамблеяның тек бір мүшесін ғана ұсына алады және оның атынан дауыс береді.
4) Мадрид (Стокгольм) Келісіміне сәйкес Ассамблея кезекті және кезектен тыс сессиялардан басқа бұл сессияның күн тізбесіне енгізуге ұсынылған мәселелері бойынша дауыс беру құқығы бар Ассамблея мүшелерінің 1/4 бөлігінің шарттары бойынша Бас директор жинайтын кезектен тыс сессияға жиналыс үстінде. Мұндай кезектен тыс сессияның күнтізбесін Бас директор даярлайды.
Халықаралық бюро
1) осы Хаттамаға сәйкес халықаралық тіркеуге байланысты қызметтерді, сонымен бірге осы Хаттамаға қатысты басқа да әкімшілік қызметтерді Халықаралық бюро атқарады.
2) а) Ассамблея нұсқауларына сәйкес Халықаралық бюро осы Хаттаманы қайта қарастыру бойынша конференция дайындайды.
b) Халықаралық бюро осы Хаттаманы қайта қарастыру бойынша белгілі конференцияларға дайындық бойынша үкіметаралық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардан кеңес ала алады.
c) Бас директор және ол тағайындаған тұлғалар бұл конференцияларда дауыс беру құқығынсыз қайта қарастыру мәселелерін талқылауға қатысады.
3) Халықаралық бюро осы Хаттамаға қатысты өзіне артылған қызметтердің барлығын атқарады.
Қаржы
Уағдаласушы Тараптарға қатысты Одақ қаржысы Мадрид (Стокгольм) Келісімінің 12-бабындағы ережелермен реттеледі, аталған Келісімнің 8-бабына нұсқау ретінде қарастырылады. Бұдан басқа аталған Келісімнің 12(6) «b» - бабының мақсаттары үшін, егер Ассамблея бірыңғай басқа шешім қабылдамаса, Уағдаласушы ұйымдар Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясына сәйкес жарналардың 1 сыныбына жататын ұйымдар ретінде қарастырылады.
Хаттаманың кейбір баптарына түзетулер
1) 10, 11, 12-баптарға және осы бапқа түзетулер енгізу жөніндегі ұсыныстар Уағдаласушы Тараптардың әрқайсымен немесе Бас директормен жасала алады. Бас директор мұндай ұсыныстарды Уағдаласушы Тараптарға Ассамблея қарастыруына алты ай қалғанда жолдайды.
2) 1 - тармақта белгіленген баптарға әр түзету Ассамблеямен қабылданады, ол үшін берілген дауыстардың көпшілігі 3/4 бөлігі қажет, бірақ 10-бапқа және осы тармаққа енгізетін әр түзету берілген дауыстардың көпшілігі 4/5 бөлігімен қабылданады.
3) 1-тармақта белгіленген баптарға әр түзету Бас директорға түзетуді қабылдау кезінде Ассамблея мүшелері болып келген және бұл түзету бойынша дауыс беру құқығына ие болған мемлекеттер мен үкіметаралық ұйымдардың 3/4 бөлігінен, олардың конституциялық процедурасына сәйкес жүзеге асырылған, оны қабылдау туралы жазбаша хабарлау жасалғаннан кейін, бір ай өткен соң күшіне енеді. Мұндай жолмен қабылданған, көрсетілген баптарға арналған әр түзетудің күшіне ену күнінде немесе сол күннен кейін Уағдаласушы Тараптар болып табылатын барлық мемлекеттер мен үкіметаралық ұйымдар үшін міндетті болып келеді.
Хаттамаға қатысу шарттары. Күшін алу
1) а) Өнеркәсіптік меншік қорғау бойынша Париж конвенциясына қатысушы мемлекет осы Хаттамаға қатысушы бола алады.
b) бұдан басқа, әр үкіметаралық ұйым келесі шарттарды ұстанған жағдайда осы Хаттамаға қатысушы бола алады:
i) Бұл ұйым мүше-мемлекеттердің біреуі Өнеркәсіптік меншік қорғау бойынша Париж конвенциясының қатысушы болып келеді;
ii) аталған ұйымның өзінің аумағында күші бар таңбалары тіркеу мақсаты үшін аумақтық ведомствосы бар, егер мұндай ведомство 9 quarter-бабы бойынша хабарлау объектісі болмаса.
2) 1-тармақта көрсетілген мемлекет немесе мекеме осы Хаттамаға қол қоя алады. 1-тармақта көрсетілген әрбір мемлекет немесе ұйым, егер олар осы Хаттамаға қол қойған жағдайда, ратификациялық грамоталарды, осы Хаттаманы қабылдау және мақұлдау жөніндегі құжаттарды немесе осы Хаттамаға қол қоймаған жағдайда Хаттамаға қосылу туралы актісін сақтауға тапсыра алады.
3) 2-тармақта белгіленген актілер Бас директорға сақтауға беріледі.
4) а) Төрт ратификациялық грамоталарды қабылдау және мақұлдау жөніндегі құжаттарды немесе бұл құжаттардың біреуі Мадрид(Стокгольм) Келісіміне қатысушы мемлекетпен тапсырылған болса, бұл құжаттардың біреуі Мадрид (Стокгольм) Келісіміне қатыспайтын мемлекетпен тапсырылған болса, немесе 1 «b» тармағында белгіленген ұйымдардың біреуінен тапсырылуы шарты бойынша қосылу туралы актісін тапсырған күнінен үш ай өткеннен кейін осы Хаттама күшіне енеді.
b) 1-тармақта көрсетілген басқа мемлекетке немесе ұйымға қатысты осы Хаттаманы Бас директор оның ратификациялануы, қабылдануы, мақұлдануы және оған қосылуы жөніндегі хабарлама жасаған күнінен кейін үш айдан соң күшіне енеді.
5) 1-тармақта көрсетліген әр мемлекет немесе ұйым өздерінің ратификациялық грамоталарында, оны қабылдау, мақұлдау жөніндегі құжаттарында және осы Хаттамаға қосылу жөніндегі актісінде бұл мемлекетке немесе ұйымға қатысты Хаттаманың күшіне енуіне дейін осы Хаттама бойынша жүзеге асырылған халықаралық тіркеу нәтижесінде пайда болған қорғау оларға таралмайтынын хабарлай алады.
Денонсация
1) Осы Хаттама мерзімді шектеусіз күшін сақтайды.
2) Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы Бас директорға жолданған хабарлама арқылы осы Хаттаманы денонсациялай алады.
3) Денонсация Бас директор хабарлама алған күннен кейін бір жылдан соң күшін алады.
4) Уағдаласушы Тарап осы баппен қарастырылған денонсация құқығын өзіне қатысты Хаттама күшіне енген күннен бес жыл өткенге дейін қолдана алмайды.
5) егер таңба денонсация күшіне енген күні осы Хаттаманы денонсациялайтын мемлекет немесе үкіметаралық ұйымда күшін сақтайтын халықаралық тіркеу заты болып табылса, осы тіркеу иесі мұндай мемлекет немесе халықаралық ұйымның ведомствосына сол таңбаны тіркеу өтінімін береді, ол өтінім 3(4)-бабына сәйкес халықаралық тіркеу күніне берілгендей қарастырылады және егер тіркеу артықшылығы болса, қолданушы сол артықшылықты мынадай шарттармен пайдаланады:
i) мұндай өтінім денонсация күшіне енген күннен бастап екі жыл аралығында берілсе;
ii) бұл өтінімде берілген тауарлар мен қызмет көрсетулер шынында осы Хаттаманы денонсацияланған мемлекеттер мен мекемелерге қатысты халықаралық тіркеуге енгізілген тауарлар мен қызмет көрсетулер тізімімен жабылады;
iii) мұндай өтінім қолданыстағы заңдардың барлық талаптарына, соның ішінде алымдарға қатысты талаптарға сәйкес болса.
b) Сонымен бірге «а»-тармақшасындағы ереже 2 (1)-бабына сәйкес денонсация салдарынан халықаралық өтінім беру құқығынан айырылған иелер, денонсациясының күшіне енген күніне осы Хаттаманы денонсациялаған мемлекет пен үкіметаралық ұйымнан басқа Уағдаласушы Тараптардың күші халықаралық тіркеу заты болып табылатын әрбір таңбаға қатысты қолданылады.
Қол қою. Тілдер. Қызмет депозитарийлері
1) а) Осы Хаттамаға ағылшын, испан, француз тілдерінде бір данадан қол қойылады және Мадридте қол қоюға жабылғаннан кейін Бас директорға сақтауға беріледі. Үш тілдегі мәтіндер тең.
b) Осы Хаттаманың ресми мәтіні Бас директор араб, италия, қытай, неміс, португал, орыс және жапон тілдерінде, сонымен бірге Ассамблея анықтаған басқа да тілдерде мүдделі мемлекеттер мен ұйымдардан кеңес алғаннан кейін жасалады.
2) Осы Хаттама Мадридте қол қоюға 1989-жылдың 31-желтоқсанына дейін ашық.
3) Бас директор Испания Үкіметімен тиісті түрде бекітілген осы Хаттаманың қол қойылған мәтінінің екі көшірмесін, осы Хаттаманың қатысушылары бола алатын мемлекеттер мен үкіметаралық ұйымдарға жолдайды.
4) Бас директор осы Хаттаманы Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығында тіркейді
5) Бас директор осы Хаттаманың Тараптары болып табылатын немесе бола алатын мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға ратификациялық грамоталар, қабылдау, мақұлдау жөніндегі құжаттар немесе қосылу жөніндегі актілерге қол қою, сақтауға беру туралы, сонымен бірге осы Хаттаманың күшіне енуі, өзгеруі жөнінде, денонсация туралы әр хабарлама мен осы Хаттамада қарастырылған әр өтініш жөнінде хабарлайды.