Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 585 Қаулысы

(2019.24.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 27 сәуірдегі

№ 585 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгеріс пен толықтырулар

 

1. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 28 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Үкіметінің 2019.24.10. № 798 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, № 12, 140-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардын (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

2-тармақтың реттік нөмірі 357-жолының 3-бағаны «СІМ,» деген аббревиатурадан кейін «Сырбар» СБҚ» (келісім бойынша)» деген сөздермен толықтырылсын;

ескертпенің 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Сырбар» СБҚ» - «Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі».

4. «2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 916 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 81-жолдың 4-бағаны «ҰҚК,» деген аббревиатурадан кейін «Сырбар» СБҚ» (келісім бойынша)» деген сөздермен толықтырылсын;

Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Сырбар» СБҚ» - «Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі».