«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 6 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 20 наурыздағы
№ 42-ө өкімімен
бекітілген
«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2009 жылғы 6 ақпандағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) | 2009 жылғы наурыз |
2 | «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | 2009 жылғы наурыз |