Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2009 жылғы 13 ақпандағы

№ 148 қаулысымен

мақұлданған

 

Жоба

 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және екінші деңгейдегі банктер арасындағы кейіннен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру үшін қаражатты екінші деңгейдегі банктерде орналастыру туралы

бас келісім

(2010.13.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Бұдан әрі «Қордың жалғыз акционері» деп аталатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы атынан ____________________ негізінде әрекет ететін ________________, және

бұдан әрі «Қор» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «акционерлік қоғамы атынан Жарғының негізінде әрекет ететін _______________, және

бұдан әрі «Банк», бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке «Тарап» деп аталатын «_________» акционерлік қоғамы атынан Жарғының негізінде әрекет ететін басқарма төрағасы ______________,

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысын (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысы) іске асыру шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті шарттарда қолдау мақсаттарын басшылыққа ала отырып,

мына төмендегілер туралы осы №____ бас келісімді жасасты.

 

1. Келісімде пайдаланылатын анықтамалар мен ұғымдар

 

Осы Келісімде мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады:

ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі;

ШОКС - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері;

Банктік қарыз шарты - Банк пен ШОКС арасында соңғысына Қордың ақшасы есебінен осы Келісімде белгіленген мақсаттарға қарыз беру үшін жасалатын келісім;

Берешек — ақшаны төлеу немесе қайтару жөніндегі кез келген міндеттеме (осы Келісім бойынша қабылданған);

Қарыз (кредит) - осы Келісімнің, Кредиттік шарттардың және Банктік қарыз шарттарының талаптарына сәйкес Банктің ШОКС-қа беретін ақшаның сомасы;

Қарыз алушы - Банк беретін Қарызды осы Келісімде белгіленген мақсаттарға пайдаланушы ШОКС;

Кредиттік шарт - осы Келісімнің шеңберінде ШОКС-ты қаржыландыру үшін Банкке ақша қаражатының бір бөлігін (транша) беру жөнінде Қор мен Банктің арасында жасалатын келісім. Бұл ретте Кредиттік шарт орналастырылатын транштың сомасын, орналастырылатын қаражатты беру мен өтеу тәртібін және өтеу кестесін қамтиды;

Жұмыс күні - Банктер Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыру үшін ашық болатын күн (сенбіні немесе жексенбіні, немесе ресми мереке күндерін қоспағанда);

Ақшаны игеру - Банктік қарыз шартын жасасу жолымен Кредиттік Шарттарда және осы Келісімде көрсетілген мерзімде және талаптарда Қордың ақшасы есебінен Банктің ШОКС-қа Қарыз беруі;

Еңсерілмейтін күш жағдайлары - Тараптардың кез келгенінің осы Келісім бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін емес жағдайлары (су тасқынын, жер сілкінісін, жарылыстарды, дауылдарды, індеттерді, эпизоотияларды, дүлей өрттерді, ереуілдерді, соғысты, көтерілістерді, мемлекеттік органдардың ресми актілерін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей). Бұл ретте еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс;

ШОКС-тың қарызды мақсатты пайдалануы - жаңа негізгі құралдарды сатып алу және жаңғырту, айналым қаражатын толықтыру, Кредиттік шарттарда және осы Келісімде белгіленген талаптарда және тәртіппен Банктен, банктерден, басқа да кредиттік ұйымдардан ШОКС бұрын алған қарыздарды қайта қаржыландыру;

Банктің ақшаны мақсатты пайдалануы - Қордың ақшасын Банктің Қарыз (кредит) түрінде ШОКС-қа Кредиттік шарттарда және осы Келісімде белгіленген мақсаттар үшін ғана беруі;

Қайта қаржыландыру - бұрын берілген қаражатты алмастыру. Қарыз алушының қазіргі қарыздарын қайта қаржыландыру кезінде «ШОКС» мәртебесі Қарыз алушының қайта қаржыландырылатын қарызды алу сәтінде ұсынған құжаттарының негізінде айқындалады. Бұл ретте қайта қаржыландыруға бөлінетін қарыздың ең жоғары сомасы осы Келісімнің 4-бөлімінің 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес айқындалады.

Жылдық тиімді ставка - берілетін қарыздар бойынша сыйақының жылдық тиімді ставкасы «Қаржы қызметтері жөніндегі сыйақының шамасы туралы ақпаратты тарату кезінде сыйақы ставкаларын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 215 қаулысына сәйкес есептеледі.

 

 

2. Келісімнің мәні

 

1. Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысын орындау мақсатында Қорға осы Келісімнің шарттарында екінші деңгейдегі банктерге орналастыру үшін ақшалай қаражат береді. Ақшалай қаражатты беру шарттары Жалғыз акционер мен Қор арасында жасалатын жеке кредиттік келісіммен айқындалатын болады.

Осы Келісімге сәйкес Қор Банк Қарыздар беру сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай болып табылатын ШОКС Қарыздары түрінде Банктің қаржыландыруы үшін Банкке _______ (_______) теңге сомасында ақша қаражатын (бұдан әрі - Ақша) орналастырады.

2. Банкке ақшаны орналастыру Тараптардың арасында жасалған тиісті Кредиттік шарттардың негізінде Банктің корреспонденттік шотына ақша аудару жолымен транштармен жүзеге асырылады.

3. Әрбір транштың сомасы Кредиттік шарттармен айқындалады.

4. Қордың Банкке әрбір келесі транштың қаражатын орналастыруы

Банктің бұрын берілген транш бойынша Қордың ақшасын игеруін Банктің жазбаша ресми растауы негізінде жүргізіледі. Бұл ретте Банк осындай растау ұсынылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қорға осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес Қордың ақшасын игергені туралы есеп беруге тиіс.

Банктің осы Келісімнің шарттарын бұзғаны, бұрын берілген транштың/транштардың қаражатын игермегені/толық игермегені анықталған жағдайда Қор Банкке келесі траншты беруді тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.

 

3. Орналастырылған қаражатты беру шарттары және оны өтеу тәртібі

 

1. Қор ақшаны Банкке ақшаның мақсатты пайдаланылуы, жеделдігі, ақылылығы, қайтарымдылығы шарттарын сақтай отырып орналастырады.

2. Банк осы Келісімде көзделген қаражатты ШОКС-қа осы Келісімде көзделген мақсаттарға Қарыз беру үшін ғана пайдалануға міндетті. Қордың ақшасын осы мақсатты пайдалануды Банк өз бетімен өзгертпеуге тиіс. Қордың ақшасын басқа мақсаттар үшін пайдалану Банктің осы Келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылығына әкеп соқтырады.

3. Қордың ақшаны Банкке орналастыру мерзімі — Кредиттік шартқа сәйкес Банкке әрбір траншты орналастырған күннен бастап 12 (он екі) айға дейін негізгі борышты төлеу жөніндегі жеңілдікті кезең бере отырып, 7 жылға (84 айға) дейін.

4. Банктің әрбір транш бойынша ақшаны игеру мерзімі Қордың ақшасы тиісті транш бойынша Банктің корреспонденттік шотына келіп түскен күннен басталады және бірінші транш бойынша — 2009 жылғы 31 наурызда, екінші транш бойынша - 2009 жылғы 30 сәуірде, үшінші транш бойынша - 2009 жылғы 31 мамырда, төртінші транш бойынша - 2009 жылғы 30 маусымда аяқталады.

5. Қор ақшасының игерілгенін растауға Банк Қорға мынадай құжаттарды (уәкілетті тұлғаның қолымен және Банктің мөрімен куәландырылған көшірмелер) ұсынады:

Банк пен Қарыз алушының арасындағы Банктік қарыз шарты;

Қарыз алушыға қарыз ретінде ақша беру туралы Банк Кредиттік комитетінің шешімінен үзінді;

Банктік қарыз шарты бойынша Қарыз алушының шотына ақша аудару фактісін растайтын құжаттар (Қарыз алушының банктік шотынан үзінді және/немесе Банктің төлем тапсырмасы және/немесе төлем ордері).

Банктің өз қоржынының қарыздарын қайта қаржыландырған жағдайда Қор ақшасының игерілгенін растауға Банк Қорға мынадай құжаттарды (уәкілетті тұлғаның қолымен және Банктің мөрімен куәландырылған көшірмелер) ұсынады:

Банк пен Қарыз алушының арасындағы Банктік қарыз шарты (қайта қаржыландырылатын қарыз бойынша);

Банктік қарыз шартына қосымша келісім/Банк пен Қарыз алушының арасында қайта жасалған Банктік қарыз шарты;

Қарызды қайта қаржыландыру туралы Банк Кредиттік комитетінің шешімінен үзінді.

Жобалар бойынша мақұлданған, бірақ берілмеген сомалар бөлігінде Қор ақшасының игерілгенін растауға Банк Қорға мынадай құжаттарды (уәкілетті тұлғаның қолымен және Банктің мөрімен куәландырылған көшірмелер) ұсынады:

осы Келісімде белгіленген ақшаны игеру мерзімі ішінде Банк пен Қарыз алушының арасында жасалған Банктік қарыз шарты/Кредиттік желі ашу туралы келісім;

Қарыз алушыға Қарыз ретінде ақша беру туралы Банк Кредиттік комитетінің шешімінен үзінді;

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің негізінде теңгерімнен тыс шоттағы қарыз қаражатының есебін көрсететін құжат.

Банк ШОКС кредиттік желісі бойынша қаражаттың қол жетімділігі кезеңін 1 жылға дейін белгілеуге міндетті.

6. Қордың сыйақы ставкасы Банкке берілетін ақша бойынша жылдық 8 %-ды (сегіз пайызды) құрайды. Банк тарапынан өз қаражатымен қоса қаржыландыру жағдайында сыйақы ставкасы жеке келісіммен айқындалады.

7. Банк төлейтін сыйақы негізгі борыштың қалдығына есептеледі, бұл ретте бір жылдағы 360 (үш жүз алпыс) күн және бір айдағы 30 (отыз) күн және толық емес айда біріншіні қоса алғанда, бірақ соңғы күнді қоспағанда, іс жүзінде өткен күндердің саны есепке алынады және Банк Қор ұсынатын шоттардың негізінде төлейді.

8. Қордың орналастырған ақшасын Банктің өтеу тәртібі:

Қорға Кредиттік желі бойынша сыйақы Кредиттік шарттардың талаптарына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1 (бірінші) жұмыс күнінен кешіктірмей Қор ұсынатын шоттың негізінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 (үшінші) жұмыс күнінен кешіктірмей тоқсан сайын төленеді;

Кредиттік шарттар бойынша негізгі борыш Қорға Кредиттік шарттардың талаптарына сәйкес есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 1 (бірінші) жұмыс күнінен кешіктірмей Қор ұсынатын шоттың негізінде есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 3 (үшінші) жұмыс күнінен кешіктірмей жеңілдікті кезең өткеннен кейін жарты жылда бір рет тең үлестермен төленеді.

9. Қордың ақшасын пайдалану мерзімі Кредиттік шарттарда көрсетілген деректемелер бойынша Қордың ақшасы Банктің шотына келіп түскен күннен басталады және ол толық қайтарылған күнмен аяқталады. Қордың банктік шотына ақшаның толық көлемде келіп түскен күні ақшаның қайтарылған күні болып табылады.

10. Осы Келісім бойынша бұрын берілген ШОКС Қарыздарын өтеу есебінен босатылған Қордың ақшасын осы Келісімнің қолданылуы ішінде Банк осы Келісімнің шарттары бойынша ШОКС одан әрі қаржыландыруға жіберуге не осы Келісімнің 10-бөлімінің 1-тармағына сәйкес мерзімінен бұрын қайтаруға тиіс.

ҚР Үкіметінің 2009.06.05 № 633 Қаулысымен  (бұр. ред. қара); 2010.13.10. № 1064 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда

11. Осы Келісімде көзделген ақшаның 30-нан % аспайтын мөлшеріндегі қаражатын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға жіберу ұсынылады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі ұйымдарға осы Келісімде көзделген шарттар қолданылады.

 

 

4. ШОКС-қа қарыздар беру шарттары

 

1. ШОКС-ты қаржыландыру ШОКС Қор ақшасы есебінен қаржыландыру

жолымен жүзеге асырылады.

2. Банктің осы Келісімнің шеңберінде Кредиттік шарттар бойынша ШОКС-ты қаржыландыруы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері шектелместен жүзеге асырылады.

3. Банк ШОКС-қа Қарыздарды мынадай шарттар орындалған кезде беруге құқылы:

1) ШОКС-қа Қарыздар жаңа негізгі құралдар сатып алуға және жаңғыртуға, айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ Кредиттік шарттарда және осы Келісімде айқындалатын талаптарда және тәртіппен ШОКС-тың қазіргі қарыздарын қайта қаржыландыруға беріледі;

2) Қарыздың валютасы - теңге;

3) кредит беру мерзімі - 84 айға дейін;

4) осы Келісімнің шеңберінде Кредиттік шарттарда көзделген Қарыз бойынша, сондай-ақ Қор қаржыландыру көзі болып табылатын басқа қарыздар бойынша ШОКС-тың Банк алдындағы негізгі борышы жөніндегі берешек қалдығының жалпы сомасы 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңге мөлшеріндегі сомадан аспауға тиіс;

5) айналым қаражатын толықтыруға берілетін Қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу жөніндегі жеңілдікті кезең - 6 (алты) айға дейін, ал басқа мақсаттарға берілетін Қарыздар бойынша - 12 (он екі) айға дейін.

6) сыйақының жылдық тиімді ставкасы ШОКС үшін 12,5 %-дан (он екі бүтін оннан бес пайыздан) аспауға тиіс;

7) Банктің ШОКС-қа бланкілік Қарыздарды беруіне жол берілмейді;

8) мынадай:

Банктің ішкі нормативтерімен белгіленетін келеңсіз кредиттік тарихы бар;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар ШОКС-ты қаржыландыруға тыйым салынады;

9) ШОКС-қа:

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу мақсаттарына;

Қор тікелей қаржыландырған ШОКС жобаларын қоспағанда, Қор қаржыландыру көзі болып табылатын ШОКС қазіргі қарыздарын/кредиттерін қайта қаржыландыру мақсаттарына қарыздар беруге тыйым салынады;

10) ШОКС қазіргі кредиттерін қайта қаржыландыруға бағытталған қарыздардың үлесі Қор ақшасының 70 (жетпіс) %-ынан аспауға тиіс.

4. ШОКС осы Келісім бойынша Қор ШОКС-ты қаржыландыру үшін ақшалай қаражат бөлетін әр түрлі банктерден, қаржы ұйымдарынан бір мезгілде Қор ақшасы есебінен Қарыз ала алмайды. Қор қаражаты есебінен басқа банктерден алынған Қарыздардың болмауы шартын ШОКС жобаны қаржыландыруға арналған өтінімде растауға тиіс. ШОКС атап айтқанда, басқа банкте Қарыздардың жоқтығы туралы өтінімде, дұрыс емес және сенімсіз ақпарат бергені үшін Банк жауап бермейді.

5. Осы Келісімнің 4-бөлімінің 4-тармағы шарттарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда ШОКС жауап береді. Бұл ретте Қор бастапқы Қарыз берген Банкті анықталған фактілер туралы хабардар етеді, ал екінші Қарызды берген Банк бұл ретте Банк қарызы шартының талаптары бойынша немесе өз қалауы бойынша Қарызды қайтару жөніндегі жұмысты бастауға, Қордың қаражатын осы Келісімнің талаптарын қанағаттандыратын басқа ШОКС жібере отырып, Қарыздың орнын өз қаражатымен ауыстыруға міндетті. Егер Қарыз алушының әр түрлі банктерден бір мезгілде қарыз алуы арасындағы кезең кемінде 10 (он) жұмыс күнін құраған жағдайда екінші Қарызды берген Банктің осы тармақта белгіленген міндеттемесі орындалмайды. 

6. Қарыз алушы Қордың ақшасы есебінен Қарызды игеруді Банктік қарыз шарты/Кредиттік желі ашу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 айдың ішінде бастауға міндетті.

7. Банк осы Келісімнің 4-бөлімінің 6-тармағы шарттарының бұзылуы фактілері анықталған жағдайда Банктік қарыз шартын/Кредиттік желі ашу туралы келісімді бұзуға немесе өзінің қалауы бойынша, бұл ретте Қордың қаражатын осы Келісімнің талаптарын қанағаттандыратын басқа ШОКС жібере отырып, Қарыздың орнын өз қаражатымен ауыстыруға міндетті.

 

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

1. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Қор мыналарға құқылы:

1) Осы Келісімде көзделген ақшаны Банктің игеруін және тиімді пайдалануын, сондай-ақ Қарыз алушылардың осы Келісімде белгіленген қаржыландыру шарттарын сақтауын тексеруге.

Бұл ретте тексеру Қор өкілдерінің Банкке шығуы жолымен жүзеге асырылады.

2) Келісімге тиісті қосымша келісім жасасу жолымен осы Келісімнің шарттарын өзгерту туралы ұсыныспен Банкке өтініш жолдауға;

3) осы Келісімге сәйкес ШОКС қаржыландыру үшін бөлінетін Қордың Банктің ақшасын игеру жөніндегі қажетті жедел ақпаратты Банктен сұратуға;

4) Кредиттік шарттар бойынша сомаларды мерзімінен бұрын қайтаруды және/немесе мынадай жағдайларда Кредиттік шарттар мен осы Келісімді мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге:

осы Келісімнің шеңберінде негізгі борышты және/немесе Кредиттік шарттар бойынша сыйақыны Банктің уақтылы және/немесе толық көлемде аудармауы;

мақсатсыз пайдалану сомасының 15 %-ы (он бес пайызы) мөлшерінде айыппұл төлей отырып, мақсатсыз пайдалану сомасына Банк қаражатын мақсатсыз пайдалану;

мынадай рейтингтік агенттіктердің бірі Standard&Poor`s Fіtсһ Rаtnigs, Moody`s Іnvеstоrs Sеrvісе арқылы Банктің кредиттік рейтингінің 2 (екі) және одан да көп тармаққа төмендеуі (Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің төмендеуі салдарынан рейтингтің автоматты түрде төмендеуі жағдайын қоспағанда);

Банктің кейінгі 2 айдан астам ҚҚА-нің пруденциалдық нормативтерін бұзуы, сондай-ақ егер Банк лицензиясының қолданылуын уәкілетті орган тоқтата тұрса;

егер бұл Банктің қызметіне немесе қаржылық жағдайына елеулі қолайсыз әсер етсе және Банк стратегиясының өзгеруіне әкеп соқса, меншік құқығын бір мезгілде сату немесе бір мезгілде өзге де ауыстыру және/немесе Банк акцияларының 10 %-ынан (он пайызы) астамға қатысты иелік ету және пайдалану құқығын ауыстыру кезінде;

қатарынан 2 (екі) тоқсаннан астам уақыт бойында теріс қаржы нәтижесінің болуы;

Банктің осы Келісім бойынша міндеттемелеріне сәйкес қатарынан 2 (екі) айдан астам уақыт бойына ақпарат пен есептіліктің берілмеуі;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Банктің төлемге қабілетсіз деп жариялануы;

Кредиттік шарттарда және осы Келісімде көзделген тексеру жүргізуге Банктің қарсылық білдіруі;

Кредиттік шарттар мен осы Келісім бойынша, сондай-ақ Қордың Жалғыз акционері және/немесе оның еншілес ұйымдары Банкпен жасасқан және жасасатын өзге де шарттар бойынша Банк тарапынан өз міндеттемелерін орындамауының өзге де жағдайларында, және егер мұндай бұзушылықты Банк бұзушылық туындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде жоймаса.

Көрсетілген жағдайларда Банк Қордың бірінші уәжделген жазбаша талабы бойынша Қордың осы Келісімнің шеңберінде Кредиттік шарттар бойынша Банкке орналастырған ақшаны осы талап келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннің ішінде қайтаруға міндеттенеді.

Банк осындай талапты алған күннен кейін 20 (жиырма) күнтізбелік күннің ішінде Қордың талабы бойынша ақшаны аудармаған жағдайда соңғысының Банктің қосымша келісімінсіз Қордың Банкке жазбаша уәжделген талаптарын, Кредиттік шарттар мен осы Келісімнің ақшаны акцептсіз және/немесе даусыз есептен шығаруды жүзеге асыру үшін қажетті нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып, төлемдік талап-тапсырмаларын беру жолымен осы Келісімнің шеңберінде Кредиттік шарттар талаптарының орындалмауына байланысты кредит сомасын, сыйақыны, тұрақсыздық төлемін және басқа да шығыстарды қоса алғанда, берешек сомасын Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі кез келген корреспонденттік шоттарынан кез келген валютада акцептсіз және даусыз тәртіппен есептен шығару (ақшаны алу) жүргізуге құқығы бар. Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттарында Қордың алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақша жетпеген жағдайда Қордың Банктің қосымша келісімінсіз Банктің кез келген шотынан кез келген валютада акцептсіз және даусыз тәртіппен ақшаны есептен шығаруға (алуға) құқығы бар.

Ақшаны орналастырылған ақшаның валютасынан өзге валютада акцептсіз алған жағдайда алынған ақшаны орналастырылған ақшаның валютасына айырбастау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген, алынған валютаны айырбастау күніндегі бағам бойынша жүргізіледі;

5) Банкті алдын ала хабардар ете отырып, кемінде жарты жылда 1 (бір) рет Банк пен Қарыз алушының арасындағы Банктік қарыз туралы шарттарда көзделген құқықтардың шеңберінде жоба іске асырылып жатқан жерге бару арқылы Қордың ақшасын Қарыз алушының мақсатты пайдалануының мониторингін жүзеге асыруға;

6) Банк қаржыландырған Қарыз алушыдан осы Келісімде көзделген қаражаттың игерілуі мен мақсатты пайдаланылуы туралы, атап айтқанда, Қарыз алушы Банктен кредит (осы Келісімнің шеңберінде) кредит алды ма, және мұндай кредиттің қандай мақсаттарға берілгені туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

2. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес, Банк өз қалауы бойынша осы

Келісімде көзделген қаражат есебінен кредит беру үшін келісімнің өлшемдеріне сай ШОКС таңдауға құқылы.

3. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Банк мыналарға міндетті:

1) осы Келісімді жасасудың негізгі мақсаты - ШОКС-ты жеңілдікті шарттарда қолдауды қатаң сақтауға;

2) осы Келісімнің 3-бөлімінің 4-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, осы Келісімнің шеңберінде Кредиттік шарттарға сәйкес бөлінетін Қор ақшасын игеруге;

3) Кредиттік шарттарда және осы Келісімде көрсетілген талаптарға және тәртіпке сәйкес, сондай-ақ мерзімде ШОКС-қа қарыз беруге;

4) осы Келісім бойынша құқықтар мен міндеттерді осы Келісімнің қолданылуы аяқталғанға дейін Қордың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және басқаға жол бермеуге.

Осы тармақтың әрекеті Банктің Қарыз алушыға талаптарын ҚҚА нормативтік актілеріне сәйкес үмітсіздер санатына көшірілген Қарызды қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында Банктік қарыз шарты бойынша үшінші тұлғаларға беру жағдайларына қолданылмайды.

5) ШОКС Қарызды өтегеніне немесе өтемегеніне қарамастан, Банк Қорға негізгі борыш сомасын, есептелген сыйақы мен тұрақсыздық төлемін Кредиттік шарттарда және осы Келісімде белгіленген мерзімде өтеу жөнінде сөзсіз міндеттеме қабылдайды;

6) Қордың бірінші талабы бойынша, Қордың талабы алынған сәтінен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Кредиттік шарттарды және осы Келісімді іске асыру жөніндегі, сондай-ақ Кредиттік шарттарда және осы Келісімде көзделген қаражат есебінен кредит берілетін Қарыз алушылар жобаларының мониторингі жөніндегі негізделген қажетті ақпаратты, соның ішінде Қарыз алушылардан банк құпиясын жария етпеуге келісім алу шартымен банк құпиясын құрайтын ақпаратты ұсынуға;

7) Банктің ішкі талаптарына сәйкес Қарыз алушылардың Қарызды мақсатты пайдалануының мониторингін жүзеге асыруға;

8) осы Келісімнің 4-бөлімінің 4-тармағы шарттарының бұзылу фактілері анықталған жағдайда осы Келісімнің 5-бөлімінің 4-тармағын ескере отырып, Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес Қарыз алушылардан Қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды немесе өзінің қалауы бойынша, бұл ретте Қор қаражатын Кредиттік шарттардың және осы Келісімнің талаптарын қанағаттандыратын басқа ШОКС жібере отырып, Қарызды өз қаражатымен ауыстыруды талап етуге;

9) осы Келісімнің 4-бөлімінің 6-тармағы шарттарының бұзылу фактілері анықталған жағдайда осы Келісімнің 4-бөлімінің 7-тармағын ескере отырып, Банктік қарыз шартын/Кредиттік желі ашу туралы келісімді бұзуға немесе өзінің қалауы бойынша, бұл ретте Қор қаражатын Кредиттік шарттардың және осы Келісімнің талаптарын қанағаттандыратын басқа ШОКС жібере отырып, Қарызды өз қаражатымен ауыстыруға;

10) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Кредиттік шарттарға және осы Келісімге сәйкес ШОКС-ты қаржыландыру үшін бөлінетін Қор ақшасының есебінен ШОКС жобаларын қаржыландыру туралы есеп беруге;

11) Кредиттік шарттарда және осы Келісімде белгіленген мерзімде игерілмеген ақшаның бір бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде игерілмеген сомадан айыппұл төлей отырып, игеру мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қорға қайтаруға. Қаражатты игермегені/уақтылы игермегені үшін айыппұл тиісті кезең ішіндегі бірінші күнді қоса алғанда, бірақ соңғы күнді қоспағанда, күнтізбелік жылдағы 360 күн есебінен өткен күндердің іс жүзіндегі саны негізінде есептеледі;

12) Қор тиісті хабарламаны жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Банк нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған Қордың ақшасы сомасының 15 %-ы (он бес пайызы) мөлшерінде Қорға айыппұл төлеуге;

13) егер Банк Кредиттік шарттарға және осы Келісімге сәйкес кез келген соманы төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаса, онда мерзімі өткен сомаға мерзімі өткен бірінші күннен бастап іс жүзінде төленген күнге дейін мерзімі өткен берешектің 0,2 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық төлемі есептеледі.

14) резидент банктердегі барлық корреспонденттік және өзге де шоттар туралы осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде, ал резидент банктерде осы Келісімге қол қойылғаннан кейін ашылған шоттар туралы - ашылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Қорды жазбаша хабардар етуге. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі және/немесе резидент банктердегі корреспонденттік шоттардағы Банктің қаражаты Кредиттік шарттардың және осы Келісімнің шеңберінде Қордың алдындағы міндеттемені орындауға жетіспеген жағдайда Қордан тиісті хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Қорды басқа банктердегі (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы) шоттар туралы жазбаша хабардар етуге;

15) Банктің заңды мекен-жайы, почталық және банктік деректемелері, сондай-ақ іс жүзіндегі мекен-жайы өзгерген кезде Қорға 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде осындай өзгерістер туралы жедел хабарлауға. Хабарламаған және/немесе уақтылы хабарламаған жағдайда ықтимал салдарлар үшін Банк жауапты болады;

16) Банктің Қор ақшасының игеруі мен мақсатты пайдалануын және Банктің Қарыз алушыларды қаржыландыру шарттарын сақтағанын тексеруді жүргізу туралы хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Банк Қор ақшасының игерілгені мен мақсатты пайдаланылғанын және Банктің Қарыз алушыларды қаржыландыру шарттарын сақтағанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын дайындауға, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін лайықты жағдайды қамтамасыз етуге (үй-жай, офистік техника және жиһаз беру) міндетті. Тексеру Қор ақшасын игеру мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі; 

17) Кредиттік шарттар бойынша Қор ақшасын игеру мерзімі өткен күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде Қор ақшасы есебінен Банк игерген жобалардың тізімін қоса бере отырып, осы Келісімнің 3-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген Қор ақшасының игерілгенін растайтын құжаттарды (уәкілетті тұлғаның қолымен және Банктің мөрімен куәландырылған көшірмелер) Қорға ұсынуға. Осы Келісімнің 3-бөлімінің 5-тармағында көзделген құжаттар орталықтандырылған түрде Қордың Бас офисіне ұсынылады (не осы Келісімнің 3-бөлімінің 5-тармағында көзделген құжаттар Банк филиалы орналасқан өңірдегі Қордың тиісті өңірлік филиалдарына ұсынылады);

18) жедел, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Банк қызметін жүзеге асыруға жасалған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ Банк акцияларының 10 %-ынан (он пайызынан) астамына қатысты меншік құқығының бір жолғы сатылуы немесе өзгеше түрде басқа біреуге берілгені және/немесе иелік ету және пайдалану құқықтарының басқа біреуге берілгені туралы жазбаша түрде хабардар етуге;

19) Банктік қарыз шартында Қарыз алушының Қор өкілдерін жобаларды іске асыру орнына жіберуін жүзеге асыру міндеттерін бекіту шараларын қабылдауға;

20) Қарыз алушылармен Банктік қарыз шартында Қарызды қаржыландыру көзі деп Қорды белгілеуге;

21) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Қорға мынадай есептіліктің түпнұсқаларын ұсынуға:

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күнгі жағдай бойынша теңгерімдік және теңгерімнен тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп (700 Н нысан);

тоқсан сайынғы бухгалтерлік теңгерім (№ 1 нысан);

кірістер мен шығыстар туралы тоқсан сайынғы есеп (№ 2 нысан);

ақшаның қозғалысы туралы тоқсан сайынғы есеп (№ 3 нысан);

меншікті капиталдағы өзгерістер туралы тоқсан сайынғы есеп (4-нысан);

ҚҚА Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күнгі жағдай бойынша пруденциалдық (экономикалық) нормативтердің орындалуы туралы есептер (1, 2, 3-қосымшалар);

22) жыл сайынғы қаржылық есептілікті уәкілетті органға ұсыну мерзімі өткеннен кейін 10 (он) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде жыл сайынғы қаржылық есептіліктің түпнұсқасын жыл сайын Қорға ұсынуға;

23) осы Келісім жасалған күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Келісімге сәйкес ШОКС-ты қаржыландыру туралы жарнаманы кемінде 2 (екі) бұқаралық ақпарат көзіне орналастыруға, оның біреуі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын баспа басылымы болуға тиіс. Жарнамада ШОКС-ты қаржыландыру шарттары қамтылуға тиіс (қаржыландыру көзі Қор болып табылатынын көрсете отырып, Қарыздың мерзімі, бір қарыз алушыға Қарыздың ең көп сомасы, сыйақы ставкасы, қаржыландыру мақсаттары);

24) осы Келісімнің қолданылу мерзімінде ШОКС қарыздарын осы Келісімде көзделген Қор ақшасының есебінен қайта қаржыландыру нәтижесінде босаған ақшаны Қазақстан Республикасының экономикасына пайдалануға;

25) Қарыз алушылармен жасалатын Банктік қарыз шарттарында/Кредиттік желі ашу туралы келісімде Қазақстан Республикасы ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың мониторингі және оның мақсатты, заңды әрі тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында құрылған жұмыс тобы (органы) мен оның құрамына кіретін мемлекеттік органдарға және ұйымдарға Банк пен Қордың қарыздар (қарыз) жөнінде, оның ішінде банктік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беруіне келісімін көздеуге;

26) Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорынан бөлінетін қаражаттың

мониторингі және оның мақсатты, заңды әрі тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында құрылған жұмыс тобы (органы) мен оның құрамына кіретін мемлекеттік органдардың және ұйымдардың талап етуі бойынша осы Келісім негізінде берілген қарыздар (қарыз) жөнінде, оның ішінде банктік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат беруге;

27) Қарыз алушылармен жасалатын Банктік қарыз шарттарында/Кредиттік желі ашу туралы келісімде Қордың бұқаралық ақпарат құралдарында Қарыз алушының атауы мен қаржыландырылатын саланы жариялауына Қарыз алушының келісімін көздеуге.

4. Кредиттік шарттардың және осы Келісімнің негізінде негізгі борыш, сыйақы және өзге де сомалар бойынша барлық төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар, баждар, алымдар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер тиісінше төленгеннен немесе ұсталғаннан кейін жүргізіледі.

 

6. Мониторинг

 

1. Қор осы Келісімнің әрекет ету мерзімі ішінде Банктің Қор ақшасын игеруінің және мақсатты пайдалануының мониторингін жүргізуге, Қор өкілдерін Банкке жіберу жолымен Банктің Қарыз алушыларды қаржыландыру шарттарын сақтауын тексеруді жүргізуге әрі банктік және коммерциялық құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Банктен құжаттар (Банктің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелер) сұратуға құқылы.

2. Банк Қор өкілдерінің жазбаша талабы бойынша осы Келісімнің 6-бөлімінің 1-тармағын ескере отырып, мониторинг мақсатында Қор сұрататын шарттардың, төлем тапсырмаларының және өзге де құжаттардың Банк куәландырған (уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен) көшірмелерін ұсынуға міндетті.

 

7. Сөндірулер мен кепілдіктер

 

Банк Қорға мыналарды мәлімдейді және оларға кепілдік береді:

1. Банк осы Келісімде көрсетілген сөндірулер мен кепілдіктердің дұрыстығын және шындыққа сәйкестігін растайды. Қор көрсетілген сөндірулер мен кепілдіктерді тексеруге міндетті емес.

2. Банк мыналарға сөндіреді және кепілдік береді:

1) Кредиттік шарттарда және осы Келісімде көзделген қаражатты тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті барлық лицензиялар мен рұқсаттары бар ШОКС болып табылатын ШОКС-қа Қарыз беру үшін ғана пайдаланатын болады;

2) оның бизнесіне, оның қаржылық жағдайына, активтеріне және осы Келісім бойынша өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін қандай да бір жағдайлар Банкке белгісіз. Сондай-ақ, Банктің жарғылық құзыретінің осы Келісімге қол қоятын тұлғамен осы Келісімді жасасуға мүмкіндік беретінін Банк растайды;

3) Банк осы Келісімді жасасу сәтінде осы Келісімді бұзуға, оны орындаудың мүмкін еместігіне, оны жарамсыз деп тануға себеп болуы мүмкін негіздемелердің жоқтығын растайды.

3. Банк өзі Қорға берген (ұсынған) немесе беретін барлық ақпараттың, сондай-ақ барлық құжаттаманың дәлдігі мен шындыққа сәйкестігін мәлімдейді және растайды. Қор берілген немесе берілетін құжаттаманың сенімділігі мен дәлдігін тексеруге міндетті емес. Жалған, толық емес және/немесе сенімсіз мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы Банкке ескертілген.

4. Тараптардың бірі Банк болатын ШОКС-ты қаржыландыру жөніндегі келісімдер Банктің жарғысын немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының Банкке қатысы қолданылатын талаптарын бұзбауға тиіс.

5. Осымен Банк осы Келісімде қамтылған барлық шарттар, өзі жасайтын іс-әрекеттердің құқықтық мәні өзіне айқын және түсінікті екендігін мәлімдейді.

 

8. Орналастырылған ақшаны өтеу

 

1. Банк талаптарға сәйкес және Кредиттік шарттар мен осы Келісімде белгіленген мерзімде Қор орналастырған ақшаны қайтаруды және өзге төлемдерді төлеуді қамтамасыз етеді.

2. Егер жүргізілген төлем сомасы Кредит шарттары бойынша және осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, ол бірінші кезекте Қордың орындауды алу жөніндегі шегерімдерін, содан кейін тұрақсыздық айыбы мен сыйақыны, ал қалған бөлігінде - борыштың негізгі сомасын өтейді. Қор Банк берешегін өтеудің басқа кезектілігін айқындауға құқылы.

3. Егер төлем күні демалыс немесе мереке күніне түссе, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.

 

9. Қордың бастамасы бойынша ақшаны мерзімінен бұрын қайтару

 

1. Кредит шарттарында және осы Келісімде көзделген тәртіппен және шарттарда Қордың бастамасы бойынша Кредит шарттары бойынша  ақшаны мерзімінен бұрын қайтаруға болады

 

10. Банктің бастамасы бойынша ақшаны мерзімінен бұрын қайтару

 

1. Қорға кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлама жібере отырып, Банк Қорға іс жүзінде пайдаланған уақыты үшін кредиттің негізгі сомасы бойынша төленуге тиіс барлық есептелген сыйақы мен өзге де сомаларды төлейді деген талаппен, Банк өтелмеген кредиттің негізгі сомасының барлығын немесе бір бөлігін кез келген уақытта мерзімінен бұрын қайтаруға құқылы және осы сәттен бастап Банктің Қор алдындағы ақшалай міндеттемесі тоқтатылады.

 

11. Тараптардың жауапкершілігі

 

1. Келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Келісімдегі Тарап Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты болады.

 

12. Хабарламалар

 

1. Тараптар Келісім шеңберінде талап етілетін немесе жасалған кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау жазбаша нысанда берілетініне келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау Тараптың уәкілетті өкілінің өз қолына берілген, Келісімде көрсетілген қатысушы Тараптың мекен-жайы бойынша почта немесе курьерлік байланыс арқылы, факсимильді және телексті байланыс арқылы жеткізілген жағдайлардың кез келгенімен тиісті түрде берілген немесе жіберілген деп қаралатын болады.

2. Кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау мынадай жағдайларда алынған болып есептеледі:

1) қолма-қол (курьерлік) жіберу — тиісті белгіні қойып алған күні;

2) тапсырысты хатпен, жеделхатпен жіберу - жібергеннен кейін үшінші күні (жіберген кезде почта кәсіпорыны берген құжаттың күнінен бастап);

3) факсимильді немесе телексті байланыс арқылы жіберу — жіберудің ойдағыдай аяқталғаны туралы факсимильді аппараттың растауы болуы шартымен жіберілген күні. Бұл ретте Тараптар 2 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мұндай хабарламаны, хабарды, хатты немесе сұрауды қолма-қол (курьермен) немесе тапсырысты хатпен жіберуге міндеттенеді.

3. Ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептілік қол қойылған материалдарды электрондық почта арқылы жөнелту жолымен — құжаттардың түпнұсқаларын кейіннен Банктің Қорға беруімен электрондық почтаны жөнелтудің ойдағыдай аяқталғаны туралы растаманың болуы шартымен жөнелтілетін күні берілуі мүмкін.

 

13. Құпиялылық

 

1. Осымен Тараптар Келісім талаптарына қатысты ақпарат, сондай-ақ Келісімді жасасу және орындау барысында өздері алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылатынына және осы Келісім мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайтынына келіседі.

2. Осы Келісім мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларда Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруіне, жариялауына немесе басқаша таратуына болады.

3. Тараптар Келісімнің болуы құпиялылығы мен шарттарын сақтау үшін қажетті барлық, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне Қордың осы Келісім бойынша өз құқықтарын іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауға не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

4. Кез келген Тарап Келісім талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жариялаған не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап мұндай ақпараттың таралуы салдарынан басқа Тарап шеккен ықтимал шығындарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей жауапты болады.

 

14. Тежеусіз күш мән-жайы

 

1. Егер орындау мүмкіндігінің болмауы тежеусіз күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

2. Тежеусіз күш мән-жайлары басталған кезде Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған Тарап ол басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапты мұндай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі қажет.

3. Уақтылы хабар болмаған кезде Тарап басқа Тарапқа хабарламаудан немесе уақытылы хабарламаудан келтірілген шығындарды өтеуге міндетті.

4. Тежеусіз күш мән-жайларының басталуы Келісімді орындау мерзімін олардың әрекет етуі кезеңіне ұлғайтуға әкеледі.

5. Егер мұндай мән-жайлар 2 (екі) айдан астам уақытқа созылатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы Кредиттік шарттар мен осы Келісім бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Банк мұндай талаптарды Қор мәлімдеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде негізгі борыш сомасын сыйақы есептемей қайтаруға міндетті.

 

15. Дауларды шешу

 

1. Осы Келісімге байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

 

16. Келісім талаптарының өзгеруі

 

1. Осымен Тараптар осы Келісімге кез келген өзгерістерді немесе толықтыруларды Тараптардың жазбаша келісімі бойынша ғана жасауға болатынымен келіседі.

 

17. Қорытынды ережелер

 

1. Осы Келісімнің ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды әрі міндетті болып танылады.

2. Осы Келісім әрқайсысының заңдық күші бірдей Тараптардың әрқайсысына 1 (бір) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 (екі) сәйкес келетін данада жасалған. Тараптар арасында келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда, Келісімнің орыс тіліндегі мәтінінің мәні басым болады.

3. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

4. Тараптар осы Келісімге қол қойылғаннан кейін барлық бұрынғы талқылаулар, ұсынымдар, сондай-ақ хат алмасулар заңды күшін жоғалтатынына және Келісімнің мәтінімен ауыстырылатынына келіседі.

5. Келісімде көзделмеген барлық өзге жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

 

18. Тараптардың заңды мекен-жайлары, банктік деректемелері мен қолдары

 

Бас келісімге

1-қосымша

 

20___ж. _________ №_____

 

Қордың ақшасын игеру туралы есеп

 

1) Қордың ақшасын игеруді өңірлік бөлу

 

Облысы

Жобалардың саны

Игеру сомасы, теңге

оның ішінде қайта қаржыландыру

Қордың қаражаты есебінен

Банктің қаражаты есебінен

1

Ақмола

 

 

 

0

2

Ақтөбе

 

 

 

 

3

Алматы

 

 

 

 

4

Атырау

 

 

 

 

5

ШҚО

 

 

 

 

6

Жамбыл

 

 

 

 

7

БҚО

 

 

 

 

8

Қарағанды

 

 

 

 

9

Қостанай

 

 

 

 

10

Қызылорда

 

 

 

 

11

Маңғыстау

 

 

 

 

12

Павлодар

 

 

 

 

13

СҚО

 

 

 

 

14

ОҚО

 

 

 

 

15

Астана қ.

 

 

 

 

16

Алматы қ.

 

 

 

 

 

ЖИЫНЫ:

 

 

 

 

 

2) Қордың ақшасын игеруді салалық бөлу

 

Сала

Жобалардың саны

Игеру сомасы, теңге

оның ішінде қайта қаржыландыру

Қордың қаражаты есебінен

Банктің қаражаты есебінен

1

Өнеркәсіп

 

 

 

 

2

Өзге қызметтер

 

 

 

 

3

Ауыл шаруашылығы

 

 

 

 

4

Сауда

 

 

5

Көлік және байланыс

 

 

 

 

6

Құрылыс

 

 

 

 

 

ЖИЫНЫ:

0

0

 

0

 

Бас келісімге

2-қосымша

 

20___ж. _________ №_____

 

Қордың ақшасы есебінен ШОКС жобаларын қаржыландыру туралы есеп

 

Жал-

пы

Банк

Об-

лыс

ҚР об-

лыс-

тары

бөлі-

нісін-

де

Қарыз

алушы-

ның

атауы

Заңды

мәрте-

бесі

(ЖШС, ЖК, КШ, ӨК)

Бе-

ріл-

ген

күні

Қарыз

мерзі-

мі, ай

Қа-

рыз

со-

масы

Қордың

қара-

жаты

есебі-

нен

мақұл-

данған

қарыз

сомасы

Банк

қара-

жаты

есе-

бінен

мақұл-

данған

қарыз

сомасы

Іс жү-

зінде

беріл-

ген

қаражат

сомасы

Қордың қаража-

ты

есебі-

нен іс

жүзінде

беріл-

ген

сома

Банк

қара-

жаты

есебі-

нен

нақты

беріл-

ген

сома

Негізгі

борыш

өтеу

бойынша

жеңіл-

дік

кезеңі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

кестенің жалғасы

Сый-

ақы

төлеу

бой-

ынша жең-

ілдік

кезе-ңі

Кре-дит

бой-ынша

сый-ақы ставкасы

Кредит бойынша сыйақы-ның

тиімді

ставка-сы

Кредит беру объек-

тісі

Қарыз

қара-

жаты-

ның

мақ-

саты

орны

қа-

рыз

қара

жаты-

ның

әрбір

бағы-

тының

атауы

мен

сома-

сы

көрсе-

тілген)

Іске асы-

ру орны (ау-

дан, қала

ЭҚЖС негізгі топ-

тары бой-ынша Эко-номика саласы

ЭҚЖС бойынша экономика-

ның кіші саласы

Жобаны іске асыру есебі-

нен құрыл-

ған жаңа жұмыс орындары

ЕДБ уәкі-

летті органы шешімінің

ЕДБ уәкі-

летті органы шешімінің күні

Банктікқарыз шартынның /Кредит желісін ашу туралы келісімнің №

Банктік қарыз шартының /Кредит желісін ашу туралы келісімнің күні

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27