Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1183 Қаулысы

(2015.04.09. берілген өзгерістермен)

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және су мен дала экологиялық жүйелерінің табиғи дамуын сақтау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан жалпы алаңы 20780 гектар жер учаскелері алынсын.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Ақмола облысы Қорғалжын ауданы мен Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы жалпы алаңы 263428 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгілеген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.

Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын.

3. Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.

4. ҚР Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 1183 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қорғалжын

мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты

жер пайдалануға берілетін Ақмола облысы Қорғалжын ауданы мен

Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы жер учаскелерінің

экспликациясы

 

Атауы

Жалпы

алаңы,

га

Оның ішінде, га

а/ш

мақ-

са-

тын-

дағы

жер-

лер

оның ішінде

бо-

сал-

қы

жер-

лер

оның ішінде

а/ш жерлері

өзге

ал-

қап-

тар

а/ш жерлері

өзге

ал-

қап-

тар

жай-

ылым

ша-

бын-

дық

бар-

лығы

а/ш

жер-

лері

ег-

іс-

тік-

тер

жай-

ылым

бар-

лығы

а/ш

жер-

лері

Ақмола облысының Қорғалжын ауданы

«Саумал-

көльАгро»

ЖШС

15673

15673

 

 

10874

10874

4799

 

 

 

 

 

«Агро-

Стиль»

ЖШС

273

273

273

 

 

273

 

 

 

 

 

 

«Ораз

ауылы»

А/Ш

4834

4834

 

 

1975

1975

2859

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызыл-

сай а/о

1303

 

 

 

 

 

1303

716

55

771

532

Жиыны:

22083

20780

273

12849

13122

7658

1303

716

55

771

532

Қарағанды облысының Нұра ауданы

№ 1

учаске

256778

 

 

 

 

 

256778

237692

 

 

237692

19086

№ 2

учаске

5347

 

 

 

 

 

5347

3904

 

 

3904

1443

Жиыны:

262125

 

 

 

 

 

262125

241596

 

 

241596

20529

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық

жерлер

:

284208

20780

273

12849

13122

7658

263428

242312

55

242367

21061