Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1002 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 762 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 286-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

«5) мұнайгаз саласында - 1,8;

6) құрылыс саласында - 1,5.».

2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                            

 

К. Мәсімов