Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 Қаулысы

(2012.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 762 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2008.03.11. № 1002 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.29.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.06. № 709 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.09. № 1220 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ең төмен еңбекақы стандартын есептеуге арналған салалық арттырушы коэффициенттер:

1) тау-кен металлургия саласында - 1,8;

2) машина жасау саласында - 1,1-ден 1,3-ке дейін;

3) көмір өнеркәсібі саласында - 1,7-ден 4-ке;

4) химия өнеркәсібінде - 1,5;

5) мұнайгаз саласында - 1,8;

6) құрылыс саласында - 1,5;

7) электр энергетикасы саласында - 2,0;

8) теміржол саласында - 1,05-тен 1,25-ке дейін болып бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов