Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 587 Қаулысы

(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 16 маусымдағы

№ 587 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер

 

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):

1-тармақта:

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Әбденов

Серік Сақбалдыұлы

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

вице-министрі

 

Дәненов

Нұрлан Жұмағалиұлы

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

 

Исабаев

Бейбіт Өксікбайұлы

- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

 

Ойнаров

Азамат Рысқұлұлы

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

 

Ыбырайым

Нұрлан Мұхтарбекұлы

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан»

халықтық-демократиялық партиясы фракциясының аппарат басшысы (келісім бойынша)

 

Шаймерденова

Гүлвира Балташқызы

- Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы кеңесі төрағасының құқықтық мәселелер

бойынша кеңесшісі (келісім бойынша);

 

көрсетілген құрамнан Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы, Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы шығарылсын.

2. ҚР Үкіметінің 2010.23.06. № 632 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)