2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
 (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына
(үзінді)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың:

1234-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

1-ҚОСЫМША

 

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

"Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету"

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

 

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 1458777 мың теңге (бір миллиард төрт жүз елу сегіз миллион жеті жүз жетпіс жеті мың теңге)

ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 805 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тұрақтылықты, халық пен мемлекеттік билік бірлігін, Конституцияның мызғымастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылысын қорғау мен күшейту жөніндегі, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру, Қазақстанның күллі халқының игілігі үшін қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамудың конституциялық қағидаларын, қазақстандық патриотизмді өмірге енгізу және мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетігі мен тактикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін тұжырымдау, өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімін, іскерлігі мен кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құжаттамалық, құқықтық, ұйымдық, ақпараттық-талдау, хаттамалық және сыртқы саяси жағынан қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік органдардың қызметіне жалпы бақылау, соның ішінде Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылау жасау;

3) республика Президентінің шешімдерін мүлтіксіз, егжей-тегжейлі әрі уақтылы орындау;

4) республика Президентін елдегі және шетелдегі істің жай-күйі туралы уақтылы әрі толық хабардар ету;

5) өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімін, іскерлігі мен кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру;

6) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі қағидаларын "Байқоңыр" кешенінде орналасқан қазақстандық мемлекеттік билік органдарының іске асыруы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

7) "Байқоңыр" кешенінде жұмыс істейтін қазақстандық мемлекеттік органдардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңдық құзыретін және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмалары мен актілерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

№ п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Бағдар-

ламаның

(кіші бағдар-

ламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындау-

шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Мемлекет

басшы-

сының

қызметін

қамта-

масыз

ету

  

  

  

2

  

001

Орталық

органның

аппараты

Мемлекет Басшысының

қатысуымен елде және

шетелде өтетін

іс-шараларды дайындау

мен өткізу;

мемлекет Басшысының

жергілікті өкілді

органдармен, атқарушы

және өзге де

мемлекеттік

органдармен тұрақты

өзара іс-қимылын

қамтамасыз ету;

мемлекет Басшысы

актілерінің,

Жарлықтары мен

өкімдерінің жобаларын

әзірлеуді, шығаруды

және жариялауды

қамтамасыз ету;

мемлекет Басшысы

актілері мен

тапсырмаларының

орындалуын бақылау

мен тексеруді

қамтамасыз ету;

елдегі және шетелдегі

ішкі және сыртқы

саяси, әлеуметтік-эко-

номикалық жағдайға

талдау жасау;

ішкі және сыртқы

саясаттың өзекті

мәселелері бойынша

ақпараттық-талдау

материалдарын

дайындау;

Президент

Әкімшілігінің саяси

партиялармен,

бұқаралық ақпарат

құралдарымен, діни

және өзге де қоғамдық

бірлестіктермен өзара

іс-қимылын қамтамасыз

ету;

"Қазақстан-2030"»

Стратегиясын,

Қазақстан

Республикасының 2010

жылға дейінгі дамуының

стратегиялық жоспарын,

Президенттің Қазақстан

халқын жыл сайынғы

Жолдауларын іске асыру

жөнінде іс-шаралар

өткізу;

бірқатар Мемлекеттік

бағдарламалардың

орындалуын бақылау

мен үйлестіруді жүзеге

асыру:

"Қазақстан

Республикасының

2005-2010 жылдарға

арналған денсаулық

сақтау ісін реформалау

мен дамыту", Қазақстан

Республикасы

Президентінің 2004

жылғы 13 қыркүйектегі

№ 1438 Жарлығымен

бекітілген;

"Қазақстан

Республикасында

2005-2010 жылдарға

арналған білім беру

ісін дамыту",

Қазақстан Республикасы

Президентінің 2004

жылғы 11 қазандағы №

1459 Жарлығымен

бекітілген;

"2001-2010 жылдарға

арналған тілдерді

қолдану мен дамыту",

Қазақстан Республикасы

Президентінің 2001

жылғы 7 ақпандағы №

550 Жарлығымен

бекітілген.

Жыл

бойы

Қазақстан

Респу-

бликасы

Прези-

дентінің

Әкімші-

лігі

3

  

007

Мемле-

кеттік

қызмет-

шілердің

білік-

тілігін

арттыру

Мемлекеттік

қызметшілердің (соның

ішінде Қазақстан

Республикасы

Президенті

Мұрағатының)

біліктілігін арттыру

жөніндегі қызметтерді

жеті тақырып бойынша

сатып алу:

1) мемлекеттік басқару

және мемлекеттік

қызмет;

2) экономика;

3) ақпараттық

технологиялар;

4) мемлекет және

құқық;

5) әлеуметтік саясат;

6) электрондық құжат

айналымы;

7) құжаттардың

құндылығына сараптама

жасау және мұрағатты

жинақтау.

Мемлекеттік тілге

және ағылшын тіліне

оқыту.

Жыл

бойы

Қазақстан

Респу-

бликасы

Президен-

тінің

Әкімшілі-

гі

4

ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5

ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6

  

100

"Бай-

оңыр"

ғарыш

айлағын-

дағы

арнайы

өкіл-

діктің

аппараты

Қазақстан Республикасы

мен Ресей Федерациясы

арасындағы "Байқоңыр"

ғарыш кешенін

пайдаланудың негізгі

қағидаттары мен

талаптары туралы 1994

жылғы 28 наурыздағы

келісімді, Қазақстан

Республикасының заңдық

құзыретін және "Бай-

қоңыр" ғарыш айлағында

тұратын Қазақстан

Республикасы

азаматтарының

конституциялық

құқықтарын қамтамасыз

ету бөлігіндегі 1994

жылғы 10 желтоқсандағы

жалдау шарттары мен

қосымша келісімдер

шартын іске асыру.

қаңтар-ақпан

Қазақстан

Респу-

бликасы

Президен-

тінің

"Бай-

қоңыр"

кешенін-

дегі

арнаулы

өкілі

 

ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

- Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін толығымен қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметіне және нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау;

- бір мемлекеттік инспектордың жылына 7 іссапарда болуы (16 адам);

- 25 адамның кәсіби біліктілігі деңгейін арттыру (соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының 11 қызметкері);

- 165 адамды мемлекеттік тілге оқыту;

- 24 адамды ағылшын тіліне оқыту;

Түпкі нәтиже:

- елдің саяси тұрақтылығын, ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттік егемендігін нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, халықтың саяси мәдениетін қалыптастыру, азаматтарды мемлекет басқару мен шешімдер қабылдауға тарту, атқарушылық билік жүйесін орталықтан алу, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;

- экономиканың индустриялық-инновациялық дамуы, кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, республика азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы әрі қол жетімді білім беру, денсаулық сақтау;

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, елде тұратын түрлі этностық топтардың мәдениеті мен тілдерін дамыту, рухани өркендеу мен конфессияаралық келісім;

- өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

- бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындар 45,0 мың теңге;

- бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 35,0 мың теңге;

- бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 30,0 мың теңге.

Уақтылығы: жасалған шарттарға және қойылған міндеттерге сәйкес жыл бойына орындалуы.

Сапасы: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шараларды 100 пайыз сапалы және уақтылы орындау. Кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай, қазіргі экономикалық жағдайларға орай мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызға мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен; ағылшын тілін оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызға ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейді; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 33,1 пайызға жоғары лауазымдарға тағайындалған.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

2-ҚОСЫМША

 

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

"Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету"

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

 

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 103309 мың теңге (бір жүз үш миллион үш жүз тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1235 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қыркүйектегі № 977 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы басшылығының республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуының түрлі салаларында шешімдер қабылдауы, мемлекеттің стратегиялық даму аспектілерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан әзірлеу және негіздеу үшін баламалы ғылыми-талдамалық базаны қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:

- Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясы мен ұлттық қауіпсіздігі саласында тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсынымдарды әзірлеу;

- шет мемлекеттердің сыртқы саяси бағыты мен әлемдегі және шектес өңірлердегі әскери-стратегиялық ахуалға талдау мен болжау;

- Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтік, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға талдау мен болжау;

- экологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

№ п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Бағдар-

ламаның

(кіші бағдар-

ламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындау-

шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Мемле-

кеттің

ішкі

және

сыртқы

саяса-

тының

страте-

гиялық

аспек-

тілерін

болжамды

-талда-

малық

қамта-

масыз

ету

1. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты аспектілері шеңберінде ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды қамтитын ғылыми-талдамалық зерттеулердің орындалуын қамтамасыз ету, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының геосаяси ортасы мен сыртқы саясатының негізгі стратегиялық аспектілері саласында:

- Қазақстанның айналасындағы елдердің (ҚХР, РФ, Түркия, Иран, Пәкістан, Ауғанстан) ішкі саяси, әлеуметтік-экономика-

лық даму проблемаларын зерделеу;

- Қазақстанның РФ-мен, ҚХР-мен, АҚШ-пен, Түркиямен, ЕО елдерімен, ТМД мемлекеттерімен екі жақты қарым-қатынас-

тарын талдау;

- орталық Азия аймағындағы жалпы жағдайға сыртқы саяси мониторинг;

- аймақтық интеграцияның ерекшеліктерін, аймақтық қауіпсіздік проблемаларын және т.б. зерттеу.

Қазіргі Қазақстандағы саяси және әлеуметтік үдерістер саласында:

- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси мониторингі;

- республикадағы ішкі саяси және әлеуметтік үдерістердің дамуын талдау және болжау;

- Қазақстандағы көші-қон үдерістеріне талдау және т.б.

Экономикалық қауіпсіздік саласында:

- Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу;

- әлемдік экономиканың даму үрдістерін зерттеу және олардың Қазақстан экономикасына әсерін талдау;

- ғаламдану проблемаларын және олардың Қазақстанға әсерін зерттеу;

- республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мониторинг және т.б.

2. Халықаралық, қоғамдық және саяси ұйымдармен тақырыптық конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу.

3. Қазақстан Республикасының және оның саяси көшбасшысының ел ішіндегі, сонымен қатар шетелдегі де жағымды бедел-бейнесін

насихаттау және қолдау үшін халықаралық

ғылыми-зерттеу орталықтарымен және ұйымдармен байланыстар ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

4. Ғылыми қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру мақсатында шетелдерге қызметтік іссапарлар мен тәжірибе алмасуларын ұйымдастыру, сондай-ақ Институттың шетелдік жетекші ғылыми-талдау құрылымдарымен байланыстарын тереңдету.

5. ҚСЗИ-дың жұмыс жоспарына сай елден тыс жеке зерттеулер жүргізу мақсатында тәжірибе алмасуларды ұйымдастыру, ғылыми қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, шетелдің жетекші ғылыми-талдау құрылымдары өкілдерімен ғылыми байланыстарды кеңейту және өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету.

6. Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы болып жатқан үрдістерден эмпирикалық мәліметтер

алу үшін социология-

лық зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру және олардың негізінде қажетті болжама-талдау материалдарын дайындау.

7. Төрт мерзімді басылымды: "Казахстан-Спектр" (ғылыми сипаттағы мақалаларды басу) (4 санын), "ANALYTIC" (ғылыми зерттеулердің шеңберіне кіретін, қолданбалы сипаттағы талдау материалдарын жариялау) (6 санын), "Central Asia's Affairs" (Орталық Азияда ағылшын тілінде шығатын, әлемнің жетекші талдау орталықтарының сарапшыларымен тікелей

байланыстар орнатуға

мүмкіндік беретін

жалғыз сараптамалық

басылым) (4 санын),

"Қоғам және Дәуір"

(аймақтық қауіпсіздік

пен халықаралық

қатынастардың,

Қазақстан дамуының

экономикалық және

ішкі саяси мәселелері

мен бүгінгі күннің

тарихи-философиялық

және мәдени өзекті

мәселелеріне арналған)

(4 санын) шығару;

- 6 монография мен 6 кітапшаны басып шығару.

8. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үздіксіз орындауды қамтамасыз ету үшін қосымша

тауарлар алу қажет,

байланыспен, көлікпен,

басқада қызметтер мен

жұмыстармен қамтамасыз

ету қажет, құрал

жабдықтарды және

басқа да негізгі

құралдарды ұстап

тұру, жабдықтау және

жөндеу жұмыстарын

жүргізу қажет,

сонымен қатар негізгі

құралдарға қатысты

тауарларды сатып алу:

компьютерлер,

кондиционерлер,

серверлер, принтерлер,

синхронды аударма

құралдары, сондай-ақ

Xerox 6250 № Imaging

unit лазерлі

принтеріне қосымша

жабдықтар алу қажет.

Жыл

бойына

Қазақстан

Респу-

бликасы-

ның

Прези-

денті

жанындағы

Қазақстан

страте-

гиялық

зерттеу-

лер

институты

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

- мемлекеттің ішкі, сыртқы және экономикалық саясаты салалары аспектісінде ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар қамтылған (ҚСЗИ жоспарына сай) ғылыми-талдау зерттеулерін орындау;

- келесі тақырыптар бойынша шамамен 4 ірі халықаралық конференция өткізу: "Қазақстанның саяси-партиялық жүйесінің даму болашағы", "Қауіпсіздік және аймақтық ынтымақтастық мәселелері бойынша VI жыл сайынғы Алматы конференциясы "Аймақтық интеграцияның жаңа кезеңіндегі Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік", "Орталықазия бағытындағы ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қызметі (ОДКБ): ынтымақтастықтың мәселелері мен болашағы", "Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастары: мәселелері мен даму жолы";

- елден тысқары 4 іссапарды ұйымдастыру: Бельгия Корольдігі, Брюссель қ-сы; Ресей Федерациясы, Мәскеу қ-сы; ҚХР, Пекин қ-сы, АҚШ, Нью-Йорк қ-сы;

- елден тысқары 4 тәжірибе алмасуды ұйымдастыру: Америка Құрама Штаттары, Нью-Йорк қаласы; Франция, Париж қаласы; Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы; Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы;

- келесі тақырыптар бойынша 4 социологиялық зерттеулер жүргізу: "Қазақстан Республикасы тұрғындарының көше-қон әлеуеті", "Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің бәсекелестігін арттыру мәселелері", "Тұрғындардың Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы саясатына және аймақтағы жағдайға көзқарастары", "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси қатерлер";

- жүргізілген зерттеулерді сараптамалық баяндамалар, ғылыми мақалалар мен монографиялар түрінде жариялау, яғни 6 кітапша, 6 кітап (1-ішкі саясат мәселелері, 3-сыртқы саясат мәселелері, 2-экономикалық саясат мәселелері). Басылымдар Қазақстан дамуының өзекті проблемаларын көрсететін болады;

- төрт мерзімді басылым шығару: "Казахстан - Спектр" (ғылыми сипаттағы мақалаларды басу) (4 санын), "ANALYTIC" (ғылыми зерттеулердің шеңберіне кіретін, қолданбалы сипаттағы талдау материалдарын жариялау) (6 санын), "Central Asia's Affairs" (Орталық Азияда ағылшын тілінде шығатын, әлемнің жетекші талдау орталықтарының сарапшыларымен тікелей байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін жалғыз сараптамалық басылым) (4 санын), "Қоғам және Дәуір" (аймақтық қауіпсіздік пен халықаралық қатынастардың, Қазақстан дамуының экономикалық және ішкі саяси мәселелері мен бүгінгі күннің тарихи-философиялық және мәдени өзекті мәселелеріне арналған) (4 санын), 6 монография және 6 кітапша шығару;

- ҚСЗИ қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсарту және бөлмелерді жабдықтау мақсатында 5 компьютер, 4 кондиционер, 1 сервер, 1 принтер, синхронды ілеспе аударма құралы және Хеrох 6250 N Imaging unit түрлі түсті лазерлі принтеріне қосымша сатып алу.

Түпкі нәтиже:

- ұлттық қауіпсіздіктің жағдайына әсер ететін бірқатар маңызды үрдістерді тереңінен түсінуге қол жеткізу және ел

басшылығы үшін тиісті болжамалық тұжырымдар мен нақты ұсыныстар дайындау;

- мерзімінде өзекті мәселелер бойынша халықаралық конференциялар, семинарлар өткізу арқылы әлемдік қауымдастықтың ішкі саяси және экономикалық даму, халықаралық, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша шұғыл және нақты ақпаратпен алмасу мақсатында қор құру;

- халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен ғылыми байланыстар ұйымдастыру арқылы мемлекеттің ішкі, сыртқы және экономикалық саясатын болжама-талдаумен қамтамасыз ету мақсатында методологиялық және ақпараттық қорды толықтыру;

- Институттың ғылыми қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру және жетекші шетелдік ғылыми-талдау құрылымдарымен сындарлы байланыстар орнату және оны одан әрі дамыту мақсатында шетелдерге ғылыми іссапарлар мен қызметкерлердің тәжірибе алмасуларын ұйымдастыру арқылы қор құру;

- білікті ғылыми кадрлар даярлауда республиканың жетекші ЖОО-ның студенттерін дипломалды тәжірибеден өтулерін ұйымдастыру арқылы ықпал ету.

Қаржы-экономикалық нәтижелер:

- журналдарды, монографияларды және кітапшаларды басып шығару бойынша бір полиграфиялық қызметтің жылдық орташа құны 240,5 мың теңге;

- бір социологиялық зерттеудің орташа құны 1 250,0 мың теңге;

- бір халықаралық конференцияның орташа құны 199,0 мың теңге.

Мерзімділігі мен сапасы:

- тиісті кезеңде қарастырылған жоспарға сай шараларды 100 пайызға сапалы және мерзімінде ұйымдастыру, сондай-ақ жоспардан тыс шараларды, зерттеулерді және т.б. елдегі жағдайдың дамуына байланысты орындау.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

3-ҚОСЫМША

 

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

"Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану"

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

 

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 149005 мың теңге (бір жүз қырық тоғыз миллион бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Архивін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы № 1502 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 52 Өкімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ақпарат тасығыштардың барлық түрлерінде тұрақты мемлекеттік сақтауды жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:

- Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қызметінде пайда болатын құжаттарды және мұрағатта сақталған басқа да құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау, олардың сақталуын және мемлекеттік есепке алынуын, мекемелердегі уақытша ведомстволық сақтаудағы құжаттарға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

- мұрағатты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік мекемелердің құжаттарымен жасақтау;

- мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау және дамыту;

- мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру және оларды ғылыми жариялау;

- құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жағдайын бақылау;

- мемлекеттік құпиялар бар құжаттармен жұмыста құпиялылық режимін сақтау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

№ п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Бағдар-

ламаның

(кіші бағдар-

ламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындау-

шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Мұрағат

қорының,

баспа

басылым-

дарының

сақтал-

уын

қамта-

масыз

ету және

оларды

арнайы

пайда-

лану

1) Қазақстанның жаңа

тарихын зерделеу үшін

зерттеушілерге

деректемелік құжаттық

базаны кеңейту

мақсатында құжаттардың

құндылығына сараптама

жүргізіп, істерді

мемлекеттік сақтауға

қабылдау.

2) Ұлттық мұрағат

қоры құжаттарының

сақталуын қамтамасыз

етуді жақсарту үшін:

- ерекше құжаттардың

көшірмелерінің

сақтандыру қорын құру

үшін микрофотокөшірме

жасау;

- қабылданған істерді

тігу және түптеу,

құжаттардың беттерін

қалпына келтіру,

құжаттардың нашар

көрінетін мәтіндерін

компьютерлік

графикамен қайта

жасау;

- микрофильмдер мен

қағаздағы құжаттарға

цифрлау жүргізу.

3) Азаматтардың,

Қазақстан Республикасы

Президенті

Әкімшілігінің,

мемлекеттік органдар

мен мекемелердің,

қоғамдық

бірлестіктердің

ақпараттық

қажеттіліктерін

қамтамасыз ету үшін:

- тақырыптық және

әлеуметтік-құқықтық

сұрауларын орындау;

- зерттеушілерге оқу

залына қажетті

құжаттар беру.

4) Мұрағаттық

ақпаратты іздестіруді

жақсарту үшін:

- "Электрондық

мұрағат" және

"Электрондық құжат

айналымы мұрағаттық

технологияларын"

енгізуді жүргізу;

- мұрағат қорларына

каталог пен ғылыми

анықтамалық аппаратты

жетілдіруді жүргізу.

5) Тарихи-мұрағат

мұрасын танымал етуге

және ғылыми айналымға

жаңа фактологиялық

материалды енгізу

үшін мақалалар мен

ғылыми жарияланымдар

әзірлеп, тарихи-құжат-

тамалық көрмелер

өткізу.

6) Бақылауды

қамтамасыз ету үшін

мұрағаттың

мекемелерінде -

жинақтау көздерінде

мұрағаттардың

құжаттандырылуы және

ведомстволық сақталуы

жағдайын тексеру.

7) Мұрағат басшының

бұйрығымен бекітілген

тізбеге сәйкес негізгі

құрал-жабдықтарды

сатып алу.

Жыл

бойы

Қазақстан

Респуб-

ликасы

Президен-

тінің

мұрағаты

 

ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 581а қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.23.09. № 880 қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

- мемлекеттік мекемелердің басқару құжаттамасынан 3,4 мың іс, мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке тұрғыдағы құжаттарынан мемлекеттік сақтауға 400 іс қабылдау;

- 800 сақталу бірлігінің микрокөшірмесін жүргізу және аса маңызды құжаттардың көшірмелері сақтандыру қорының 150,0 мың кадрын дайындау, 3 мың істі тігу және түптеу, құжаттардың 140 мың парағын жөндеп-реттеу, компьютерлік графикамен нашар көрінетін мәтіндердің 2,5 мың парағын қалпына келтіру, микрофильмдердің 3 мың кадрына және қағаздағы құжаттардың 18 мың парағына цифрлау жүргізу;

- мекемелер мен азаматтардың 160-200 тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұрауларын орындау, зерттеушілерді мұрағаттың оқу залы арқылы талап етілген ақпаратпен қамтамасыз ету;

- каталогтың 8 мың карточкасын және 27 мың істің ғылыми-анықтамалық аппаратты жетілдіру;

- бұқаралық ақпарат құралдарында 8-10 мақала және ғылыми жарияланымдар әзірлеу, мектеп пен жоғары оқу орындары оқушыларымен 4 тарихи-құжаттамалық көрме және 7 экскурсия өткізу болжанып отыр;

- "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" ҚР Заңының талаптарын орындау жөнінде құжаттандыру жағдайы және құжаттамаларды басқару, сондай-ақ құжаттарды ведомстволық сақтау мәселелері бойынша мекемелерде 7 тексеру жүргізу болжанып отыр;

- өндірістік міндеттерді шешу үшін микрография зертханасы үшін жабдық және 2 дана мұздатқыш машина сатып алу.

Түпкі нәтиже:

1. Мұрағаттық қор 0,5 пайызға өсіп, 663,7 мың сақтау бірлігіне жетеді деп болжануда. Зерттеушіге басқарушылық міндеттерді шешуде, жарияланымдар мен ғылыми еңбектерде мұрағаттық құжаттарды пайдалану үшін 18 мыңға жуық іс беру болжанып отыр.

2. Микрофотокөшірмеден өткен істердің саны 1,7 пайызға көбейеді деп болжанып отыр, сақтандыру қорының көлемі 2,4 пайызға өсіп, 6425,7 мың кадрды құрайтын болады. Нашар көрінетін мәтіндерді қалпына келтіру есебінен бұрын зерттеушілерге алу мүмкін болмайтын құжаттардың оқылу деңгейі артады, сондай-ақ ақпаратты ұзақ уақыт сақтау мен оның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

3. Мемлекеттік мекемелер мен азаматтардың сұрауларын орындау қажетті ақпарат алу құқығына деген Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ол ақпаратты әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органның ақпараттық сұраулары қамтамасыз етіледі деп күтілуде және азаматтардың 80-85 пайызға өздерінің заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін құжаттардың көшірмесін ала алады.

4. 5 автоматтандырылған дерекқор мен электрондық мұрағат негізінде ақпаратты іздеудің жылдамдығы мен сапасы одан әрі артатын болады.

5. Қазақстанның азаматтары көп зерттелмеген тарихи процестермен және оқиғалармен танысуға мүмкіндік алады. Орта мектептің және жоғары оқу орындарының 100-150 оқушысы 4 тарихи-деректі көрмеге барады, 7 лекция тыңдайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында тарихи тақырыптарға 8-10 мақала жарияланады және 60 баспа табақ көлеміндегі 3 құжаттар жинағы дайындалады.

6. Мемлекеттік мекемелерде құжаттаудың және Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ведомстволық мұрағаттарда уақытша сақтаудың жай-күйіне мемлекеттік бақылау қамтамасыз етілетін болады. Мекемелерде нормативтік-әдістемелік құжаттардың 100 пайыздық болуы, мұрағаттардың техникалық жай-күйін жақсарту және мемлекеттік сақтауға 3,4 мың іс тапсыру көзделуде.

7. Жұмыс орындарын электрондық-есептеу техникасымен жабдықтаудың 100 пайызға жетуі, ақпараттық ресурстарды іздеуді автоматтандыру күтілуде.

Қаржы-экономикалық нәтиже:

тиімділіктің өлшемдері 1 істі сақтаудың 14,42 теңге; 1 істі тігудің 271,12 теңге; құжаттың 1 парағын жөндеп-реттеудің 5,27 теңге; құжаттың 1 парағының микрофотокөшірмесін жасаудың және микрофишалар дайындаудың 887,65 теңге; мәтіні нашар көрінетін құжаттың 1 парағын қалпына келтірудің 405,49 теңге орташа құнының негізінде айқындалатын болады.

Уақтылығы:

нақты тапсырмаларды және жұмыстардың келемін орындаудың уақтылығы негізгі іс-шаралардың белгіленген мерзімдерімен айқындалады.

Сапасы:

- мұрағаттың сарапшы-тексеру комиссиясының жұмыс нәтижелері бағалаумен (істерді мемлекеттік сақтауға дайындау, қабылдау, көрмелердің, лекциялардың, экскурсиялардың тақырыптық-экспозициялық жоспарлары, т.б.), зерттеушілердің мұрағаттық ақпаратқа деген қажеттіктерінің қанағаттандырылуы туралы пікірлерімен айқындалады;

- аса бағалы құжаттардың көшірмелерінің сақтандыру қорын құру жөніндегі жұмыстардың сапасы микрофильмдер дайындаудың технологиялық регламентімен, нашар көрінетін мәтіндерді жөндеп-реттеу, түптеу мен қалпына келтіру арнаулы нұсқаулықтармен айқындалды.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

4-ҚОСЫМША

 

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

"Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

 

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 73546 мың теңге (жетпіс үш миллион бес жүз қырық алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы; "Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1431 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуын және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін айғақтайтын деректі, тарихи материалдарды көрсету арқылы халықтың мәдениетінің, тарихи дара санасының деңгейін көтеру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси ақпаратты топтау мен зерделеудің мәдениеттанушылық және ғылыми-әдістемелік процесі үшін жағдай жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

№ п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Бағдар-

ламаның

(кіші бағдар-

ламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындау-

шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Тарихи-

мәдени

құнды-

лықтарды

сақтау

Қазақстан

Республикасының

Тұңғыш Президентінің

мұражайында Қазақстан

Республикасының

Тұңғыш Президентінің

өміріне, мемлекеттік

және қоғамдық

қызметіне қатысты

материалдарды кешенді

жинақтау, жүйелеу,

сақтау, зерттеу мен

танымал ету негізінде

тарихи-мәдени және

әлеуметтік-саяси

ақпаратты топтастыру

мен зерделеу процесін

мәдениеттанушылық

және ғылыми-әдістеме-

лік қамтамасыз ету.

Құрал-жабдық сатып

алу.

Жыл

бойына

Қазақстан

Респу-

бликасы

Тұңғыш

Президен-

тінің

Мұражайы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

- мұражайға келетіндер саны 55000 адамнан кем болмауға тиіс;

- жоспарланған шетелдік келушілер саны кемінде 500 адамды құрайды;

- мектеп оқушыларының саны кемінде 27500 баланы құрайды;

- мұражайға келушілерге кемінде 2200 экскурсия жүргізу;

- Негізгі қаржы есебінен: 2 дана ноутбуктер сатып алу.

Түпкі нәтиже: Қазақстанның қазіргі тарихының дамуын жинақтау, есепке алу мен сақтау, зерделеу мен танымал ету негізінде мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: мұражайдың бір экспонатын сақтаудың орташа құны 2020 теңге.

Уақтылығы: тиісті кезеңге арналған көзделген кесте бойынша іс-шаралардың орындалуы.

Сапасы: Республика халқының мәдени, рухани деңгейін көтеру және әлем жұртшылығын Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлімен мұражай коллекциясы негізінде таныстыру.