Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын
айқындау туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 49 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге қол қойылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов