2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)

(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналардың:

412413414415416417418419420421422423-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

412-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да

лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

  ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 9170734 мың теңге (тоғыз миллиард бір жүз жетпіс миллион жеті жүз отыз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік әкімшілік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 жарлығы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну тәртібі оларды табыстау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары құжаттарының Үлгілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары Белгілерінің бейнесі туралы «Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Өкімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттің өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерін тиімді атқару және кәсіби шеберліктерін жетілдіру мақсатында кәсіптілік саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық, тілдерді оқыту жүйесін ұйымдастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, Премьер-Министрі кеңесінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президенті Премьер-Министрі қатысуымен өткізілетін ресми іс-шараларға қызмет көрсету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін жоғарлату, мемлекеттік тілдің жұмыс істеуіне жағдай жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Мемлекет басшысының,

Премьер-Министрдің және мемлекеттік

органдардың басқа да лауазымды адамдарының

қызметін қамтамасыз eту

  

  

  

2

  

001

Орталық органның

аппараты

1. Қазақстан Республикасы

Президентінің, Премьер-Министрінің және Мемлекеттік

хатшысының жұмыс кестесіне сәйкес 5 әуе кемесімен литерлік рейстер ұйымдастыру. Литерлік рейстердің қажетті байланысын қамтамасыз ету.

2. Мемлекеттік резиденцияларға және Үкімет ғимараттарына кешенді қызмет көрсету.

3. «Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігi мен Yкіметінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМҚК-ның әкімшілік ғимараты және «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» PMК-ның объектілерін сақтандыру.

4. Ресми шақырылған тұлғалардың тұруын ұйымдастыру; көлік қызметін көрсету; ресми іс-шараларға қызмет көрсету; салтанатты және ресми түскі ас, кездесулер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; Мемлекет Басшысы және Үкімет басшысы атынан кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу және құрастыру.

5. «Астана Өнім» акционерлік қоғамның атты-спорт манежі базасының қызмет етуі.

6. Мемлекеттік наградалар, төс белгісін, дипломдар және олардың құжатын Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігінің өтініміне сәйкес Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегін бағалау белгісі ретінде марапаттау үшін дайындау, наградалар жинақтау қорын (резервін) қолдау.

7. Күзетілетін тұлғалардың автокөлігін және гаражын ұстау.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Президентінің Іс

басқармасы

3

  

007

Мемлекеттік

қызметшілердің

біліктілігін арттыру

Мемлекеттік қызметшілердің

біліктілігін арттыру бойынша келесі 5 бағыт бойынша қызмет

сатып алу:

1) жобаларды басқару;

2) бюджеттеу, жобалау және орындалуды қадағалау;

3) қаржылық есеп берудің халықаралық стандартын оқу;

4) ақпаратты жүйелi қорғау;

5) басқарудың негізгі әдістері.

Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Президентінің Іс

басқармасы

4

  

017

Ақпараттық жүйелердің

жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік

органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.

1) есептеу және перифериялық жабдықтар.

2) лицензиялық бағдарламаны қамтамасыз ету.

3) ақпараттық жүйелерді пайдалану мен сүйемелдеу бойынша қызметтерді сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Президентінің Іс

басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттің лауазымды тұлғаларының қызметін тоқтаусыз қамтамасыз ету, 967 сағат көлемінде литерлік рейстерді орындау, жалпы алаңы 63 890,7 шаршы метр және маңайындағы 210,6 га аумақтағы мемлекеттік резиденцияларға, 124 000,0 шаршы метр және маңайындағы 35,8 га аумақтағы үкіметтік ғимараттарға кешенді қызмет көрсету, 6 әкімшілік ғимаратты, 3 мемлекеттік резиденциялар объектісін сақтандыру; мемлекеттік қызметшілердің 70% қазіргі заманғы компьютерлермен қамтамасыз ету; 9 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 93 адамға мемлекеттік тілді оқыту; 30 көп емес адамға ағылшын тілін оқыту; саны 26 бірлік автомашинаға және күзетілетін тұлғалардың жалпы аумағы 1000,8 шаршы метр гаражына қызмет көрсету.

Соңғы нәтиже: Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін сапалы және уақытында қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша мұқтажын 100%, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқыту 100 % және ағылшын тілін оқыту 100 % арттыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: әр литерлік рейстің жоспарлы ұшу сағаты мен орташа тарифі 495 006 теңге/сағ., мемлекеттік резиденциялар, үкіметтік ғимараттар мен маңайында орналасқан аумақтың 1 шаршы метріне қызмет көрсету шығыны 22 112,0 теңге; өкілеттік шығындар нормасына сәйкес ресми іс-шаралар өткізу; 1 бас жоғары бағалы спорт атын ұстау шығыны - 933 750 теңге, күзетілетін тұлғаның автокөлігін гаражда ұстау шығыны 1 650 654 теңге. Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны - 37 778,0 теңге. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйретудің орташа шығыны 12 398,0 теңге. Мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін үйретудің орташа шығыны 22 100,0 теңге.

Уақыттылығы: бекітілген іс-шаралар жоспарына және келісім-шарттарға сәйкес іс-шараларды орындау.

Сапасы: мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұлғалардың мұқтажын жоғары деңгейде қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына және қазіргі заманғы экономикалық жағдайға сәйкес кәсіби деңгейлерін арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

413-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы»

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 90877 мың теңге (тоқсан миллион сегіз жүз жетпіс жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; «Күзетілетін тұлғалардың сапарларының медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № УД-08/52 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 813 бірлескен бұйрығы; «Күзетілетін тұлғалардың еліміздің аймақтарындағы сапарын медициналық қамтамасыз ету» туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2000 жылғы 15 мамырдағы № 01-58/65 ҚБП бұйрығымен бекіткен тәртібі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінің, ресми делегациялардың және күзетілетін тұлғалардың медициналық қауіпсіздігін және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: санитарлық заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторларын айқындау және жою. Күзетілетін тұлғалар мен ресми делегациялар мүшелерінің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына бекітілген мемлекеттік қызметшілердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Республикалық

деңгейде халықтың

санитарлық-эпидемиологиялық

салауаттылығы

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының штат саны

31 бірлік болып бекітілген лимитi

шегінде сыртқы орта объектілерін

санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы санитарлық-химиялық,

токсикологиялық, инструменталдық,

бактериологиялық, паразиттік, вирустық

зерттеу жүргізу. Лабораториялық жабдық

сатып алу. Бөлімдерді күрделі жөндеу.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Президентінің Іс

басқармасы

Медициналық

орталығының

Санитарлық-эпи-

демиологиялық

сараптама орталығы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бақылауға алынған объектілерден жеткізілген саны 40 567 сынама мен үлгілерге жүргізілетін зерттеулер; лабораториялық-инструменталдық зерттеулер саны - 76580; ауруларды уақытында анықтау және жоюға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар саны - 105. Саны 6 бүлік лабораториялық жабдық сатып алу, оның ішінде: Біріктірілген вакуумдық центрифуждық концентратор - 1 бірлік, колонияның электрондық санды есептегіші - 1 бірлік, өндірістік тоңазытқыш - 1 бірлік, электр пеші - 1 бірлік, рефлектометр Rqflex plus - 1 бірлік, қоршаған орта объектілерінің бактериологиялық ластануын бақылау жүйесі - 1 бірлік. 1 бірлік автомобиль, саны 8 жиынтықтан кем емес лабораториялық жиһаз сатып алу.

Соңғы нәтиже: инфекциялық және кәсіби аурулардың пайда болуын болдырмау. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінде тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптастыру. Лабораториялық жабдықпен жарақтану деңгейі жалпы мұқтаждың 72 пайыз құрайды; стандарттық үлгілер мен типтік ерітінділер жалпы мүқтаждың 95 пайыз құрайды.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: күрделі зерттеулер жүргізу үшін қазіргі заманғы жабдықтарды қолдану және нәтиже алудың уақытын қысқарту; 1 санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараға жұмсалатын шығынның құны 185 735 теңге.

Уақыттылығы: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген мемлекеттік қызметшілердің уақытында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Сапасы: Инфекциялық аурулар диагностикасының уақыттылығын және сапасын арттыру, күзетілетін тұлғалардың және ресми делегациялар мүшелерінің медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сапалы бағалау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

414-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету»

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 2123395 мың теңге (екі миллиард бір жүз жиырма үш миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 4-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5, 16, 17, 18, 19 және 26-баптары; «Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулығының жағдайын жақсарту бойынша қолданылатын бірінші кезектегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркеу ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының 2005 жылғы 16 сәуірдегі № УД-05/45 бұйрығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының тіркелген және қызмет көрсетілетін азаматтар санаттарының денсаулығын сақтау және нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік қызметкерлерге мамандандырылған және арнайы медициналық көмек көрсету, шетелде емделу, қалпына келтіру және сауықтыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Азаматтардың

жекелеген

санаттарына

медициналық көмек

көрсету

Тіркелген құрамға Қазақстан Республикасы Президенті Іс

басқармасы медициналық

ұйымдарындағы стационарларда,

амбулаториялық-емхана бөлімдерде және жедел жәрдем бөлімшелерінде

білікті және мамандандырылған

медициналық (терапевтік, кардиологиялық, нефрологиялық,

гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық, хирургиялық,

урологиялық, гинекологиялық) көмек

көрсету, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті ic

басқармасы Медициналық

орталығының Ауруханасында (Астана

қаласы), Орталық клиникалық ауруханада (Алматы қаласы),

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық

медициналық орталығында. Ресми

делегацияларды медициналық сүйемелдеу және сауықтыру.

Мемлекеттік қызметшілерге кешенді

медициналық бақылау жүргізу. Шетелдік

клиникаларға жіберілген ауруларды

емдеу және көлік шығындарын өтеу үшін, сондай-ақ бірге еріп баратын тұлғалар үшін көлік шығындарын

төлеу. Мемлекеттік қызметшілерді

Қазақстан Республикасындағы және

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының Медицинасындағы

санаторлық-қурорттық ұйымдарда қалпына келтіру және сауықтыру. Медициналық (лабораториялық,

диагностикалық, емдеу) жабдықтар сатып алу. Алматы қаласындағы

«Орталық клиникалық аурухана»

республикалық мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнының ғимараттары мен

үй-жайларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Жыл бойы  

Қазақстан

Республикасы

Президенті Іс

басқармасының

Медициналық

орталығы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ауруханалардың стационарларында орташа есеппен 6 804 тіркелген құрамды емдеу, амбулаториялық-емхана бөлімшелеріне барудың орта жылдық саны 272 500; жедел жәрдем шақырудың орта жылдық саны 5 300; 24 адамнан кем емес шетелдік клиникаларда емдеу және көлік, соның ішінде бірге еріп баратын тұлғалардың жол ақысын төлеу. 552 кем емес мемлекеттік қызметшінің денсаулығын қалпына келтіру және сауықтыру. Саны 5 бірліктен кем емес медициналық жабдық сатып алу. Алматы қаласындағы «Орталық клиникалық аурухана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты мен үй-жайларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркелген азаматтарының ауруын азайту. Қазіргі заманғы көп функционалды емдеу-диагностикалық жабдықпен жабдықтаудың қажетті деңгейінен - 80 пайыз.

Қаржы-экономикалық нәтиже: аурудың бір орында жатуының орташа күні 9 күн; бір орынның жұмысы 315 күн; медициналық жабдықтың бір бірлігінің орташа құны - 91 801,2 мың теңге; мемлекеттік қызметкерлердің медициналық көмекті жоғары мамандандырылған шетелдік клиникаларда алу - 0,2 пайыз; диспансерлік есепте тұратын аурулар және медициналық қалпына келтіру және жұмысқа жарамды ету - 32 пайыз, ауруханаға жатқызу деңгейі - 50 пайыздан артық емес.

Уақыттылығы: мемлекеттік қызметкерлерге уақытында медициналық көмек көрсету; бекітілген жабдықты жеткізу кестесіне сәйкес жабдық жеткізу және жоспарға сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Сапасы: медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру; медициналық қызмет көрсету бойынша шағымдардың болмауы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

415-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету»

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 39399 мың теңге (отыз тоғыз миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аурулардың алдын алу, диагностика жасау және емдеу саласына қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Медицина саласындағы жаңа және перспективалы инновациялық технологияларды ақпараттық қамтамасыз ету; ғылыми-зерттеу, ақпараттық-баспа, қызметін жүргізу; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың жүйесіне қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу бойынша мониторинг жүргізу және медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005

  

Медициналық

ұйымдарды

техникалық және

ақпараттық

қамтамасыз ету

Медициналық орталықтың

медициналық мекемелерін медицина саласындағы жаңа және перспективалы

инновациялық технологиялармен

ақпараттық қамтамасыз ету; тоқсан сайын «Қазақстан Республикасы Президенті Іс

басқармасы Медициналық

орталығының жаршысы»

журналын, «Новости медицины» атты дайджестісін, түрлі

деңгейдегі ғылыми практикалық

конференциялар

материалдарының жинағын, жарнама-ақпараттық материалдар

(буклеттер, проспектілеp,

журналдар, бейне және фото материалдарын); медицинадағы ең жаңа және перспективалы

технологияларды қолдану бойынша тиісті мамандарды соның ішінде медицина

персоналын оқыту (семинарлар,

консультациялар, конференциялар). Қазақстан Республикасы Президенті Іс

басқармасының Медициналық орталығын материалдық-техника-

лық жағынан жабдықтау. 1 бірлік баспаханаға жабдығын (ризограф), 1 бірлік автокөлік

сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Президенті Іс

басқармасының

Медициналық

орталығы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: инновациялық медициналық технологияларды енгізу дәрежесі мен оларға бақылау жүргізу 100 пайыз; тоқсан сайын - 4 бірлік (800 дана журнал - «Новости медицины» дайджестінің - 48 нөмірін шығару.

Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының жаңа технологиялар туралы мәлімет алуы; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының жүргізетін барлық іс-шараларын техникалық сүйемелдеу дәрежесі 100 пайыз.

Қаржы-экономикалық нәтиже: көрсетілетін қызметтің немесе орындалған жұмыстың бір бірлігіне жобаланған шығын көлемі шегінде нақты шығынды қамтамасыз ету; 1 бірлік жабдықтың орташа құны - 980,0 мың теңге, автокөлік - 2500,0 мың теңге.

Уақыттылығы: Іс-шаралар өткізу кестесіне сәйкес іс-шараларды уақытында 100 пайызға орындау.

Сапасы: Мемлекеттік қызмет алушыларының мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейі 100 пайыз.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

416-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 144448 мың теңге (бір жүз қырық төрт миллион төрт жүз қырық сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі Конституциялық Заңының 9-бабы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлемдегі дұрыс имиджін нығайту. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы халықты хабардар ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоғары кәсіби деңгейде актуалды телебейне бағдарламаларын жасау, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты жариялау, тарихи құндылығы бар материалдарды мұрағаттандыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Мемлекеттік

ақпараттық

саясатты жүргізу

Жоғары кәсіптік деңгейде

бейнематериалдар дайындау. Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайын негізгi

материалдардың негізінде кәсіби

бейне-касеталар мен лазерлік компакт-дискілер арқылы толықтыру. Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайын хронология

бойынша жүйелендіру. Бейнематериалдар әзірлеу және

республикалық телеарналар, басқа да

бұқаралық ақпарат құралдары бойынша көрсету. Қазақстан

Республикасы Президентінің бейне

мұражайын материалдармен

толықтыру. Мемлекет басшысының қызметi туралы деректi фильм шығару.

Жыл бойы  

Қазақстан

Республикасы

Президенті Іс

басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің опеpативтік ақпарат, арнайы тақырыптар шығару, хаттамалық іс-шараларды түсірудің тақырыптық жоспарының орындалу деңгейі - 320 сағат; бейнемұражайды 210 сағатқа толықтыру; жоғары кәсіби, жоғары сапалы, көкейкесті, уақыт талаптарына сай 12 деректі бейнефильм шығару.

Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізіп жатқан саяси және экономикалық реформаларды халыққа жеткізу мақсатында әзірленген бейнематериалдарды республикалық телеарналарға одан әрі орналастыру, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердегі телерадиокомпаниялармен өзара қызмет ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір деректі фильмді өндіруге жұмсалатын шығынның орташа құны 4572,0 мың теңге; бейнематериал әзірлеудің, оны көрсетудің, сондай-ақ бейнемұрағатты толықтырудың бір сағаты - 169,0 мың теңге.

Уақтылығы: іс-шараларды белгіленген жұмыс кестесі бойынша орындау.

Сапасы: Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы ақпарат орналастыру арқылы халықты толық хабардар ету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

417-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Ормандар мен жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молайту»

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 224440 мың теңге (екі жүз жиырма төрт миллион төрт жүз қырық мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Орман кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі; «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1246 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Бурабай таулы-орман кеңістігінің экожүйесінің тұтастығын сақтау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Бурабай таулы-орман кеңістігінің бірегей табиғи кешенін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

бағдарлама

коды

кіші

бағдарлама

коды

бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

іске

асыру мерзімі

жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

007

  

ормандар мен

жануарлар дүниесін

күзету, қорғау,

молайту 

«бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесін ұстау үшін орман, жануарлар дүниесін қорғау бойынша жүктелген міндеттердi

орындау үшін орман, жануарлар дүниесін, су ресурстарын сақтау,

қорғау және молайту саласында «бурабай» мұтп-ның «табиғат

шежіресінде» табиғи процестер мен

құбылыстарды тіркеу» ғылыми-зерттеу

жұмыстарын жүргізу үшін 302 штат санын ұстау. орман шаруашылығы, орман өсімдіктері, өрт сөндіруге қарсы, орман қорғау, биотехникалық, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу. «бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»

мемлекеттік мекемесін материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз

ету.

жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Президенті іс

басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 30 га алаңында ағаш отырғызу, 145 км минералдандырылған жолақ орналастыру, 2 390 км минералдандырылған жолақты күту, 83 510 га алаңында табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету, орман күзету - 181 733 га.

Соңғы нәтиже: парктің аумағындағы 83,511 гектар алаңның табиғи кешенінің және экожүйесінің сақталуын қамтамасыз ету, орманды күзету - 181,7 мың га.

Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 га орман отырғызуға жұмсалатын қаражат 13 000,0 мың теңге, 1 км минералдандырылған жолақтарды орналастыру - 709,0 теңге, 1 км минералдандырылған жолақты күту - 476,0 теңге, 1 га алаңдағы табиғат қорғау іс-шараларына 1 367,0 теңге, 1 га күтілетін алаңды күзетуге жұмсалатын қаражат 818,67 теңге.

Уақыттылығы: жоспарланған іс-шаралардың жыл бойы орындау.

Сапасы: «Бурабай» МҰТП аумағында биотүрлілігінің сақталуын қамтамасыз ету: Өсімдіктер жамылғысының түрі 750; жануарлар түрі 305.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

418-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін салу және реконструкциялау»

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 13917604 мың теңге (он үш миллиард тоғыз жүз он жеті миллион алты жүз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астананың инфрақұрылымын дамыту және Қазақстан Республикасының абыройын арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы объектілерінде құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы жүргізу жағдайын қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.26.08. № 766 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

008

  

Қазақстан Республикасы

Президенті Іс

басқармасының 

объектілерін салу

және реконструкциялау

1. Құрылыс жөніндегі заңнамада белгіленген жобалау-сметалық

құжаттамаға сәйкес 2008 жылға арналған республикалық бюджетте

бекітілген сома шегінде Қазақстан

Республикасы Президенті Іс

басқармасының инвестициялық

жобаларын іске асыру:

1) есіл өзенінің сол жағалауындағы 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж қосымша үй-жайларымен;

2) «Бүркіт» авиакомпаниясының авиациялық техникалық тұрағы және техникалық ғимараты (жобалау);

3) «Бүркіт» авиакомпаниясының авиациялық ангары мен техникалық тұрағы (жобалау);

4) 316 пәтерлі тұрғын үй (жобалау)

5) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының клиникалық-сауықтыру кешені (жобалау);

6) Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Алматы» санаторийін

жобалау, қайта жаңарту және кеңейту

(«мемсараптама» республикалық

мемлекеттік кәсіпорнының техника

экономикалық негіздемеге 2007

жылғы 19 наурыздағы № 7-130/07 қорытындысы;

7) Ессентуки қаласындағы (Ресей)

«Қазақстан» санаторийін жобалау,

қайта жаңарту және кеңейту;

8) Астана қаласы «Қараөткел» тұрғын үй кешенінде 240 орынға

арналған балабақшасын жобалау және салу;

9) Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Красноярка селосының

аумағында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу

және сату бойынша ауыл шаруашылығы кластері (жобалау);

10) Щучинск-Бурабай» курорттық аймағындағы (Щучье, Бурабай,

Қарасу көлдері) су айдындарын тазарту жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;

11) 30 000 көрермен орындық жабық стадион салу («Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2005 жылғы 3 наурыздағы № 2-696/05 қорытындысы);

12) Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай кентінде Кенесары көшесі бойында табиғи мұражай аумағында визит-орталығын салу;

13) Астана қаласының жаңа орталығында Министрліктер үйі. Дизельді кіші станция;

14) Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында Министрліктер үйі. Қазақстан Республикасының Үкімет үйі мен Министрліктер үйінің ғимараттары арасында өткел;

15) Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қызылжар» Резиденциясы аумағында Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту (жобалау).

16) Астана қаласының Тельман кентінде тапсырыс берушінің аумағындағы су құбыры желісі;

17) Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған қазандықты жобалау және салу

18) Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығындағы Министрліктер үйі.

Қаңтар-

желтоқсан 

Қазақстан

Республикасы

Президенті Іс

басқармасы

 

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.26.08. № 766 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Есіл өзенінің сол жағалауындағы қосымша үй-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж; «Бүркіт» авиакомпаниясының авиациялық техника тұрағы мен техникалық ғимаратын; 30 000 көрермен орындық жабық стадион салуды аяқтау; Астана қаласының халықаралық әуежайында «Бүркіт» авиакомпаниясының авиациялық ангары мен техникалық тұрағын; Астана қаласында «Қараөткел» тұрғын үй кешенінде 240 орындық балалар бақшасын; Ақмола облысы Целиноград ауданы Красноярка ауылының аумағында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру; қайта өңдеу және сату бойынша ауыл шаруашылығы кластерін; Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай кентінде Кенесары көшесі бойында табиғи мұражай аумағында визит-орталығын; Астана қаласының жаңа орталығында Министрліктер үйінде Дизельді кіші станциясын жобалау және салу; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының клиникалық-сауықтыру кешенін; 316 пәтерлі тұрғын үйді, Астана қаласының Тельман кентінде тапсырыс берушінің аумағындағы су құбыры желісін жобалау және салу; Алматы қаласында «Алматы» санаторийін қайта жаңарту және кеңейту; Ессентуки қаласындағы (Ресей) «Қазақстан» санаторийін жобалау, қайта жаңарту және кеңейту; «Щучинск-Бурабай» курорттық аймағындағы (Щучье, Бурабай, Қарасу көлдері) су айдындарын тазарту» жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған қазандықты жобалау және салу, Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығындағы министрліктер үйінің құрылысын аяқтау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

419-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту»

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 629477 мың теңге (алты жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз жетпіс жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орталық мемлекеттік органдарға сапалы және уақытында көлік қызметін көрсетуді қамтамасыз ету. Ресми іс-шараларға қазіргі заманғы деңгейде көлік қызметін көрсету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: автомашина паркін жоспарлы жаңарту мақсатында автокөлікті орталықтандырып сатып алу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

009

  

Мемлекеттік

органдар үшін

автомашиналар

паркін жаңарту

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс

басқармасының Автошаруашылығы»

республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне беру үшін

автокөлік сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Президенті Іс

басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: автокөлік паркін 53 кем емес бірлікпен толықтыру.

Соңғы нәтиже: орталық мемлекеттік органдарға сапалы, қауіпсіз және уақытында көлік қызметін көрсету мақсатында жоспарлы түрде автокөлік паркін жаңарту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір бірлік автокөліктің құны жоспарланған шығын шегінде 11877,0 мың теңге.

Уақыттылығы: автокөлікті белгіленген кестеге сәйкес жеткізу.

Сапасы: орталық мемлекеттік органдарға көлік қызметін көрсету сапасын және материалдық-техникалық деңгейін арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

420-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Дәрігерлерді шетелдерде қайта даярлау және мамандандыру»

деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 8490 мың теңге (сегіз миллион төрт жүз тоқсан мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің деңгейі мен сапасын арттыру үшін шетел клиникаларында медициналық қызметкерлердің теориялық және практикалық іскерлігі мен дағдыларын жаңарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: медициналық орталықты денсаулық сақтаудың әлемдік стандарттары бойынша қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын меңгерген жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

011

  

Дәрігерлердi

шетелдерде қайта

даярлау және

мамандандыру 

Мынадай тақырыптар бойынша шетелдік жетекші клиникаларда

және ғылыми орталықтарда

дәрігерлердің қайта даярлау және

мамандандыру бойынша қызметтерді сатып алу:

- терапевтік іс-тәжірибедегі өзекті мәселелер; - пульмонологиядағы,

эндокринологиядағы өзекті мәселелер;

- отбасылық дәрігерлердің іс-тәжірибесіндегі, геронтологиядағы

қазіргі заманғы проблемалар;

- практикалық нефрологиялық және

ревмотологиялық: терапияның қазіргі

заманғы мәселелері;

- гинекологиялық ауруларды емдеудің

жаңа диагностикасы;

- клиникалық кардиологияның өзекті

мәселелері;

- гастроэнтерологияның қазіргі заманғы

проблемалары;

- жаңа ақпараттық технологиялар мен

телемедицина енгізу.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Президенті Іс

басқармасының

Медициналық

орталығы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: медициналық мекемелердің шетелде кәсіби деңгейін арттыру және мамандандыру бойынша өткен дәрігерлер саны - 13 бірлік.

Түпкі нәтиже: медицина ғылымы мен тәжірибесінде әлемдік жетістіктер деңгейінде қызмет етуге мүмкіндік беретін медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Күтілетін медициналық инновациялардың орташа саны 20 бірлік.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір дәрігерді шетелдік жетекші клиникалары мен ғылыми орталықтарында қайта даярлау мен маманданудан өтудің орташа шығыны 653,1 мың теңге.

Уақтылығы: іс-шаралары бекітілген келісім-шарттарға сәйкес уақытында орындау.

Сапасы: медициналық орталықтың жұмыскерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін арттыру, жаңа медициналық технологияларды профилактикада, диагностикада, емдеуде және аурудың жазылуына енгізу арқылы тіркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыру. Медициналық орталықтың 4 пайыз дәрігерлері кәсіби деңгейлерін шетелде арттырады.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

421-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

««Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» ҰАҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»

деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 94752 мың теңге (тоқсан төрт миллион жеті жүз елу екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 тамыздағы Заңның 9-бабы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін баяндау арқылы халық арасында патриотизмді насихаттау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоғары кәсіби деңгейде актуалды телебейне бағдарламаларын жасау, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты жариялау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

013

  

«Қазақстан

Республикасы

Президентінің

Телерадиокешені»

ҰАҚ-ның жарғылық

капиталын

ұлғайту

«Қазақстан Республикасы

Президентінің Телерадиокешені»

Коммерциялық емес ҰАҚ жарғылық капиталын ұлғайту үшін телевизиондық жабдық сатып алу.

Қаңтар-

желтоқсан

Қазақстан

Республикасы

Президенті Іс

басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жоғары кәсіби деңгейде актуалды телебейне бағдарламаларын жасау, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты жариялау.

Соңғы нәтиже: Мемлекет Басшысының қызметіне, оның ел аймақтары бойынша жұмыс сапарларына және өзге де маңызды іс-шараларына сапалы және жедел ақпараттық қызмет көрсету.

Қаржы-экономикалық нәтиже: компьютерлік жабдықтың орташа құны - 3 644,3 мың теңге.

Уақыттылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес орындау.

Сапасы: Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы халыққа толық ақпарат беру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

422-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

 «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратын ұстау»

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 1830517 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз отыз миллион бес жүз он жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Министрліктер үйі» ғимаратына шаруашылық қызмет көрсету, технологиялық жабдықтарының үздіксіз қызметін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ғимараттың технологиялық жабдықтарын күтіп-ұстау және техникалық қызмет көрсету, ғимаратта шаруашылық қызмет көрсету.

 ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

014

  

«Министрліктер

үйі» әкімшілік

ғимаратын

ұстау

инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың электротехникалық жабдықтарына, ауа

желдеткіштің ауа сорғыш жүйесі, өрттен

қорғау қауіпсіздігі, өрттен қорғау

сигнализациясы, сыртқы және ішкі

автоматтандырылған телефон станциясының жүйесі, суық және

жылумен қамтамасыз ету, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйелерінің профилактикалық жұмысын жүргізу, лифт, желдеткіш жабдықтарының жұмысын күтіп ұстау, техникалық

қызмет көрсету және жөндеу. Ғимараттың ішкі бөлмелері мен фасадын, сондай-ақ оның жанындағы аумақты да тазалықта ұстау, ғимаратты санитарлық тазалау, күл-қоқысты және қарды шығару және ғимараттың дұрыс жұмыс жасауы үшін қажеттi өзге де жұмыстарды қамтамасыз ету. Ғимараттың ағымдағы жөндеуі. Ғимаратқа дейін электроэнергия, жылу энергиясы мен

коммуналдық қызметтер жеткізу. Ғимаратты негізгі құралдармен

жабдықтау. Жалпы көлемі 192742 шаршы

метр ғимаратқа шаруашылық қызмет

көрсетуді қамтамасыз ету.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Президенті Іс

басқармасы

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: жұмыс істейтін лифтердің, желдеткіштердің және электротехникалық, санитарлық-техникалық құралдардың, инженерлік жүйе мен коммуникацияның, ауа тазалағыш, желдеткіш жүйесі, өрт қауіпсіздігі, өрттен қорғау сигнализациясы, автоматтандырылған телефон станциясы сыртқы және ішкі жүйелердің жалпы меншіктік салмағы 100% құрайды.

Соңғы нәтиже: Бүкіл ғимарат бойынша технологиялық құралдардың тоқтаусыз және апатсыз жұмыс істеуі.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: ғимараттың 1 шаршы метрін күтіп-ұстауға кететін орташа шығын 9503 теңге.

Өз уақытында: іс-шаралардың жоспарға сәйкес уақтылы 100%-ке орындалуы.

Сапасы: мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік тұрмыстық жағдай жасау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

423-ҚОСЫМША

 

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Щучье-Бурабай курортты аймағы инфрақұрылымын дамыту»

деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 3512804 мың теңге (үш миллиард бес жүз он екі миллион сегіз жүз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының аумағындағы бірегей және сирек ландшафттарды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 474 өкімі; «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1246 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи кешендерді сақтау, бірегей және эталондық табиғи учаскелер, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін сақтау және қазіргі заманғы туристік инфрақұрылымдарды құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бүлінген табиғи кешендерді, аса құнды тарихи және мәдени ландшафтар, тарихи ескерткіштер, Қазақстан халықтарының өзге де мұралары мен мәдениеті объектілерін, қалпына келтіру, табиғи қорғау және рекреациялық іс-шараларды жүргізу.

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгкртілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

015

  

Щучье-Бурабай

курортты аймағының

инфрақұрылымын

дамыту

Щучье-Бурабай курорт аймағында белсенді демалу үшін және  экологиялық туризмге арналған инфрақұрылым құру. Туристік

ойын-сауық кешенінің инженерлік

инфрақұрылымын салу; «Бурабай» МҰТП объектілерін жобалау

және салу,

1) Бурабай көлі аймағындағы серуен жолдарын жарықтандыру;

2) суару жүйесі қондырғысы бар орман дақылдары питомнигін кеңейту;

3) аңшылар үйінің құрылысы;

4) марал шаруашылығының құрылысы;

5) Абылайхан алаңын қалпына келтіру;

6) «Бурабай» МҰТП орталық кеңсесінің және сыртқы инженерлік жүйенің құрылысы,

Щучинск-Бурабай курорт

аймағының инфрақұрылымын қолдау, Марал шаруашылығына автожол жобалау және салу,

табиғат мұражайын (зоопарк) қайта

жобалау және жаңарту.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Президенті Іс

басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Сыртқы инженерлік желілер бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу. Щучинск-Бурабай курорт аймағының инфрақұрылымын қолдауға қажетті жағдай жасау.

Соңғы нәтиже: қазіргі заманғы жоғары тиімді және бәсекелестікке қабілетті туристік кешен құру, табиғи жағдайдағы алуан түрлі биологиялық және ландшафттық табиғатты сақтап қалу, бүлінген табиғи кешенді, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін қалпына келтіру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: экономикалық тиімділікке Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі. Мамандандырылған техниканың бір бірлігінің орташа құны жоспарлы шығын шегінде 4 020,0 мың теңге; негізгі активтердің орташа құны 123,6 мың теңге.

Уақыттылығы: бекітілген шартқа, жоспар-кестеге және жеткізу кестесіне сәйкес негізгі құралдар сатып алу.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.