2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналардың:

379380381382383384385-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

379-ҚОСЫМША

 

 

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Статистика саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 3378737 мың теңге (үш миллиард үш жүз жетпіс сегіз миллион жеті жүз отыз жеті мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 910 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен үрдісін сипаттайтын бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі мен жетілдіруін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік статистиканы басқару;

2) ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттар негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін және жетілдіруді қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік, коммерциялық құпияларды сақтауды және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;

4) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығын және жеткіліктілігін қамтамасыз ету;

5) елде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және шынайы зерделеу, қорыту және талдау;

6) өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Статистика

саласындағы уәкілеттi

органның қызметін

қамтамасыз eту

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың статистикалық қызметін үйлестіру; статистикалық әдіснаманы әзірлеу; статистика агенттігі статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу; жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету және тарату;

Шетелдермен және халықаралық ұйымдармен статистика саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Статистика

агенттігі

3

  

002

Аумақтық органдардың

аппараттары

Статистикалық жұмыстар жоспарына

сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық

байқаулар жүргізу; өңірлік деңгейде

жиынтық статистикалық ақпаратқа қол

жетімділікті қамтамасыз ету және тарату. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы

Статистика

агенттігі

4

  

007

Мемлекеттік

қызметшілердің

біліктілігін арттыру

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін мына бағыттағы қызметтерді сатып алу:

1) экономикалық статистика;

2) әлеуметтік статистика;

3) демографиялық және экологиялық статистика.

Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы

Статистика

агенттігі

5

  

008

Мемлекеттік

органдардың

ғимараттарын,

үй-жайлары мен

құрылыстарын

күрделi жөндеу

Қазақстан Республикасы Статистика

агенттігінің Астана қаласындағы аумақтық органдарының әкімшілік

үйіне күрделі жөндеу жүргізу.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Статистика

агенттігі

6

  

009

Мемлекеттік органдарды

материалдық-

техникалық

жарақтандыру

Статистика жүйесінің органдарын

материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Статистика

агенттігі

7

  

017

Ақпараттық

жүйелердің жұмыс

істеуін қамтамасыз ету

және мемлекеттік

органдарды ақпараттық-техникалық

қамтамасыз ету

Телекоммуникациялық

қызметтерді, шығыс материалдарын, қосалқы бөлшектерді, техникалық және

бағдарлама-ақпараттық құралдарды,

лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу. Жүйелік-техникалық қызмет көрсету және жүйелік-есептеу

техникасын жөндеу; жергілікті-есептеу

жүйесіне, ақпараттық жүйелер мен

бағдарламалық өнімдерге әкімшілік ету, сүйемелдеу.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Статистика

агенттігі

 

 ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі және оның жетілдірілуі; кәсіби деңгейін арттыру - 1169 адам, мемлекеттік тілге оқыту - 938 адам; ағылшын тіліне оқыту - 30 адам.

Түпкілікті нәтиже: барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен үрдісін сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындар - 9,4 мың теңге;

бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 12,4 мың теңге;

бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 10,2 мың теңге.

Уақтылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.

Сапасы: қызметкерлерді оқыту, олардың еңбек жағдайын жақсарту және халықаралық статистикалық стандарттарды енгізу негізінде статистикалық деректердің сапасын арттыру; қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілер біліктілігінің кәсіби деңгейін арттыру, олардың нәтижелері бойынша: мемлекеттік тілді оқығаннан кейін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 4 пайызға, ағылшын тіліне оқығаннан кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 4 пайызға, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 5 пайызға артады деп жорамалданады.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

380-ҚОСЫМША

 

 

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Статистикалық ақпаратты өңдеу және тарату»

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 1036854 мың теңге (бір миллиард отыз алты миллион сегіз жүз елу төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 910 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, «Қазпатент» және «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау жөніндегі комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысы; «Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу және мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1164 қаулысы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық ақпаратты сапалы өңдеу және жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі мен үрдістерін сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) мемлекеттік органдарды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың жиынтық статистикалық деректерге деген қажеттілігін қанағаттандыру, статистикалық деректерді өңірлік және республикалық деңгейлерде енгізу және өңдеуді қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік статистика органдарына ақпарат табыс ететін жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандардың бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Статистикалық

ақпаратты өңдеу

және тарату

Статистикалық деректерді өңірлік және республикалық деңгейлерде енгізу және өңдеу;

статистикалық құралдарды көбейту және жіберу;

статистикалық жарияланымдарды өңірлік және

республикалық деңгейлерде дайындап шығару, көбейту және тарату; талдамалы жұмыстар

жүргізу; статистика салалары бойынша іріктемелі

зерттеулер жүргізу; сыныптауыштарды аудару;

сапа менеджментінің екі жүйесін енгізу; салық декларациялардан мәліметтерді алу, өңдеу және енгізу; жаңа сыныптамалар мен өнімдер номенклатураларын әзірлеу.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Статистика

агенттігі

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: статистикалық есептілік көрсеткіштерін 100% енгізу және өңдеу. Статистикалық нысандар мен нұсқаулықтарды, жарияланымдарды республикалық және өңірлік деңгейлерде дайындау. Талдамалы жұмыстар жүргізу. Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген статистикалық байқаулар жүргізу.

Түпкі нәтиже: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қаржы-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйені пайдаланушылар санын жыл ішінде 10%-ға өсіру.

Уақтылығы: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімдерде, сондай-ақ іс-шараларды іске асыру мерзімдерінде қамтамасыз ету.

Сапасы: статистикалық ақпараттың релеванттығын пайдаланушылардың қажеттілігін есепке алу жолымен көтеру.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

381-ҚОСЫМША

 

 

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйесін құру»

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 217876 мың теңге (екі жүз он жеті миллион сегіз жүз жетпіс алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық өндірістің тиімділігін арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйелерін құру, статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеудің және ұсынудың қазіргі заманғы автоматтандырылған әдістерін енгізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Мемлекеттік

статистика

органдарының

ақпараттық жүйесін

құру

1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi мен оның аумақтық органдарының талдамалы және статистикалық ақпараттарын бірыңғай Интернет-портал арқылы тарату» ақпараттық кіші жүйені құруды аяқтау: - есептеу техникасын, лицензиялық бағдарламамен қамсыздандыру, Web-сервер, ДББ серверін, қосымшалар серверін сатып алу, лицензиялық бағдарламамен қамтамасыз ету; пайдалануға беруге дайындау; тәжірибелі пайдалану; қызметкерлерді оқыту және дайындау; өнеркәсіптік пайдалануға енгізу; Интернет-порталдың қабылдау-тапсыруы.

2. «Әлеуметтік статистика үшін тіркелім» ақпараттық кіші жүйені құру: - тіркелімді енгізу және дамыту.

3. «Бастапқы статистикалық деректің құпиялығын сақтау және қамтамасыз ету» ақпараттық кіші жүйені құру: жүйенің екінші кезегін жинақтау үшін өнімдерді жеткізуге құжаттарды әзірлеу және ресімдеу; есептеу техникасын: ДББ серверін сатып алу; жүйенің екінші кезеңі және оның бөліктері бойынша жобалық шешімдерді әзірлеу; бағдарламаның  бейімделуі және әзірлеу; тәжірибелі пайдалану; қызметкерлерді оқыту және дайындау; өнеркәсіптік пайдалануға енгізу (желтоқсан).

4. «Статистикалық сыныптамалар жүйесінде өзгерістер есебі» ақпараттық кіші жүйені құру: техникалық тапсырманы әзірлеу; есептеу техникасын, лицензиялық бағдарламамен қамсыздандыруды: сервер, лицензиялық бағдарламамен қамтамасыз етуді сатып алу; эскиз жобасын әзірлеу; техникалық жобаны әзірлеу; жұмыс құжаттаманы және бағдарламаны әзірлеу; іске енгізу және қызметкерлерді оқыту.

5. «е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау» ақпараттық кіші жүйені құру: техникалық тапсырманы әзірлеу және бекіту; алдын ала жобалық шешімдерді әзірлеу; «е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау» АЖ-і жинақтау үшін бұйымдарды жеткізуге және олардың әзірлеуіне техникалық талаптардың (техникалық тапсырмалардың) құжаттарын әзірлеу және ресімдеу; есептеу техникасын, лицензиялық бағдарламамен қамсыздандыру: ДББ серверін, қосымшалар серверін, өңірлік серверлер, лицензиялық бағдарламамен қамсыздандыруды сатып алу; бағдарламаны әзірлеу және бейімделуі; қызметкерлерді дайындау; «е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау» АЖ-і іске қосуға автоматтандыру объектілерін дайындау.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің статистикалық және талдамалы ақпаратын бірыңғай Интернет-портал арқылы тарату», «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім», «Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету», «Статистикалық сыныптамалар жүйесінде өзгерістер есебі», «е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау» ақпараттық кіші жүйелерін құруды қамтамасыз ету.

Түпкілікті нәтиже: статистикалық ақпарат пайдаланушыларын электрондық түрде статистикалық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету, деректерді жинау, өңдеу және тарату тәртібін автоматтандыру есебінен статистикалық деректер сапасын арттыру (деректерді жаңартуды толық және өз уақтысында қамтамасыз ету), жиналатын статистикалық ақпараттың түрлерін көбейту, статистикалық ақпараттың жедел өңделуі.

Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық жүйелерді біріктіретін «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің статистикалық және талдамалы ақпаратын бірыңғай Интернет-портал арқылы тарату» ақпараттық кіші жүйені әзірлеу, мемлекеттік органдар сияқты, барлық статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға да тапсырыстарды орындау мен жауаптардың дайындалуын уақытылы жүзеге асырылуына көмектеседі.

«Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім» ақпараттық кіші жүйесін құру үй шаруашылықтары мен олардың тұрғын үй жағдайына тікелей немесе жанама қатысы бар бастапқы деректерді жинау, өңдеу және тарату жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру үй шаруашылықтарын іріктеуді оңтайландыруға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта үй шаруашылықтарын зерттеуге жұмсалатын шығын 155 млн. теңгені құрайды. Желіні 30%-ға қысқарту арқылы жылына 50 млн. теңге үнемдеуге болады. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдардың шығындары да қысқарады, себебі олар «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім» ақпараттық кіші жүйесіне кіру мүмкіндігіне ие болады (Қазақстан Республикасы бойынша 17 млн. теңгеге). «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім» ақпараттық кіші жүйесін кезекті ұлттық халық санағында пайдаланудың нәтижесі 300 млн. теңгені құрайды, өйткені 50 мың есепші 15 мың теңге айлықақымен 4 айдан аз жұмыс істейтін болады.

«Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету» ақпараттық кіші жүйесін құру бастапқы статистикалық ақпаратты терең қайта өңдеуді жүзеге асыруға және ақпараттық-талдамалы міндеттердің кең ауқымын шешуге мүмкіндік береді. Қосымша статистикалық байқаулар жүргізуге жұмсалатын шығындардың болжалды жиынтық қысқаруы «Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету», ақпараттық кіші жүйесін пайдалану алғашқы үш жылда (2008-2010жж.) 322,4 млн.теңгені құрайды. «Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы» ақпараттық кіші жүйені құруға 211,625 млн. теңге жұмсалатын болса, мемлекеттік бюджет қаражатының қорытынды үнемділігі 110,7 млн. теңгені құрайды.

«Статистикалық сыныптамалар жүйесінде өзгерістер есебі» ақпараттық кіші жүйесін құру келесі міндеттерді шешуге: мемлекеттік статистиканы «электронды үкімет» жүйесіне біріктіруге, барлық мемлекеттік органдарда бар барлық анықтама мен сыныптамалардың республикалық қорын құруға, деректерді өңдеудің статистикалық үдерісінің тиімділігін арттыруға, деректердің салыстырымдылығын қамтамасыз етуге, халықаралық сыныптамаларды жаңа жүйесін енгізуге, тыстағы пайдаланушылар үшін сыныптамаларды таратуға мүмкіндік береді.

«е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау» ақпараттық кіші жүйесін құру келесі міндеттерді шешуге: қазіргі заманғы қағазсыз технологиялар негізінде (электронды тасымалдағыштар, электронды пошта және Интернет арқылы он-лайн тәртібінде деректерді жинау) бастапқы статистикалық деректердің жедел және сапалы жинауын қамтамасыз етуге (жылына 1 200 мың есептерден көп), статистика органдарына Интернет арқылы статистикалық есептіліктің Wed-форма бланкісі арқылы деректерді енгізу мүмкіндігі есебінен немесе байланыс каналдары бойынша электронды түрде статистикалық есептілікті беру арқылы электронды деректерді тез және тиімді ұсыну үшін респонденттердің жағдайын жақсартуға, бастапқы есептілік деректерін енгізу және бақылау бойынша жұмыстарды қолмен жүзеге асыратын статистиктердің санын (50%-ға) қысқарту есебінен, сондай-ақ, бастапқы есептілік қағаз бланкілерінің шығарылуына қаражатты үнемдеу есебінен, деректерді жинау және өңдеуге шығыстарды төмендетуге, ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы сертификациялау қаражаттарының пайдалануымен қабылданатын және берілетін ақпараттың автоматтандырылған қорғауға мүмкіндік береді.

Уақыттылық: Іс-шаралардың белгіленген іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.

Сапасы: осы жоба Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттардың автоматтандырылған жүйелері талаптарына сай.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

382-ҚОСЫМША

 

 

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 41377 мың теңге (қырық бір миллион үш жүз жетпіс  жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистиканың халықаралық ұсынымдар мен стандарттардың ұлттық деңгейге бейімделген әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу және енгізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: статистиканың әр түрлі салаларында әдіснамалар әзірлеу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми  зерттеулер

Мемлекеттік статистиканы құру әдіснамасы саласындағы 13 тақырып бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу, оның ішінде:

1. Бірыңғай ақпараттық статистикалық жүйе үшін әдістемелік деректердің жүйесін әзірлеу;

2. Еңбек рыногының көрсеткіштерін ұлғайту жөніндегі ғылыми негізделген жолдарды әзірлеу;

3. Макроэкономикалық статистика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары;

4. Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес жасалған мәмілелер бойынша экспорттық-импорттық жеткізілімдердің бағаларын зерттеудің ғылыми негіздерін әзірлеу;

5. Инфляция параметрлерін бағалау саласындағы ғылыми зерттеулер: инфляциялық үдерістердің импорттық құрамдас бөлігі, оны бағалау үшін модель құрастыру және оның инфляцияға үлесін (әсерін) анықтаудың ғылыми әдістерін құру;

6. Қазақстандағы заңсыз қызметті өлшеуге ғылыми-әдіснамалық жолдарды дайындау;

7. Ғылыми-әдіснамалық жолдарды әзірлеу және экономиканың ағымдағы дамуын бағалау үшін көрсеткіштерді құру;

8. Үй шаруашылықтары туралы деректердің моделдеу жолдары. Өңірлік (аудандық) деңгейлердегі халық кедейлігінің картасын құрастыру;

9. Макроэкономикалық статистика саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу, отандық компаниялардың даму бағдарламалары шегінде түрлі салалардағы кәсіпорындардың қызметін талдау және есеп жүргізу үшін ғылыми базасын әзірлеу;

10. Шағын кәсіпкерлік бойынша ақпараттық ресурстарды дамыту үшін ғылыми базасын әзірлеу;

11. Өмір құнының индексін құру үшін ғылыми негізделген жолдарды әзірлеу;

12. Ақпараттық қоғам статистикасының ғылыми негізін құру;

13. Материалдық және материалдық емес өндірілмеген активтер құнының бағалауына ғылыми негізделген жолдарды әзірлеу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Статистика

агенттігі

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 13 тақырып бойынша мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жаңа құралдарды енгізуге, статистикалық деректердің сапасын арттыруға және олардың халықаралық деңгейде салыстырымдылығын арттыруға мүмкіндік туғызатын болады.

Түпкі нәтиже: ғылыми негізделген, соның ішінде халықаралық статистикалық сыныптамалардың жаңа жүйесіне көшу, салалық статистика мен ұлттық шоттар жүйесінің статистикалық көрсеткіштерін енгізу және жетілдіру бойынша, Мемлекеттік статистикалық тіркелім және статистикалық деректерді тарату үшін әдістемелік деректерді әзірлеу бойынша әдістемелер жасау.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 3182,8 мың теңгені құрайды.

Уақтылығы: орындалған іс-шараларды белгіленген мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.

Сапасы: әдіснамалық әзірлемелер халықаралық стандарттарды енгізуді және олардың ұлттық деңгейге бейімделуін жеделдетеді, статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, мемлекеттік басқару органдарын, сондай-ақ қалың жұртшылықты ақпараттық қамтамасыз етуді жақсартады.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

383-ҚОСЫМША

 

 

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу»

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 261320 мың теңге (екі жүз алпыс бір миллион үш жүз жиырма мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 қаулысы; «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағына дайындық, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 қаулысы; «Республикалық бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссиясын құру, Қазақстан Республикасында Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі 2005-2008  жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 247 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1119 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер туралы анық қорытынды деректер алу;

2) қазақстандық ауыл шаруашылығы статистикасының халықаралық стандарттармен салыстырымдылығын қамтамасыз ету;

3) ауыл шаруашылығы санақ деректерінің қоры негізінде ауыл шаруашылығы бойынша қолда бар ақпаратты актуализациялау;

4) жиналған статистикалық деректерді сапалы өңдеу мен талдау, оларға барлық ақпарат алушылардың қол жетімділігін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005

  

Ауыл шаруашылығы

санағын жүргізу

Ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы

кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде

базистік шама ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық

деректер алу;  бақылау объектілерінің

бас жиынтығын келесі ауыл шаруашылығы

іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін әзірлеу;

шағын шаруашылық субъектілер (жеке

тұлғалар) және құрылымдық шаруа

нышандарын топтастыру туралы деректерді алу; ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңін өткізу; бірінші және екінші кезеңдерден алынған деректерді өңдеу және жариялау. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Статистика

агенттігі

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының соңғы деректерін жариялау.

Түпкі нәтиже: «ауыл шаруашылығы» саласын сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер алу:

инфраструктура, жер алаңы, ауыл шаруашылығы дақылдарын егу алаңы, олардың сұрыпты құрамы, ауыл шаруашылығы малдарының саны, олардың жыныс-жас және тұқымдық құрамы, ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын ұстауға арналған қора-жайлар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, машина-трактор станциялары, жөндеу шеберханалары және басқалары, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар, ғимараттар және тоңазытқыштар, ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кішігірім цехтар;

ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша бастапқы деректерді алу, сондай-ақ кейінгі ауыл шаруашылығының іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен де, сол сияқты өңдеумен және сақтаумен де айналысатын барлық тауар өндірушілердің негізгі жиынтығын құру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының дерекқоры ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде және статистикалық тіркелімді, ауыл шаруашылығы құралымдарының тіркелімін актуализациялау үшін пайдаланылатын болады.

Уақтылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.

Сапасы: елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әрбір санаттары рөлінің даму жағдайы мен үрдістері туралы ақпарат сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. Ауыл шаруашылығы саласы туралы толық сандық және сапалық ақпарат алу мүмкіндігі бар.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

384-ҚОСЫМША

 

 

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Ұлттық санақ өткізу»

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 2634189 мың теңге (екі миллиард алты жүз отыз төрт миллион бір жүз сексен тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «2009 жылғы Қазақстан Республикасы  халқының ұлттық санағы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2009 жылы кезекті халықтың ұлттық санағына дайындық кезеңі жұмыстары іс-шараларының толық кешенін жүргізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: негізгі халық санағын өткізу механизмін егжей-тегжейлі зерделеу және талдау, ұйымдастыру-әдіснамалық жұмыстарда пайда болған кемшіліктерді бағалау және түзетулер жүргізу және 2009 жылғы негізгі халық санағының бағдарламасына барлық қажетті түзетулерді енгізу.

ҚР Үкіметінің 2008.23.12 № 1227 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Ұлттық санақ өткізу

1. Халықтың санағы материалдарын сынап көру.

2. 2009 жылғы негізгі санаққа жұмыстардың дайындық кезеңінің

іс-шаралары кешенін жүргізу

3. Облыстық департаменттер құрамындағы аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың статистика бөлімдері үшін автокөлік құралдарын сатып алу

Жыл бойына

Қазақстан Респуб-

ликасы Статистика агенттігі

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бағдарлама қосымшасын жүзеге асыру нәтижесінде халық санағы материалдарын сынап көру және 2009 жылы болатын халықтың негізгі санағына жұмыстардың дайындық кезеңінің іс-шаралары кешенін жүргізу материалдары, ғалым-демографтардың және басқа да мамандардың ескертулері мен ұсыныстары, халықаралық ұйымдардың тәжірибесі мен ұсыныстары есебімен, 2009 жылғы негізгі санақтың өткізілуіне пайдаланылады. Бұл санақтың барысында барлық аймақтар бойынша деректер алынады, бұлар: жасы мен жынысы, некеге отыру жағдайы, ұлттық құрамы, білім деңгейі, үй шаруашылықтарының мөлшері және саны, тілдерді білу деңгейі, жұмыспен қамтылу және басқа да деректер.

Қорытынды нәтиже: 1) халық санағы материалдарын сынап көру жүргізгенде халықтың негізгі санағын жүргізудің барлық механизмін егжей-тегжейлі зерделеу мен талдау, ғалымдармен, ведомстволар және министрліктер мамандарымен және басқа да ақпаратты пайдаланушылармен талдаудан кейін 2009 жылғы негізгі санақтың өткізілуіне бағдарламаларды пысықтау. 2) картографиялық материалдарды: аудандар мен тұрғылықты жерлердің схемалық жоспарларын дайындау. 3) халықтың толық есебін анықтау үшін бақылау құжаты болып табылатын тұрғын жерлердегі үйлердің тізімін алу; 4) құрылған тұрғын жерлердегі үйлердің тізімі негізінде халық санағын өткізудің ұйымдастыру жоспарын құрастыру, аудандар мен тұрғылықты жерлердің аймақтарын санақ телімдеріне бөлу; санақ бөлімдері; нұсқаушылар тізімі, есеп телімдері. 5) санақ қызметкерлерінің қажетті санын, үй-жай мен автокөлікке қажеттіліктерді анықтау.

Қаржы-экономикалық нәтиже: кіші бағдарламаларды орындау негізгі халық санағын өткізуге жұмсалатын нақты қаржы шығыстарын анықтау және оның өткізілуіне республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттарды тиімді пайдалану бөлігінде негізгі халық санағы өткізілуінің тиімді ұйымдастырудың маңызды элементі.

Уақытылылық: жыл бойына іс-шараларды жүзеге асыру мерзіміне сәйкес.

Сапа: халық санағы материалдарын сынап көру және 2009 жылы жүргізілетін негізгі санаққа жұмыстардың дайындық кезеңі шаралар кешені материалдарын уақытылы және сапалы алу халықтың негізгі санағының әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары сапалы деңгейде өткізілуін қамтамасыз етеді.

Ұйымдастыру жоспарларын уақытылы және сапалы құру - халықтың негізгі санағын жүргізу кезінде халықтың сапалы және дәл есебін анықтайтын санақ аудандастыруын жүргізуге, сондай-ақ, санақ қызметкерлерінің қажетті санын анықтауға, олардың арасындағы жұмыстарды тең бөлу және оларды санақ учаскелері бойынша дұрыс орналастыру, санақ бөлімдері үшін үй-жай, нұсқаушы учаскелерін және автокөлік қажеттіліктерін анықтауға негіз болады.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

385-ҚОСЫМША

 

 

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»

деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 14840 мың теңге (он төрт миллион сегіз жүз қырық  мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу және мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1164 қаулысы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы; «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың компьютерлік сауатсыздығын жою.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін және Интернет-ресурстарын пайдалану дәрежесін анықтау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске

асыру мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

116

  

Электрондық

үкімет шеңберінде

адами капиталды дамыту

Ақпараттық қоғамның қазіргі статистикасын құру бойынша зерттеу

жұмыстарын жүргізу. Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін

және Интернет-ресурстарын пайдалану дәрежесін, сәйкес

ақпараттың жасалған әдістердің пайдалануымен Интернет пайдала-

нушылар категориясын, халықтың компьютерлік сауаттылығын көрсету

серпінін және нәтижелерін талдау.

Халықтың компьютерлік сауаттылық және Интернет пайдаланушы-

ларының көрсеткіштерін ҚР Статистика агенттігінің Статистикалық жылнамасына жариялау.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы

Статистика

агенттігі

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: статистиканың жаңа саласын - ақпараттық қоғам статистикасын құру.

Түпкілікті нәтиже: Интернет желісін пайдаланушылардың негізгі көрсеткіштері мониторингін жүргізу: пайдаланушылардың жалпы саны тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша, қала және ауылға бөлінген облыстар бойынша;

ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу (компьютерді және Интернетті пайдалану орны және жиілігі);

Интернет пайдаланушыларын жыныс-жас сипаттамасы бойынша бөлу;

пайдаланушыларды білім деңгейі және компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша бөлу;

негізгі қол жеткізу пункттері және желіге қосылу үшін пайдаланылатын жабдық;

Интернет желісін пайдаланудың негізгі мақсаттары және Интернет желісіндегі ең көп талап етілетін қызметтер;

Интернет-коммерция көрсеткіштері (Интернет арқылы тапсырыс берілген қызметтер мен тауарлардың құрылымы);

Интернетті пайдалану кезінде туындайтын негізгі проблемалар.

Қаржы-экономикалық тиімділік: компьютерлік сауаттылық деңгейін анықтау және халықты Интернет қызметімен қамтамасыз ету. Бұл зерттеу алғашқы рет жүргізіліп отыр.

Уақтылығы: жыл бойы шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес.

Сапасы: ұйғарынды ақпарат 21 000 үй шаруашылықтарын зерттеу барысында алынған бастапқы ақпаратты қорытындылау және тарату негізінде қалыптастырылады.