Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1375 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен; 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды

 

«Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 631 бұйрығын қараңыз

 

«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2007 жылғы

29 желтоқсандағы

№ 1375 қаулысымен

бекітілген

 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары

 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын көздейді:

1) бұйрық (өтініш, меморандум) нысанында көрініс табатын экспорттық бақылау талаптарын сақтау жөніндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) міндеттемелері;

2) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

3) басқа бөлімшелермен олардың өзара іс-қимылы тәртібін көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылауының ұйымдастырушылық құрылымының, сондай-ақ өнімді жеткізуге арналған тапсырыстарды өңдеудің схемасы;

4) сыртқы экономикалық қызметтің мәселелерімен айналысатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) персоналын оқыту жоспары;

5) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жоспары;

6) экспорттық бақылауға жататын өніммен сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу жүйесі.