Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 14 қыркүйектегі  № 806   қаулысы

 

«Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К.МӘСІМОВ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2007 жылғы 14 қыркүйектегі №806

қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

1. «Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі № 949 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 32, 299-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі № 949 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1599 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 52, 505-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі № 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 қазандағы № 1085 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 38, 343-кұжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі № 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қазандағы № 1529 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 491-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы № 1099 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 33, 358-кұжат).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі № 949 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1180 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 39, 400-құжат).

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі № 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1110 қаулысы.

8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі № 949 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 615-құжат).

9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 588 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 236-құжат).

10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі № 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1030 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 441-құжат).