Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Қазарнайыкәсіпорын» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 577 Қаулысы
«Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Қазарнайыкәсіпорын» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазарнайыкәсіпорын» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғам қызметінің негізгі мәні ретінде қорғалған баспа-бланк өнімін дайындауды және ақпаратты өңдеу мен қорғаудың техникалық құралдарының жалпы және арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін сертификаттауды анықтай отырып, оның жарғысын бекітсін;
2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берсін;
4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-111-жолмен толықтырылсын:
«123-111 «Қазарнайыкәсіпорын» АҚ»;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 242-2-жолмен толықтырылсын:
«242-2 «Қазарнайыкәсіпорны» АҚ».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |