«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 455 Қаулысы

(2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 375 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қосымшаға сәйкес құрамда «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;

2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директор кандидатурасы жөнінде ұсыныс енгізсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 4 маусымдағы

№ 455 қаулысына

қосымша

 

ҚР Үкіметінің 2007.24.09. № 829 (бұр.ред.қара); 2008.28.03. № 298 (бұр.ред.қара) Қаулылармен құрам өзгертілді

«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы

Директорлар кеңесінің құрамы

 

Ертісбаев

Ермұхамет Қабиденұлы

- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

 

Жәмішев  

Болат Бидахметұлы  

- Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы

- Қазақстан Республикасының Қаржы

вице-министрі

 

Түймебаев

Жансейіт Қансейітұлы

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ».

 

Бүркітбаев 

Серік Мінуарұлы  

- «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі»

акционерлік қоғамының басқарма төрағасы