«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1349 қаулысымен күші жойылды

 

Акциздердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің заңсыз өндірісі мен айналымын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

«2-1. 2007 жылғы 15 сәуірден бастап алкогольдік өнімді жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін.

2-2. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау 2007 жылғы 1 маусымға дейін жүргізіледі.«;

2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Алкоголь өнімін өндірушілер мен импорттаушылар, алкоголь өнімін сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкін (активтерін) сататын конкурстық басқарушылар отандық және импорттық өндірістің алкоголь өнімін ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырады деп белгіленсін.»;

3) 5-тармақта:

1) тармақшада «есепке алу-бақылау таңбаларымен» деген сөздердің алдынан «жаңа үлгідегі» деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 2007 жылғы 1 мамырға дейін есепке алу-бақылау таңбаларын дайындайтын ұйымды айқындайтын тендер өткізсін және тендердің жеңімпазымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт жасассын;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымына бақылау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға тендердің жеңімпазынан алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларының бірінші легі алынғанға дейін есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт (келісім) жасассын;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесінде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Есепке алу-бақылау таңбаларымен міндетті түрде таңбалауға жататын алкоголь өнімі есепке алу-бақылау таңбаларымен осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбаланады.«;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 11 наурыздағы

№ 177 қаулысына

Қосымша

 

Шарап материалдары мен сыраны

қоспағанда, алкоголь өнімін есепке

алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесіне

қосымша

 

Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбасының нысаны

 

 

Описание: \\smith\doc_src$\040118\040118544.JPG