Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 125 Қаулысы

(2020.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 19 ақпандағы

№ 125 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. ҚР Үкіметінің 2020.10.06. № 368 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. ҚР Үкіметінің 2014.03.12. № 1272 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:

1-тармақтың екінші абзацындағы, 10-тармақтың екінші, үшінші, он үшінші абзацтарындағы «және спорт» деген сөздер «, спорт және ойын бизнесі» деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақтағы «Әуезов көшесі, 126» деген сөздер «Абай даңғылы, 33» деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтінде 10-тармақтың үшінші абзацындағы және 11-тармақтың екінші абзацындағы «және спортты» деген сөздер «, спортты және ойын бизнесін» деген сөздермен ауыстырылсын;

10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.»

11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекітеді;

ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекітеді.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туралы ережеде:

1-тармақта:

бірінші абзацтағы «туристік қызметті» деген сөздерден кейін «және ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзацтағы «туристік индустрияны» деген сөздерден кейін «және ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтағы «Әуезов көшесі, 126» деген сөздер «Абай даңғылы, 33» деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақта:

5) тармақшадағы «туризм саласындағы» деген сөздер «туризм, ойын бизнесі салаларындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

«12-1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

12-2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

12-3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу;

12-4) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау бойынша тексерулер жүргізу;»;

«18) ойын мекемелерінің Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау.»;

10-тармақта:

1) тармақшада «туристік саланы» деген сөздерден кейін «, ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын;

8) тармақшадағы «туризм саласында» деген сөздер алынып тасталсын;

мемлекеттік тілдегі мәтінде 8) тармақшадағы «тартуға» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

«9) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беруге;

10) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды алуға және олармен танысуға;»;

11) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау мәніне тексерулерді жүзеге асыруға;

12) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

13) талап-арыздармен сотқа жүгінуге, оларды қарауға қатысуға;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына жіберуге.».