«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 23 Қаулысы

(2008.02.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

қосымшаға сәйкес құрамдағы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесін;

Альберт Павлович Рауды «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 71 (бұр.ред.қара); 2008.02.04. № 315 (бұр.ред.қара) Қаулылармен құрам өзгертілді

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 15 қаңтардағы

№ 23 қаулысына

Қосымша

 

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік

қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы

 

Әлиманов

Жанат Жалғасбайұлы

- Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығының атқарушы директоры, тәуелсіз директор

 

Дворецкий

Владимир Яковлевич

- «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы халықаралық мәселелері жөніндегі директоры,тәуелсіз директор

 

Кадюков

Николай Викторович

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

комитеті төрағасының орынбасары

 

Камалиев

Берік Сайлауұлы

- Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары

 

Наймушина

Ольга Вадимовна

- Ақмола облысы әкімінің орынбасары

 

Школьник

Владимир Сергеевич

- Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрі

 

Зверьков

Вадим Павлович

- «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік

корпорациясы» ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамы басқармасының

төрағасы

 

 

Смағұлов

Болат Советұлы

- Астана қаласы әкімінің орынбасары

 

Нәлібаев

Абдықалық Зәкірұлы

- «Legal Express Analitic»

жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің бас директоры,

тәуелсіз директор