«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі)»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 Қаулысы (үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
14-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен ; 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 14-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
15-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Елдің қоғамдық тәртіп саласындағы саяси мүдделерін қамтамасыз ету»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7330 мың теңге (жеті миллион үш жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Т.А. Төлеубаев туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 маусымдағы № 608 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық және трансұлтты қылмысқа қарсы күрес.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту және бір ақпараттық кеңістік құру мақсатында Интерполмен байланыс ұстауды қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық әлемдегі қылмыстық полицияның ұлттық органдары арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейіне байланысты болатын халықаралық қылмыспен ең тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету үшін, әсіресе оның ұйымдастырылған түрлерімен, оның ішінде ылаңкестік және есірткі бизнесіне қарсы тиімді күрес жүргізу үшін ақпараттық қамтамасыз ету. Интерполдың басқа да қатысушы-мемлекеттерінің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелері бойынша жедел ынтымақтастық құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзімi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 |
| Елдің қоғамдық тәртіп саласындағы саяси мүдделерін қамтамасыз ету | Халықаралық қылмыспен тиімдi күрес жүргізу мақсатында ақпараттық қамтамасыз ету үшін Лион қаласындағы (Франция) Интерполдың Бас Хатшылығындағы Қазақстан Республикасының өкілі - байланыс офицерін ұстау жөніндегі шығыстар. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Интерпол каналдары бойынша халықаралық іздеуге жар салған адамдар саны - жыл бойы 500 адамнан кем емес; Интерпол тарапы бойынша халықаралық іздеуде болған адамдардың ұсталған саны - жыл бойы 25 адамнан кем емес.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын тергеу, жедел, ғылыми-практикалық және анықтама-аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; Интерполдың мүшелері болып табылатын шет ел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарына жіберілген сұратулар мен ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының қылмыстық істер және экстрадициялар бойынша құқықтық көмек туралы келісім-шарт жасалмаған мемлекеттермен мәселелерді шешу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Интерполдың Бас Хатшылығында Қазақстан Республикасының өкілін ұстау үшін бөлінген лимит шегінде шығындалатын шығыстар.
Уақтылығы: ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етіп отыру, Интерполдың басқа қатысушы-мемлекеттерінің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелері бойынша жедел ынтымақтастық құру.
Сапасы: жедел-іздестіру қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты бекіту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
16-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен ; 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 17-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
17-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Арнайы және әскери тасымалдар»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 140 442 мың теңге (бір жүз қырық миллион төрт жүз қырық екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: министрліктің және әскери бөлімдердің жеке құрамының әскери және арнайы жүктері, арнайы контингенттерінің қозғалысын тәуліктік бақылауға алуды, эшелондардың және басқа да есептегі бірліктердің тез жүруін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: министрліктің және әскери бөлімдердің жеке құрамының арнайы контингенті мен арнайы жүктерін тасымалдау бойынша жоспарланған іс-шараларды бұзуға жол бермеу, азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін теміржол көлігімен әскери және арнайы тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; арнайы контингентті жазасын өтеу орындарына тасымалдау жөніндегі соттардың қаулыларын орындау.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) Қаулысымен; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдар-лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзімi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 |
| Арнайы және әскери тасымалдар | Арнайы контингент пен арнайы жүктерді және тағы басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша көлік қызметтерін төлеу. Арнайы әскери тасымалдар қызметтері үшін үй-жайларды жалға алу: жолаушы поездарында орындарды броньдау жөніндегі қызметтер үшін кредиторлық берешекті өтеу, байланыс қызметтеріне ақы төлеу. Жылжымалы командалық пункт-вагонға техникалық қызмет көрсету, қызмет-техникалық вагонды жоспарлы деполық жөндеу жасау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі,Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлер комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитетінің бөлімдерін қосу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: арнайы контингентті, жүктерді және басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша атқарылатын рейстер саны - 372 рейс; вагон саны - 14.
Түпкі нәтиже: арнайы контингентті және арнайы жүктерді тасымалдауды тәулік бақылауды орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір арнайы вагонды бір тәулікке жалға алу бағасы - 28,3 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттік әскери тасымалдаулар қозғалысы орындалуына қауіпсіздік графигін орындау, арнайы контингенттің қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес жеткізілуін қамтамасыз ету.
Сапасы: арнайы контингент пен жүктердің белгіленген орнына жеткізілуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
18-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 19-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
19-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
20-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мәліметтер берудің спутниктік желісі мен телефонияны жаңғырту және дамыту»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 103188 мың теңге (бір жүз үш миллион бір жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдарға арналған Телекоммуникация саласын дамытудың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысы Іс-шаралар жоспарының 2.4-тармағының 2.4.2-тармақшасы; 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «KAZSAT» спутнигін пайдалана отырып, мәліметтерді берудің және телефонияның қазіргі заманғы, бас тарта алатын, бір орталықтан басқарылатын жүйесін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қалалық, аудандық, желілік органдарды мәліметтерді берудің және телефонияның мультисервисті жүйесін құру үшін қазіргі заманға сай спутниктік байланыс желілеріне қосу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзімi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 |
| Мәліметтер берудің спутниктік желісі мен телефонияны жаңғырту және дамыту | Қолданыстағы спутниктік стансаларды «Kazsat» ұлттық спутнигіне қайта бейімдеу (құрылғыларды сатып алу, монтаждау және орнату). | Наурыз-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: IIМ-нің корпоративтік спутниктік жүйесін «Kazsat» ұлттық спутнигіне көшіру.
Соңғы нәтиже: ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінде 51 спутниктік терминалды жетілдіру, спутниктік байланыстың сапасын жақсарту және IIМ-нің бөлімшелерін жедел басқаруды көтеру.
Уақтылығы: тиісінше шарттар мерзімдеріне сәйкес тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу.
Сапасы: бекітілген техникалық тапсырысқа сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
21-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2007.19.12. № 1238 Қаулысымен 21-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
22-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 22-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
23-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 122 415 мың теңге (бір жүз жиырма екі миллион төрт жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметіне алғаш рет түскен адамдары мен қызметкерлерін кәсіби даярлау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 847 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы № 335/5/14 келісім-шарты.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерінің теориялық білімдері мен практикалық біліктіліктерінің деңгейін максималды түрде көтеру; Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді алғашқы дайындықтан өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 |
| Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесін 94 бірлік штаттық сан шегінде ұстау. Қызметкерлердің білім деңгейін максималды түрде көтеру үшін және ішкі істер органдарының қызметіне алғаш рет түсетін үміткерлерді алғашқы арнайы оқыту үшін. Арнайы жарақтар мен материалдарын, көшіргіш аппаратын сатып алу. Қазақстан Республикасы Ішкі министрлігінің училищесінде күрделі жөндеу жүргізу, қызметкерлердің білім деңгейін максималды көтеру және ішкі істер органдары қызметіне үміткерлерінің алғашқы дайындығын жүргізу үшін Ресей Федерациясының оқу орындарында біліктілік көтеру, елден тыс шет елдерге қызметтік іссапарлар. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: біліктілік арттыру курстарынан өткен қызметкерлер саны - 450 бірлік; қайта даярлау курстарынан өткендер саны - 50 бірлік; ішкі істер органдары қызметіне үміткерлердің алғашқы арнайы оқуынан өткендер саны - 600 бірлік; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында курстарын өткен ішкі істер органдары қызметіне үміткерлер саны 50 бірліктен артық емес; Ресей Федерациясының оқу орындарында біліктілік арттыру курстарынан өткен әскери қызметшілер саны - 96 бірлік. Арнайы жарақтарды, көшіргіш аппараттарын сатып алу.
Түпкі нәтиже: ішкі істер органдарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесінде біліктілік арттыру, қайта даярлау және алғашқы арнайы оқу курстарын өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету 1,6 пайызға; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында біліктілік арттыру курстарынан өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету 0,2 пайызға; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында біліктілік арттыру курстарын өткен әскери қызметшілермен қамтамасыз ету 0,6 пайызға; жаңа үлгідегі киім-кешекпен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 80 пайызға; арнайы жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 74 пайызға; активтермен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 63,2 пайызға.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыға кететін орташа шығындар - 110,2 мың теңге; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында өтетін бір қызметкерге кететін орташа шығындар - 354,0 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында өтетін бір әскери қызметшіге кететін орташа шығындар - 117,7 мың теңге; 1 қызметкерге кететін орташа шығындар - 697,3 мың теңге.
Уақтылығы: ішкі істер органдарының қызметкерлері мен қызметіне үміткерлерді біліктілік арттыру курстарында, қайта даярлау және алғашқы арнайы оқу курстарында өкімдемеге сәйкес өз уақытында оқыту.
Сапасы: алғашқы арнайы оқу курстары түлектерінің біліктілік талаптарына сай болуы; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы; ішкі әскерлердің біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
24-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2086876 мың теңге (екі миллиард сексен алты миллион сегіз жүз жетпіс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 675 қаулысы; «Құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметін және үкіметтік байланыс әскерлері әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1427 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Волгоград академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 270 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Омбы академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 1 қазандағы № 255 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Мәскеу университетімен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 4 қазандағы № 191 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 5 қазандағы № 264 келісім-шарты.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдарының жүйесі үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сапалы жоғары кәсіби білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 |
| Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау |
|
|
|
2 |
| 021 | 1997-1998 жылдардағы әскери қызметшілерге үстемақы төлеу | 1997-1998 жылдар аралығындағы әскери қызметшілерге сыйақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесі. |
3 |
| 100 | Жоғары кәсіби білімді мамандар даярлау | Қазақстан Республикасы IIМ жоғарғы оқу орындарын ұстаудың штаттық санының шегі 1717 бірлік, сандық лимит кезінде 1770 бірлік, оның ішінде: Академияда - 678 бірлік; Қарағанды заң институтында - 501 бірлік; ішкі әскерлердің Жоғары әскери училищесін - 591 бірлік шегінде ұстау. Сапалы жоғары кәсіби білім алуға жағдайлар жасау үшін және ішкі істер органдарының қызметіне түсетін үміткерлерді алғашқы даярлаудан өткізу үшін арнайы құрылғылар мен материалдар, криминалистің әмбебап чемодандарын, кіші типографияларын, ас үй жарақтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. Есептеуіш техникаларын: жиынтықтағы компьютерлер сатып алу. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесінде күрделі жөндеу жүргізу, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында оқыту, Ресей Федерациясының оқу орындарында ішкі істер органдарының қызметкерлерін оқыту және Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын ішкі істер органдарының қызметкерлерін медициналық сақтандыру (2006 жылғы қыркүйек айынан 2007 жылғы желтоқсан айы аралығына оқуға төлеу). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті, ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищeci, ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағандызаң институты. |
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: күндізгі оқу бөлімінде оқитындар саны - 2 889 бірлік; сырттай оқу бөлімінде оқитындар саны - 1 651 бірлік; алғашқы арнайы оқу оқитындар саны - 300 бірлік; Ресей Федерациясының IIМ оқу орындарында оқитын қызметкерлер саны - 220 бірлік; Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында оқитын әскери қызметшілердің саны - 43 бірліктер; күндізгі оқу бөлімі бойынша курсанттарды шығару - 419 бірлік, оның ішінде үздік - 60 бірлік; 1997-1998 жылдар үшін сыйақы алуы керек әскери қызметшілер саны - 50 адам; арнайы құрылғылар, ас үй жарақтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, есептеуіш техникаларын сатып алу.
Түпкі нәтиже: Ішкі істер органдарын жоғары кәсіби білімі бар мамандармен қамтамасыз ету 32,2 пайызға; ішкі әскерлерді жоғары кәсіби білімі бар мамандармен қамтамасыз ету - 17,0 пайыз; жаңа үлгідегі киім-кешекпен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 80,0 пайызға; арнайы жарақпен және материалдармен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен - 75,3 пайызға; активтермен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 55,4 пайызға.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Жылына бір оқушыға кететін шығын - 701,7 мың теңге; Ресей Федерациясының IIМ оқу орындарында оқитын 1 қызметкерге кететін шығын - 910,1 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын 1 әскери қызметшіге кететін шығын - 220,9 мың теңге; жылына бір қызметкерге кететін шығын - 758,2 мың теңге.
Уақтылығы: қабылдау жоспарына сәйкес күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін өз уақытында оқыту.
Сапасы: жалпы оқитындар санынан оқудан шығарылғандардың үлесі - 1,7 пайызға; жалпы оқитындар санынан жоғары оқу орнын үздік бітірген, жоғары кәсіби білімі бар түлектердің үлесі - 8,0 пайызға.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
25-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 25-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
26-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 343 325 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық үш миллион үш жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 32-бабы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы; «Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында қызмет ету туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі № 1642 Жарлығының 128-бөлімі; «Ішкі істер органдарының тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі зейнеткерлеріне медициналық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 957 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: уақтылы және білікті медициналық қызмет көрсету жолымен ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруын жақсарту, әскери қызметшілеріне, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен зейнеткерлеріне медициналық куәландыру жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: науқастану деңгейін төмендету, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне, зейнеткерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және ішкі істер органдарының, ішкі әскерлердің зейнеткерлеріне, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне және зейнеткерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына кешенді, білікті, мамандандырылған, консультативтік-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету; құқық қорғау органдарында денсаулық жағдайы, физикалық және психикалық дамуы бойынша қызметке жарамдылығын анықтау; науқасына байланысты өзінің қызметтік міндеттерін орындамайтын әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санын азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 |
| Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу | Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету үшін ішкі істер органдарының емханасы бар орталық госпиталін, аумақтық госпитальдерін және емханаларын 2014 бірлік штаттық сан шегінде ұстау. Емханасы бар госпитальдердің қызметін азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, вакциналармен, медициналық мақсаттағы өзге де құралдармен, төсек-орынмен, арнайы киімдермен, тауар-материалдық бағалы заттармен, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету, емханасы бар госпитальдер ғимараттарында ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу. Медициналық, жалпы хирургиялық, диагностикалық, физиотерапевтік аппараттар, медициналық лабораторияға арналған жабдықтар, стоматологияға арналған жабдықтар, рентгенодиагностикаға арналған аппараттар, медициналық құрал-сайман және емдеу, диагностикалық, лабораторлық зерттеулер жүргізу құралдарын сатып алу. Компьютерлік техникалар және материалдық емес активтерді сатып алу. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері мен ішкі әскер органдарының және ішкі әскерлер зейнеткерлеріне стационарлық медициналық қызмет көрсету. Өткен жылдар өсімақысы бойынша кредиторлық берешекті өтеу. Күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Емханасы бар орталық госпиталі, ішкі істер органдарының аумақтық госпитальдері мен емханалары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, кәсіби байқаудан өтетіндер саны - 69 609 адам; амбулаторлық қабылдауда болған және өткен адамдар саны - 1 404 201 науқас; стационарда емделген жағдайлар саны - 11 776 науқас; куәландырылғандардың саны - жылына 47 000 қызметкер; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде медициналық қызметтер ұсыну - 28200 кереует-күніне; медициналық құрал-жабдықтар сатып алу.
Түпкі нәтиже: әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелері мен зейнеткерлерінің арасындағы науқас ауру пайызын төмендету 2-5 пайызға медициналық мекемелердің медициналық жарақтармен қамтамасыз етілу деңгейі жалпы қажеттіліктен 68 пайызға.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: науқастың ауруханада болуының орташа ұзақтығы - 13,2 күн, кереуеттің жылдық орташа толық болуы - 265 күн, бір науқасты емдеуге кететін орташа шығындар, кереует-күн - 2,0 мың теңге, емханаға бір рет баруға кететін орташа шығындар - 187 теңге; бір кереует-күннің орташа құны (мемлекеттік тапсырыс) - 2,8 мың теңге; бір медициналық қызметкерге жұмсалатын жылдық орташа шығындар - 594,4 мың теңге.
Уақтылығы: дер кезінде білікті медициналық көмек көрсету, жабдықтар жеткізу кестесіне сәйкес медициналық жабдықтар жеткізу.
Сапасы: әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін алдын ала қарауды қамту деңгейі; науқастардың көрсетілген медициналық көмекке қанағаттануы, медициналық көмек көрсету бойынша науқастардың шағымдарының болмауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
27-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін қажет құжаттарды және нөмір белгілерін дайындау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 4 283 598 мың теңге (төрт миллиард екі жүз сексен үш миллион бес жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-4-баптары; «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-19-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жол қозғалысына қатысуға азаматтарға және көлік құралдарына рұқсат беруді қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жол-көлік қозғалысының ережесін бұзуға жол берілген кезде оларды максималды түрде анықтау мақсатында автокөліктер құралдары мен көлік құралдарының иелерін есепке алу; азаматтарды тіркеу құжаттарымен, көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен және жүргізуші куәліктерімен максималды түрде қамтамасыз ету (бұдан әрі - ККTК, МТНБ және ЖК).
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 |
| Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін қажет құжаттарды және нөмір белгілерін дайындау | Келісім-шарттарға сәйкес жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды және нөмір белгілерін дайындау міндеттемелерін орындау. Өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу. | Жыл бойы | ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігі, облыстардағы, Алматы және Астана қалаларындағы Ішкi істер департаменттері, арнайы полиция бөлімшелерi |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерінің жиынтықтар саны - 700 000 кем емес; көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік бірлігінің саны - 680 000 кем емес; бірліктерінің саны - 410 000 кем емес; транзиттік нөмірлер белгісінің жиынтық саны - 5 000 кем емес.
Соңғы нәтиже: автокөлік құралдарының иелерін арнайы өніммен қамтамасыз ету проценті.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерінің бір жиынтығын дайындауға жұмсалатын шығындар - 2420,76 теңге; көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік бірлігін дайындауға жұмсалатын шығын - 1080,53 теңге; мемлекеттік транзиттік тіркеу нөмірлер белгісінің бір бірлігін дайындауға кететін шығын - 297,39 теңге; 1 бірлік жүргізуші куәліктерін дайындауға кететін шығын - 1287,06 теңге.
Уақытылығы: белгіленген нормаға сәйкес автокөліктер иелерін арнайы өніммен қамтамасыз ету.
Сапасы: жүргізуші куәлігін, мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерін алу кезінде азаматтарға жасалатын қызмет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
28-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
29-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтарды көші-қон
карточкаларымен қамтамасыз ету»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; "Қазақстан Республикасына шетелдік азаматтардың келуін реттейтін кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: саяси және экономикалық тұрақтылықты, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті Қазақстан Республикасы аумағына уақытша кіретін шетелдік азаматтарды нақты есепке алу жолымен қамтамасыз ету, оның ішінде заңсыз көшіп-қонуды болдырмауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдік адамдарды көші-қон карточкаларымен және бланкілерімен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 |
| Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтарды көші-қон карточкаларымен қамтамасыз ету | Көші-қон карточкаларын дайындау бойынша қызметтер ақысын төлеу, сондай-ақ көші-қон карточкаларын жеткізу жөніндегі шығыстар.
| Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 5 тәуліктен астам уақытқа елге кірген, көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген шетелдіктер саны - 2 000 000 адам, 5 тәулікке дейінгі уақытқа елге кірген, көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген шетелдіктер саны - 3 000 000 адам, дайындалатын көші-қон карточкаларының саны 5 000 000 бірліктен кем емес.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы аумағына келетін шетел азаматтарын көші-қон карточкаларымен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 көші-қон карточкасын дайындауға кететін шығын - 1 теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы аумағына келетін шетел азаматтарын өз уақытында тіркеу.
Сапасы: шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағына кіру және тұру ережелерін сақтауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
30-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Астана қаласы бюджетіне «Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 281 154 мың теңге (екі жүз сексен бір миллион бір жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі; «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 жарлығы, «Астана-есірткісіз қала» 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» Астана қаласы Мәслихатының 2006 жылғы 19 қазандағы № 295/38-III шешімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есірткінің таралуын анықтау және тоқтату, Астана қаласында есірткіге тәуелді адамдардың санын төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы әрекет механизмін есірткі құралдарын анықтаудың жылжымалы құралдарын пайдалану көмегімен жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 |
| Астана қаласы бюджетіне «Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Есірткі құралдарын анықтаудың жылжымалы құралдарын алу (мобильдік, рентгендік қарау комплексі)
| Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитеті, Астана қаласының Әкімшілігі, Астана қаласының IIД |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Есірткі құралдарын анықтаудың жылжымалы құралдарын алу (мобильдік, рентгендік қарау комплексі).
Түпкі нәтиже: есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы тұру және де олардың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс таралуының алдын алу және жою, басқа да мемлекеттерге таралуына жол бермеу; Астана қаласында есірткіге тәуелді адамдардың санын төмендету.
Уақтылығы: заңсыз айналымнан есірткі заттарын уақытында алу.
Сапасы: елімізде есірткі жағдайын тұрақтандыру, қоғамның қауіпсіздігіне дейінгі минималды деңгейде есірткінің таралуын тоқтату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
31-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 184036 мың теңге (бір жүз сексен төрт миллион отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 қаулысы; «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есірткілерді пайдаланудың өсуін тоқтату үшін және заңсыз айналымын тоқтатуға жағдайлар жасау, қоғам үшін есірткінің таралу деңгейін минималды қауіпсіздік шектеу, Қазақстан Республикасы нашақорлыққа және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің толық ауқымды тиімділігін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасында есірткіге қарсы қызмет субъектілерінің арақатынасты одан әрі дамыту; есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдар тетігін нығайту; есірткіге қарсы насихатты жетілдіру; «Рубеж-Наркотики» есірткі қамалдарын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 |
| Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Есірткі бизнесіне қарсы насихатты нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемаларына арналған журналдар шығару, конкурстар мен жарыстар өткізу, есірткі қылмысына қарсы күрестің өзекті проблемалары бойынша кофе-брейктер ұйымдастырумен, іссапар шығыстарын төлеумен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу, кеңсе және өзге де тауарларды, кәдесыйлар мен ескерткіш сыйлықтарды сатып алу, әдістемелік жиынтықтар шығару, баспаханалық, жарнамалық өнімдер дайындау, бейнероликтер, телерадио бағдарламалар шығару және тарату, ақпараттық, насихаттау және кеңес жұмыстарын өткізу үшін бейнефильмдер, деректі фильмдер және қоғамдық есірткі иммунитетін қалыптастыру мақсатында бейнекассеталар және дисктер шығару. Іс-шаралар жүргізу кезінде автокөлік құралдарын жалға алу. Есірткі, психотропты заттар мен прекурсорлардың анықтау тесттерін, анықтамалық-әдістемелік әдебиетін дайындау, нашақорлықтың алдын алу сабақтарын жүргізетін мамандардың қызметін төлеу. Кинологиялық қызметтерді материалдық-техникалық жарақтау, оның ішінде қызметтік иттер үшін витаминдік препараттарын, жабдықтарын, есірткі заттарының имитаторларын, радиостансаларын сатып алу. Есірткімен күрес бойынша арнайы бөлімшелерді шығыс жабдықтарымен бірге есірткі заттарды анықтау детекторларымен, радиомикрофондармен, радиостансалармен, бейнекамералармен, жиынтықтағы компьютерлер, Ноутбук компьютерлерін, жиынтықтағы «Циклоп» мобильдік бейнебақылау жүйесімен және суымайтын жылувизорлар, волоконды-оптикалық эндоскоптар, есірткі және психотропты заттарды анықтау үшін экспресс-тест жиынтықтарын, басқа да тауарларды сатып алу.
| Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Нашақорлықпен күрес халықаралық күніне арналған акциялар жүргізу, 18000 данада журналдар шығару; спорттық-қауымдық іс-шаралар өткізу; семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар жүргізу; он телебағдарламалар шығару және жіберу; төрт деректі фильмдер дайындау, есірткіге қарсы тақырыпқа төрт бейнероликтер дайындау, кинологиялық қызметтер мен есірткімен күрес бойынша арнайы бөлімшелерді материалдық-техникалық жарақтау.
Түпкі нәтиже: елдегі наркожағдайды тұрақтылату, заңсыз есірткі, психотропты заттар және прекурсорлар айналымына қарсы тұру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына енгізілуін және басқа елдерге таралуын алдын алу және болдырмау; заңсыз есірткі айналымының деңгейін төмендету және олармен байланысты қылмысты нейтралдау. Қоғамның есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы іс-шаралар жүргізу, заңсыз есірткі, психотропты және прекурсорлардың алдын алу шаралары мен операциялар жүргізу.
Уақытылығы: халыққа уақытылы және тұрақты профилактика жұмыстарын жүргізу.
Сапасы: есірткіні қолданатын адамдардың санын анықтау, олардың санын қысқарту, сонымен байланысты қылмыстардың санын қысқарту. Қоғамға қауіпсіздік деңгейіне дейін есірткінің таралуын қысқарту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен; 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 32-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
32-ҚОСЫМША