2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің
Іс басқармасы)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 451-464-қосымшалар)
(үзінді)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Мыналардың:

451452453454455456457458459460461462463464-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

451-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік

органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 14 332 869 мың теңге (он төрт миллиард үш жүз отыз екі миллион сегіз жүз алпыс тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; «Мемлекеттік әкімшілік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 жарлығы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну тәртібі оларды табыстау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары құжаттарының Үлгілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары Белгілерінің бейнесі туралы «Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Өкімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттің өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерін тиімді атқару және кәсіби шеберліктерін жетілдіру мақсатында кәсіптілік саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық, тілдерді оқыту жүйесін ұйымдастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, Премьер-Министрі кеңесінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президенті Премьер-Министрі қатысуымен өткізілетін ресми іс-шараларға қызмет көрсету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін жоғарлату, мемлекеттік тілдің жұмыс істеуіне жағдай жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамас ыз eту

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

1. Қазақстан Республикасы  Президентінің, Премьер-Министрінің және Мемлекеттік хатшысының жұмыс кестесіне сәйкес 5 әуе кемесімен литерлік рейстер ұйымдастыру. Литерлік рейстердің қажетті байланысын қамтамасыз ету, әуе кемесін А-319 сатып алу.

2. Мемлекеттік резиденцияларға және Үкімет ғимараттарға кешенді қызмет көрсету.

3. "Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мен Yкіметінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы" РМҚК-ның әкімшілік ғимараты және "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" PMК-ның объектілерін сақтандыру.

4. Ресми шақырылған тұлғалардың тұруын ұйымдастыру; көлік қызметін көрсету; ресми іс-шараларға қызмет көрсету;

салтанатты және ресми түскі ас, кездесулер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; Мемлекет Басшысы және Үкімет басшысы атынан кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу және құрастыру.

5. "Күйгенжар" акционерлік қоғамның атты-спорт манежі базасының қызмет етуі.

6. Мемлекеттік наградалар, төс белгісін, дипломдар және олардың құжатын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініміне сәйкес Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегін бағалау белгісі ретінде марапаттау үшін дайындау, наградалар жинақтау  қорын (резервін) қолдау.

7. Күзетілетін тұлғалардың автокөлігін және гаражын ұстау. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

3

  

007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру  бойынша келесі 5 бағыт бойынша қызмет сатып алу:

1) жобаларды басқару;

2) бюджеттеу, жобалау және орындалуды қадағалау;

3) қаржылық есеп берудің халықаралық стандартын оқу;

4) ақпаратты жүйелі қорғау;

5) басқарудың негізгі әдістері.

Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

4

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамас ыз ету.

1) есептеу және  телекоммуникациялық жабдықтар.

2) лицензиялық бағдарламаны қамтамасыз ету.

3) ақпараттық жүйелерді пайдалану мен сүйемелдеу бойынша қызметтерді сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттің лауазымды тұлғаларының қызметін тоқтаусыз қамтамасыз ету, 967 сағат көлемінде литерлік рейстерді орындау, 1 бірлік әуе кемесін А-319 сатып алу, жалпы алаңы 67 029,1 шаршы метр және маңайындағы 264,6 га аумақтағы мемлекеттік резиденцияларға, 139 415,0 шаршы метр және маңайындағы 57,8 га аумақтағы үкіметтік ғимараттарға кешенді қызмет көрсету, 5 әкімшілік ғимаратты, 9 мемлекеттік резиденциялар объектісін сақтандыру; мемлекеттік қызметшілердің 50 пайыз қазіргі заманғы компьютерлермен қамтамасыз ету; 9 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 93 адамға мемлекеттік тілді оқыту; 10 көп емес адамға ағылшын тілін оқыту; саны 26 бірлік автомашинаға және күзетілетін тұлғалардың жалпы аумағы 2 250 шаршы метр гаражына қызмет көрсету.

Түпкі нәтиже: Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін сапалы және уақытында қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша мұқтажын 100 пайыз, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқыту 100 пайыз және ағылшын тілін оқыту 100 пайыз арттыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: әр литерлік рейстің жоспарлы ұшу сағаты мен орташа тарифі 3 271 431 теңге/сағ., мемлекеттік резиденциялар. Yкіметтік ғимараттар мен маңайында орналасқан аумақтың 1 шаршы метріне қызмет көрсету шығыны 23 619,0 теңге; өкілеттік шығындар нормасына сәйкес ресми іс-шаралар өткізу; 1 бас жоғары бағалы спорт атын ұстау шығыны - 714 300 теңге, күзетілетін тұлғаның автокөлігін гаражда ұстау шығыны 1 687 577 теңге.

Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны - 37 777,0 теңге.

Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйретудің орташа шығыны 19 849,0 теңге.

Мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін үйретудің орташа шығыны 27 500,0 теңге.

Уақтылығы: бекітілген іс-шаралар жоспарына және келісім-шарттарға сәйкес іс-шараларды орындау.

Сапасы: мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұлғалардың мұқтажын жоғары деңгейде қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына және қазіргі заманғы экономикалық жағдайға сәйкес кәсіби деңгейлерін арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

452-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» санаториі қызметіне

мемлекеттік қолдау көрсету»

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 174899 мың теңге (бір жүз жетпіс төрт миллион сегіз жүз тоқсан тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Мемлекетінің меншік құқығы туралы» 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 217694 мемлекеттік тіркеу куәлігі. «Ресей Федерациясы аумағында тіркелген шетелдік компаниялар өкілдіктер Жиынтық мемлекеттік реестріне енгізу» 2006 жылғы 29 маусымдағы № 15641 куәлігі. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» (Қазақстан) Есентуки қ.« мемлекеттік мекеменің өкілеттігі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ресей Федерациясының Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаторийін материалдық жабдықтануды жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: санаторийдің материалдық жабдықтануды жақсарту күрделі жөндеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаториі қызметіне мемлекеттік қолдау көрсету

Автокөлік, жиһаз және тұрмыстық техника сатып алу. Заңнамаға  сәйкес бекітілген проектті-сметалық документке және Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына байланысты үй-жайда күрделі жөндеу жүргізу.

Жыл бойы  

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының Медициналық орталығы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: санаторийді автокөлікпен жарақтандыру деңгейі 100 пайыз; санаторийді жабдықпен жарақтандыру деңгейі 100 пайыз, 150 738,0 мың теңгеге ғимаратты және үй-жайда күрделі жөндеу жүргізу, жобаланған іс-шаралардың 100 пайыз.

Түпкі нәтиже: санаторийдің материалдық жабдықтануды, санаторийдің қаржылық жағдайын жақсарту, санаторлық-курорттық қызмет көрсету сапасын; Қазақстан Республикасының халыққа санаторлық-курорттық қызмет көрсетудегі абыройын арттыру.

Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір бірлік автокөліктің орташа құны жоспарланған шығын шегінде 4 009,4 мың теңге;

медициналық және медициналық емес жабдықтың орташа бірлігінің құны 23,5 мың теңге; жөндеу жүргізудің орташа құны 50,3 мың теңге.

Уақтылығы: автокөлік, жабдықтарды әкелу кестесіне сәйкес уақытында 100 пайыз орындау, Заңнамаға сәйкес бекітілген проектті-сметалық документке байланысты ғимаратта және үй-жайда күрделі жөндеу жүргізу.

Сапасы: "Қазақстан" санаториясында қаралатын контингентің жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі. Санаторлы-курортты қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының имиджін көтеру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

453-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық

салауаттылығы»

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 40596 мың теңге (қырық миллион бес жүз тоқсан алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; «Күзетілетін тұлғалардың сапарларының медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № УД-08/52 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 813 бірлескен бұйрығы; Күзетілетін тұлғалардың еліміздің аймақтарындағы сапарын медициналық қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2000 жылғы 15 мамырдағы № 01-58/65 ҚБП бұйрығымен бекіткен тәртібі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінің, ресми делегациялардың және күзетілетін тұлғалардың медициналық қауіпсіздігін және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: санитарлық заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторларын айқындау және жою. Күзетілетін тұлғалар мен ресми делегациялар мүшелерінің санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына бекітілген мемлекеттік қызметшілердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы  

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының штат саны 28 бірлік болып бекітілген лимиті шегінде сыртқы орта объектілерін санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы санитарлық-химиялық, токсикологиялық, инструменталдық, бактериологиялық, паразиттік, вирустық зерттеу жүргізу.

Лабораториялық жабдық сатып алу.

Жыл бойы  

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бақылауға алынған объектілерден жеткізілген саны 36 108 сынама мен үлгілерге жүргізілетін зерттеулер; лабораториялық-инструменталдық зерттеулер саны - 74580; ауруларды уақытында анықтау және жоюға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар саны - 95. Саны 10 бүлік лабораториялық жабдық сатып алу, оның ішінде: электр өрісінің және энергия ағынының тығыздылығын өлшеуіш - 1 бірлік, портативті радиометр - 1 бірлік, ауа аспираторы - 1 бірлік, стерилизатор - 1 бipлік, кептіру шкафы - 1 бірлік, термостат - 1 бірлік, лабораториялық жиһаз - 4 бірлік.

Түпкі нәтиже: инфекциялық және кәсіби аурулардың пайда болуын болдырмау. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінде тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптастыру. Лабораториялық жабдықпен жарақтану деңгейі жалпы мұқтаждың 60 пайыз құрайды; стандарттық үлгілер мен типтік ерітінділер жалпы мұқтаждың 90 пайыз құрайды.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: күрделі зерттеулер жүргізу үшін қазіргі заманғы жабдықтарды қолдану және нәтиже алудың уақытын қысқарту; 1 санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараға жұмсалатын шығынның құны 145 654 теңге.

Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген мемлекеттік қызметшілердің уақытында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Сапасы: Инфекциялық аурулар диагностикасының уақыттылығын және сапасын арттыру, күзетілетін тұлғалардың және ресми делегациялар мүшелерінің медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сапалы бағалау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

454-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету»

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 2 321 654 мың теңге (екі миллиард үш жүз жиырма бір миллион алты жүз елу төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 4-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5, 16, 17, 18, 19 және 26-баптары; «Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулығының жағдайын жақсарту бойынша қолданылатын бірінші кезектегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркеу ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының 2005 жылғы 16 сәуірдегі № УД-05/45 бұйрығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының тіркелген және қызмет көрсетілетін азаматтар санаттарының денсаулығын сақтау және нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тіркелген құрамға білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, шетелде емделуі, қалпына келтіру және медициналық жұмысқа жарамды ету.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету

Тіркелген құрамға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық ұйымдарындағы стационарларда, амбулаториялық-поликлиникалық бөлімдерде және жедел жәрдем бөлімшелерінде білікті және мамандандырылған медициналық (терапевтік, кардиологиялық, нефрологиялық, гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық, хирургиялық, урологиялық, гинекологиялық) көмек көрсету, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті ic басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасында (Астана қаласы), Орталық клиникалық ауруханада, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық медициналық орталығында. Ресми делегацияларға медициналық сүйемелдеу және қызмет көрсету.

Мемлекеттік қызметшілерге кешенді медициналық бақылау жүргізу. Шетелдік клиникаларға жіберілген ауруларды емдеу және көлік шығындарын өтеу үшін, сондай-ақ бірге еріп баратын тұлғалар үшін  төлем төлеу.

Тіркелген құрамға Қазақстан Республикасының санаторлық-курорттық ұйымдарында қалпына келтіру және жұмысқа жарамды ету.

Медициналық жабдықтар (лабораториялық, диагностикалық, емдеу), автокөлік сатып алу. 

Алматы қаласындағы "Орталық клиникалық аурухана" РМҚК, Астана қаласындағы Медициналық орталықтың ауруханасының ғимараттары мен үй-жайларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Астана қаласында Медициналық орталықтың ауруханасында хирургия бөліміне арнап 3 қабатқа күрделі жөндеу жүргізу

Жыл бойы  

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауруханалардың стационарларында тіркелген құрамның орташа есеппен 6 804 адамды емдеу, келіп қаралудың орташа саны 272 300, жедел жәрдем шақырудың орта жылдық саны 6 500; 18 адамды шетелдік клиникаларда емдеу және көлік, соның ішінде бірге еріп баратын тұлғалардың шығындарын өтеу. 448 мемлекеттік қызметшінің денсаулығын қалпына келтіру және медициналық жұмысқа жарамды ету. Саны 10 бірліктен кем емес медициналық жабдық және автокөлік сатып алу. «Орталық клиникалық аурухана» РМҚК-ның 2263,0 шаршы метр; Медициналық орталық ауруханасының 650,3 шаршы метр ғимараты мен үй-жайларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркелген азаматтарының ауруын азайту. Қазіргі заманғы көп функционалды емдеу-диагностикалық жабдықпен жабдықтаудың қажетті деңгейінен - 40 пайыз.

Қаржы-экономикалық нәтиже: аурудың бір орында жатуының орташа күні 9 күн; бір орынның жұмысы 315 күн; медициналық жабдықтың бip бірлігінің құны - 30 957,38 мың теңге, автокөлік бір бірлігінің құны 9216,0 мың теңге; тіркелген құрамға медициналық көмекті жоғары мамандандырылған шетелдік клиникаларда алу - 0,2 пайыз; диспансерлік есепте тұратын аурулар және медициналық қалпына келтіру және жұмысқа жарамды ету - 32 пайыз, ауруханаға жатқызу деңгейі - 50 пайыз кем емес.

Уақтылығы: тіркелген құрамға уақытында медициналық көмек көрсету; бекітілген кестеге сәйкес жабдық жеткізу және жоспарға сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Сапасы: медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру; медициналық қызмет көрсету бойынша шағымдардың болмауы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

455-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету»

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 36776 мың теңге (отыз алты миллион жеті жүз жетпіс алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аурулардың алдын алу, диагностика жасау және емдеу саласына қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Медицина саласындағы жаңа және перспективалы инновациялық технологияларды ақпараттық қамтамасыз ету; ғылыми-зерттеу, ақпараттық-баспа, білім беру қызметін әзірлеу; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың жүйесіне қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу бойынша мониторинг жүргізу және медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығын материалды-техникалық қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005

  

Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету

Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу бойынша мониторингті жүзеге асыру;

Медициналық орталықтың медициналық мекемелерін медицина саласындағы жаңа және перспективалы инновациялық технологиялармен ақпараттық қамтамасыз ету; тоқсан сайын

"Қазақстан Республикасы Президенті Іс  басқармасы Медициналық орталығының жаршысы" журналын, "Новости медицины" атты дайджестісін, түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жинағын, жарнама-ақпараттық материалдар (буклеттер, проспектілеp, журналдар, бейне және фото материалдарын, стендтік материалдарды шығаруға қатысу.

Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығының саны 29 бірлік бекітілген штат санының лимитіне сәйкес мамандарды оқыту, соның ішінде медицина қызметшілерінің жаңа және перспективалы технологияларды қолдану бойынша оқыту (семинарлар, консультациялар, конференциялар).

Қазақстан Республикасы Президенті Медициналық орталығын материалдық-техникалық жабдықтау. 2 бірлік баспаханаға жабдығын, 2 бірлік - үздіксіз қоректендіру көзін сатып алу. 

Жыл бойы  

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы.

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: инновациялық медициналық технологияларды енгізу деңгейі мен мониторингі және медициналық технологияларды тиімді пайдалану; денсаулықты нығайтуға бағытталған БДҰ-ның "Ауруханалар" жобасын іске асыру сапасын бағалау; Медициналық орталықтың мекемелері мен кәсіпорындарына әзірленген және енгізілген ғылыми-зерттеу, ақпараттық-баспа, білім беру бағдарламалары - 2 бірлік; медицина ұйымдарының аурулары мен қызметшілерін басқару жөніндегі халықаралық бағдарламаларды енгізу - 4 бірлік; Медицина орталығы өткізетін барлық іс-шараларды техникалық сүйемелдеу.

Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының жаңа технологиялар туралы мәлімет алуын, біліктіліктерін және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасын 100 пайыз арттыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне жобаланған шығын көлемі шегінде нақты шығынды қамтамасыз ету; 1 бірлік байланыс құралының, жабдықтың орташа құны - 117,5 мың теңге.

Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақытында орындау.

Сапасы: мемлекеттің көрсететін қызмет деңгейіне қанағаттану.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

456-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 127740 мың теңге (бір жүз жиырма жеті миллион жеті жүз қырық мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі Заңының 9-бабы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлемдегі дұрыс имиджін нығайту.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы халықты хабардар ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоғары кәсіби деңгейде актуалды телебейне бағдарламаларын жасау, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты жариялау, тарихи құндылығы бар материалдарды мұрағаттандыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

Жоғары кәсіптік деңгейде бейнематериалдар дайындау.

Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайын негізгі материалдардың негізінде кәсіби бейне-касеталар мен лазерлік компакт-дискілер арқылы толықтыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайын хронология бойынша жүйелендіру.

Бейне материалдар әзірлеу және республикалық телеарналар, басқа да бұқаралық ақпарат құралдары бойынша көрсету. Қазақстан Республикасы Президентінің бейне мұражайын материалдармен толықтыру.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қызметі туралы деректі фильм шығару.

Жыл бойы  

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің опеpативтік ақпарат, арнайы тақырыптар шығару, хаттамалық іс-шараларды түсірудің тақырыптық жоспарының орындалу деңгейі - 320 сағат; бейнемұражайды 210 сағатқа толықтыру; жоғары кәсіби, жоғары сапалы, көкейкесті, уақыт талаптарына сай 12 деректі бейнефильм шығару.

Tүпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізіп жатқан саяси және экономикалық реформаларды халыққа жеткізу мақсатында әзірленген бейнематериалдарды республикалық телеарналарға одан әрі орналастыру, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердегі телерадиокомпаниялармен өзара қызмет ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір деректі фильмді өндіруге жұмсалатын шығынның орташа құны 4543 мың теңге;

бейнематериал әзірлеудің, оны көрсетудің, сондай-ақ бейнемұрағатты толықтырудың бір сағаты - 139,2 мың теңге.

Уақтылығы: іс-шараларды белгіленген жұмыс кестесі бойынша орындау.

Сапасы: Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы ақпарат орналастыру арқылы халықты толық хабардар ету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

457-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Ормандар мен жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молайту»

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 167070 мың теңге (бip жүз алпыс жеті миллион жетпіс мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Орман кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Кодексі; «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1246 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Бурабай таулы-орман кеңістігінің экожүйесінің тұтастығын сақтау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Бурабай таулы-орман кеңістігінің бірегей табиғи кешенін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

007

  

Ормандар мен жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молайту  

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесін ұстау үшін орман,  жануарлар дүниесін қорғау бойынша жүктелген міндеттерді орындау үшін орман, жануарлар дүниесін, су ресурстарын сақтау, қорғау және молайту саласында "Бурабай" МҰТП-ның "Табиғат шежіресінде" табиғи процестер мен құбылыстарды тіркеу" ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 264 штат санын ұстау. Орман шаруашылығы, орман өсімдіктері, өрт сөндіруге қарсы, орман қорғау, биотехникалық, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесін материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету.

Жыл бойы  

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: табиғи кешеннің сақталуын және экожүйенің: 75 га алаңында ағашты санитарлық шабу, 25 га алаңында ағаш отырғызу, 125 км минералдандырылған жолақ орналастыру, 2330 км минералдандырылған жолақты күту, 83 511 ға алаңында табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету.

Сатып алу: катер - 1 бірлік, автокөлік КАМАЗ - 1 бірлік, УАЗ-31512 - 2 бірлік, турбоаэратор - 1 бірлік, мотоцикл - 4 бірлік, косилка - 1 бірлік, компьютер - 6 бірлік.

Соңғы нәтиже: парктің аумағындағы 83,5 мың гектар алаңның табиғи кешенінің және экожүйесінің сақталуын қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: күзетілетін 1 гектар алаңды күзету шығындары 2 000, 6 теңге.

Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды жыл бойы орындау.

Сапасы: орта жылдық көрсеткішпен салыстырғанда өрттің салдарынан 10 пайыз алаңның азаюы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

458-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін

салу және реконструкциялау»

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 12608088 мың теңге (он екі миллиард алты жүз сегіз миллион сексен сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астананың инфрақұрылымын дамыту және Қазақстан Республикасының абыройын арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы объектілерінде құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы жүргізу жағдайын қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

008

  

Қазақстан Республикасы  Президенті Іс басқармасының  объектілерін салу және реконструкциялау

"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс бойынша жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының инвестициялық жобаларын іске асыру:

1) 30000 көрерменге арналған жабық стадион (өзеннің сол жағалауында);

2) Есіл өзенінің сол жағалауындағы 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж қосымша үй-жайларымен;

3) авиациялық техника тұрағы және "Бүркіт" авиакомпаниясының техникалық ғимараты;

4) Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай поселкесінің мұражай аумағындағы визит-орталығы;

5) Министрліктер үйі. Дизельдік шағын станция;

6) Үкімет үйі мен Министрліктер үйі ғимараттары арасындағы өткел (Мемсараптама 2006 жылғы 10 наурыз 12-117106).

7) Қазақстан Республикасы Президентінің Астана қаласындағы «Қызыл Жар» резиденциясының аумағындағы Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту (ТЭН-ге «Мемсараптама» РМК-нің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 2-481/06 қорытындысы)»;

8) Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұра» резиденциясы. Астана қаласындағы № 1 учаскені абаттандыру (ЖСҚ-ға «Мемсараптама» РМК-нің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 2-142/07 қорытындысы);

9) Астана қаласында № 31 және № 35 көшелерінің ауданында Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы көп бейінді клиникасы бар диагностикалық орталық (ТЭН-ге «Мемсараптама» РМК-нің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 2-151/07 қорытындысы);

10) Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Алматы» санаторийін қайта жаңарту және кеңейту (ТЭН-ге арналған «Мемсараптама» РМК-нің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 7-130/07 қорытындысы);

11) Астана қаласында 240 орындық балабақша салу;

12) Ақмола облысының Целиноград ауданы Красноярка ауылының аумағында мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөнінде ауыл шаруашылығы кластерін салу;

13) Астана қаласында Есіл өзенінің оң жақ жағалауындағы Бейбітшілік және Келісім сарайы (ЖСҚ-ға «Мемсараптама» РМК-нің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 2-684/06 қорытындысы);

14) А-319 әуе кемесіне ангар салу.

Қаңтар-желтоқсан 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 30000 көрерменге арналған жабық стадион, Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай поселкесінің мұражай аумағындағы визит-орталығы, дизельдік шағын станция, Үкімет үйі мен министрліктер үйі ғимараттары арасындағы өткел құрылысын аяқтау, Есіл өзенінің сол жағалауындағы қосымша үй-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж, авиациялық техника тұрағы және "Бүркіт" авиакомпаниясының техникалық ғимаратын салу мыналар бойынша мемсараптамадан өткен белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама:

Астана қаласында № 31 және № 35 көшелерінің ауданында Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы көп бейінді клиникасы бар диагностикалық орталық, Астана қаласындағы 240 орынға арналған балабақша, Ақмола облысының Целиноград ауданы Красноярка ауылының аумағында мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөнінде ауыл шаруашылығы кластерін салу, Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Алматы» санаторийін қайта жаңарту және кеңейту;

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қызыл Жар» резиденциясының аумағындағы Есіл өзенінің арнасын қайта жаңартуды аяқтау, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұра» резиденциясының № 1 учаскесін абаттандыру, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайын салу, А-319 әуе кемесіне авиациялық ангар салу

Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының абыройын арттыру мақсатында объектілерді пайдалануға беру, мемлекеттік органдарды жаңа, қазіргі заманғы ғимараттармен қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: экономикалық тиімділік Астананың инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.

Уақтылығы: бекітілген шартқа және жоспар-кестесіне сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

459-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту»

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 560 024 мың теңге (бес жүз алпыс миллион жиырма төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орталық мемлекеттік органдарға сапалы және уақытында көлік қызметін көрсетуді қамтамасыз ету. Ресми іс-шараларға қазіргі заманғы деңгейде көлік қызметін көрсету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: автомашина паркін жоспарлы жаңарту мақсатында автокөлікті орталықтандырып сатып алу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

009

  

Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту

Автокөлік сатып алу.

Жыл бойы  

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: автокөлік паркін 45 кем емес бірлікпен толықтыру.

Түпкі нәтиже: орталық мемлекеттік органдарға сапалы, қауіпсіз және уақытында көлік қызметін көрсету мақсатында жоспарлы түрде автокөлік паркін жаңарту.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір бірлік автокөліктің құны жоспарланған шығын шегінде 25045,0 мың теңге.

Уақтылығы: автокөлікті белгіленген кестеге сәйкес жеткізу.

Сапасы: орталық мемлекеттік органдарға көлік қызметін көрсету сапасын және материалды-техникалық деңгейін арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

460-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Дәрігерлерді шетелдерде қайта даярлау және мамандандыру»

деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 7935 мың теңге (жеті миллион тоғыз жүз отыз бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің деңгейі мен сапасын арттыру үшін шетел клиникаларында медициналық қызметкерлердің теориялық және практикалық іскерлігі мен дағдыларын жаңарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: медициналық орталықты денсаулық сақтаудың әлемдік стандарттары бойынша қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын меңгерген жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

011

  

Дәрігерлерді шетелдерде қайта даярлау және мамандандыру 

Шетелдік жетекші клиникаларда және ғылыми орталықтарда дәрігерлердің біліктілігін мынадай тақырыптар бойынша арттыру:

- әлеуметтік медицинаның, денсаулық сақтау экономикасының өзекті мәселелері;

- хирургиядағы, урологиядағы, пульмонологиядағы эндоскопиялық диагностика және емдеу;

- шұғыл жағдайдағы терапия;

- диагностиканың қазіргі заманғы әдістері (магниттік-резонансты томография);

- ультрадыбыс диагностикасындағы жаңа технологиялар;

- функционалды диагностикадағы жаңа технологиялар (электронейромиография).

Жыл бойы  

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: медициналық мекемелердің шетелде кәсіби деңгейін арттыру және мамандандыру бойынша өткен дәрігерлер саны - 13 бірлік.

Түпкі нәтиже: медицина ғылымы мен тәжірибесінде әлемдік жетістіктер деңгейінде қызмет етуге мүмкіндік беретін медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Күтілетін медициналық инновациялардың орташа саны 15 бірлік.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір дәрігерді шетелдік жетекші клиникалары мен ғылыми орталықтарында қайта даярлау мен маманданудан өтудің орташа шығыны 610,4 мың теңге.

Уақтылығы: іс-шаралары бекітілген келісім-шарттарға сәйкес уақытында орындау.

Сапасы: медициналық орталықтың жұмыскерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін арттыру, жаңа медициналық технологияларды профилактикада, диагностикада, емдеуде және аурудың жазылуына енгізу арқылы тіркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыру. Медициналық орталықтың 3,5 пайыз дәрігерлері кәсіби деңгейлерін шетелде арттырады.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

461-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

««Күйгенжар» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»

деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 522088 мың теңге (бec жүз жиырма екі миллион сексен сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелес арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

012

  

"Күйгенжар" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту

 

"Күйгенжар" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту.

Қаңтар-желтоқсан 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: шарттық міндеттерді орындау деңгейі - 100 пайыз.

Түпкі нәтиже: "Күйгенжар" АҚ қаржылық жағдайын сауықтыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: "Күйгенжар" АҚ табысын және тиімділігін арттыру.

Уақтылығы: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу.

Сапасы: шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және сапасын арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

462-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

««Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені»

КАҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»

деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 200000 мың теңге (екі жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 тамыздағы Заңның 9-бабы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін баяндау арқылы халық арасында патриотизмді насихаттау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық және шетелдік жаңалықтар сюжеттерін күн сайын бақылауды қамтамасыз ету және соның негізінде Қазақстан Республикасының Президенті үшін жаңалықтар блогын әзірлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

013

  

"Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" КАҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту

 

"Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені"  Коммерциялық емес АҚ жарғылық капиталын ұлғайту үшін арнайы компьютерлік жабдық сатып алу.

Қаңтар-желтоқсан 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: республикалық және шетелдік жаңалықтар сюжеттерін күн сайын бақылауды қамтамасыз ету және соның негізінде Қазақстан Республикасының Президенті үшін жаңалықтар блогын әзірлеу.

Түпкі нәтиже: Мемлекет Басшысының қызметіне, оның ел аймақтары бойынша жұмыс сапарларына және өзге де маңызды іс-шараларына сапалы және жедел ақпараттық қызмет көрсету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: компьютерлік жабдықтың орташа құны - 7142,9 мың теңге.

Уақтылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес орындау.

Сапасы: Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы халыққа толық ақпарат беру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1225 қаулысына

463-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

««Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратын ұстау»

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 2 185 049 мың теңге (екі миллиард бір жүз сексен бес миллион қырық тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Министрліктер үйі" ғимаратына шаруашылық қызмет көрсету, технологиялық жабдықтарының үздіксіз қызметін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ғимараттың технологиялық жабдықтарын күтіп-ұстау және техникалық қызмет көрсету, ғимаратта шаруашылық қызмет көрсету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

014

  

"Министрліктер үйі" әкімшілік ғимаратын ұстау

 

Инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың электротехникалық жабдықтарына, ауа желдеткіштің ауа сорғыш жүйесі, өрттен қорғау қауіпсіздігі, өрттен қорғау сигнализациясы, сыртқы және ішкі автоматтандырылған телефон станциясының жүйесі, суық және жылумен қамтамасыз ету, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйелерінің профилактикалық жұмысын жүргізу, лифт, желдеткіш жабдықтарының жұмысын күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Ғимараттың бөлмелері мен фасадын, сондай-ақ оның жанындағы аумақты да тазалықта ұстау, ғимаратты санитарлық тазалау, күл-қоқысты және қарды шығару және ғимараттың дұрыс жұмыс жасауы үшін қажетті өзге де жұмыстарды қамтамасыз ету. Ғимараттың ағымдағы жөндеуі. Ғимаратқа дейін электроэнергия, жылу энергиясы мен коммуналдық қызметтер жеткізу. Ғимаратты негізгі құралдармен жабдықтау. Жалпы көлемі 222678 шаршы  метр ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

Жыл бойы 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жұмыс істейтін лифтердің, желдеткіштердің және электротехникалық, санитарлық-техникалық құралдардың, инженерлік жүйе мен коммуникацияның, ауа тазалағыш, желдеткіш жүйесі, өрт қауіпсіздігі, өрттен қорғау сигнализациясы, автоматтандырылған телефон станциясы сыртқы және ішкі жүйелердің жалпы меншіктік салмағы 100 пайыз құрайды.

Tүпкі нәтиже: Бүкіл ғимарат бойынша технологиялық құралдардың тоқтаусыз және апатсыз жұмыс істеуі.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: ғимараттың 1 шаршы метр күтіп-ұстауға кететін орташа шығын 13611 теңге.

Уақтылығы: іс-шаралардың жоспарға сәйкес уақтылы 100 пайызға орындалуы.

Сапасы: мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік тұрмыстық жағдай жасау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

464-ҚОСЫМША

 

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Щучье-Бурабай курортты аймағы инфрақұрылымын дамыту»

деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 2984902 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз сексен төрт миллион тоғыз жүз екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының аумағындағы бірегей және сирек ландшафттарды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 474 өкімі; «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1246 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи кешендерді сақтау, бірегей және эталондық учаскелер, мемлекеттік нысандар табиғи-қорықтық қор және қазіргі заманға сай туристік инфрақұрылымдар құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бүлінген табиғи кешендерді қалпына келтіру, аса құнды тарихи және мәдени ландшафтар, тарихи ескерткіштер, Қазақстан халықтарының өзге де нысандарының мұралары мен мәдениеті, табиғатты қорғау және рекреациондық іс-шаралар жүргізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

015

  

Щучье-Бурабай курортты аймағы инфрақұрылымын дамыту 

 

Щучье-Бурабай курорт аймағында белсенді демалу үшін және  экологиялық туризмге арналған инфрақұрылым құру. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеумен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысының 3 қосымшаға сәйкес объектілерді салу, олардан:

1) Сауда ойын-сауық орталығы;

2) Бурабай көлі аймағындағы жарық серуен жолдары;

3) суару жүйесі қондырғысы бар орман дақылдары питомнигін кеңейту;

4) аңшылар үйінің құрылысы;

5) марал шаруашылығының құрылысы;

6) Абылайхан алаңын қалпына келтіру;

7) "Бурабай" МҰТП орталық кеңсесінің және сыртқы инженерлік жүйенің құрылысы.

Жыл бойы 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қажетті жабдықтар және тағы аңдар сатып алу арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізу. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың экологиялық аудитін жүргізу. "Бурабай" МҰТП-ның туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын әзірлеу.

Түпкі нәтиже: қазіргі заманғы жоғары тиімді және бәсекелестікке қабілетті туристік кешен құру табиғи жағдайдағы алуан түрлі биологиялық және ландшафттық табиғатты сақтап қалу, бүлінген табиғи кешендер, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін қалпына келтіру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізу.

Уақтылығы: бекітілген шартқа, жоспар-кестеге және жеткізу кестесіне сәйкес негізгі құралдар сатып алу.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.