2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 42-50-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
42, 43, 44, 45, 46, 47 (өте құпия), 48, 49, 50-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
42-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Сыртқы саяси қызметті қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 14747055 мың теңге (он төрт миллиард жеті жүз қырық жеті миллион елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» № 201 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» № 217 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы» № 1287 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігін орналастыру үшін Қазақстан Республикасының меншігіне Брюссельде ғимарат сатып алу туралы» № 893 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 қазандағы «Қазақстан Республикасының меншігіне Вашингтонда (Колумбия округі, АҚШ) жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу туралы» № 1431a қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» № 136 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы «Қазақстан Республикасының меншігіне Лондон қаласында ғимарат сатып алу туралы» № 1222-73қ қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» № 1118 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің мәселелері» № 1024 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту, халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және өңірлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа да мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарды және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы қорғауды қамтамасыз ету, Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон қаласы), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде (Лондон қаласы) және Бельгия Корольдігінде (Брюссель қаласы) Қазақстан Республикасының меншігіне жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша міндеттемелерді орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 |
| Сыртқы саяси қызметті қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
| 001 | Орталық органның аппараты | 1. Ел ішінде және шетелдерде Қазақстан Республикасының оң сипаттағы беделін көтеруге бағытталған ақпараттық-насихаттық қызмет бойынша имидждік өнімдi шығару. 2. Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету. 3. Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру. 4. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу. 5. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру. 6. Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық- ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету. 7. Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетін консулдық функцияларды жүзеге асыру. 8. Шет елдерді Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу. 9. Инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін қалыптастыру. 10. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Yкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау. 11. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу. 12. Шетелге шыққанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының арнайы рейстер шығыстарын төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
3 |
| 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
4 |
| 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін және оның шетелдегі мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету. 2. Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон қаласы), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде (Лондон қаласы), Бельгия Корольдігінде (Брюссель қаласы) Қазақстан Республикасының меншігіне жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу үшін алынған несиелерді өтеу бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
5 |
| 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | 1. Министрлік орталық аппараты және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерін аппараттық және программалар қамтамасыздандыру мәлімдеме жүйесі. 2. Мәлімдеме жүйесін қолдауы, сүйемелдеуі және жетілдіруi | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
6 |
| 100 | Органдардың басқа елдердегі аппараттары (елшіліктер, өкілдіктер, дипломатиялық миссиялар) | 1. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және Қазақстан Республикасының халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету. 2. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Yкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау. 3. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу. 4. Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдасты ру тұрғысынан қамтамасыз ету. 5. Шет елдерді Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік- экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу. 6. Мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, соның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары тарапынан тартуға қатысу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы қорғауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру.
Әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау және орталық мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
76 адамның мемлекеттік тілді оқып үйренуі, 20 адамның ағылшын тілді оқып үйренуі.
Түпкі нәтиже: шетелге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін, олардың шетелдер аумақтары бойынша кедергісіз жүріп тұруын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту.
Министрлік штатының 23,7 пайызын мемлекеттік тілге оқытуды, министрлік штатының 6,2 пайызын ағылшын тілін оқытуды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір қызметкерді мемлекеттік тілге оқыту шығыны - 48,6 мың теңге, бір қызметкерді ағылшын тіліне үйрету шығыны - 61,5 мың теңге.
Уақтылығы: министрліктің орталық аппараты және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері бюджетінің орындалуы.
Жыл бойы шарттарға сәйкес қол жеткізіледі.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен жүзеге асырылатын консулдық іс-әрекеттерді жеке және заңды тұлғалардың толық қанағаттануы.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, мемлекеттік кәсіби қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру. Мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілер үлесі - 69 пайызға; ағылшын тілін оқыту курстарын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер үлесі - 70 пайызға.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
43-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 350 703 мың теңге (бір миллиард үш жүз елу миллион жеті жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 маусымдағы «Eңбекшілерді жұмыс орындарындағы ауаның ластануы, шу мен тербеліс салдарынан болатын кәсіби қауіптерден қорғау туралы» Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 1977 жылғы № 148 Конвенциясын бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасын 1997 жылғы 7 шілдедегі «Біріккен Ұлттар Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясын бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы «Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы «Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкілдерінің және халықаралық қызметкерлердің заңдық мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 маусымдағы «Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау және қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияны бекіту туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы «Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенцияға қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының арасындағы ынтымақтастық туралы негізгі келісімді бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы «Лондонда 1990 жылғы 27-29 маусымда жасалған Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетуге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы «Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Бесінші қосымша хаттаманы бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы «Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы «Климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясын бекіту туралы» № 2260 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімді бекіту туралы» № 2344 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы «Энергетикалық Хартияға Шартты және Энергетикалық тиімділік мәселелері мен тиісті экологиялық аспектілер жөніндегі Энергетикалық Хартияға Хаттаманы бекіту туралы» № 2537 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 наурыздағы «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Киото хаттамасына Қазақстан Республикасының қол қоюы туралы» № 84 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымға мүше болуы туралы» № 973 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 30 қазандағы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны бекіту туралы» № 1214 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бекіту туралы» № 1503-XII қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі «Дүниежүзілік Метеорологиялық ұйымы конвенциясына қосылу туралы» № 296 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (ИНТЕРПОЛ) кіруіне байланысты іс-шаралар туралы» № 629 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы «Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қамқорымен қабылданған халықаралық конвенцияларға және ИМО туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы № 244 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 25 наурыздағы Халықаралық эпизоотикалық бюроға кіру туралы (ХЭБҚ)» № 26-15/2164 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуірдегі "Метрология және стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға кіру туралы № 26-22/4748 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 мамырдағы «Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ИКАО) демеуімен қабылданған халықаралық конвенцияларға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» № 506 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы «Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдауы және онда көзделген міндеттемелерін орындауды ұйымдастыру жөніндe» № 918 қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1995 жылғы 20 ақпандағы «Қазақстан Республикасы атынан табиғи ортаға әсер ететін әскери немесе кез келген өзге де дұшпандық ниетте құралдар пайдалануға тиым салу туралы Конвенцияға қосылу туралы» № 301-III қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 мамырдағы «Түркісой құрылымы мен оның жұмыс істеу қағидаттары туралы шартты бекіту туралы» № 737 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 қыркүйектегі «Орталық-Азиялық Зерттеулер Халықаралық институтына кіру туралы» № 13253 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 маусымдағы «Е.Х. Қазыханов туралы» № 71 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 наурыздағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің қызметін қаржыландыру мәселелері» № 257 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Б.С. Сәрсековтің қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы» № 133 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы тұрақты өкілі мен оның аппараты қызметін қаржыландыру мәселелері» № 322 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлеp Кабинетінің 1993 жылғы 14 қазандағы «Дүниежүзілік туристтік ұйымға кіру туралы» шешімі, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 мамырдағы «Еуропалық экономикалық комиссияға кіру туралы» № 6234 шешімі, 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Байланыс саласындағы аймақтық достастық туралы келісім, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы келісім, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1992 жылғы 13 наурыздағы «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты өткізу туралы» келісімі, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен БҰҰ арасындағы қатынастар туралы 1992 жылғы 19 тамыздағы келісім, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы 1996 жылғы 24 қыркүйектегі келісім, Орталық/Шығыс Еуропа және Еуразия энергетикасын реттеу органдарының Аймақтық қауымдастығымен 2001 жылғы 15 наурыздағы «Энергетика саласындағы өзара іс-қимыл туралы» келісімі, 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы келісім, 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бюджетін қалыптастыру мен орындау тәртібі туралы келісім, Табиғи апаттарды азайту жөніндегі Азиялық орталыққа кіру туралы шешім (АSDR), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1991 жылғы 21 желтоқсандағы «Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелік туралы шешімі, TМД Мемлекет Басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 2 наурыздағы «Мұнай және газ жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесін құру туралы» шешімі, ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегі «Химия және мұнайхимия саласындағы ынтымақтастық туралы» шешімі, Ислам Конференциясы Ұйымының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы саласындағы ынтымақтастық туралы» шешімі, Ислам Конференциясы Ұйымының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы шешімі, Дүниежүзілік Сауда Ұйымының жыл сайынғы сессиясының 1996 жылғы 26 қаңтардағы «Қазақстан Республикасына бақылаушы мәртебесін беру туралы» шешімі, ТМД Үкімет Басшылары Кеңеске 1996 жылғы 12 сәуірдегі «ТМД Үкіметаралық статистикалық комитеті туралы ереже туралы шешімі, Халықаpалық техникалық комитеттің жыл сайынғы сессиясының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі (МТКПТП-СТІҒ)» шешімі, Орталық Азия Мемлекеттері Басшыларының 1997 жылғы 28 ақпандағы «Халықаралық Аралды құтқару қорының қаражатын қалыптастыру туралы» шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы «ИКҰ жанындағы Статистика, экономика және әлеуметтік зерттеулер мен даярлау жөніндегі орталыққа кіру туралы шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы «ИКҰ жанындағы Ислам технологиялық институтына кіру туралы» шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы «ИКҰ жанындағы сауда дамыту жөніндегі Ислам орталығына кіру туралы» шешімі, 1998 жылғы 17 сәуірдегі Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Атқару комитетінің шешімі, 1998 жылғы 5 тамыздағы Мәдени меншікті зерттеу, сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Халықаралық институттың жыл сайынғы жиналысының шешімі (ІССRОМ), Мемлекетаралық ТМД Экономикалық одағының экономикалық комитетінің 1998 жылғы 11 қыркүйектегі «Жолшылар одағына ТМД мемлекетаралық органы мәртебесін беру туралы» шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің Бас Конференциясының 1999 жылғы 17 маусымдағы «ИКҰ-ға мүше елдердің Парламенттік Одағына кіру туралы» шешімі, ТМД Мемлекеттері Басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 25 қаңтардағы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру Кеңесі туралы шешімі, БАҚ байланыс әкімшілік басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 29 маусымдағы «Байланыс саласының аймақтық қауымдастығының қаржысы туралы ереже туралы» № 2315 шешімі, ТМД Үкіметтері Басшылары Кеңесінің 2001 жылғы 18 мамырдағы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көліктік үйлестіруші кеңесін құру туралы» шешімі, 2005 жылғы 17 наурыздағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Хатшылығы (АӨСШК) туралы ережені дайындау бойынша арнайы жұмысшы тобы мәжілісінің шешімі, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына кіру жөніндегі декларациясы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы «Өнеркәсіптік меншік саласындағы халықаралық шарттар туралы» декларациясы, 2001 жылғы 15 маусымдағы «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын» құру туралы декларациясы, 1991 жылғы 21 желтоқсандағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы» Алматы Декларациясы, 1992 жылғы 12 қаңтардағы ОБСЕ Парламент Ассамблеясы Секретариатының хабарламасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1996 жылғы 11 ақпандағы Ислам Ұйымы Конференциясынан (ИҰК) хабарламасы, 1996 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек ұйымына мүше болуы туралы (XEҰ)» хабарлама, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының 1997 жылғы 1 қаңтардағы «Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіпті дамыту бойынша» хабарламасы, Жоғарғы аудиторлар мекемесінің Халықаралық ұйымы Бас директорының (INTOSAI) 1997 жылғы 2 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы» хабарламасы, Жоғарғы аудиторлар мекемесінің Азиялық ұйымы Бас директорының (ASOSAI) 1997 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы» хабарламасы, Орталық Азия Халықаралық институты Директоратының (МИЦАИ) 1998 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы» хабарламасы, Көшпенді өркениетті зерттеу жөніндегі Халықаралық институт директорының (МИИКЦ) 1998 жылғы 12 тамыздағы хабарламасы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігін растау туралы» қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы «БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымдары туралы» қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы «БҰҰ-ның тұрғын халықтар қоры туралы» қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы «БҰҰ-ның балаларға жәрдем беру қоры туралы» қарары, 1994 жылғы 26 сәуірдегі Табиғат және мәдени мұраларды қорғау жөніндегі конвенцияға қол қою, Табиғи апаттарды азайту жөніндегі Азиялық орталықтың (ADRS) Бас конференциясының 1999 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасының мүшелігін растайтын қарары, Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қызметі қаржыландыру туралы» № 43 қаулысы, ЮНЕСКО-ның 1992 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ға мүшелігін растайтын нотасы, 2003 жылғы 28 сәуірдегі «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Органдары жөніндегі ережелер туралы» Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі, 1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД Жарғысы, Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының Yкіметтері арасындағы ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығын (ТРАСЕКА YAК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы Келісімінің жобасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерін шешу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайту, Қазақстанның халықаралық ұйымдар, әмбебап және өзге де халықаралық конвенциялар хатшылықтары алдындағы борыштық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету. Халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізуді уақтылы қамтамасыз ету (БҰҰ Бас Ассамблеясы, ВОИС, ОЭC, ИНТЕРПОЛ және т.б.).
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 |
| Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу |
|
|
|
2 |
| 100 | Халықаралық ұйымдарға қатысу | Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдарға кірістік, үлестік, ерікті қаржылық жарналарды төлеу және қарызды өтеу - 82 ұйымдар мен конвенциялар. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
3 |
| 101 | ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарына қатысу | Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын ТМД-ның үлестік жарналарын төлеу - 22 орган, соның ішінде ТМД-ның жарғылық органдары (8 орган - ТМД Атқару комитеті, Шекара әскері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметі, Мемлекетаралық ТМД статистикалық комитеті, ТМД Қорғаныс министрлерінің Кеңесі, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросы, ТМД экономикалық соты, ТМД терроризмге қарсы орталығы, Мемлекет Басшылары Кеңесінің, Үкімет Басшылары Кеңесінің, Сыртқы істер министрлері Кеңесінің, ТМД Экономикалық кеңесінің мәжілістерін өткізу), ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көліктік кеңесін үйлестіруші атқару комитеті, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіруші кеңесі, ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті, Халықаралық Аралды құтқару қоры, Мемлекетаралық Жолшылар кеңесі, Мемлекетаралық Стандартизациялау, метрология және сертификаттау кеңесі, Yкіметаралық авиациялық комитет, Мұнай және газ жөніндегі Үкіметаралық кеңес, Химия және мұнай химиясы саласындағы Үкіметаралық кеңес, Байланыс саласындағы өңірлік қоғамдастық, БАЫ жанындағы ақпараттандыру жөніндегі үйлестіру Кеңесі, Біртұтас Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру жөніндегі Жоғарғы деңгейдегі топтың сарапшылық-ұйымдастыру тобы, Душанбе қаласында 2006 жылғы 25 мамырдағы ТМД Үкімет басшыларының Кеңесі бекіткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі соғыс ардагерлерінің, жергілікті қақтығыстарға, бітімгершілік операцияларға қатысушылардың және терроризм құрбандарының өмір сүру сапасын жақсартудың және еңбекке қабілеттілігін жоғалтудың алдын алудың әлеуметтік және медициналық негіздерін дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
4 |
| 102
| Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын ұстау | 1. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты Өкілін және оның аппаратын ұстау. Бекітілген штаттық саны 5 бірлікті құрайды. 2. ЕурАзЭҚ жарғылық органдарының мәжілісіне даярлық. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен ЕврАзЭС жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігi |
5 |
| 103 | ТМД терроризмге қарсы орталығындағы және ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияда Қазақстан Республикасының өкілдерін ұстау | Қазақстан Республикасының ТМД-ның антитеррористік орталығындағы және ТМД-ның Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы тұрақты өкілдерін ұстау.
| Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ТМД-ның Антитеррористік орталығындағы және ТМД-ның Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Тұрақты өкілдерi |
6 |
| 104 | Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің аппаратын ұстау | Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңесте Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілін және оның аппаратын ұстау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республик асының Өкілетті өкілi |
7 |
| 105 | Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Хатшылығы ұстау | Алматы қаласындағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) Хатшылығын ағымдағы ұстау, қызмет етуін қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесі Хатшылығы |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының 104 халықаралық ұйымдарда, конвенцияларда, ТМД-ның үлестік және басқа да органдарында дауыс беру құқығымен қатысуы, мемлекет басшылығының бастамашылықтарын ілгерілету мен іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу салаларындағы халықаралық ұйымдардың саясатын айқындау арқылы еліміздің ұлттық мүдделерін қорғау.
Түпкі нәтиже: Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа одан әрі интеграциялану жолымен сыртқы саяси және сауда экономикалық мүддесін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде аймақтық және жаһандық бағдарламаларды шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету. Саясат, экономика, ғылым мен мәдениет салаларында шетел мемлекеттерімен, халықаралық ұйымдармен көп жақты қатынасты дамыту және нығайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын - 15948 мың теңгеге, ТМД терроризмге қарсы орталығындағы комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін - 3 416 мың теңгеге, ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін - 8775 мың теңгеге, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің аппаратын - 54 427 мың теңгеге ұстау, Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесі - 118 961 мың теңгеге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша Сарапшылық кеңесті шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға Төлем жоспарын және борышты міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Сапасы: халықаралық ұйымдардың жұмысының нәтижесімен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
44-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)
1. Құны: 89953 мың теңге (сексен тоғыз миллион тоғыз жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» № 542-30қ қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы» № 1283 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы «Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамын бекіту туралы» № 1324 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы туралы» № 1058 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекарасының мызғымастығын қамтамасыз ету. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін реттеу, сондай-ақ трансшекаралық өзектерді пайдалану және қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, жергілікті жерлерде мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеу, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін реттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 |
| Мемлекеттік шекараны делим итациялау және демаркациялау
| 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының сызығын шекаралық белгілермен бекіту - 200 белгі (демаркация), оның ішінде қазақстан-қырғыз шекарасында - 200 белгі. 2. Қазақстан аумағында Түрікменстан өкілдерімен шекаралық белгілердің (демаркация) картасын даярлау бойынша жұмыстар атқару. 3. Қазақстан Республикасының аумағында трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін реттеу бойынша іс-шаралар жүргізу, мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегацияларының отырыстарын өткізу. 4. Іссапарлық және өкілдік шығыстарды қамтамасыз ету және өтемақысын төлеуге байланысты келіссөздер процесін жүргізу мәселесі бойынша: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау, оның ішінде: қазақстан-ресей шекарасын демаркациялау мәселесі бойынша; - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау; - трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау. 5. Байланыс қызметіне ақы төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі, "Казгеокарт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: келіссөздер жүргізу, 200 шекаралық (қазақстан-қырғыз шекарасында - 200) белгілерді орнату, шекара сызығы межеленген топографиялық карталарды басып шығару.
Түпкі нәтиже: Каспий теңізінің түбін межелеудің орта сызығын топографиялық карталарға түсіру, оларды сипаттау, жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі келісімдерге қол қою.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу жөніндегі келіссөздерді жүргізуге - 20 537,0 мың теңге. Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын демаркациялау мәселелері бойынша үкіметтік делегацияларының отырыстарын өткізуге - 33 857,0 мың теңге, қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын - 66487,0 мың теңгеге, қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын - 27 874,0 мың теңгеге, қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын - 8674,0 мың теңгеге, қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасын - 2 574,0 мың теңгеге демаркациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу - 13633,0 мың теңге, байланыс қызметіне - 11317,0 мың теңге.
Уақтылығы: демаркациялау, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша келіссөздерді жоспарлы түрде жүргізу және қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес қажетті демаркациялық жұмыстарды орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
45-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Шетелдік іссапарлар»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 952 008 мың теңге (тоғыз жүз елу екі миллион сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі «Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы» № 410 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» № 148 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы бейнесін ілгерілету, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы қарым-қатынастарын кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешуде Қазақстан Республикасының рөлін арттыруға жәрдемдесу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 |
| Шетелдік іссапарлар
| Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету бастамасын іске асыру бойынша курстарға байланысты шығыстарын және өтемақысын төлеу, сондай-ақ шетелге шыққанда Қазақстан Республикасының Үкімет мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының арнайы рейстер шығыстарын төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, сондай-ақ үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларын өткізу, Қазақстанның сессияларда, конференцияларда, мәжілістерде, симпозиумдарда, саммиттерде, форумдарда, екі және көп жақты келіссөздерде, консультацияларда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты келіссөздерде, Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттардың жобаларына қатысты сарапшылардың консультацияларында өкілдік ету, соның ішінде электрондық үкімет құру, билер соты институтын құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік үлгілерін ендіру, 2009 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жөніндегі қазақстандық бастаманы жылжыту секілді салаларды зерделеу және тәжірибе алмасу және тағы басқалары. Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 434.
Түпкі нәтиже: Халықаралық құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және оларға қол қою, тәжірибе алмасу және тиімді ынтымақтастық орнату, әріптестік, іскерлік байланыстарды жолға қою, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, әлемдік тауарлар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу, қазақстандық тауарлардың сатып-өткізу нарығын кеңейту, тауарларды экспорттау кезіндегі кеден баж салығын азайту және т.б.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: елден тысқары жерлерге қызметтік іссапарға жіберілген бір адамның (жетекші маман) 4 күн кезеңге Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген шығындаpы - 122 313,82 теңге және 4 күн кезеңге Mәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген бір адамның (Министр) шығындары - 318 374,75 теңге (бip сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 220 344,28 теңге құрайды);
- Ресейге бір іссапарға арналған бір адамның шығыны - 122 313,82 теңге және Үндістан, ҚХР (Гонконг), Оңтүстік Корея, Чили, Филиппин елдеріне бір сапарға арналған бір адамның шығыны - 1 684 931,51 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 903 636,49 теңге құрайды).
Осымен бірге бір іссапарға арналған шығыстарға жіберілген адамның лауазымы, 5*, 4*, 3* қонақ үйдің бір орынды бір орын нөмірінің құны шегінде жататын орны, "Бизнес" класс бойынша құнының жолақысы қосылады, іссапар мерзімі, іссапарға жіберілген ел сияқты факторлар ықпал етеді, өйткені әрбip елдің тәуліктік ақы және жататын орны нормалары әртүрлі.
Уақтылығы: басталғанға дейінгі әрбір шетелдік іссапарға ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
46-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өкілдік шығындар»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 879 004 мың теңге (сегіз жүз жетпіс тоғыз миллион төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» № 201 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы «Республикалық бюджетте «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» № 281 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық қатынастарын дамыту және оның оң сипаттағы имиджін ілгерілету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасында ресми делегациялардың, соның ішінде шетелдік делегациялардың қатысуымен кеңестер мен семинарлар, салтанатты және өзге де өкілдік іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік шығындары.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 |
| Өкілдік шығындар
| 1. Ресми делегацияларды, соның ішінде шетелдік делегацияларды қабылдауға байланысты өкілдік іс-шараларды (кеңестер, семинарлар, салтанатты жиындар, конгресстер және т.б.) өткізу жөнінде шығындар мен өтемақы төлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік шығындары. 2. Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) 63-і сессиясын өткізу. 3. ЕҚЫҰ өкілдерінің Қазақстанда іс-шаралары мен сапарларын ұйымдастыру, ЕҚЫҰ шеңберінде Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро сарапшыларының ОСК жанындағы консультативтік орталық базасында байқаушылар даярлауға қатысуы. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдердегі мекемелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сессиялар, конференциялар, мәжілістер, симпозиумдар, саммиттер, форумдар, екі және көп жақты келіссөздер, консультациялар өткізу, оның ішінде АӨСШК, Шетелдегі қазақ диаспорасының мәселелеріне байланысты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер процесін жүргізу, Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттар жобаларына қатысты сарапшылар консультацияларын және т.б. өткізу, 2009 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық бастаманы жылжыту.
Түпкі нәтиже: халықаралық-құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және қол қою, өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, серіктестік, іскерлік байланыстарды жолға қоюда тәжірибе алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, тауарлар және қызмет көрсетулердің әлемдік рыногына шығу, қазақстандық тауарларды өткізу рыноктарын кеңейту, тауарларды экспорттау кезінде кедендік баж салығын азайту және т.б.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ресми делегацияларды қабылдауға байланысты бір өкілдік іс-шараны өткізуге арналған шығындармен айқындалады.
«Өкілдік шығындар» бағдарламасын іске асыру барысында көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған шығындардың жоспарланған көлемі осы іс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерінің санына және олардың мәртебесіне байланысты.
Уақтылығы: басталғанға дейінгі өкілдік шығындарды талап ететін іс-шараларды өткізуге арналған ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
47-ҚОСЫМША (өте құпия)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
48-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін
шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Құны: 5088284 мың теңге (бес миллиард сексен сегіз миллион екі жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы» 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» 2006 жылғы 22 мамырдағы № 118 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шетелдегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуы және жалдауы, үй-жайлары мен ғимараттарының күрделі құрылысы мен жөндеуі туралы» 1996 жылғы 19 қыркүйектегі № 1144 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі резиденциясының ғимаратын жобалау және салу туралы» 2003 жылғы 20 желтоқсандағы № 1282 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 желтоқсандағы № 1282 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 14 қарашадағы № 1124 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің ғимаратын Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) жобалау және салу туралы» 2004 жылғы 17 мамырдағы № 550 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің әкімшілік ғимараты мен Төтенше және Өкілетті Елшілігінің резиденциясын жобалау және салу (қайта жаңарту) туралы» 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1371 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерін, консулдық мекемелерін және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде орналастырудың тиісті жағдайларын қамтамасыз ету. Шетелдерде әкімшілік және тұрғын үй-жайларды жалға алудың әкімшілік шығыстарын қысқарту. Қазақстан Республикасының шетелдердегі оң бетбейнесін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: шетелде әкімшілік және тұрғын үйге арналған ғимараттарды Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алу және құрылысын салу.
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 |
| Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу | Келесі жобаларды іске асыру, соның ішінде осыларға байланысты барлық шығыстарға төлем жасасу: 1. Швейцариядағы (Женева қаласы) Қазақстан Республикасы Елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын салуды (қайта жаңартуды) аяқтау. 2. Археологиялық қазба жұмыстарының есебімен Италия Республикасындағы (Рим қаласы) Қазақстан Республикасы Елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын салуды аяқтау. 3. Қырғыз Республикасындағы (Бішкек қаласы) Қазақстан Республикасы Елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын салуды (қайта жаңғыртуды) аяқтау. 4. Ұлыбританияда (Лондон қаласы) Қазақстан Республикасының Елшілігін әкімшілік-орналастыру үшін ғимарат сатып алу. 5. ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 5-тармақ алынып тасталды (бұр.ред.қара) 6. Біріккен Араб Әмірліктерінде (Әбу-Даби қаласы) Қазақстан Республикасы Елшісінің резиденциясы мен Елшіліктің әкімшілік ғимаратының құрылысын бастау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдердегі мекемелері |
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері және дипломатиялық қызмет персоналын әкімшілік және тұрғын үйлерге орналастыру үшін шет елдерде Лондон (Ұлыбритания) қаласында сатып алынған, Женева (Швейцария), Рим (Италия Республикасы), Бишкек (Қырғыз Республикасы) қалаларында 3 салынған және Әбу-Даби (БАЭ) 1 салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінің болуы.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерін әкімшілік және тұрғын үй мақсатындағы өз меншігіндегі ғимараттарға орналастыру, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының шетелде еңбек ету және өмір сүру жағдайларын жақсарту, әкімшілік және тұрғын үй-жайды жалға алудың әкімшілік шығыстарын қысқарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде өз меншігіндегі ғимараттарға орналастыру әкімшілік және тұрғын үйлерді жалға алуға арналған әкімшілік шығыстарын қысқарту арқылы қол жеткізіледі.
Сапасы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру - мердігерлік ұйымдардың құрылысты салу кезінде жұмыстарды орындауына (техникалық қадағалау), шетелдерде жылжымайтын мүлік объекттерін сатып алу кезінде қолайлы нұсқаларын іріктеу барысында талаптардың сақталуына тиісті бақылау жасауды жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
49-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттерге заңсыз
әкелінген және саудалаудың құрбандары болған, сондай-ақ шет елдерде
басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда
қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11700 мың теңге (он бір миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» № 217 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» № 148 қаулысы; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 қаңтарда № 4037 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің 2005 жылғы 28 қарашадағы «Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Бұйрығы, «Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 08-1/155 бұйрығын тіркеу, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 19 маусымында № 4256 нөмірімен тіркелген.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шет мемлекеттерге заңсыз түрде әкелінген, сауда-саттықтың құрбандары болған, шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және кездейсоқ жағдайларға тап болған Қазақстан Республикасының азаматтарын қорғауды және оларды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылық көмек көрсету, Көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйыммен, Қазақстан Республикасының және өкілдік орналасқан елдің құқық қорғау органдарымен, трафиктің құрбандарына көмектесетін қоғамдық ұйымдармен бірлесіп іс-қимыл жасап, трафиктің құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарын босатуды және елге қайтаруды ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарының арналарын пайдалана отырып, өкілдік орналасқан елде және Қазақстан Республикасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 |
| Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттерге заңсыз әкелінген және саудалаудың құрбандары болған, сондай-ақ шет елдерде басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету | 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының отанына оралуы үшін көліктік шығыстарын төлеу. 2. Аудармашының көрсеткен қызметіне ақы төлеу шығыстары. 3. Адвокаттың көрсеткен қызметіне ақы төлеу шығыстары. 4. Біржолғы материалдық жәрдем (тамақтану, қонақ үйде тұру, жоқ болған жағдайда бірінші қажеттілігі бар заттарды сатып алу). 5. Шет мемлекеттің аумағында болған кезең ішінде жол жүгіне, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан жағдайда, оралу куәлігін ресімдеуге, қайтыс болған адамның денесін мәйітханада сақтауға немесе орналасқан елде жерлеуге арналған шығыстар төлемімен "200" жүгіне төлеу шығыстары. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдердегі мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: шетелде болған уақытысында Қазақстан Республикасының азаматтарына біржолғы материалдық көмек көрсету және осындай көмекке зәру Қазақстан Республикасының азаматтарын отанымызға жөнелту.
Түпкі нәтиже: адамдарды саудалаумен айналысатындардың немесе олармен байланысты адамдардың тарапынан саудалаудың, қауіп-қатердің немесе қорқытып-үркітудің құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігін және мүмкіндігінше, Қазақстан Республикасына өз еркімен оралуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған уақытысында мемлекеттің қамқорлығына қатысты Қазақстан Республикасы азаматтарының сенімділігін арттыру, шетелде өз азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды нақты, іс жүзінде жүзеге асыратын республика ретінде әлемдік қоғамдастықта Қазақстан Республикасының имиджіне оң сипатта ықпал ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасының бір азаматын қорғауға және Қазақстан Республикасына жөнелтуге арналған шығындармен айқындалады. Зардап шеккен бір адам шығындарының орташа мөлшері 160 274 теңге құрайды (100 000 АҚШ доллары: 73 адам х 117,0).
Уақтылығы: шетелде құқықтық көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасының әрбір азаматына мемлекеттің тиімді көмек көрсетуімен.
Сапасы: шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралған нақты санымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
50-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдерімен қатынастарын
нығайту және шетелде Қазақстан Республикасындағы этникалық келісімді
насихаттау»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 282700 мың теңге (екі жүз сексен екі миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы» № 856 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан халықтары Ассамблеясының институтын бекіту туралы» № 1561 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» № 593 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Қазақстан-2030» стратегиялық міндеттерді іске асыруда, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуда және қазақстандық халықты, оның күшті мемлекеттілігін, ашық азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру, Қазақстан этностарының тарихи шығу тегі елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, этникааралық қатынастарды үйлесімді дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы имиджін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік тілдің және қазақ халқы мәдениетінің негізгі рөл ойнауы жағдайында азаматтық және рухани мәдени ортақтық негізінде Қазақстан этностарын шоғырландыру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, этникааралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету, Қазақстандағы этникааралық үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуде этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін кіріктіру, шетелдік іскер және қоғамдық топтардың ақпараттану деңгейін көтеру және Қазақстан Республикасына деген оң көзқарастарын қалыптастыруға жәрдемдесетін іс-шараларды, конференцияларды, таныстыру рәсімдерін, сапарлар алмасуларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 |
| Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдерімен қатынастарын нығайту және шетелде Қазақстан Республикасындағы этникалық келісімді насихаттау | Шетелдерде өкілдік мәжілістер, көрмелер мен семинарлар өткізу, конфессияаралық және этникалық келісімнің қазақстандық моделін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, салтанатты және өзге де өкілдік іс-шараларды шетелдерде өткізу жөніндегі шығыстарды төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдердегі мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тарихи Отаны болып табылатын Германияда, Кореяда, Ресей Федерациясында және басқа да елдерде қазақстандық әртістердің гастролдік концерттерін өткізу, конференцияларды, тұсаукесерлерді және де басқа іс-шараларды өткізу, сапарлармен алмасу, тиісті әдебиетпен қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тарихи шығу тегі болып табылатын Германиямен, Кореямен, Ресей Федерациясымен және басқа да елдермен қатынастарды нығайту және халықтың осыған қатысы бар топтарын қамтитын өмір сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жобалардың сапасына ықпал ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Іс-шараны өткізуге арналған шығындар - 282 700 мың теңге "Өкілдік шығындар" бағдарламасын іске асыру барысында көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған шығындардың жоспарланған көлемін ic жүзіндегі шығындардың көлемімен салыстыру мүмкін емес, өйткені барлығы осы іс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерінің санына және олардың мәртебесіне байланысты.
Адамның немесе іс-шараның саны жөніндегі орташа арифметикалық деректер жұмсалған қаражатты тиімді пайдалану туралы анық ақпарат бере алмайды.
Уақтылығы: көзделген іс-шараларды толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы үйлесімді этникааралық келісімді және 130-дан астам ұлттардың тату-тәтті тіршілік етуін шетелде насихаттауды қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетулерді алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру.